Педагогика


Адамгершілікке тәрбиелеу әдістері



бет63/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Адамгершілікке тәрбиелеу әдістері. Балалардың іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру – педагогикадағы негізгі қағидаларының бірі.
Жаттықтыру – адамгершілік тәрбиенің жетекші әдісі. Бала күнделікті өмірде тәжірибиелік іс-әрекетте адамгершілік салаларды бойына жинап құрдастарымен қарым қатынаста жасауда қолданылады. Ол құрдастарымен қарым-қатынаста мінез-құлық қағидасын үйреніп өз іс-әрекетінде оларды асшылыққа алады, мораль нормаларына сәйкес іс істеуге, табандылық, еңбек сүйгіштік көрсетуге үлкендерге құрметпен қарауға, өз қызметінде басқа балалармен тату ойнап, бірге жұмыс істеуге, тәртіп сақтауға үйренеді.
Педагог балаларда адамгершілік тәжірибе қалыптастыруда жас ерекшелігін ескеруі керек балалар неғұрлым жас болса, оларға берілетін нұсқау соғұрлым нақты болуға тиіс. Мысалы, топқа кіргенде сәлемдесу, еденде жатқан затты өз орнына қою, өз құрбыларына көмектесу, шашылған ойыншықтарды жинау, үлкен адамның өтіп кетуіне жол беру, көрсеткен көмек үшін рахмет айту және т.б. тәрбиеші сәбилерге ескертіп отырады.
Педагог естияр топта балаларға тура нұсқау бермей көбінесе
балалардың назарын қайрымдылық, қамқорлық жасайтын және т. б.
жағдайларға аударады. Мысалы: «Мен Әлияның жүргенін
байқадым. Әлияға қалай көмектесуге болады? Не істеу керек?» Баланың
неге ренжіп жүргенін білген соң педагог балаларды өз құрбысына
қамқорлық жасауға тартады.
Тәрбиеші балаларға тікелей кеңес бермей, естеріне салып отырады, не істеу керектігіне, өздері шешуге жағдай туғызады, мысалы, балалардан ауырып жатқан жолдасын қалай қуантуға болатынын (бірге сурет салу, хат жазу) сұрайды.
Ересектер тобындағы игерілген мінез-құлық нормаларын балалардың түрлі іс-әрекеттерінен көруге болады. Тәрбиеші баланың алған әсеріне, жағдайға өз бетімен әрекет етуіне көңіл бөледі, кішіпейілдік, сыпайылық, қарапайымдылық, әдептілік көрсеткен қылықтарын қолдайды. Педагог балалардың жақсы қылықтарын қолдайды, адамгершілік тәжірибиесін, белсенді түрде байытады, жақсы қылықтарын қолдайды, адамгершілік тәрбиесін белсенді түрде байытады, нақты нұсқау берумен қатар пікірлесіп, кеңес береді, қажетіне қарай ескерту жасайды. Бұл м өзара қарым-қатынас жасауында маңызды: сыпайы қарым-қатынас жасау дағдысына, құбырларын тыңдай білуге, сыпайы түрде пікір айтуға, сөйлегенде бірін-бірі бөлмеуге және т.б. тәрбиелейді.

Бала қылықтарын дұрыс бағалай білу маңызды. Педагогтың ықпалымен балаларда не істеу керек екендігін өздері шешу қабілеті дамиды. Құрбыларының қылықтарын бағалауда, істің байыбына бармай, мінез-құлықтың албырттығы әсерімен бағалар, әсіресе сәбилер теріс қылықтар жасауы мүмкін. Мектепке дейінгі балалардың теріс қылықтарының бәрі тәртіпсіздік бола бермейтіндіктен баланы ондай қылықтарға итермелеген қандай жағдай екенін ашып алу өте қажет. Педагог бұл қылықтарды дұрыс түсініп, орынды баға беруі, балаға ықпал жасаудың тиісті әдістерін таңдап ала білуі тиіс.


Педагог бағалау әдісін пайдалана отырып балалардың жас ерекшелігін ескереді. Сәбилердің өзбеттерінше әпекет жасағысы келгендігін, құрбысына қайырымдылық көрсеткісі келгендігін, құрбысына қайырымдылық көрсеткісі келгендігін, тіл алғыштығын, орындағыштығын, белгіленген ережелермен жүргендігін мадақтап, көтермелеп отырса, бұл олардың көңіл-күйін көтереді, тіл алғыш болуға итермелейді, өз күшіне сенімділігін күшейтеді.
Ересек балалардың қылықтарын бағалауда олардың белсенділік, жігерлілік, стамдылық көрсетуі, тәрбиешінің болған кезінде де (мысалы, серуенге шыққанда педагог ата-аналармен сөйлесіп жатқанда, топқа басқа адамдар келгенде және т.б.) өздерін белгілі моральдық нормаларға сай ұстай білетіндігі ескеріледі. Баға беруде көтермлеуді қалай болса солай қолдана бермеген дұрыс: «Ересек балалар дұрыс істеуге тиіс. Сендер бұны үйрендіңдер, өздерің білетін ережелерді тағы да естеріңе салып жатудың өзі ұят», - деген ескертулерді жиі айтады.
Педагог кейбір балаға наразылығын білдіріп, балаларды кінәлауы, ескерту жасауы жағымсыз қылықтардың алдын алу, тыйым салу болып табылады.
Сонықтан педагогтың жағымсыз қылықты кездейсоқ көрсетті, бұл бала
енді оны қайталамайды деп сенім білдіруінің маңызы зор. Сонымен
қатар теріс қылықты кінәлай отырып тәрбиеші баланың өзін кінәлауға
тиіс емес екенін есте сақтауы қажет.
Үлкендер мен балалардың жақсы қылықтарын мүмкіндігінше үлгі
ретінде жиі пайдаланып отыру керек. Бұл тәсілдің психологиялық-
педагогикалық негізі - балалардың еліктеуге бейімділігі, тәрбиешінің
мақтауын алатындай қылықтар жасауға ұмтылуы,
Үлгі нақты болса балалар оны оңай қабылдап, түсінеді және өз іс-
әрекеттерінде тез қолданады. Әсіресе тәрбиешінің өз үлгісі, беделі
ерекше маңызды. Педагогқа еліктей отырып, балалар оның мінез-
құлқын, қимылын, жүріс-тұрысын қайталайды: оған ұқсас үлкендермен,
құрбыларымен күлімсіреп амандасады, өтінішін сыпайы білдіреді,
көрсеткен қызметі үшін рахмет айтады, жолдасының ренжігенін сезсе,
қамқорлық жасайды және т. б. Олар тәрбиешінің қимылын ойын үстінде
қайталайды.
Балалар құрбыларының қылықтарына да еліктейді. Олар істің
мазмұнының адамгершілік жағын дұрыс бағалай білмейтіндіктен теріс
қылықтарға да еліктеулері мүмкін. Мұндай жағдайда тәрбиеші жаман
қылық жасаған баланы тоқтатып, оған өзінің ренжігенін білдіріп, мұндай
әрекеттерге жол бермеуге тырысады. Педагог тәрбиелеу әдісі ретінде
түсіндіру, көз жеткізу әдістерін де қолданады.
Түсіндіруде қылық себептері, іс-әрекеттердің қажеттілігі мен
пайдалылығы дәлелденеді, бұл іс-әрекеттердің мәні айналадағыға
назар аудару, өз мінез-құлқын үлкендердің талаптарына сай бағындыра
білу. Баланың алдына қойылған талаптардың мақсаты - оның белгілі бір
ережені орындаудың қажеттігіне немесе істелген теріс қылықты
келешекте қайталауға болмайтындығына көз жеткізу.
Ересек топтарда түсіндіру мен көз жеткізу әңгіме өткізу нысанында болады, мұндай әңгімені тәрбиеші белгілі бір этикалық тақырыпты талқылау үшін арнайы ұйымдастырады. Мұндай әңгіме этикалық тақырыпқа жазылған көркем шығарманы оқығаннан кейін көп кешіктірмей өткізіледі.
Шығармалар балаларға «мейірімді», «қарапайым», «қайырымды»,
«сыпайы» т. б. адамгершілік ұғымдарды үйренуге, оларды өз
тәжірбиеперімен байланыстыруға, өз мінез-құлқы мен құрбыларының
қылықтарын дұрыс бағалауға көмектеседі.
Этикалық тақырыптарға әңгімелер өткізуде орынсыз талаптар қою,
тыйым салу, кейбір балаларды кінәлау мектепке дейінгі балаларда
қарсылық туғызуы, талқыланып отырған тақырып бойынша дурыс сезім
туғызуға кедергі жасауы мүмкін.
Кітап, сурет, скуыптура, музыка сияқты әдебиет пен өнер
шығармалары -адамгершілік тәрбиесін беру құралы. Бұлар өмір
құбылыстарына деген адамгершілік қарым-қатынас қалыптастыруға
жәрдемдесетін сезімдер тудырады.
Әдебиет кейіпкерлерінің жағымды қылықтары мен кемшіліктері,
адамдардың жақсы сапалары мен қасиеттері ашылатын, теріс
қылықтары кінәланатын көркем бейнелер балаларды қызықтырып,
адамгершілік түсінік пен сезім қалыптастыруға көмектеседі, жақсы
үлгілерді қолдауға, жаман қылықтардан қашуға әсер етеді.
Музыканың сезімге әсер ету күші ерекше. Тәрбиеші қолданған
музыкалық шығармалар балаларда эмоциялық сезім тудырып, оларға
ұлттық әннің, әуеннің өзіне тән ерекшелігін жеткізеді. Отанымыздағы әр
түрлі ұлттар өнерінің ерекшеліктерімен таныстырады. Ән мен биді
ужымды түрде орындау эмоция жағынан жақындатып, мектеп жасына
дейінгі балаларды ортақ әсермен біріктіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет