Педагогика


-6 айдан 9-10 айға дейінгі кезеңде



бет18/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

5-6 айдан 9-10 айға дейінгі кезеңде бала еңбектеп жүреді, былдырлап сөйлейді. Баланың белсенді қозғалуы, еңбектенуі оның отыруына, отырған жерінен тұруына, қаз басып жүруіне көмектеседі. Айналадағылардың тілін түсіну негізінде балада алғашқы сөздер пайда бола басайды.
Қолайлы жағдай жасалса 6,5-7 айда балалар еңбектей бастайды да, ол баланың сүйек-бұлшық ет жүйесін дамытады, нығайтады, айналадағына бағдарлау өрісін кеңейтеді.
Баланы манежге отырғызу оның еңбектеуге үйренуіне, қимыл жасауына мүмкіндік береді. Еңбектеуге үйренген сәбилер үшін топ төлмесін бір нәрсемен қоршап, еденді жылылау қажет.
Еңбектеуге үйрету үшін әдемі ойыншықы пайдалану, сәбидің алға қарай жылжуы үшін оның аяғына тірейтін нәрсе қою, алақанды тосу керек. Еңбектеуді үйренен сәбиге алға жылжуға көмектеспесеғ ол заттарға жақындамай, қайта олардын алыстап, кейін қарай еңбекейді.

Омыртқасының қисаюына мүмкіндік беретіндіктен сәбиді 8-9 айлығынан бұрын отыруға үйрету зияныды және ерте отырғызу ояу кезінде самарқау, ересек адамдарға тәуелді етеді.


Екінші жарты жылда сәби ересек адамның қимылдарын қайталайды, заттарды шапалақтайды, ойыншықты бір қолынан екінші қолына салғысы келдеді. Балада тықылдату, сермеу сияқы қимылдарды, кейбір дыбыстарды қайталау құштарлығы пайда болады.
Үлкендердің тілін түсінуін дамыту үшін педагог баламен тығыз қарым-қатынас жасауы керек. Сөзді түсінуі сәбидің өзіне тән қимыл әрекетін жасауынан байқалады: аты аталған затқа қарайды, затты көрсетуге ынтасын байқатады, ересек адам атааған қимылды орындайды.
Бала 6-7 айда «қайда» деген сұраққа жауап беретін, затқа басын бұрып қарайды. Сәби заттың тұрған жері өзгерсе, оны таба алмай қалады, себебі сөз затпен ғана байланысты емес, монымен бірге оның тұрған жерімен де байланысты. 9-10 айда сәбилер орны ауысқанына қарамастан заттарды іздеп табады. Сондықтан әуелгіде заттардың белгілі бір жерде: сөрелерде, терезе алдында т.б. тұрғаны тиімді.
Сөйлеу, заттардың атын және әрекетін білдіретін сөздерді түсіну бала тілін дамытудың негізі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет