Педагогика пәні, категориялары және міндеттері



бет6/16
Дата12.05.2023
өлшемі205,02 Kb.
#92746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Шоқан Уәлихановтың түсіндіруінше, тек ғана ағарту ісін «шын мәніндегі білімді» тарату, мәдениетті арттыру құралдары арқылы қазақ даласында әлеуметтік прогреске және демократиялық өзгерістерге жетуге болады деді. Білім мен оқу ғана қазақтарды әлеуметтік -әділетін күреске жұмылдырады , тек білім мен оқу көшпенділерді қоғамдық прогресс пен еркін дамуға жол көрсетеді .

1841 жылы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының кейбір нұсқаларын жазып алады, оның поэтикалық көркемдік ерекшелігін жоғары бағалайды. Жырда көрініс алған халықтың өткендегі әдет-ғұрпын, тұрмыс – салтын адамдардың өзара қарым-қатынасын, қайырымдылығын, екі жастың бір-біріне деген таза сүйіспеншілігін жастарға өнеге боларлықтай суреттейді
қырғыз халқының «Манас» жырын жазып алады. Оның жастарға берер эмоционалдық әсерін, рухани-адамгершілік тәрбиедегі мүмкіндігін жақсы түсінеді және оны олардың санасына жеткізуге талпынады.
Балалар мен жастардың тұлға болып қалыптасуына қоршаған ортаның ықпалын өзінің еңбектерінде (“Ыстықкөлге бару сапары”, “Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы және т.б.”) әсерлі суреттейді.

  1. Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер – білімді , жаңа заманның өркениетті , мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаға көрнекті тұлға . Ол өзінің ағартушылық , педагогтік қызметі мен зор талантын елдің жас ұрпағын оқытып , тәрбиелеуге , қазақ жерінде жаңа мектептер ашып , оқушыларды озық ғылымымен қаруландыруға арнаған . Қазақ жастарын оқу білімге шақырады . Оқу инемен құдық қазғандай , талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді . Ы.Алтынсариннің пікірінше, ең алдымен бастауыш мектептегі білім – баланың қалыптасуы мен дамуындағы ең маңызды кезең. Мұнда оқушылар алғаш рет қоғаммен араласады. Білім алу үшін мектепке келген баланың ақыл-ойы тереңдеп, зейіні ашылады. Оқу орындарының білім және тәрбие беру міндеттері, ондағы оқу-тәрбие процесін адамгершілік құндылықтарын насихаттай отырып ұйымдастыру, прогрессивті педагогикалық идеяларды ескере отырып, элективті оқу жоспары мен бағдарламасын құру, оқыту үрдісінде фольклорды қолдану, мұғалімнің мәртебесі – Ы.Алтынсариннің осындай және басқа да ағартушылық идеялары білім беру саласында әлі күнге дейін өзекті.

  2. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Әсіресе жас ұрпақты тәрбиелеуде қара сөздердің маңызы зор . Абай қара сөздерінің барлығы да сол замандағы әлеуметтік күрделі мәселелерді сөз еткенімен, бүгінгі таңда да қара сөздеріндегі ғибратты ойлары мен ақыл-кеңестері әлі де маңыздылығын жойған жоқ . Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әр қайсысы өзін бірінші орынға қойып, таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді.

Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке –жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғалым. Демек Абай жүректі, яғни адам-адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе –осы айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді. Абай өз өмірінде, жалпы қазақ елінің өміріндегі кемшіл тұстарды айқындап жазып, тіпті қазақтардың бойындағы жаман қасиеттерді жіпке тізіп осыдан жиреніңдер деп өсиет етеді. Бір сөзінде мақтаншақтық жайлы сөз қозғаса, енді бірінде иман жайында жазады, ал енді бірінде қазақтарда кең қолданысқа ие болған алайда еш мағынасы жоқ, мағлұм болған мақалдарды сынай отырып оқырманға оның дұрыс бұрыстығын нұсқап көрсетеді. Қара сөздерінің қайсысы болмасын қазақты жақсылыққа, игі істерге шақырады , жамандық пен жалқаулықтан жирендіру үшін түрлі әдіспен сөздерден маржан түзіп әсерлі етуге барын салғандығы , оның нағыз ұлтжанды екенін дәлелдейді .





ХХ ғ.басында ХІХ ғ.соңында ашылған оқу орындары да өз жұмыстарын жалғастырды:
- шіркеулік училищелер;
- ескіәдістемелік және жаңа әдістемелік мұсылман мектептері
- медреселер.
ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ойлар
Қарастырылып отырған кезеңде Қазақстанда екі саяси-идеялық ағым болды: прогрессивті–демократиялық және консервативті-буржуазиялық.
Прогрессивті-демократиялық ағымды қолдағандар «Айқап» журналының (Троицк, 1911-1915жж) аясында жиналды (редакторы М.Сералин). Бұл ағымның көрнекті қайраткерлері: С.Сейдалин, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С.Көбеев, Т.Балғымбаев болды.
Консервативті-буржуазиялық ағымның орталығы «Қазақ» газеті болды, ол Орынбор қаласында 1913-1918 жж.басылым көрді. Бұл ағымның идеологтары: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов болды.



Бірінші кезеңде :
Жеке меншік жаңа типті кәсіби мектер мен арнайы орта кәсіби оқу орындары ашылды.
●Мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының саны артты.
●Жоғары білім беру стандарты бекітілді.
●Барлық жоғары оқу орындары (мемлекеттік, мемлекеттік емес) білім берудің бірыңғай жүйесі бойынша жұмыс жасады.
●«ҚР Білім туралы Заңы» қабылданды;
●Үздіксіз білім берудің деңгейлері құрылды: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; жалпы орта білім беру, жоғары білім беру; жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім беру және т.б.
Екінші кезеңде :
ЕНТ (ҰБТ) ендірілді.
●Мектепке дейінгі мекемелер саны көбейді.
●Жалпы білім беретін мектептер мен шағын жинақты мектептер саны артты.
●Бастауыш және орта кәсіби білім беретін мекемелер көптеп ашылды және т.б.
Үшінші кезеңде (2005-2010):
●«ҚР Білім туралы Заңы» жаңа редакцияда қабылданды.
●Дарынды балаларды үш тілде оқытатын арнайы мектептер ашылды.
●Кадрлар даярлаудың үш сатылы моделі ендірілді: бакалавриат → магистратура → докторантура (PhD).
●«назарбаев университеті» ашылды.
●9 жоғары оқу орнына ұлттық статус берілді.
●ҚР-ның 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудағы Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді және т.б.
Төртінші кезеңде :
2011 жылы білім мен ғылым жүйесінің құқықтық негізі толығымен жаңарды.
●«Білім туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
●Бірқатар заңдар қабылданды: «Ғылым туралы», «Назарбаев университетінің статусы туралы» және т.б.
●Білім беру жүйесін модернизациялау мен дамытудың басты бағыттары (2011-2020) қарастырылды.
●Көптілді және үш тілді меңгеру мәселесі жүзеге асырылды.
●«Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы кезеңдеп жүзеге асырылды.
●Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы қабылданды.
●«Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды және т.б.
●Білім беру жүйесін модернизациялау және дамытудың басты бағыттары (2011-2020) қарастырылады.
●Көптілді және үш тілді меңгеру мәселесі жүзеге асырылды.
●«Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы кезеңдеп жүзеге асырылды.
●ҚР-ның 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы қабылданды.
●«Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды және т.б.

31. 12 жылдық білім беру – қазақстандық білім беруді модернизациялаудың маңызды бағыты


12 жылдық білім беру дүние жүзінің 80% астам елдерінде қабылданып, жүзеге асуда. Бұл білім беру жүйесіндегі өзгеріске көшу Қазақстан үшін əлемдік білім кеңістігіне жол ашатын мүмкіндік тудырады Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырудың жаңа ұлттық үлгісі болып табылады. Қазіргі таңда 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мәселесі білім беру саласындағы маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен әлемдік білім кеңістігінің талаптарына сай білім берудің жаңа моделі құрылып, мектеп оқушылары жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алатын болады. Егер 11 жылдық білім беру жүйесінде балалар 7 жастан мектепке барса, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкенде бала 6 жастан бастап мектепке барады. Мектепті бітіргенде балалар 16-17 жаста болады. Белгіленген тұжырымдамада 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – жоғары білімді, шығармашыл, қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті құзыретті тұлғаның ертерек қалыптасуын көздейтін ұлттық білім беру жүйесін реформалау екенін көрсетеді.
32. Ұлттық идеяның білім беруді дамытудағы мәні (Мәдени мұра, «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру»).
Ұлттық идея – этностық, діни, мәдени және өзге де қауымдастықпен біріккен адамдар тобының ұжымдық жады, мақсат-мұраттары мен арман-мүдделерінің, дүниетанымының және көзқарастары мен құндылықтарының кешенді жиынтығы .Ұлттық идея контексінде жастарға патриоттық тәрбие беру ауқымында Қазақстанда бірнеше жыл бойы жүзеге асқан «Мәдени мұра» ұлттық жобасының маңызы зор. . «Мәдени мұра» Қазақстан азаматтарының қазір өмір сүріп жатқан жас буынында гуманитарлық білім, олардың патриотизмі мен азаматтылығының толыққанды қорын қалыптастырудың негізі болуы тиіс.
33. «Адам», «жеке адам», «даралық», «тұлға» ұғымдарының түсініктемесі
Жеке адам – қоғамдық, әлеуметтік жан, қоғамдық қатынастардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қаралатын адам. Адам табиғаттың тартуымен ойлауды және сөйлеуді меңгерген тірі жан. Ол еңбек процесінде қаруды жасау және оларды пайдалану қабілетіне ие болып, дене және рухани, табиғи және әлеуметтік, тұқым қуалаушылық және өзінің иеленушілігінің бірлігін қамтамасыз етеді. Тұлға – біртуар «Мен» ретінде алынған жеке адам. Тұлға ұғымы «индивид», «адам» ұғымдарымен салыстыра анықталады. «Адам» ұғымы барлық адамдарға тән қасиеттер мен қабілеттерге мінездеме беру үшін қолданылады. Бұл ұғым адамның жануарлардан, өсімдіктерден т.с.с. айырмасын атап көрсетеді. «Жеке даралық» (индивидуальность) ұғымы индивидті басқалардан айырмашылығын білдіретін тұқымқуалаушылық және дене күштері мен психикалық ерекшеліктерінің онтогенез (қарама-қарсы) процесінде қалыптасқан жиынтығын білдіреді. Жеке даралық адамның мінез-құлқы және темпераменті, эмоционалдық, интеллектуальдық және ерік-жігері, сондай-ақ қызығушылығы, қажеттілігі және қабілетінің ерекшеліктерінде көрініс береді. «Адам», «индивид», «тұлға» және «жеке даралық» ұғымдарын салыстыра келе ғалымдар индивид болып туады, тұлға болып қалыптасады, ал жеке даралық – қорғап қалады деген пікірді білдіреді.
34. «Тұлғаны дамыту», «тұлғаны қалыптастыру» ұғымдарының анықтамасы, өзара байланысы
Тұлға болып тумайды. Тұлға болып өсу барысында қалыптасады. Тұлғаны қалыптастыру - әлеуметтік өмірді жандандырудың бірден-бір негізгі бағыты болып табылады. Ол көптеген факторлардың ықпалы нәтижесінде қалыптасып, дамиды: объективтік және субъективтік, табиғи және әлеуметтік, ішкі және сыртқы, адамның ерік жігері мен санасына тәуелді немесе тәуелсіз, белгілі бір мақсатқа сәйкес немесе стихиялық. Бұл жағдайда адам сыртқы әсерді бейнелейтін енжар жан иесі емес, керісінше ол өзінің қалыптасуы мен дамуының тікелей субъектісі болуы тиіс. Тұлғалық даму – ол табиғи процесс, үнемі бiтпейтiн, бiр жағдайдан екiншi жағдайға, қарапайымнан күрделiге барлық кезде өтiп тұратын тұлғаның өзіне тән қасиеті мен сапасының сандық тұрғысында өзгермелi жағдаймен байланысты. Сондықтан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы – ақиқат дүниедегi өте нәзiк әрi күрделi процесс. Себебi балада анадан туа бiткен психологиялық және әлеуметтiк қасиеттер пайда болмайды. Ол өмiр жағдайына байланысты бiртiндеп қалыптасып, дамып отырады.
35. Тұлғаны дамытудағы іс-әрекет түрлері және олардың мазмұны
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ықпал жасайтын негiзгi үш факторлардан бөлек, оның өзiндiк белсендi әрекетiнің де маңызы ерекше. Адам баласы түрлі әрекеттердiң нәтижесiнде өмiр сүруге бейiмделiп, материалдық жағдайларын жасайды, тiршiлiк етедi. Қоғамға пайда келтiредi. Сондықтан да әрекет дамудың жетекшi, қозғаушы күшi. Баланың мектепке дейiнгi жастық кезеңiнде ойын әрекетi басым болды, оның биологиялық және әлеуметтiк тез жетiлуiне оң ықпалын тигiзедi. Ойын әрекетiнде дененiң бала бiтiмi және өзiне тән қабiлеттерiмен бiрге қиялы артады. Оқу баланың таным қабiлеттерiн дамытады, адамгершiлiк, эстетикалық, еңбексүйгiш, т.б. Дегенмен де жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуының қайнар көзi – еңбек. Еңбек түбі – береке демекшi, баланың оқуы, қоғамдық пайдалы жұмыстарға араласуы, т.б. жоғарыда аталған әрекеттiң түрлерi – бәрi айналып келгенде еңбектiң жемiсi, нәтижесi, ол өз алдына жеке тұлғаның үйлесiмдi дамуының күштi құралы.
36. Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар
Жеке тұлғаның дамуы және оның дүниетанымы түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Даму процесiнде негiзгi ықпал жасайтын факторлар: тұқым қуалаушылық, табиғи және әлеуметтiк орта мен тәрбие. Тұқым қуалаушылық – жеке тұлғаның ата-анамен биологиялық ұқсастығы. Атап айтқанда: дене ерекшелiктерi, әлеуметтiк қасиеттерi, дара психикалық ерекшелiктерi, қабiлеттерi. Дегенмен, жеке тұлғадағы туа бiткен қабiлеттер дамудың көзi болып табылмайды, оларға мүмкіндiк туғызып, жағдайлар жасау, дұрыс басшылықты қажет етедi. Ол тәрбие мен әлеуметтiк ортаға байланысты, соларға тәуелдi болып келедi. Адам дамуында орта зор рөл атқарады. Орта дегенiмiз – жеке тұлғаның өмiр сүретiн табиғи және әлеуметтiк қоршауы. Табиғи орта – бұл түрлі табиғат жағдайларының адам тұрмысына, қызметiне ықпал жасауы (табиғат, адамның географиялық орналасуы: жерi, суы, ауа райы, т.б.). Әлеуметтiк орта – жеке тұлғаның мiнез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтiк қатынас, адамдар, олардың өзара қарымқатынастары, көпжақты әрекеттерi. Жеке тұлғаның дамып жетiлуiнде тәрбиенiң маңызы ерекше. Тәрбие – жеке тұлғаның дамуында жетекшi рөл атқарады. Адамның туғаннан ержету кезеңiне дейiн дамуы негiзiнен тәрбие арқылы, мақсатты түрде сырттай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады. Соның негiзiнде оның ақыл-ойы өмiрге саналы көзқарасы, мiнез-құлқы, жан-жақты әрекеттерi мен қарым-қатынасы жүйелi түрде қалыптасады. Жеке тұлғаның қалыптасуында оның жеке басының белсендiлiгiнiң маңызы ерекше. Қарым-қатынас – тұлғаның таным және еңбек әрекетiмен қатар, жеке басының қасиеттерiн қалыптастырудың аса маңызды факторының бiрi.
37. Біртұтас педагогикалық процестің ұғымдық түсінігі, құрылымы және функциялары
Педагогикалық процесс дегеніміз ұстаздардың белсенді қатысуымен және басшылығымен оқушы тұлғасын қалыптастырып, дамытуда әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және өнімді еңбекке, қоғамдық өмірге араласуға даяр болуға бағытталған оқушылардың өзара бірлескен іс-әрекеті. Педагогикалық процестің құрылымына кіреді: ұстаздар, оқушылар, іс-әрекет және оның элементтері (мақсат, міндеттер, мазмұн, құрал, формалар, әдістер және амал-тәсілдер, тапсырмалар, нәтиже).
Біртұтас педагогикалық процестің атқаратын функциялары:
Білім беру функциясы- оқу процесінде (сабақ), сыныптан тыс жұмыстарда (факультатив, үйірме сабақтар), мектептен тыс мекемелердің іс-әрекетінде жүзеге асады.
Тәрбиелеу функциясы- педагогикалық процесте әр қырынан байқалады: мұғалімнің алдыға қойған мақсатынан, кәсіби шеберлігінен, оқу-тәрбие процесінде пайдаланған әдіс-тәсілдері мен құралдарынан
Дамыту функциясы-адамның психикалық іс-әрекетіндегі сандық-сапалық өзгерістерінен байқалады (меңгерген білім, іскерлігінен)
Әлеуметтендіру функциясы-барлық нәрседен байқалады. Мысалы, бастауыш мектепке алғаш келгенде: үйде болған балалар алғашында – ұялшақ, көп үндемейді, батыл болмайды. Ал балабақша балалары – мектепке, мұғалімге тез бейімделеді: өздерін еркін ұстайды, ойын айтуға ұялмайды (яғни әлеуметтік ортаның ықпалы ерекше болады.)
38. Біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен прицниптері, мазмұндық сипаты.
Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары болып табылады:
1.Педагогикалық процестің қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігімен сәйкестігі. 2.Педагогикалық процестің нақтылы бір мақсатқа бағыттылығы. Ол әлеуметтік тапсырыс ретінде қоғамның мақсатынан туындап, білім беру заңдары арқылы жүзеге асады.
3.Педагогикалық процестің екі жақтылығы, онда «субъект-субъект» ретінде ұстаздар мен оқушылардың, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің міндетті түрде өзара әрекеттесуі жағдайында болады.
4.Педагогикалық процестегі оқушылардың шығармашылық белсенділігінің болуы. Ол мұғалімдер тарапынан мұқият ойластырылған және ұйымдастырылған іс-әрекеттің нәтижесі.
5.Педагогикалық процестің қызмет етуі оның құрылымының жасалуымен сәйкестігіне және оқушылар ұжымы, сондай-ақ жеке оқушы ретінде жас ерекшелігі мен даму деңгейіне тәуелді болады
Педагогикалық процестің негізгі принциптері ретінде келесі талаптар қарастырылады: 1.Педагогикалық процесте ізгілік, тұлғалық-бағыттылықтың болуы.
2.Сана мен мінез-құлықтың бірлігін қалыптастыруға бағытталған ісәрекеттің болуы. 3.Педагогикалық процесте іс-әрекетті ұйымдастыруда, оқушылардың тұлғалық дамуының өзекті қажеттіліктерді ескеру.
4.Педагогикалық талап қоюшылықтың оқушының көзқарасына, оның адамдарға, құбылыстарға, процестерге қатынасын құрметтеумен үйлесімділігі.
5.Оқушы мен ұжымның дамуында жеке-даралық, психологиялықфизиологиялық, жас ерекшелік және ұлттық ерекшеліктерді есепке алу.
6.Педагогикалық басшылықты оқушылардың бастамасы және өзіндік ісәрекеттерімен үйлестіру. 7.Іс-әрекетте оқушылардың нәтижелі жетістіктерге жетуіне көмектесу.
8.Ұстаздар, оқушылар ұжымы және жанұяның оқушыларға қоятын талаптарда ортақтықтың болуы.
9.Әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 10.Оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау (мониторинг).
39. Біртұтас педагогикалық процестің жүзеге асырылу кезеңдері, өзара байланысы
БПП жүзеге асырылу кезеңдері
1 кезең-Жоспарлау кезеңі: Мақсат, міндеттер айқындалады, оқу жоспары, бағдарламалар т.б. құжаттар даярланады.
2 кезең-Даярлық кезеңі: Бірінші кезеңді жалғастырады, бүкіл педпроцесті оқу бағдарламалары бағдарлайды
3 кезең-Ұйымдастыру кезеңі: Жоспарлар, бағдарламалар, тұжырымдамалар және оқушылар мен оқытушылардың біріккен жұмыстары жүзеге асады, педпроцестің тиімділігі анықталады және т.б.
4 кезең- Өңдеу кезеңі:Кейбір компонеттер, тәрбие, білім беру процесіндегі көріністер өңделеді.
5 кезең-Қорытындылау кезеңі: Жетістік пен кемшіліктер анықталады, оларды жою жолдары белгіленеді.
40. Біртұтас педагогикалық процес – мұғалімнің кәсіби педагогикалық іс-әрекетінің объектісі.Педагогикалық іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері.
Кез келген мамандықтың кәсіби іс әрекетінің объектісі болады, сол кәсіби іс-әрекеттің объектісінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір талаптар қойылады. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процесс болып табылады. Соның барысында мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі – оқушыларға оқу пәндерінің мазмұнынан әлеуметтік тәжірибені алуға үйрету, адамзаттың жинақтаған рухани-мәдени құндылықтарын меңгерту. Бұл міндет қоғамның басты міндеттерінің бірі ретінде мұғалімнің кәсіби іс-әрекетімен тығыз байланысты қарастырылады.
41. Тәрбие процесінің мәні, өзіндік ерекшеліктері,құрылымы
Тәрбие процесiнде жеке тұлғаның сана-сезiмi мен ақыл-ойына жүйелi түрде әсер етiп, оның дүние танымын қалыптастырады, ерiк-жiгерi мен моральдық бейнесiнiң қалыптасуына оң ықпал етедi. Сондықтан да тәрбиенiң мәнiсi бiрiншiден, қоғам үшін саналы, белсендi азаматты қалыптастыру болса, екiншiден, жеке адам үшін оны өмiр сүре бiлуге, өзiн қоршаған ортамен қарымқатынас жасай бiлуге үйрету. Тәрбие процесінің мәні - әр түрлі тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру жағдайымен анықталады. Бұл әрекетте баланың оған қатынасуы (шығармашылығы, белсенділігі, дербестігі т.с.с.) мен қарым-қатынасының (қызығушылығы, қажеттілігі т.с.с.) сипаты ерекше маңызға ие болады. Сондықтан да тәрбие үрдісінде мұғалімге, ұстаздарға, тәрбиешілерге тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыруда белгілі бір талаптар қойылады. Олар баланың қызығушылығын, ықыласын тәрбиелеп, қажеттілігі мен талабын ынталандыруы және тәрбиелік іс-шараларға жағымды қарым-қатынас орнықтыруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет