Педагогика



бет76/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

9.2. Ойын ерекшеліктері
Адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, қарым-қатынасын бейнелеу
- балалар ойынының негізгі ерекшелігі. Ойында төселген кілемнің үсті теңіз, орындық кеме, поезд вагоны болуы мүмкін және өздері қалай ойластырып алса, соған лайықты мазмұн береді. Бұған мысал ретінде орыс жазушысы Л. Н. Толстойдың «Балалық шақ» повесінен мына үзіндіні алуға болады; повестің басты қаһарманы - Николенько былай деді: «таяқпен құсты атып түсірмек былай тұрсын, одан оқ шығаруға да ешбір болмайтынын өзім де білем. Бұл ойын. Erтіп ойласақ,
орындықтарға мініп шабуға да болмайды; қыстың ұзақ кештерінде біз
креслога орамал жауып, одан арба жасайтынбыз, біреуіміз көшір,
екіншіміз малай болатынбыз, қыздар ортаға отырады, үш орындықты үш
ат етіп, жолға шығатынбыз. Сол жолда қанша қызықты оқиғалар болушы
еді! Және қаншалық көңіл өсіп, қысқы кештер де тез өтуші еді. Егер
бәріне шындап қарайтын болсаң, онда түкте ойын шықпайды».
Бұдан балалар іс-әрекетінің басқа барлық түрлерінен ойынның
езгеше екендігін байқалады. Балалар ойындағы ез іс-әрекеттерінің
шындығына сенгендіктек уақытпен, әрекеттердің қатаң дәйектілігімен
санаспайды. Бөлменің ішінде ойнап жүріп балалар буырқанған теңіз
ішінде жүзіп жүргеніне сенеді, қорқынышты бастарынан кешіріп,
қиындықты жеңген қуаныш сезіміне бөленеді. Олар Айға ұшады, одан
қайтып оралады, ертегідегідей оқиғалар «күн сайын емес, сағат сайын»
дамиды.
Ойынның тағы бір ерекшелігі - оның әрекеттік сипаты. Ойынды
балалар өздері шығарады, ойынды өздері жасайды. Олар ойында
өздеріне белгілі өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін
бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.
Ойынның келесі ерекшелігі бейненің, ойын әрекетінің, сөздің ұштасуы және өзара байланысуы. Бала өзі бейнелеген ойын кейіпкеріне толықтай еніп, соның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейіпкер бейнесіне толық енген бала ойындағы бейне атынан жанап береді: «Мен Нұржан емеспін, жүргізушімін» дейді, сол бейнеге лайық әрекеттерді ықыласпен істейді.

Бала жалғыз ойнағанның өзінде үнсіз ойнамай, ойыншықтармен


сөйлеседі, «ойынға қатысушылармен» әңгімелеседі, өзі үшін, анасы
үшін, анасы мен үйге келген қонақтар үшін сөйлейді.
Сөйлесудің ойын барысында ролі үлкен. Балалар сөйлесе жүріп
ойынның мақсаты мен мазмұнын анықтайды. Сөз арқылы ойын
ұйымдастырылады, балалар өзара түсініседі, балада қоршаған өмірдің
кейбір жағдайлары мен құбылыстарына көзқарас пайда болады,
жолдастық пен достықтың дамуына көмектеседі.
Ойынның мақсаты, ойынның мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер,
ойын ережесі - ойынның негізгі құрылымдық элементтері.
Ойынның мақсаты - балалардың нені ойнау керектігін және қалай
ойнау керектігін жалпы анықтау, мысалы: «дүкен», «отбасы»,
«аурухана», «балалар бақшасы», «мектеп», және т. б. ойнау. Ойынның
мақсатына қарай ойындарды мынадай топтарға бөлуге болады:
a) тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар - «отбасы»,
«балалар бақшасы», «емхана» және т. б.
бейнелейтін ойындар
метро, үйлер салу,
дәрігерлердің еңбегі, стадиондар тұрғызу және т. б.
б) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар
мерекелер, шерулер, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар, т. б.
Ойынның мазмұны … оның жанды тұлтасын құрайды, ойын
әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп

жақтылығын және өзара байланысын анықтайды, Ойынның мазмұны


қызықты болса, балаларда ойнауға деген ықылас пен ынта тудырады.
Ойындағы бала атқаратын роль - ойынның құрылымдық ерекшелігі
болып табылады, Рольдің маңызына қарай ойынды рольді немесе
мазмұнды-рольді ойын деп атайды.
Ереже - ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын
анықтайды және реттейді. Мұны ойын әрекетінде балалардың өздері,
кейде ересектер белгілейді. Ереже балаларды ойын кезінде
ұйымшылдыққа тәрбиелейді, ойынға тұрақтылық сипат береді, қарым-
қатынас пен өзара қарым-қатынастардың дамуын, күрделене түсуін
айқындайды. Сондай-ақ ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың
Ойынға белсенді қатысуына көмектеседі.
Ойынның бұл құрылымдық элементтері типтік болып табылады,
бірақ олардың түрлі маңызы бар және әр түрлі ойындарда түрліше
арақатынаста болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет