Байланысты: Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика
6.6. ОТБАСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ Отбасында адамгершілік тәрбие берудің іргетасы қаланады. Бұл
күрделі істе педагогтың міндеті - ата-аналарға көмектесу.
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы балаға бірдей ықпал етіп, талапты да бірдей қоюы керек. Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында байланыстың жоқтығы баланың екі жүзді болуға итермелейді, себебі екі жақтан қойылған біріне-бірі қайшы талаптарға бейімделуге тырысады.
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы бірлігі болуы үшін ата-аналар
мектепке дейінгі ұйымдағы адамгершілік тәрбие беру бағдарламасын,
оны жүзеге асыру әдістемесін білуі керек.
Педагогтың отбасымен жүргізетін жұмысының балаларға адамгершілік тәрбие беруде ата-аналарды педагогтық тұрғыдан ағарту. Ата-аналар кездесетін қиыншылықтарды, балалардың қателіктерін ашып, педагог оларға ақыл-кеңес береді, ұсыныстар айтады, қажетті көмек көрсетеді. Бұл жұмыстағы назар аударатын нәрәе – балалардың бойында адамгершілік сезімді, мінез-құлық мәдениетін, туған-туыстары мен жақындарына деген сүйіспеншілік, Отанды сүю қасиетін тәрбиелеу.
Балаларды отбасында адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары мен әдістері туралы әңгімеде педагог: ата-ананың жеме үлпсінің ролін, отбасылық мерекелер мен дәстүрлердің маңызын түсіндіреді. Отбасында балалар ісіне қызығушылықпен, құрметпен қарау, мән беру, көтермелеу мен жазалау шараларын пайдаланған кезде сақтықты ұмытпау қажеттілігін ескертеді. Тәрбиешінің ата-аналарға айтатын кеңестері мен ұсыныстары теориялық жағынанегізделген, нақты болуы тиіс.
Отбасында ата-аналардың дауыстап кітап оқуы, бірге музыка тыңдауы, тәрбиелік мәні бар сүйікті әндерді орындауы, баланың
достарын үйге шақыруы, түрлі ойындар, сауықтар ұйымдастыруы
баланың адамгершілік тәрбиесіндегі маңызды іс.
Ата-аналармен бірге тәрбие туралы кинофильмдерді көру, оның
жағымды жақтарын талқылау, неге жағымды екенін дәлелдеу
педагогикалық насихаттың сенімді нысаны.
Балаларының адамгершілік жағынан даму дәрежесін ата-
аналармен бірге талқылап, топ балаларының арасындағы жағымды
мінез-құлықтарынан мысалдар келтіріп, жетістіктерін айтып, бірлесіп
шешілетін нақты міндеттерді көрсетіп тұрған дұрыс.
Балаларға кішкентайынан бастап-ақ адамгершілік тәрбие берудің
қажеттігіне, олардың мінез-құлқындағы нашар жақтардың алдын және жою, олардан Қазақстанның лайықты азаматтанын өсіріп шығару мүмкін екендігіне ата-аналардың кәміл сенімінің қалыптасуы тәрбиешінің отбасымен жүргізетін жұмысының нәтижесі.