Педагогика тарихы



бет73/113
Дата06.01.2023
өлшемі1,86 Mb.
#60524
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1397 – шамамен 1492 ж. қайтыс болған).
ХҮ ғ. басында Жетісу өлкесінде дүниеге келіп, 95 жас жасап, сол ғасырдың аяғында дүниеден өткен, Жиренше шешеннің замандасы, әз-Жәнібек ханның қарашасы, өз заманында философиялық, жаратылыс, тіл, медицина, педагогика, психология, этнография ғылымдар саласында келелі ой қозғап, “Шипагерлік баян” атты еңбегін қалдырған көрнекті оқымысты Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы болды.
Ол Әз-Жәнібектің тапсырмасымен “Шипагерлік баян” атты халық медицинасын баяндайтын еңбегін 1470 ж. бастап жазып, 1475 ж. аяқтап, еңбектің алғашқы нұсқасын ханға тапсырмақ болып тұрған кезде Ақсақ Темір ордаға тұтқиылдан шабуыл жасап, Жәнібек қаза табады да, шипагер қашып құтылады.
Ғылыми-медициналық бұл еңбек баспа бетін көрмей, әкеден балаға, баладан немереге ауызша баяндалып, 17 буын ұрпақ өткеннен кейін ғана ХХ ғ. аяғында, яғни 1993 ж. 26 қарашада Қытайдың Шыңжан Ұйғыр Автономиялы өлкесіндегі Үрімші қаласында тұңғыш араб әрпімен, кейін 1996 ж. Алматыда “Жалын” баспасынан кирилица әрпімен кітап болып басылды. Өзінен бұрынғы әл-Фараби, Махмұд Қашқари, әл-Бируни, ибн Сина сияқты ойшыл-ғұламалардың еңбектерін ерінбей оқып, тоқсан жыл табиғатпен етене табысып, тау мен тасты, орман-тоғайды кезіп мың түрлі шөптің тұнбасы мен жан-жануарлар ағзасынан дәрі-дәрмек жасап, оны өз басы тәжірибесінен өткізіп, ем боларына көзі жеткенде ғана өзгелерге ұсынған Өтейбойдақты халықтық медицинаның негізін салған ғұлама деуге болады. Автордың пайымдауынша шипагер (дәрігер) аса сезімтал психолог болуы керек. Ауруды емдеп жазуда дәрі-дәрмектен де зор әсер ететін құрал психотерапиялық емдеу әдісі. Автор “Жақсы сөз жан семіртеді” – деген халық мәтелін қолдана отырып, сөздің магиялық күшіне, аурудың көңіл-күйіне сөзбен әсер етуге ерекше мән береді.
Ғалым пайғамбар хадистерінде жиі айтылатын имандылық қасиеттердің сыр-сипатына үңіледі. “Алланы аузыңнан тастама, құдайыңды ұмытпа, тәубешіл бол, құдай сенің қуатың, ақылшың” деп кеңес береді. Имандылықтың негізі ой мен дене тазалығында деп қарайды.
Өтейбойдақтың “қарттарды сыйла, ата-анаңды сыйла” деген өсиеттері құран-хадистер ережесімен үндесіп жатқаны байқалады.
Өтейбойдақ әспеттейтін өсиет-өнегелер ерлі-зайыптылардың бір-біріне адал некелі болуы, баланы түрлі аурулар мен тіл-көзден сақтау, отбасы тәрбиесінде гигиеналық ережелердің берік сақталуы, адамгершілікке байланысты қырық бір нәрсеге жұғыспау (ордалы жыланға, қордалы құмырсқаға, жалғыз ағашқа, жалғыз адамға, суық торғайға, көкжал қорқауға, елден ауған – босқынға, жаралы жыртқышқа, қаралы елге, ашынған әйелге, иесіз жерге, рұқсатсыз дастарқанға, жетім-жесірге, еңіреген ерге, өзің шығар төрге, жатқа кетер қызға, көктемгі мұзға, құлама құзға, обалы бар өрмекшіге, буаз аңға, даладағы өлікке, жаралы жолбарысқа) деп, біріншіден, ізгілікке, қайырымдылыққа үндесе, екіншіден, табиғатты қорғауға шақырады. Бұл халықтық үлгі-өнеге, тыйым сөздермен үндесіп жатыр.
Ғалым туыстық қатынасты қастерлеуге, береке-бірлікке, адами достыққа шақырады. Ғалым сырқаттың пайда болу жолы және оларды емдеу (уқалау, қан алу, булау, терлету, үзу, тағаммен емдеу, биотокпен әсер ету, сөз құдіреті т.б.) түрлерін де айқындап, ұлттық-халықтық медицина негіздерін ашып көрсетеді. Ғұлама 1300-ден астам дәрілік қоспаларды ойлап тауып, олардың қандай ауруларға қалай қолдану жолдарын көрсетеді. Денені шынықтыру, ауамен, сумен, күн нұрымен емдеу түрлерін де тұңғыш сөз етеді. Әр шөптің биологиялық қасиеттерін ашып баяндайды.
“Шипагерлік баянда” дәрі-дәрмек, ем-домның араб, парсы, түрікше атауларына көңіл бөлуіне қарағанда автордың бірнеше тілді білгені сезіледі.
Осы айтылғандардан басқа мұнда астрономия, математика, метрология, этнография, заң, т.б. ғылым салаларынан да мол мағлұматтар кездеседі. Сондай-ақ, ұлтымыздың тарихы, ел шежіресі, философиясы, діні мен мәдениеті, этикасы мен эстетикасы туралы да сөз болады. Афоризм сөз тіркестері де көптеп кездеседі. Олай болса, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлын жан-жақты энциклопедист ғалым дейміз.
Захир Ад-дин Мұхаммед Бабыр (1483–1538). Ол 1483 жылы 14 ақпанда дүниеге келген. Әкесі Омар шейх Ферғананың – (бүгінгі Орта Азияның 3 мемлекеті) билеуші-әмірі болады. Бабыр - ата жағынан атақты Темірланның ұрпағы. Бабырдың әкесі Омар шейх оның 12 жасында қайтыс болған. Ол Ферғананың билеушісі атанады. Ол әкесінің хандық жолын жалғастырып, Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығындағы Мауераннахрда бір орталыққа бағынған мемлекет құруды ойластырады. Бірақ көшпелі Дешті Қыпшақ мемлекетінің билеушісі Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбанимен Мауераннахр үшін болған соғыста жеңіліп, Кабулға кетеді. Мұхаммед Шайбани хан 1501 жылы Самарқанды, 1504 жылы Әндіжанды, кейін Ферғананы басып алады.
Бабыр Темір әулетіне қараған жерлерді қайтарып алмақ болып 1505–1515 ж.ж. аралығында бірнеше жорықтар жасайды, ақыры туған жерден күдер үзіп, Үндістанға бет бұрады. 1525 жылы Дели сұлтанын жеңіп, “Ұлы моғолдар империясы” атанған өз патшалығын орнатады.
Бабыр өз заманындағы ең білімді адамдардың бірі болған. Ол тарих, этнография, астрономия, әдебиет, жертану, биология, ботаника ғылымдарының басын біріктіріп “Бабырнама” атты еңбек жазады. Үндінің ойшыл қоғам қайраткері Джавахарлал Неру “Бабырдың тұлғасы қайта жаңғыру дәуіріндегі озық мәдениетті қайраткердің тұлғасы… Ол – сол бір тұста тіршілік еткен, өмір сүрген ең мәдениетті, бетінен иманы тамған аяулы жандардың бірі” деп аса жоғары баға береді. Бабыр өзінің қол астына қараған елдерді гүлдендіруге тырысып, арық қаздырып, жүзім, шие, қант тросниктерін, анар т.б. жеміс ағаштарын өсіруге немесе құрылыс аяқталғанша, тіпті соғыстың арасында қолы босап кетсе, сол жердің табиғатымен, салт-дәстүрімен жан-жақты танысып, көрген-білген, ойға түйгендерін қағазға түсіріп отырған.
Өз басымнан кешкен оқиғалар, тарихи материалдар, жорық жылдары, жаулап алған ел мен жердің тарихы, салт-дәстүрі, табиғаты, т.б. суреттеген “Бабырнама” атты еңбегін жазып қалдырады.
Бабыр Үндістанда (астанасы Агра қаласы) патшалық жүргізіп, 1538 жылы қайтыс болады. Сүйегі Кабулда жерленеді. “Бабырнама” үш бөлімнен тұрады: 1) Ферғанадағы, 2) Ауғанстандағы 3) Үнді еліндегі оқиғалар.
Бірінші бөлімде өзінің туған жері – Ферғананың табиғаты, ондағы қалалар, қамалдар, өзендер, құс пен аң түрлері, өсімдіктер дүниесі, тіпті ауа райына дейін толық суреттеледі.
…Әндіжан – Ферғана уәлаятының астанасы. Мұнда астық та, жеміс те молшылық… Қалаға су 9 тоғанмен келеді. Бір ғажабы, келген су бар да, шыққан су жоқ” дейді.
Жазбада Бабырдың тіршілік еткен ортасындағы ақындардың, жыршылардың туындылары мен олардың өлең жазу, ән шығарудағы дарындылығын сөз етумен қатар, мемлекет қайраткерлерінің, әскери қолбасшылардың, суретшілердің, әншілердің бейнесін де суреттейді.
Бабырдың назарынан Ұлықбектің обсерваториясы да тыс қалмайды. “Обсерваторияда әлемнің жарық жұлдыздарын бақылайтын арнаулы құрал-жабдықтар орнатылған. Ұлықбек бұл обсерваторияда “гураған кестесін” жасады, мұны қазір де дүние жүзі пайдаланады” деп жазды Бабыр.
“Бабырнамада” ХҮ-ХҮІ ғасыр аралығындағы Хорасан, Мауераннахр, Иран, Ауғанстан, Үндістанның қалалары туралы, ол елдердің қазба кен байлығы жайында мол деректер бар. Базарлардағы сауда-саттық, керуен сарайы, Жібек жолы бойындағы топографиялық анықтамаларға дейін берілген.
“Бабырнамада” Орта Азия, Ауғанстан мен Үндістандағы өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі асқан білімдарлықпен сипатталған.
Кітапта қазақ жеріндегі өзендер мен қалалары, сарыарқада құрылған Әбілхайыр хандығының ханзадалармен қарым-қатынасы, Мұхаммед Шайбанидің Темір әулетімен соғыс-жорықтары да сөз болады.
Қорыта айтқанда, Бабырнама – тарихи-әдеби асыл мұра, біздің тарихымызға қосылған соны дерекнама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет