Педагогика пәні, категориялары және міндеттері



бет3/16
Дата12.05.2023
өлшемі205,02 Kb.
#92746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
А.С.Макаренконың педагогикалық идеялары :

•Еңбектің тәрбиедегі рөлін жоғары бағалады.
•Балалар ұжымымен тәрбие жұмысын жүргізудің теориясы мен әдістемесін ұсынады.
•Тұлға дүниетанымы мен адамгершілігін қалыптастырудағы әлеуметтік ортаның, еңбек пен демалыстың, күнделікті тұрмыстың ықпалын баса көрсетеді.
•Отбасы тәрбиесінің маңызды мәселелеріне (отбасы құрылымы, оның мәдениеті, отбасындағы тәрбие әдістері) терең бойлайды.
Совет үкіметінің жазушысы А.С.Макаренконің аса танымал
және өте маңызды шығармасы «Ұстаздық дастан» поэмасы
1933-1935 жылдарда жарық көреді . Өскелең ұрпақтың моральдық бейнесiн қалыптастырудың мемелекет белгiлеген бағдарламада
еңбекке тәрбиелеу , А.С. Макаренконың педагогикалық жүйесiндегi басты проблемалардың бiрi болғандығына күмән жоқ . Мiне, осы тұрғыдан жас ұрпақты әнiмдi еңбекке араластыра отырып баулиды .
Макаренконың педагогтық қызметiнiң мақсаты — жас
әспiрiмдер жәнiндегi жұртшылықтың ыстық ықыласы мен шексiз қамкорлығын күшейту,бала қоғамның болашақ тiрегi ретiнде қалыптасқан рухани ортаның кемелденуiне жәрдемдесуге арналады .

  1. Көрнекті педагог Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970)

өзінің педагогикалық жүйесіпде әрбір оқушының басынын жан-жақты
дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығушылығының, тағы басқа кабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды . В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде еліміздің педагогикалық жұртшылығы мен көптеген шетелдерде белгілі және кеңінен тараған “Балаға жүрек жылуы”, “Азаматтық қалыптасуы”, “Коллективтің құдыретті күші”, “Павлыш орта мектебі”, “Мұғалімдерге жүз кеңес”, “Мектептің жас мұғалімімен әңгіме” т.б. кітаптарын ерекше атауға болады. В.А.Сухомлинский ұжыммен және жеке оқушымен жұмыс істеу әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді. В.А.Сухомлинский дәстүрлердің, фольклордың, табиғаттың және т.б. тәрбиелік ықпалы мәселелерін терең және жан-жақты талдады.
Оның қызметінде әрбір педагогтың өзінің кәсіби қызметіне шығармашылықпен қарау мәселесі басты орынды алды. Бүкіл әлемге ерекше танымал болған В.А.Сухомлинскийдің “Балаға жүрек жылуы” еңбегінде ол балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жемісті болуы әрбір баланың рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін тек ғана терең білгенде ғана мүмкін екендігін анық та және айқын көрсетіп берді.

  1. Қазақ халқы ерте кезден бастап баланы өз халқының рухани құндылықтарымен, ұлттық мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен терең таныстырады . Яғни , мазмұндық сипат балаға ұлтттық сана мен мәдени құндылықтарды сіңіруден туады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет