YII БӨЛІМ
Еңбек тәрбиесі
7.1. еңбек тәрбиесінің маңызы және міндеттері
Еңбек тәрбиесінің маңызы, «Еңбек - адамдардың өмірі үшін каже
материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға адам қызметі" - деп көрсетілген Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңының жалпы ережелерінде. Тәрбие берудің маңызды құрамдас білімі - еңбек тәрбиесі.
Балалар еңбек арқылы өзіне-өзі қызмет етуге, шаруашылық- турмыс қызметіне және т. б. өзіне қажетті түрлі дағдылар мен іскерлікке үйренеді, қиыншылықтарды жеңе білу, өзбетінше әрекет жасау қабілеті дамиды, айналасындағы заттардың қасиеттерін біледі: өсімдіктерді
бақылайды, жануарларды көреді. Балалар көрген нәрселерін
теңестіреді, салыстырады, «неге» деген шексіз сұрауларға өз бетімен
жауап табуға тырысады.
Балалардың тапсырылған істі ұқыпты орындауы, жасауы арқылы эстетикалық тәрбие де жүзеге асырылады. Олар өсімдіктерге су қойып жүріп жаңа ашылған гүлді, жиналған бөлмені, қуыршақтардың таза жуылған киімдерін көргенде қуанады.
Балалар еңбек ете жүріп дене құрылысы жағынан да шынығады,
таза ауада еңбектенеді: жүйек қазу, су әкелу, қар күреу және т. б
Балалар күш жұмсауға, қиыншылықтарды жеңуге үйренеді.
Еңбек әрекеті балаларда адамгершілік қасиеттер қалыптастыру
үшін де маңызды. Үстел жасау бойынша жеңіл тапсырмаларды орындау,
сабаққа қажетті заттарды дайындауға көмектесу арқылы балалар өзі
басқалар үшін де пайдалы болуға үйренеді. Бұл балалардың бойында
көмекті қажет ететін адамға қол ұшын беру, өзінің шамасы келетін еңбек
тапсырмаларын орындауға дайын түру қасиетін, ұқыпты және тіл алғыш
болу қабілетін қалыптастырады.
Балаларға ерте жастан еңбектің қарапайым түрлерін үйрету қажет,
сол арқылы олар заттардың қасиеттерімен танысады, түрлі аспаптармен
жұмыс істеуді үйренеді, еңбек әрекеті арқылы балалар белсенділікке,
икемділікке, тапқырлыққа, өжеттілікке жетуге тырысады, оларда
ересектерге көмектесу сезімі қалыптасады.
Бірге еңбек ету арқылы балаларды тәрбиелеу маңызды.
Балалардың бірге жұмыс істеуін ерекше бағалау керек, себебі, бұл
ұжымдық еңбектің бастамасы. Баланың күші ұжымдық еңбек үстінде
жаксы дамиды.
Еңбекке баулуда балалардың мүмкіндіктерін, еңбектің
ерекшеліктерін ескеріп, оны ойын әрекетімен байланыстырған жөн.
Балаларды еңбекке үйрету барысында олардың мінез-құлқында
дербестік ұйымдастырушылық, іскерлік, дағды, мақсат
қоюшылық қалыптасады. Еңбек ете алатын балалар еңбек
қиыншылығының қадірін түсінеді, кісілердің күрметтеуді үйренеді, көмекті қажет ететін адамды байлайды Балалардың еңбек төрбиесінің нәтижелі болуы үшін еңбегін дұрыс уйымдастыру, біртіндеп оның мазмұнын күрделендіру, оларга қойылатын талапты көтере түсу, ата-аналарға балалардың отбасындағы еңбек
түрлерінің болуына ұсыныстар жасау, оларды ортақ еңбекке қатыстыру қажет.
Орыс педагогы А. С. Макаренко балаларды еңбекте тәрбиелеуді ерекше бағалаған, ұжымдық еңбек барысында балаларда бір-біріне деген жағымды қарым-қатынас, жауапкершілік пайда болатынын атап көрсеткен. «Бірлескен еңбек, ужымдағы жұмыс, адамдардың еңбектегі көмегі және олардың еңбектері ұдайы өзара тәуелділігі ғана адамның бір-біріне дұрыс көзқарасын қалыптастырады.
Бұл дұрыс көзқарас әрбір адамның қоғамға өзінің бар күшін
беретіндігінде ғана емес, сонымен бірге оның басқалардан да осыны
талап ететіндігінде, қасында масыл біреудің тіршілік етуіне төзгісі
келмейтіндігінде» - деп жазды,
Балалар еңбегінің ерешеліктері. Мектепке дейінгі ұйымдағы
балалар еңбегі (25-сызба) ойынмен байланысты және ол әр түрлі
нысанда көрінеді:
-ойын ересектердің еңбегін бейнелейді;
- ойында еңбек іс-әрекетінің элементтері көрінеді;
- еңбек болашақ ойын үшін істеледі;
-ойын әрекеттері еңбек әрекетіне енгізіледі.
Балалар ойын кезінде ересектердің еңбектерін бейнелейді, сол
арқылы олардың еңбегіне дұрыс көзқарас қалыптастырады: науқастарға
қарайды, бөлменің таза болуының мүмкіндігін жасайды,
балалардың таза жүруі үшін киімдерін жуады, т. б. Балалар осындай
әрекет үстінде өздерін ойнап отырмын деп есептемейді, еңбек
әрекеттерін жасамайды: олар дәрігер болып науқастарды қараған,
бөлме ішін жинастырған, кір жуған сияқты әрекеттер жасайды.
Өзінің тамақ ішкен ыдысын жуу, қуыршақты шомылдыру, оның
көйлегін жуу сияқты нақты еңбек әрекетіне қажеттілік ересек балалардың
ойындарында жиі кездеседі және оларды еңбек әрекетіне
ынталандырады.
Еңбектің ойынмен байланысы ересек балалар ойындарында
байқалады: өзі бейнелейтін рольге қажетті атрибуттар: қуыршақ төсек-
орны, жол жүру ережелері бойынша белгілер, тамақтану үшін ыдыс-
аяқтар және т. б. Ойын кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің толық бейнелеуі,
өзінің ойын дәл жеткізуі балалардың еңбек етуге ықыпасын туғызады,
Мектепке дейінгі ұйымда еңбектің ойынға немесе ойынның еңбекке
ауысып кететін кездері жиі кездеседі. Мысалы, бала ыдысқа салынған
бояуларды үстелдерге апарып, таратып қояды да тәрбиесінің үстеліне
қайтып келе жатып қолындағы ыдысты машинаның рөлі қылып ойнап,
машинаны бейнелейді.
Сәби балалар еңбек іс-әрекетінің өзіне қызығады: бала өсімдікті
суара сала оған қайта су құя бастайды немесе үстел үстіне балаларға
қасықтар таратып болған соң, екінші рет тағы қоя бастайды.
Балалар еңбегі дұрыс басшылықты талап етеді. Балаларда алдына
мақсат қоя отырып, өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру, бастаған
істі нәтижелі болғанға дейін жеткізу қабілеттерін дамыту тәрбиешінің
міндеті.
Ересек балалардың еңбек әрекетінен қоғамға пайдалы жақтары
көріне бастайды. Балалар өз еңбегінің басқалар үшін маңызды екенін
түсірсе, олар тартымсыз болса да еңбекке ықыласпен қатысатын
бопады.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері. Балаларды еңбекке тәрбиелеу
міндеттері мынадай:
-ересектердің еңбегімен таныстыру және оған құрметпен қарауға тәрбиелеу;
-қарапайым еңбек іскерлігі мен дағдыларына үйрету,
-еңбекке ықыластылыққа, еңбек сүйгіштікке және дербестікке
-еңбекті қоғамға бағыттау, ұжымда және ұжым үшін еңбектене білуге тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі ұйымдағы, отбасындағы, қоғамдық орындардагы
ересектер еңбегін көріп, балалар олардың нәтижелерін байқайды. Әуелі
балаларды еңбек әрекеттерінің өзі, тетшиналардың
қозғалысы қызықтырады. Балаларды ересектер еңбегімен таныстыруда
«Жақыннан жыраққа» ұстанымы бойынша әуелі жақын жерден
бастайды, содан соң балалар бақшасынан тыс жердеп ересектер
еңбегімен таныстырады, олардың еңбегінің мәні мен маңызы туралы
ұғым қалыптастырады, ересектердің еңбегінің қоғамдық ааңыздылығын
мысалдар келтіре отырып түсіндіреді. Тәрбиеші қамқорлық жасау
дегеннің не екенін айтады, жақсы еңбектену, еңбек сүйгіш адам туралы
түсіндіреді, еңбек туралы жазылған, еңбектің маңызы мен сұлулығы
тартымды көрсетілген шығармаларды оқып береді.
Балаларды ересектер еңбегімен таныстыруды олардың өздерінің
еңбегімен ұштастыру керек. Еңбек үстінде еңбек жігерін сезінеді және
нәтиже алу үшін күш жұмсау қажет екенін, еңбек сүйгіш болу үшін ерік,
күш-қайрат, тапсырылған істі соңына дейін жеткізу керектігін түсінеді.
Балалар меңгеруге тиісті еңбек дағдылары мен іскерліктерінің
көлемі мектепке дейінгі ұйым бағдарламасында жас ерекшеліктеріне
қарай көрсетілген. Мысалы:
-сәби балалар ойыншықтарды шүберекпен сүрту, қуыршақ
көйлегін шаю кезінде шаруашылық-тұрмыстық еңбек дағдылары мен
іскерліктерін қалыптастырады;
-естияр балалар ойыншықты сүрткен шүберектерді шаяды,
қуыршақтың кәйлектерін сабындап жуады,
-ересектер балалар ойыншықтарды, ұсақ заттарды сабындап
жуады, сабаққа, еңбекке, ойынға қажетті заттарды дайындайды, содан
соң оларды тәртіпке келтіреді.
Тәрбиеші еңбектің маңызын, мазмұнын, балалардың жас
ерекшелігін, олардың шамасы келетін-келмейтінін, тәрбиелік
құндылығын, қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды ескере
отырып балаларға іскерліктер мен дағдылар қалықтастыруы тиіс.
Балалар өскен сайын олардың еңбегінің мөлшері көбейіп, қойылатын
талап та күшейтіледі жұмыс қарқыны тездетіледі.
Шамасы келетін тапсырманы балалардың өз бетінше орындауын
қалыптастыру керек, қажетіне қарай көмектесіп, тапсырманы орындауда
сәтсіздік жасап, ренжіп қалмауын қадағалау қажет, себебі болады өз
күшіне сенбеушілік пайда болады және еңбекке деген ынтасы
жойылады. Дербестік керсеткен баланы көтермелеп, оның
қиыншылықты жеңуіне көмектеседі.
Тәрбиешінің мынаны есте сақтауы керек еңбектің нәтижесі,
басқаларға келтірген пайдасы балаларға қуаныш әкелетін болуға тиіс.
Балардың ұжымда еңбектене білуін қалыптастыру міндеті мектепке
дейінгі ұйымда шешіледі. Бұл міндет еңбек әрекеті үстінде біртіндеп,
балаларды ортақ тапсырмамен шағын топтарға біріктіру жолымен жүзеге
асырылады: 2-3 бала болып бірігіп жұмыс істеуді үйренген болса, онда ортақ тапсырма орындауды 6-7 баладан тұратын шағын тапқа беруге болады. Мұндай әрекеттің мақсаты еңбек үстінде балаларда тапсырылған іске жауапкершілік, өз беттерінше келісіп қимыл жасау, жумысты өзара бөлісу, бір-біріне көмектесу және біріге күш жұмсап, нәтижеге жету қабілетін қалыптастыру. Бұл оларға қызметтегі өзара қарым-қатынас тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |