Байланысты: Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика
2,5 – 3 айдан 5 – 6 айға дейінгі кезеңде сәбилердің көру, есту және дауысқа елеңдеуі жетіледі. Қолмен затты шап беріп ұстайды, еңбектеуге дайындық пайда болады.
Баланың психикалық дамуында өзгерістер болады: дыбысты. Заттардың түсңн, сыртқы пішінін ажырату қабілеті жамиды. Сезім мүшелері жедел дамыған бала үш айда өзінің анасын тани бастайды да, 6 айлығында таныс адамды көргендн қуанады, бөтен адамды көргенде жатырқап жылайды.
Ересек адамның сөз ырғағын 5-6 айлығында ажырата алады.
Баланың сенсорлық дамуы үшін: сыртқы орта әсерін айра білуге, түрлі түсті, бояулы, пішінді және түрліше сылдырайтын ойыншықтарды іріктеп алып, қарап көруге, дыбысарын тыңдауға мүмкіндік жасау керек.
Баланың көру және есту талдағыштарының дамуы оның заттармен әрекет етуде, үлкендермен қарым-қатынас жасауда жүзеге асадыы. Есту сезімі дұрыс дамуы үшін, балалар оянған бөлмедегі дыбыстың естілу үшін қолайлы жағдай жасау қажет: басқа балаларлық дауыстап сөйлеуі, айғайлауы, үнемі жұмыс істеп тұратын радио есту сезімінің дамуына бөгет жасайды, тілінің шығуын тежейді, жүйке жұмысын бұзады.
Есту сезімі жақсы дамыған балада 4-5 айда «а-а-а-ны» айту және «а-гу» деп уілдеу,6-7 айда былдырлап сөйлеу пайда болады.
Уілдеу баланың тілі шығуы үшін дем алудың қалыптасуна көмектеседі. Былдырлау естудің әсерінен пайда болатындықьан іштен саңырау болып туған балада ол болмайды. Уілдеу мен былдырлау баламен үлкен адамның жылы шыраймен қарым-қатынас жасауынан пайда болады.
Балада тілі шыққан соң басқалармен сөйлесіп, араласуға деген ынта пайда болады.
Балалардың қол қимылдары 3-6 айлығында біртіндеп дамиды. 3,5-4 айда қол жететін жерде ілулі ұрған ойыншықты ұстап көреді,и4,5-5 айында ересек адамның қолынан ойыншық алады, 6 айлығында сәби ойыншықты өзі алады.
Балада затты алып, ұстай білуді қалыпттатыру үшін оның алдында үлкен емес ойыншықтар, шығыршыққа тағылған сылдырмақ іліп қою қажет. Балаға 4-4,5 айда басқа адамның қолынан ойыншық алуға үйретіледі. Баланы бүйір жағында ілулі тұрған ойыншықтарды ала білуге, бір мезете екі затты ұстауға жатықтыру керек.
Шалқасына аунап қырынан түсуге, етптімен аунап шалқасынан жатуға баланың ойыншықтарымен әрекет жасауы үлкен әсер етеді. Аунап түсе білу – бірінші қимыл, бала үлкендердің көмегінсіз әрекет етуге, қалпын өзгертуге қол жеткізеді. Бірінші жарты жалдақтың аяғында, екі қолтығынан демеп ұстаса, бала тік тұрады, бұл қз бетінше жүріп кетуге дайындық.
Алғашы жарты жылдықта балалардың белсенді әрекет жасауын педагог қамқорлыққа алады. Ояу кезінде балаларды міндетті түрде манежге жатқызып, түрлі сылдырмаөтар іліп, ризинадан жасалған ойыншықтар салып қояды, ойыншықтарды бірнеше рнт ауыстарады.