Педагогика


Балалар еңбегінің түрлері



бет71/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

7.2. Балалар еңбегінің түрлері
Мектепке дейінгі ұйымда үйренуге, дағдығайналдыруға тиісті
балалар еңбегінің түрлері (26-сызба) олардың қызметке ықыласын туғызады, ақыл-ойын дамытады, жағымды қарым-қатынасқа баулиды, денесін шынықтырады, эстетикалық көзқарас қалыптастырады, қысқасы, оларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Балалар еңбегінің негізгі түрлері мынадай:

  • өзіне-өзі қызмет ету:

  • шаруашылық-тұрмыстық еңбек;

  • табиғаттағы еңбек;

  • қол еңбегі,

Еңбек түрлерінің көлемі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі.
Өзіне-өзі қызмет ету аты айтып тұрғандай балалар өзін күту үшін еңбектенеді: жуынады, киінеді, шешінеді, төсегін жинайды, жұмыс орнын дайындайды және т. б. Өзіне-өзі қызмет ету - өмірлік қажеттілік. Күнде
қайталанып отыратындықтан балалар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын жақсы игереді, біртіндеп міндетке айналады,
Сәбилік шақта саусақ бұлшық еттері жеткіліксіз дамыған, олар жұмысты жоспарлау білмейді көңілдері басқа нарсеге тез сондықтан өзіне-өзі қызмет ету дағдыларының қалыптасуында тежелу басым, кейде бала әрекетті орындауға ынтасыз болады. Тәрбиеші осы балаларда өзіне-өзі қызмет ете білу қабілетін дамыта бастайды, оларда ұқыптылық, дербестік болуына күш салады, тазалыққа үйретеді. Тәрбиеші сабырлылық, табандылық көрсәбилердің пайдасыз
ықыласының өзін қолдап, көтермелеп отырады. Балаларға басшылық
жасай отырып, әр баламен жеке жүргізеді. Балалардың сөздік
қорын дамыту үшін киім бөлшектерінің қажетті әрекеттердің аттарын
атайды.
Естияр шақта тұрақты міндеті ретінде балалар өзіне-өзі қызмет
етуде әзбеттерінше әрекет ете бастайды. Тәрбиелік міндеттер
күрделендіріледі, қимыл-әрекеттердің сапасына, өзін күту тәртібіне, оған
жұмсалатын уақытқа қойылатын талап артады. Балаларда көмектесу
әдетін қалыптастырылады, көмек сұрауға, көмек көрсетуге, көмек үшін
алғыс айтуға үйретіледі.
Ересек шақта өзіне-өзі қызмет етудің жаңа түрлері; төсек жинау, шашын, аяқ киімді күту игерілетіндіктен балалардың бойында тазалық әдеттерін, құрбыларының арасында өзін дұрыс ұстау дағдысын қалыптастыру сияқты күрделі тәрбиелік міндеттерді шешу қажет болады. Басқа балалардың арасында тұрып-ақ өзіне-өзі қызмет ететіндіктен бала жанындағылардың қажеттері мен қиыншылықтарын түсінуі тиіс. Тәрбиеші балаларды қарапайым сақтыққа, айналасындағы адамдарды құрметтеуге үйрететін өрекеттерді түсіндіреді:

  • шешінетін жерде шешінген баланың өтіп кетуі үшін жол беру;

  • өз міндеттерін орындау үшін алдымен кезекшілерді жуынуға

  • балалардың барлығы уақытымен жуынып үлгеру үшін қол жуғыштың алдында ұзақ тұрмау;

  • басқаларға қолайсыздық туғызбау үшін өтіп кетуге рұқсат сұрау

Шаруашылық-тұрмыстық еңбек нәтижелері көзге көрінерліктей болмаса да, мектепке дейінгі ұйымның күнделікті өмірінде қажет. Еңбектің бұл түрі балаларды бақша үйінің ішінде және аулада тазалық, тәртіп сақтауға, күн тәртібіндегі әрекеттерді ұйымдастыруда ересектерге көмектесуге бағыттайды. Топ бөлмесінде, аулада балалар тәртіптің бұзылуын байқауға және оны түзетуге үйренеді. Шаруашылық- тұрмыстық еңбек кезінде балалар ұжымға қызмет етеді, өз жолдастарына қамқорлықпен қарауға тәрбиеленеді.
Сәбилік шақта балалар үстел жасауға көмектеседі, ойыннан кейін ойыншықтарды тәртіпке келтіреді, жуады, ауладағы жапырақтарды жинайды, орындықтарды қардан тазартады және т. б. қарапайым шаруашылық-тұрмыстық дағдыларды меңгеруге тартылады. Тәрбиеші еңбек етудің адамгершілік жағына балалардың назарын аударады: «Балалар, сендер бүгін ауланы қоқыстан тазартып, аула сыпырушыға жақсы көмектестіндер, жарайсындар!", "Азамат пен Жадыра ұқыпты балалар. Олар ойыншықтарды әдемі жинапты!». Осындай жағымды баға
беру арқылы тәрбиеші құрбыларын үлгі етіп, балалардың соларға уқсасам деген тілегін туғызады.
Естияр шақта еңбек мазмұны күрделенеді: балалар тамақ ішуі
үшін үстел жабдықтайды, сабаққа қажетті заттарды дайындайды,
қуыршақтардың киімдерін жуады, текшелердің шаңын сүртеді, ауладағы
жолдарды тазалайды және т. б. Тәрбиеші қалыптасқан дағдылар мен
мүмкіндіктерді пайдаланып балаларды еңбекте күш жұмсауға үйретеді,
тапсырылған істі орындау дербестігін, белсенділігі мен бастамасын
дамытады.
Ересектер тобында еңбек мазмұны одан әрі күрделене түсіп,
жүйеленіп кезекшілердің тұрақты міндетіне айналады. Балалар топ
бөлмесінде, аулада тазалық сақтауға, ойыншықтарды, кітаптарды
біледі:жөндеуге, сәбилерге көмектесуге тартылады. Ересек балалар
шаруашылық-тұрмыстық еңбекті өз беттерінше ұйымдастыра біледі:

қажетті құрал-жабдықтарды өздері таңдайды, оны орналастырады, жұмыстан соң бәрін тәртіпке келтіреді. Еңбек үстінде балалардың жақсы нәтижеге жетуге ынтасы байқалады.


Табиғаттағы еңбекке мыналар кіреді: өсімдіктер мен жануарларды күту, табиғат бұрышында, бақшада, гүлзарда есімдіктер есіру. Табиғаттағы еңбектің ерекшелігі - балалардың байқағыштығын дамыту. жанды табиғатқа ұқыпты қарау, туған елдің табиғатын сүюге тәрбиелеу. Еңбек ете жүріп, балалар дене жағынан дамиды, қозғалыстарын жетілдіреді, төзімділігін арттырады, дене күшін жұмсай білу қабілетін дамытады.
Сәби топтарда балалар табиғат бұрышындағы балықтарға жем береді, белме өсімдіктеріне су құяды, пияз отырғызады, бақшадан өнім жинайды, қыста үлкендер көмегімен құстарды қоректендіреді. Тәрбиеші балаларға басшылық жасай жүріп балалардың сөздік қорын молайту, белсенділігін арттыру мақсатымен өсімдіктерді, олардың бөлшектерін, еңбек әрекеттерін атымен атайды. Тәрбиеші балаларға өсімдіктерді қарауды, гүлдерді иіскеуді, жапырақтарын салыстыруды, қанша гүл ашылғанын санауды ұсынады.
Естияр топта еңбек күрделенеді:

  • балалар өсімдіктерді суарып, қажетті ылғал мөлшерін анықтайды;

  • кекеніс өсіреді: тұқым себеді, сүйектерге жібереді, енім жинайды;

  • тәрбиешінің басшылығымен жануарларға: тиіндерге, тышқандарға, қояндарға, тауықтарға жем дайындайды.

Жануарларды күту оларды қадағалаумен байланыстырылады, жануарлардың қайсысы қандай жем жейтінін, оның аталуын және қалай сақталатынын түсіндіреді. Балалар өсімдіктердің өсуі, жануарлардың жағдайы күтімге байланысты екенін түсіне бастайды.
Ересек топта еңбек әрекеті күрделене түсетіндіктен табиғат бұрышында күрделі күтімді қажет ететін өсімдіктер мен жануарлар, есу мерзімі әр түрлі көкөністер болады. Балалар еңбегі де күрделенеді: балалар өсімдіктерге су бүркеді, түкті жапырақтардың шаңын щеткамен сүртеді, жерді қопсытады, өсімдіктерді қоректендіреді, балық асырайтын ыдыстың суын ауыстырады, бақша мен гүлзардың жерін дайындайды, көшет отырғызады, өсімдіктердің ұрығын жинайды. Педагог балаларға еңбек ете жүріп, өсімдіктердің өсуін, дамуын қадағалауды. өзгерістерді байқауды, жапырақтарына, ұрықтарына қарай өсімдіктерді ажырата
білуді үйретеді.
Мектепке даярлық топта балалар табиғаттағы еңбек арқылы құбылыстар арасындағы байланысты анықтайды, заңдылықты аңғара білуге үйренеді. Балаларда өсімдіктер мен жануарлар туралы мәліметтер жиналады. Балалалардың еңбек ету дербестігі артады: олар топырақты суаруды және қопсытуды, өсімдіктерді көшеттіуді, бақшада, Рулзарда, ал қыста үнемі пияз бен басқа да көкөніс әсіру қажеттігін
Өздері белгілеп отырады. Балалар өсімдіктерді көбейту қалемшелеу

арқылы жүзеге асырылатынын, топыраққа кешіріп отырғазу үшін көшет


өсіру керектігін біледі. Табиғат бұрышындағы құстарды, тиінді, үй
қояндарын, көгершіндерді, бақаны, кесірткені жөне т. б. күту жалғасады.
Табиғатта еңбектену балалардың жауапкершілігін арттырады.
Оларды өздері өсірген көкөністердің өнімін, гүл жинау қуанышқа бөлейді.
Олар ата-аналарына гүл, бебектерге өздері ө
сыйлайды, топ бөлмелерін гүлдермен безендіреді.

Қол еңбегі - ересектер торынан басталады. Қол еңбегіне түрлі


материалдар пайдаланылады: картон, қағаз, ағаш, табиғи материал:
ағаш бүрі, емен жаңғағы, сабан, ағаш қабығы, жүгері собығы, шабдалы
сүйегі; тастанды материал: сіріңке қорабы, жаңғақ пен жұмыртқа қабығы,
түкті мата, қауырсын, мата қиындылары. Балалар өздері үшін және
басқаларға сыйға тартуға қажетті ойыншық ойын атрибуттарын:
қайықтар, машиналар, сөмкелер, үйлер, жиһаздар, жануарлар жасайды.
Балаларда құрастырушылық қабілетінің, шығармашылық
қиялының, ойлап шығаруының дамыуы үшін қол еңбегі маңызды.
Мысалы, табиғи материалдан ертегі кейіпкерін жасауда: тұлға ретінде
еменнің жаңғағы, етек немесе телпек үшін оның астындағы қауашағы
алынады, аяқ киімін жасау ушін жаңғақты екіге жарады. Балалар
ойындағы затқа сай пішін таңдап алу үшін табиғи материалды мұқият
қарау керектігіне үйретіледі: үйеңкі ұрығынан инеліктің қанатын, ағаш
бүрінен - орманшыны жасайды. Балалар қол ебегі арқылы материалдардың түрлі қасиеттерімен, материалдарды өңдеу және байланыстыру тәсілдерімен танысады, түрлі аспаптар пайдалануды үйренеді. Заттар жасау үшін белгілі мөлшерде күш жұмсау қажет. Балалар жасалған заттың мықты, әдемі болуы үшін табандылық,
шыдамдылық, ұқыптылық көрсетуге үйретіледі. Бұл балаларда эстетикалық сезім мен адамгершілік-еріктік қасиеттер қалыптастырып, тәрбиелік жағынан үлкен әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет