Педагогика



бет97/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Ұйымдастыру және өткізу. Мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін мерекелер мен сауықтардың өзінің ерекшеліктеріне қарай тәрбиелік мақсаты болады, сол мақсат әр балаға жеткізілуі тиіс. Мысалы, 30 тамыз- ҚР- ның Конституциясы күні, 16 желтоқсан- Республика күні, 17 желтоқсан- Тәуелсіздік күні, т.б. Осы мақсат мерекенің бүкіл мазмұнына арқау болуға тиіс, онда орындалатын өлең, музыка, би, қойылым, безендірулер де сәйкестендіріледі.
Тәрбиелік мақсаты мен мазмұны дұрыс алынған мереке балаларға түсінікті болады, олардың жас ерекшеліктері мен жке ерекшеліктері ескерілсе, ол әрбір баланың зердесіне жеткізіледі. Бұл үшін әрбір жас тобындағы балаларға ұсынылған репертуарды: өлеңдерді, әндерді, билерді т.б. дұрыс таңдап алу, олардың әншілік және бишілік дағдыларының даму дәрежесі, қалауы ескеріледі.



Мерекелер



Мерекелер түрлері

Талаптар

Ұйымдастыру мен өткізу



Жас және жеке ерекшеліктері



Қоғамдық- саяси мерекелер

Жоспар



Уақыт ұзақтығы

Бекіту



Іс- әрекет түрлерінің кезектесуі

Тұрмыстық мерекелер

Әзірлік



Әр баланың қатысуы

Өткізу



Маусымдық мерекелер

Таныс және жаңа

Талдау

Мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін мерекелердің ұзақтығы балалардың жас ерекшліктеріне байланысты: сәби және естияр топтардағы балалар мектепке дейінгі ересек жастағы балалардан әлдеқайда бұрын шаршайды, сәбиелер өлеңді, әндерді т.б. азырақ қабылдайды, сондықтан олар үшін мерекенің ұзақтығы 20-30 минуттан аспауға тиіс. Мектепке дейінгі ересек балалар мерекесінің ұзақтығы 45-55 минутқа дейін созылады және репертуар күрделірек және алуан түрлі болады.


Мереке бағдарламасы бойынша ұжымдық және жеке орындаулар болғаны жөн. Мерекелік іс- шара жоспарын жасауда балалардың тезірек шаршап қалатынын ескере отырып, көркемдік іс- әрекет түрлерін дұрыс кезектестіріп отыру қажет.
Балаларға қуаныш әкелетіндіктен мерекеге барлық бала өз шамасына қарай қатысқаны маңызды.
Балалар өздері білетін әндерді, топ болып бірге орындайтын әндерді, билерді бірнеше рет қайталанды ұнатады, бұларды ерекше ықыласпен және мәнермен орындайды. Сондықтан мереке бағдарламасына осындай материалды міндетті түрде енгізіп. Оған кейбір жаңа нөмірлер қосу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет