Педагогика


ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ



бет9/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

1.5. ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ
Философиядан бастау алған педагогика ұзақ даму жолынан өтіп, теориялық бай материал жинақтаған ғылым және ол жекелеген салаларға бөлуді қажет етеді. (3-сызба)
Педагогика тарихы – педагогика ғылымының ерекше саласы. Ол қоғамдық құбылыс ретінде тәрбиенің және педагогиканың даму мәселелерін зерттейді.
Барлық жастағы топтарға мақсатты тәрбие беруге байланысты педагогиканы мектепке дейінгі, мектеп жасы және ересектер педагогиканы деп бөліп қарау қабылданған.
Мектепке кейінгі педагогика мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының заңдылықтарын қарастырады, мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы тәрбиесінің біртұтастығын қамтамасыз етеді, мектепке дейінгі ұғымдар: бөбекжайлар, бөбекжай-бақшалар, балалар бақшасы бағдарламасы мен әдістерін әзірлейді.
Мектеп педагогикасы балаларды жалпы орта мектепке оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын қарастырады.
Жоғары мектеп педагогикасы жоғары оқу орны жағдайында жастарға тәрбие берудің теориясы мен әдістемесін зерттейді.
Педагогиканың салаларында нақты ғылымдарды оқыту және зерттеу заңдылықтарымен шұғылданатын жеке әдістемелер деп аталатындар да жатады. Мектепте оқылатын физиканы, химияны, географияны, тарихты және т.б. оқу әдістемелері, балалар бақшасының білім-тәрбие беру жұмысының мазмұнын құрайтын: дене тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық тәрбие әдістемесі, бейнелеу өнерлері, музыкалық тәрбие, қарапайым математикалық ұғымдар қалыптастыру әдістемелері және т.б., жоғары оқу орнының жекелеген курстарын: философияны, педагогиканы, психологияны және басқа оқыту әдстемелері дамып келеді.
Қалыпты жағдайда өсіп, дамыған балалармен жалпы мектепте оқуға кедергі болатын көру, есту, сөйлеу, ақыл-ой жағынан елеулі кемшілігі бар балаларды оқытудың, тәрбиелеу мен еңбекке даярлаудың ерекшеліктерін зерттейтін педагогикалық ғылымдар ерекше топты құрайды. Бұл арнаулы педагогика немесе дефектология деп аталады.
Дефектология мынадай салаларға бөлінеді: сурдопедагогика – саңырау және нашар еститін балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерімен, тифлопедагогика – соқырлармен, олигофренпедагогика – ақыл-ой жағынан мешеулермен, логопедия – тілінде кемістік бар балалармен шұғылданады. Педагогика ғылымының арнаулы салалары жаңа психологиялық-педагогикалық негізде дамытылуды. Дефектология дене және ақыл-ой жағынан дамуының кемшіліктері бар балалардың танымдық мүмкіндіктеріне баға беруге сүйенеді, дұрыс оқыту мен тәрбие ісі бұл мүмкіндіктердің артуына себепкер болады.
Педагогика ғылымының бұл салалары педагогикалық ықпалды жүзеге асырудың ерекше аймақтарымен байланысты.
Педагогика ғылымына белгілі дәрежеде интеграциялық күш тән: педагогика оқушылардың түрлі топтарын оқыту мен тәрбиелеудің ортақ заңдылықтарын айқындайды.
Педагогика – дамып отыратын ғылым болғандықтан оның алдында тұрған көптеген міндеттерді шешу үшін арнаулы зерттеулерді одан әрі жүргізуді қажет етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет