Тәрбие:
- Әлеуметтік кең мағынада
- Әлеуметтік тар мағынада
- Педагогикалық кең мағынада
- Педагогикалық тар мағынада
П
Е
Д
А
Г
О
Г
И
К
А
Л
Ы
Қ
Ұ
Ғ
Ы
М
Д
А
Р
Педагогикалық ұғымдар:
-даму
-қалыптасу
-білім
-іскерлік
-дағды
-мақсат
-құрал
-тәсіл және т.б.
Оқыту:
Сабақ беру Оқу
Педагог – оқушы Оқушы іс-әрекеті
1-сызба
Оқыту-педагогикалық үдерістің нақты түрі. Оқыту барысында арнайы дайындалған тұлғаның басшылығымен білім беру міндеттері жүзеге асырылады.
Оқыту – білім беруге қарағанда тар ұғым. Оқыту бір жүйеге келтірілген білімді , іскерлікті,дағдыларды меңгеруді қамтамасыз ететін негізгі тәсіл. Оқыту - педагог пен оқушы арқылы жүзеге асырылатын іс-әрекет.
Оқытуда адам адамзат тәжірибесуін құйып ала беретін ыдысқа айналмай, сол тәжірибеден нәтиже шығаруға , жаңалық ашуға тиісті. Сондықтан адам дамуы өзін-өзі үйрету , өз білімін көтеруғ өзін-өзі тәрбиелеу , өзін-өзі таныту болып табылады.
Оқыту екі жақты үрдіс: сабақ беру және оқыту. Сабақ беру педагог пен оқушы арқылы жүзеге асады. Оқу оқушының іс-әрекеті.
Даму-адамның дене және рухани күшінің сан және сапа жағынан біртіндеп өзгеруі. Жеке тұлға даму күрделі үдеріс. Бұл үдерісті терең оқып білу үшін қазіргі заманғы ғылым даму помпоненттеріне жеке-дара
қарау жолын таңдаған: дене, психикалық, әлеуметтік және рухани даму. Педагогика жеке тұлғанын рухани даму мәселесін басқа компоненттерімен өзара байланыста қарастырады. Жеке тұлғанын даму сыртқы және ішкі, әлеуметтік және табиғи, басқарылатын және басқарылмайтын себептердің әсерімен жүзеге асады.
Қалыптасу – әлеуметтік зат ретінде-экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, идеологиялық, психологиялық, т.б. әсерімен адамның адам болу үдерісі. Тәрбие – жеке тұлға қалыптасуының негізгі шартының бірі. Қалыптасу адамның жеке тұлғаға айналуының аяқталуын, кемелденгендік, беріктік деңгейдің жетістігін білдіреді.
Оқытуға байланысты педагогикалық құбылыстарды қарағанда білім,іскерлік,дағды деген ұғымдар қолданылады.
Білім – оқушылар меңгерген танымды ақпарат, ол болмыстар мен құбылыстардың байланыстарын айқындайтын нақты ережелерді, заңдар мен заңдылықтарды қамтиды. Оқушылар білімді меңгере отырып,терминологияны, негізгі ғылыми ұғымдарды және басқаларды игереді.
Іскерлік – юелгілі бір әрекеттер жасау үшін оқушылардың алған білімді пайдалана бәлу қабілеттілігі.
Дағды – алған білімнің негізінде автоматты түрде әрекет ету іскерлігі. Дағды белгілі әрекеттерді бірнеше рет орындау нәтижесінде қалыптасды.
Педагогика мақсат, құрал, тәсіл деген ұғымдар бар.
Кейбір зерттеушілер педагогикалық негізгі ұғымдар қатарына мынадай түсініктерді де жатқызуды ұсынады:
- Өз білімін көтеру;
- Өзін-өзі дамыту
- Педагогикалық үдеріс;
- Педагогикалық әрекет нәтижесі ;
- Әлеуметтік қалыптасу т.б
Достарыңызбен бөлісу: |