Педагогика тарихы


Практикалық әрекет, арнайы-ғылыми әрекет және әдіснамалық әрекет



бет107/113
Дата07.09.2023
өлшемі2,03 Mb.
#106444
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Практикалық әрекет, арнайы-ғылыми әрекет және әдіснамалық әрекет. Практикалық әрекетпен педагог, тәрбиеші айналысады, бұл әрекеттегі әдіснаманың атқаратын негізгі қызметі - әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, оның өндіретін білім түрі: теориялық және эмпирикалық (тәжірибелік) білім; әрекетті бағыттайтын нормалар: оқу-әрекетті бағыттайтын нормалар: оқу-тәрбие бағдарламалары, ұсыныстар, нұсқаулар.
Арнайы-ғылыми әрекет, негізінен зерттеушілерге тән. Бұл әрекеттің атқарар қызметі - әдіснамалықпенқамтамасыз ету, заңдылықтарын анықтау, оқу-тәрбие үрдісінің практикалық әдістерін жетілдіру, т.б. Арнайы ғылыми әрекет нәтижесінде түзілетін білім – педагогикалық жүйе құруға және қоршаған ортаны өзгертуге бағытталған.
Әдіснамалық әрекеттің екі түрі бар, біріншісі – зерттеуді әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету; Бұл әрекеттің қызметі – зерттеу процессін бағыттау мен бағалау, сапасын анықтау. Нәтижесінде түзілетін білім түрі – ғылыми таным әрекетін жетілдіретін әдіс-тәсілдерді анықтау.
Екіншісі - әдіснамалық зерттеулер. Бұл зерттеулердің қызметі педагогика ғылымының заңдылықтары мен даму бағыттарын, ғылыми зерттеулердің сапасы мен тиімділігін анықтау болып табылады. Түзілетін білім түрі – дамыған ғылыми таным құралдары, мысалы зерттеулердің болжамы,, т.с.с. екеуін де атқаратын зерттеушілер.
Талдау көрсетіп отырғандай, елімізде әдіснамалық зерттеулер жоқтың қасы. Сондықтан, этнопедагогика әдіснамасының даму болашағын қарастырар болсақ, этнопедагогиканың оқу пәні ретіндегі әдіснамалық негіздерін жасауға ұмтылысымыз этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен, олардың ішінде этнопедагогика мен этнопсихологияның, этнопедагогика мен этнофилософияның, этнопедагогика мен әлеуметтік педагогиканың байланыстарының мәніне үңіле түсу қажеттігін дәлелдеп отыр. Әдіснамалық негіздерді айқындау қазақи менталитетке сай этнопсихологиялық, этнофилософиялық аспектілерді зерттеу керектігін айқындай түсті.
Этнопедагогика идеяларына негізделген тәрбие мазмұны жас ұрпақты өз ұлтының мәдениетімен қауыштырып, оның құндылықтарын сақтап қалумен қатар тәрбие мазмұнын әрі қарай әрдайым дамытып отырады. Этнопедагогика идеяларына негізделген тәрбие жас ұрпақтың бойында ұлттық сана және мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталады; оқушылардың ұлттық менталитеттің негізін қалыптастырушы фактор ретінде өз ұлтының өмір сүру қағидаларын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін меңгеруіне әсер етеді; оқушыларды өз ана тілін, тарихы мен әдебиетін, өнерін терең біліп, қастерлеуге баулиды; өз Отаны мен халқына деген оқушылардың сүйіспеншілігін, Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдеріне деген достық сезімін қалыптастырады.
Этностық тәрбиенің мазмұнын анықтауда оның мақсаты маңызды рөл атқарды, ол - ұлттық сана-сезімді қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, этностық тәрбиенің мазмұнын анықтауға оның міндеттері де әсер етеді: биоәлеуметтік жүйе ретінде этнос субъектісін қалыптастыру; ділінің негізі ретінде этностық сана-сезімі мен дүниетанымын, ана тілін, ұлттық мәдениеті мен тарихын, ұлтының рухани құндылықтарын құрметтеу сезімін қалыптастыру; ұлттық этика негізінде этноәлеуметтік рөлдерді меңгеруге бағыттау.
Этностық (ұлттық) тәрбиенің мазмұны - құндылық қарым-қатынастар түрі: өзіне, адамға, табиғатқа, сұлулыққа; Отанға деген сүйіспеншілік тұрғыда көрініс табады.
Осы қарым-қатынастар түрін қалыптастыруға мүмкіндік беретін қазақ тәрбиесінің негіздері: отбасының бала тәрбиесіне қойылатын талаптар, қыз бала мен ер бала тәрбиесінің ерекшеліктері; қазақ халқының ұлттық әдебі; туыстық қарым-қатынастар жүйесі; этноәлеуметтік рөлдердің мәні; әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жол-жоралғылар жүйесі; тәрбие заңдары мен заңдылықтары; тыйымдар.
Ұлттық тәрбиені этнопедагогика идеялары негізінде ұйымдастыру шарттарына мына өлшемдерді жатқызуға болады:
- білім мазмұнында Отанына, тіліне, халқына, салт-дәстүріне, мәдениеті мен тарихына сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға арналған білімдер жүйесінің болуы;
- ұлттық ерекшеліктер негізінде рухани-адамгершілік, патриоттық, еңбек, экологиялық, эстетикалық, дене тәрбиесі бағыттарының айқындалуы;
- ұлттық ерекшеліктер негізінде әрекет түрлерінің мына жіктемеге сәйкестігі: таным іс-әрекеті, құндылыққа бағытталған іс-әрекет, көркемдік іс-әрекет, қоғамдық іс-әрекет, спорттық іс-әрекет, еңбек әрекеті, қарым-қатынас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет