7.4. Педагогикалық есептер
***
Айгүлге 3,5 жас. Ол бәтеңкесінің бауын өзі байлай алмайды.
- Мама мә, - аяғын созады.
- Өзің байлап көр. Сен байлай аласың...
- Міне, дұрыс, - деп жауап берді мамасы. Өте тамаша өзің байладың. Айгүл әжесіне жүгіріп келіп:
- Қараңызшы, мен өзім байладым, - деп айқайлады қуанғаннан. Әжесі құптап, оны қол жуғышқа қарай тартты. Бірақ Айгүл қолын сермеп, әжесіне көнбей:
- Мен өзім, өзім, - деді.
Әжесі немересінің қимылы ебедейсіз, сенімсіз болса да өз еркіне жіберді.
Үлкендердің мінез-құлқына баға беріңіз.
Мұндай тәрбие нәтижесінде Айгүлдің бойында қандай сапа қалыптасады?
***
6 жасар Асқар шеберханада жұмыс істеуді жақсы көреді. Бірде ол ағаштан қайық ойып алды. Еденге ағаштың жаңқалары шашылып қалды.
-Асқар, өзінің жұмыс істеген орныңды жина, - деді анасы. Асқар анасын тыңдап ағаштың жаңқаларын сыпырып, басқа қоқысты қалдырып кетті.
- Неге сен бәрін сыпырмадың? – деді көршісі.
Араға әжесі кірісіп:
-Ол бәрібір таза сыпыра алмайды, сонан соң өзім сыпырам, әуелі өзінің орнын тазартуды үйренсін, - деді.
Балалар бақшасында Асқар шеберлік жұмысын жақсы көреді, бірақ, жинауға келгенде оның бесенділігі төмен немесе тек өзінің орнын ғана жинайды.
Асқардың еңбекке деген қарым-қатынасы неге бұлай?
Асқардың еңбекке дұрыс қарым-қатынасын тәрбиелеу үшін отбасы мен балалар бақшасы қандай жұмыс жүргізуі керек?
***
Төрт жасар Айжан ойнап болған соң өз ойыншықтарын жинамайды. Анасы қанша талап етсе де, жинауға түк зауқы болмайды.
Сіз қалай ойлайсыз, анасының мұндайда қандай тәсіл қолдануы тиімді?
Ойыннан кейін өз орнын тәптіпке келтірудің маңызы неде деп ойлайсыз?
***
Бес жасар Жанардың анасы:
-Менің Жанарым еңбексүйгіш. Мен үйде қандай жұмысқа кіріссем де менің қасымнан табылады: маған көмектескісі келеді. Бірақ, одан қадай көмек болсын? Көмектің орнына кедергі жасайды. Ал егер істей қалса бәрібір қайта істеуге тура келеді. Ол әлі кіішкентай ғой және ешнәрсе істеу қолынан келмейді. Ол маған кедергі жасамас үшін және үй шаруасын тезірек тындырып тастау үшін Жанарды далаға жолдастарына шығарып жіберемін, - дейді.
1. Жанардың анасының істегені дұрыс па?
2. Осындай ата-аналарға қандай кеңес берер едіңіз?
***
Қанатқа 6 жас. Оның балалар бақшасына келіп жүргеніне үш ай. Тәрбиеші оған топта кезекшілік етуді ұсынды, бірақ не істеу керек екендігін, кезекшінің міндетін айтқан жоқ. Қанат балаларға мақтана жүріп, кезекшінің қолға байлайтын белгісін балаларға көрсете жүріп, басқа балаларға кедергі жасап, не үстел жабдықтаған жоқ, не балықтарды уақытымен қоректендіген жоқ.
Тәрбиеші жазалау мақсатымен қолға байлағана кезекші белгісін шешіп алып, Қанаттың енді, ұзақ уақытқа дейін кезекші болмайтынын, себебі оның кезекшілікті нашар атқарғандығын айтты.
Қанаттың кезекшілікке бұлай қарауына не себеп?
Тәрбиеші Қанатты кезекшілікке қалай тартуы керек еді?
***
Алмас төрт жаста. Алмас пен Қайрат кезекші. Алмас ынтасыз, қалай болса, солай үстел жабдықтап жүр, жиі-жиі басқа нәрсеге айналысып кетеді. Жұмыстың көп бөлігін Қайрат атқарады. Барлық жұмыс істеліп болған соң тәрбиеші кіріп, Алмасты мақтады:
Жарайсың Алмас, жақсы жұмыс істедің. Мұны естіген Қайрат Алмасқа сыбарлап:
Сен жұмысты нашар істедің ғой – деді.
Мұндай жоғары баға қандай нәтижеге жеткізеді?
Тәрбиешінің мұндай бағасы балаларға қандай әсерін тигізеді?
Достарыңызбен бөлісу: |