Педагогика


Адамгершілік тәрбиесінің ұстанымдары (21-сызба)



бет62/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Адамгершілік тәрбиесінің ұстанымдары (21-сызба). Балаларды тәрбиелеу міндеттері мен мазмұны мақсат көздеушілік ұстанымы
негізінде жасалады. Қазақстанда туысқандық, ынтымақтастық өзара құрмет негізінде жүргізіледі. Педагог барлық оқу-тәрбие жұмысында осы ұстанымдарды басшылыққа алады.
Адамгершілік тәрбиесінің маңызды ұстанымы - балаларды ұжымда
тәрбиелеу. Мектепке дейінгі ұйым балаларды бірігуге, мақсаттар мен
міндеттер барлық балаларға ортақ болуы керектігіне, мақсаттар мен
міндеттерді бірге шешуге үйретеді. Ұжымның маңыздылығы балада
достық сезім, айналадағыны құрметтеу, өзара көмек, адамдар
арасындағы жағымды қарым-қытынастар тәрбиелеуде, баланың жеке
басын қоғамдық бағытта қалыптастыруда. Адамның жеке қасиеті,
қабілеттілігі, адамгершілік сапалары, моралдық тазалығы ең алдымен
оның іс-әрекетінен көрінеді. Ұжымда бала өзінің білімін, айналадағы
болмысқа көз қарасын корсете алады.
Ұжымда тәрбиелеу ұстанымы балаларды бірлесіп қызмет етуге,
бірлесіп күш жұмсау арқылы мақсатқа жетуге үйретеді. Қарым-қатынас
жасау арқылы бір-біріне өзара ықпал етееді.

Келесі ұстаным - балаға талап қоюды оның жеке басын құрметтеумен ұштастыру. Бұл адамгершілік моральдің мәніне сай келеді адамды құрметтеуге және оның адамгершілігін бағалауға негізделген А.С.Макаренконың оқыту жүйесінде нақты көрініс тапқан бұл ұстанымды қолдану тәрбиешіден мейірімділікті, балалардың жеке


ерекшеліктерін, адамгершілік тәжірибесін, дамуы мен мүмкіншіліктерін ескертуді талап етеді.
Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау бірлігі ұстанымы адамгершілік тәрбиесі құралдары мен әдістерін таңдап алуда кешенді көзқарасты талап етеді. Тәрбиелік іс-шара мазмұнын белгілеуде оның балада көңіл-күй тудыратындай болуын, түсініктілігін, айналадағы өмір туралы белгілі бір ұғымдар қалыптастыратындығын, саналы мінез-құлыққа тәрбиелейтіндігін ескеру керек.
Мектепке дейінгі ұйымда және отбасында балаға қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі ұстанымы мінез-құлық дағдыларын меңгеруді, баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Педагогтан тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуі және тәрбие міндетін бүкіл топпен және әр баламен біртіндеп күрделендіре отырып жүзеге асыруы, адамгершілік қасиетті қалыптастыратын қылықтарды жүйелі түрде жаттықтыруы тиіс.
Бұл ұстаным педагогтан баланың отбасымен тығыз байланыста болуын, түсіністікпен жұмыс жүргізуді, ата-аналарға белгілі бір ұсыныстар жасап, балаларға ықпал етудің ортақ, біртұтас әдістерін жасауды талап етеді.
Балаларды құрдастар ұжымында тәрбиелеу жеке-дара тәсіл ұстанымын қажет етеді, балалардың жас ерекшеліктерін, адамгершілік түсінік дәрежесін және баланың мінез-құлық тәжірибесін ескеру керек. Педагог бұл ұстанымды жүзеге асыруда баланың психо-физиологиялық және жеке-дара дамуының ерекшеліктерін терең білуі керек.
Педагог балаға жеке-дара қарау міндеттері мен әдістерін белгілейді. Балалар тобында өзара жақсы қарым-қатынас болу үшін бір балаға көнуді, барын бөлісе білуді, екіншіге – белсенді болуды, өз пікірін қуаттай білуді, екіншіге – белседі болуды, өз пікірін қуаттай білуді, үшіншіге – құрбыларының мүддесімен санаса білуді, өз тілегін қоя тұруды, төртіншіге – ойыншықты бірлесіп пайдалануды, ұжымдық ойын туралы жылы шыраймен келісе білуді, ал бүкіл балалар ұжымына – өзара жақсы қарым – қатынаста болуды үйретеді.
Тәрбиешінің моральдық бейнесі. Мектепке дейінгі ұйым
тәрбиешісінің міндеті - Қазақстан Республикасының ең жас азаматтары
бойында моральдық сапа қалыптастыру. Ол үшін педагогтың бойында
жоғары моральдық сапалар болуы шарт, сондай педагог қана қоғамдық
оқиғалардың өлеуметтік мағынасын балаларға жеткізеді, адамдардың
еңбек сүйгіштігін, ерлігін, жолдастық өзара көмегін, басқалардың
қайғысына ортақтасуды балаларға күнделікті істерінде көрсете біледі.
Балалар өзінің тәрбиешісіне еліктейді, оған-сенеді. Педагогтың
моральдық бейнесі олар үшін қарым қатынас үлгісі болып қалады.
Педагог баланың кез-келген қылықтарын дұрыс бағалап, еңбекке
деген бастамасын, басталып келе жатқан қайырымдылықты немесе
жалқаулықты көреді, Отанын сүюді, патриотизмді, еңбекшілердің еңбегін
құрметтеуді қалыптастырады.
Мектепке дейінгі ұйым педагогы өзін-өзі тәрбиелеуі, өзінің мінез-
құлқымен балаларға үлгі болуы, айналаға үнемі бақылау жасап, өзінің
теориялық білімін және кәсіби дәрежесін үнемі көтеріп жүру тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет