Педагогика


БӨЛІМ 6.1. АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ



бет61/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

6 БӨЛІМ
6.1. АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, міндеттері. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие негізінде сала мектепке дейінгі балалық шақтан бастап қалыптасады.Адамгершілік сапаның дамуы мектепке дейінгі ұйымдағы үдерістің қаншалықты ойдағыдай жүзеге асуына байланысты. Қазақстан Республикасы моральдық кодексінің жоғарғы ұстанымдары рухында тәрбиелеу, қажетті адамгершілік сезім мен түсінік дамыту және солардың негізінде қазақстандық мінез-құлық номаларына лайықты қылықтар қалыптастыру қажет.
Бала ересектердің жанында жүріп жақын адамдармен, құрдастармен, қоршаған заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасайды, тәрбие алады. қоғамның моральдік нормасын игереді.Балалардың іс-әрекеттеріне басшылық жасай жүріп, тәрбиеші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға жағымды көзқараспен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесу, кейбір іс әрекетте белсенділік және бастамашылдық көрсету сияқты Қазақстан адамдарына маңызды сипаттарды қалыптастырады.
Балаларға берілген дұрыс тәрбие теріс қылықтар жасамауға ықпал етеді, бала мінез-құлқына теріс әсер ететін дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды.
Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына мыналар кіреді: Отанға, Қазақстан Республикасында тұратын барлық ұлт адамдарына деген сүйіспеншілік, оларды және олардың еңбектерін құрметтеу, ұжымшылдық, мінез-құлық тәртіптілігі мен мәдениеті, мінездің ерік-жігер белгілері жеке адамның жағымды моральдық салалары.
Тәрбиешінің балалармен жүргізетін барлық білім беру-тәрбие жұмыстары адамгершілік тәрбие қалыптасуының негізі болады. Педагог мектепке дейінгі балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып еңбегін, ойынын, оқуын ұйымдастырады, оларға тәрбиелік бағыт береді. Мысалы: балалар ойындарын бақылай жүріп тәрбиеші ойын мазмұнын талдайды, оларға қатысушылардың өзара қарым-қатынастарына көңіл бөледі; бенелеу іс-әрекеттерінен сабақ үстінде балалар қоршаған болмысқа деген өз көзқарасын көрсете алатындай тақырыпты ойластырады; балалардың еңбегіне басшылық барысында оның адамдар үшін маңызын ескереді. Тәрбиеші күнделікті іс-әрекетке де тәрбие ықпалының көп жақты сқызмет етуге ипатта болуын қарастырады: серуеннен қайтқан баланы шешіну кезінде тәрбиеші оны өзіне-өзі қызмет етуге, киімін жинауға, заттарға ұқыпты қарауға, жанындағы құрбы-құрдастарына көңіл бөлуге, қайырымды, қамқор болуға үйретеді.
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мыналар:

  • балардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру;

  • мінез-құлықтың ізгі дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру;

  • адамгершілік ұғымдарын қалыптастыру;

  • мінез-құлық себептерін қалыптастыру.

Бала өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үлкен орын алады. Үлкендермен қарым-қатынас жасауда оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі пайда болады, үлкендердің нұсқауына сай әрекет жасауға, оларды қуантуға, жақын адамдарды ренжігенін толқиды, ал өзінің жақсы қылықтарына жылы шырай білдірсе оған қуанады. Жасаған жағымды қылық үшін үлкендерден мадақтау, орынсыз қылық үшін ескерту алу балада адамгершілік сезімдер қалыптастырудың негізіне айналды. Мектепке дейінгі шақта қалыптасқан қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері балаларды белсенді іс-әрекетке көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбауға, қуантуға итермелейді.

Естияр жаста адамгершілік сезім көбіне саналы бола түседі. Балалардың өзінің туған өлкесін, Қазақстан Республикасы қалыптасуына еңбегі сіңген қайраткерлерді қадірлеу, еңбек адамдарын құрметтеу сезімдері қалыптасады.


Ересек жаста өзінің адамгершілік борышын сезіну, әділеттіліктің, адамды құрметтеудің бастамасы, өзіне тапсырылған жұмысқа деген жауапкершілік тәрбиеленеді.
Балаларда туған өлкесін, Отанын сүю, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеу сияқты патриоттық сезім тәрбиелеудің ерекше маңызы бар.
Мектепке дейінгі балалар еліктегіш, мінез-құлық еркіндігі жеткілікті дамымаған, өз қимылын бақылай білмейді, олардың адамгершілік мазмұнын түсіне алмауына байланысты ұнамсыз қылықтарға апарып соқтыруы мүмкін. Педагог балаларда мінез—құлық нормасына айналатын үлкендерге құрмет, қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасау, шын айту, тазалық сақтау, тәртіпті болу, еңбек ету дағдысы қалыптаса береді.
Ересек жаста қалыптасқан адамгершілік дағдылар мен әдеттер берік бола түседі.
Балалар қоғамныңморальдық нормалары туралы түсінеді. Педагог мінез-құлықтың адамгершілік дағдылары мен әдеттеріне баулиды. Балалардың адамгершілік түсініктерін дамыту педагогтің міндеті. Ол нені қалай істеу керек екендігін нақты мысалдармен түсіндіреді. Мысалы, «Өз заттарына ұқыпты қарайтын, жануарлармен өсімдікті күтетін, үлкендерге көмектесетін балалар – «тәптіпті, жақсы балалар» немесе «Жақсы бала өзінің доын ренжітпейді, ойнау үшін ойыншығын береді, бірге ойнауға шақырады, үлкендердің тапсырмасын бірге орындайды» - қарапайым, қамқоршыл т.б. жалпы моральдық ұғымдарды бірте – бірте түсінуге көмектеседі.
Адамгершіліктің мазмұнына мына түсініктер жатады:

  • қоғамдық өмірдегі құбылыстар;

  • адамдардың еңбегі;

  • еңбектің қоғамдық маңызы мен ұжымдық сипаты;

  • патриотизм және азаматтық;

  • құрбы-құрдастар ұжымындағы мінез-құлық нормалары (неге ойыншықтарды бөлісіп ойнау керек, бір-бірімен қалай келісіп сөйлесу керек, сәбилерге қандай қамқорлық жасау керек т.б.);

  • үлкендерге құрметпен қарым-қатынас жасау.

Ересек жастағы балаларда жолдастарына қамқорлық жасау, ұжым үшін еңбектену, жақындарына сыйлық жасау сияқты жеке адамның қоғамдық бағыттағы қылығын бейнелейтін мінез-құлық нормаларын қалыптастыру маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет