1.4. ПЕДАГОГИКАНЫҢБАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ Көптеген педагогикалық мәселелерді зерттеу адам туралы басқа ғылымдар мәліметтерін, пәнаралдық байланыстарды талап етеді, оқылатын мәселе туралы толық білімнің қажеттілігі туындайды. Кез келген ғылым басқа ғылымдармен тығыз байланыста дамиды.
Дамып келе жатқан адам педагогтардың оқыту, тәрбие беру объектісі болғандықтан педагогика адамды зерттейтін ғылымдармен тығыз байланысты. (2-сызба)
Педагогика дамуы философиядан бастау алады. Философия – педагогика ғылымы дамуының ірге тасын құрайды. Ол – табиғаттың, адамзат қоғам мен ойлаудың ортақ заңдары туралы ғылым.
Педагогика мәселелерін әзірлеуде философияның әлеуметтану, этика, эстетика сияқты салалары маңызды.
Әлеуметтану – қоғам, қоғамдық тұрмыстың негізгі заңдары туралы ғылым. Ол әлеуметтік ортаның адамға әсерін зерттейді.
Этика – моральдің негізін береді, адамгершілік тәрбие беру мәселелерін, адамның жеке басын қалыптастыруда адамгершілік мақсаттың ролін ұғынуды тереңдетеді.
Эстетика – болмысқа, өнерге деген эстетикалық қатынастар дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Экономика – білімнің ғылым мен техниканы дамытуға тигізетін ықпалын белгілейді және білім, еңбек өнімділігін арттырудың маңызды шарттарының бірі екендігнін дәлелдейді.
Физиология – адамды биологиялық эволюция заты ретінде зерттейді. Физиология адамның жоғары жүйке қызметінің дамуы туралы, жүйке жүйесінің типологиялық ерекшеліктері туралы, сезім органдарының, жүрек-тамыр және тыныс жүйелерінің, ішкі секреция бездерінің және басқаларының дамуы мен жұмыс істеуі туралы деректер береді.