Педагогика


ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚұРАЛДАРЫ



бет75/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

8.2. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚұРАЛДАРЫ
Мектепке дейінгі ұйымдағы эстетикалық тәрбие тұрмыстағы,
еңбектегі, табиғаттағы, қоғамдық құбылыстардағы әсемдікпен
балаларды таныстыру және өнер құралдарын пайдалану арқылы жүзеге
асырылады. Ересектерден ұзақ уақыт еңбектенуді талап ететін күрделі
де қиын міндет - балаға өмір сұлулығын және түсінуді үйрету.
Балаға өмірдің алғашқы жылынан бастап қоршаған заттар, өзі
тұратын үйдегі жағдай үлкен әсер етеді. Әдемі жиһазды, үйдегі заттар
түстерінің үйлесімін, өнер бұйымдарын, үйді безендірудегі талғамды
балалар кезбен көру, түйсіну арқылы қабылдайды және бұл олардың
есінде, санасында сақталып қалады.
Мектепке дейінгі ұйымдағы қолданылатын заттардың қажетіне
қарай таңдалуы, әр заттың өз орнында тұруы, басы артық заттың
болмауы тұрмыс эстетикасын көрсетеді. Қабырғалардың бояуы ашық
болуға тиіс.
Мектепке дейінгі ұйымды безендіруде балалардың әмірі мен
денсаулығын қорғау міндеттерін ескеру, тәрбие жұмысының мазмұнын
анықтау қажет. Эстетикалық тәрбиенің құралдары (30-сызба) мыналар:
1.Үй жиһаздарының пайдалылығы, жабдықтардың тұрмысқа қажеттілігі.
2. Тазалық, қарапайымдылық, әдемілік.
3. Әр заттың сүйкімді, анық көрінуі үшін түс пен жарықтың дұрыс ұштасуы.
4. Безендірудің барлық компоненттері біртұтас үйлесім табатындай болуы.
Мектепке дейінгі ұйымдағы топ бөлмелереттермен,
қолданбалы өнер заттарымен, т. безендіріледі. Мұндай безендіру
негізінде балаларда эстетикалық ұғымдар жетіледі, өнер шығармаларын
түсінеді, көркемдік ләззат алады, өрнектің, әдемі заттардың суретін
салуға, әдемі ойыншық жасауға ынта туғызады.
Топ бөлмесіне ілінген суретте бейнеленген мазмұндар балалар
түсінетіндей болуы тиіс; адамдар еңбегі, балалар бақшасының өмірі,
табиғат көріністері, құстар мен жануарлар тіршілігі, ертегілерден
үзінділер, т. б. Натюрморттарды, жануарлар бейнесін, ертегі тақырыбына
жазылған өнер туындыларын барлық топтарға ілуге болады. Ал табиғат
көріністерін естияр, ересек және мектепке даярлық топтарда ілу
ұсынылады. Белмедегі суреттер саны 2 - 3-тен артық болмау керек,

ерекше назар аударатын үлкен бір, шағындау екі - үш сурет болғаны дұрыс. Суреттер жарық жақсы түсетін орынға ілінуі жене олар бір-біріне кедергі жасамайтын болуы тиіс болғандықтан оларды бір-біріне –тым жақын орналастырмау керек. Жыл меәрбие жұмысы міндеттерін ескере отырып суреттерді ауыстырып отыру керек: жоспар бойынша айтылуға тиіс әңгіменің тақырыбына, оқылатын көркем шығармаға, ойынға байланысты суреттер іліп қойған дұрыс.


Халықтың қолданбалы өнер шығармаларын балалар бақшасын
безендіруге пайдаланудың маңызы бар. Барлық топтарда қазақтың ұлттық ойыншықтары, хохлама, көңілді дымкова ойыншықтары, керамикадан жасалған шығармалар болғаны да жақсы.
Балалардың айналасына әдемі заттарды қойып, оларды сұлулықты көре білуге, оны аялап, бағалай білуге үйрету керек. Тәрбиеші үй ішінің таза болуын, гүлдердің, суреттердің бөлмеге әдемілік беретінін балаларға түсіндіреді, олардың көңілін аударады, қадағалап отыру керектігін айтады, балалардың бөлмені өздері әдемілеуін қолдайды, көтермелейді.
Бұған балалар бірте-бірте үйретіледі. Тәрбиешінің көмекшісіні істеп жүрген жұмысын бақылата жүріп тәрбиеші оның бөлменің тазалық сақтау, жайлылық орнату үшін жұмыс істеп жүргеніне балалардың көзін жеткізеді. Жинақы, тап-таза бөлмеде өмір сүру жақсы екенін түсінген балалар әуелі ересектердің көмегімен, содан кейін олардың еске салуымен, ал ересек топта өздігінен-ақ тазалық пен тәртіп сақтауға біртіндеп әдеттенеді.
Мектепке дейінгі ұйымға келген күннен бастап мінез-құлық
мәдениетін, сыртқы бейне эстетикасын үйрету керек. Бұл тәрбиешіден
жеке басының үлгі-өнегесін, ішкі және сыртқы мәдениетін талап етеді.
Эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы - туған ел табиғаты.
Айту, көрсету, түсіндіру арқылы табиғат сұлулығын балалар өте жақсы
және терең қабылдайды. Егер бұл сұлулық сезім мен ойға әсер еткен
болса, бүкіл өмір бойына ұмытылмайды.
Табиғаттағы болып жататын құбылыстарды: күндіз өсіп тұрған гүл
мен таңғы мөлдір шық қонған гүлді, түрлі жапырақты шөптерді, күндіз
шығып тұрған күн мен батып бара жатқан күнді салыстырып, бояуының
әдемілігін түсіндіру үшін тәрбиеші балалардың назарын соларға
аударады. Бұл жұмыста табиғат туралы көркем шығармалардың маңызы
жоғары, сондықтан тәрбиеші әр түрлі тақырыптағы көркем
шығармаларды көл білуге және тиімді пайдалануға тиіс.
Эстетикалық тәрбие беру үшін қоғам өмірі мен адамдар еңбегі де
маңызды. Балалардың жақсы құрылыс салуы үшін, тату әрекет жасап,
бір - бірімен жағымды қарым-қатынас орнатуы үшін құрылысшылар
еңбегі үлкен үлгі. Мектеп жасына дейінгі балаларда еліктеу басым.
Теңізшілер, ұшқыштар, мұғалімдер, дәрігерлер еңбегін таныстыру
арқылы балаларда соларға ұқсасам деген

балалардың ойындарында бейнеленіп, адамгершілік және эстетикалық сезім тәрбиелеуге көмектеседі.


Осыған байланысты тәрбиеші балалар өздеріне қажетті тәжірибе жинақтайтын саяхат ұйымдастырады, оған мұқият дайындалады. Дұрыс ұйымдастырылып, өткізілген саяхат балалардың ой-өрісін кеңейтуге, оларды көруге, салыстыруға, қорытынды жасауға үйретеді. Бақылаулар мен саяхаттар арқылы тәрбиеші құбылыстың ерекше белгілерін, табиғатты өзгерте алатын ұйымдасқан еңбекті, адамдар арасындағы өзара көмекке, жолдастыққа, бір-біріне қамқорлық жасауға бағытталған қарым-қатынасты балалардың назарына ұсынады. Балалар өздеріне ұнағандарын ойында, суретте, әңгімеде бейнелейді.
Эстетикалық және адамгершілік тәрберуде көшелердің. үйлердің, ескерткіштердің де көмегі үлкен. Сұлулықпен танысу қарапайымнан күрделіге, жақыннан жыраққа ұстанымы бойынша балалар бақшасының үйінен, өз көшесінен басталады. Балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын балаларды жергілікті жердегі мәдени орындарымен таныстыру тақырыптары ұлғаяды. Балалардың тұрған жеріне қарамай ересек топтарда оларды Отанымыздың
астанасымен, Қазақстан Республикасының негізгі қалаларындағы аландармен таныстырады.
Тәрбиешілер балаларға құрылыстар мен олардың архитектуралық ерекшеліктері, ондағы ою-өрнектер, сызықтуралы, құрылыс орналасқан жердің табиғатымен үйлесім тауып тұрғаннығы туралы үсіндіреді. Балалар алған әсерлерін ойындарда бейнелейді. Олар ойында бейнелеу келе салған құрылыстары күннен күнге күрделі, әдемі бола түседі. Жекелеген үйлер, көпірлер, темір жол бекеттері балалар шығармашылығында көріне бастайды.
Эстететикалық тәрбиенің маңызды құралы - өнер. Ол арқылы
балалар елдің емірімен танысады. Отанды, онда тұратын адал,
мейірімді, батыл адамдарды сүюге тәрбиелейді. Әдебиет, музыка, сурет
өнері, скульптура, театр, кино сияқты әндер шығармалары - эстетикалық
ләззаттың, рухани баюдың қайнар көзі.
Халық ауыз әдебиеті, балалар әдебиеті балалар өмірдің серігі.
Бала өмірінде ертегілердің орыны ерекше.
Кейбір сөзбен жеткізіле бермейтін сезім музыкамен ғана неғұрлым
терең және толығырақ жеткізілетін кездері бар. «Сөз шамасы келмеген
жерде әдемі тіл - музыка құдірет алады» - деп жазған П. И. Чайковский.
Музыка эмоциялық әсерді күшейтетіндіктен балаға өте қажет. «Балалық
шақтың ойынсыз, ертегісіз мүмкін емес екендігі сияқты, музыкасыз да ол
мүмкін емес» - деген В. А. Сухомлинский.
Балаға қажетті нәрсе көзбен көруге болатын бейнелеу өнері.
Мектепке дейінгі ұйымдағы мерекелерде орындалған өнер
шығармалары балаларға жағымды әсер етіп, олардың естерінде ұзақ
сақталады да, эстетикалық тәрбиенің маңызды құралына айналады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған енерге қойылатын


талап бойынша таңдап алынатын шығармалар көркемдік дәрежесі
жағынан жоғары, түсінуге жеңіл, тәрбие беру міндеттеріне сәйкес болуға
тиіс.
Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтан келесі топқа көшуіне,
эстетикалық тәрбие міндеттерінің тереңдеуіне баыланысты көркем
материал біртіндеп күрделендіріле береді.
Балалардың эстетикалық тәрбиесі оларға арналған көркем
шығармалардың орындалу сапасына да байланысты.
Балалар бақшасы мен отбасының эстетикалық тәрбиені жүзеге
асыруда ролі үлкен. Балалар бақшасы мен отбасы тарапынан біріккен
жұмыс эстетикалық тәрбие міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кез келген балада өнердің бір саласына бейімділік болады, сондықтан
баланың өнерге сүйіспеншілігі мен ықыласын тәрбиелеуге, эстетикалық
талғамын, музыканы түсінуін, сурет салудың қарапайым дағдыларын
дамытуға болады.



Эстетикалық тәрбие




Құралдары




Безендірудін барлық
компоненттерінің
біртұтас үйлесім
табатындай болуы


Үй жиһаздарының
пайдалылығы,
қажеттілігі




Әр заттың сүйкімді,
анық көрінуі үшін
жарық пен түстің
ұштасуы


Тазалық,
қарапайымдылық,
әдемілік

30 - сызба


Отбасының балаларға эстетикалық тәрберу үшін қажетті
жағдай жасауына тәрбиеші көмектеседі: ата-аналарға тұрмыс
эстетикасы туралы айтып, балаларға не оқып беру, қандай музыка
тыңдау керек екені туралы кеңес береді, отбасында бала
шығармашылығы үшін балаға қажетті нәрсе: альбом, қарындаштар,
бояулар, ойыншықтар, кітаптар болуын ұсынады.

Балалар бақшасы мен отбасындағы эстетикалық тәрбие


сабақтастығының болуы рухани мәдениеттің бастапқы негізін
қалыптастырады.

YІІІ бөлім бойынша бекіту сұрақтары:


1. Мектеп жасына дейінгі балалар эстетикалық тәрбиесінің маңызы
неде?
2. Балалардың эстетикалық тәрбиесінің мазмұнына нелер кіреді?
3. Мектеп жасына дейінгі балалар эстетикалық тәрбіесін шешудің
міндеттері қандай?
4. Эстетикалық тәрбиенің қандай құралдарын білесіз?
5. Топ бөлмесін безендіруге қойылатын талаптар қандай?

IX БӨЛІМ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ұйымдағы ойын


9.1. ОЙЫН - ІС-ӘРЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ
Мектепке дейінгі балалар іс-әрекетінің негізгі түрі - ойын (31-сызба). Ол бала дамуы мен балалар ұжымы қалыптасуында маңызды роль атқарады.
Ойынның шығу тарихын, оның бала өміріндегі орнын, тәрбиелік міндеттер шешу үшін ойындарды пайдалануды философтар, тарихшылар, этнографтар, психологтар, педагогтар зерттейді. Педагогика ойынның әлеуметтік-тарихи негіздеріне сүйене отырып ойынның баланың әлеуметтік өмір жағдайларына, оның аға буын тәжірбиесін меңгеруіне байланысты екендігін дәлелдеген.
Ойында балалар өмір құбылыстарын бейнелейді, сондықтан
ойынды қоршаған болмыс жөніндегі әсер мен ұғымды кеңейтудің құралы
деп қарауға болады. Мектепке дейінгі балалар ойын арқылы білім
меңгереді, ойын арқылы еңбекке үйренеді, ойын арқылы тәрбиенің негізі
қаланады.
Ойын -айналадағыны танып-білу тәсілі.
Баланың қоғамда өмір сүретіндігіне, өзін қоршаған әлеуметтік
жағдайға байланысты ойын мен ойын әрекеті мазмұнының әлеуметтік
сипаты анықталады. Бала айналасындағылармен қарым-қатынас
жасауға ұмтылады, бірте-бірте тілді меңгереді, ересектер өміріне
белсенді қатысқысы келеді. Ойында үлкендерге еліктеп, шамасы
келгенінше олардың қуанышы мен ренішін түсіне отырып, ол қоршаған
өмірге етене араласады.
«Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің.
жұмыстың, қызметтің, қандай маңызы болса, ойынның маңызы дәл
сондай. Бала ойында қандай болса, өскен соң җүмыста да көбінесе
сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу алдымен
ойында басталады" - деп педагог А. С. Макаренко мектепке дейінгі
балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалаған.
Бақылау нәтижесі балалар ойындарының қайнар көзі
адамдардың өмірі, баланың, оның отбасының тіршілік жағдайы екендігін
дәлелдеген. Балалар ойындарына әр түрлі халықтардың қоғам
дамуының әр түрлі тарихи кезеңдеріндегі әлеуметтік жағдайы негіз
болады деп қорытынды жасауға болады. Қазан төңкерісіне дейін байдың
балалары мырзалар мен мүсәпірлер болып ойнаса, кедейлердің
балалары ойында ересектердің ауыр еңбегін, байдың, полицейдің
алдында қалтырап қорқуды, т. б. бейнелеген.
Қазан төңкерісі Кеңес Одағы құрамында болған одақтас
республикалардың қоғамдық құрылысын, адамдардың карым-қатынысын
өзгертті. Балалар ойындары жаңа мазмұнын тапты: төнкеріс мен азамат

соғысы оқиғалары, Үлы Отан соғысы, жаңа өмір бейнеленді. Амангелді


Иманов, Тоқаш Бокин, Тұрар Рысқұлов ойын қаһармандарына айналды.
Содан кейін «немістер» мен «кеңестер» болып соғысты. Балалар өз
ойындарында жаулармен шайқасты, космосқа сапар шекті. Кеңес Одағы
өмір сүріп тұрған кезде балалар ойындарында кеңес адамдарының
еңбек ерлігі, олардың жаңа қарым қатынасы - достығы, жылдамдығы, бір-
біріне құрметі, балалар туралы қамқорлығы бейнеленді.
Қазіргі балалар ойындарында Қазақстан Республикасындағы
адамдар өмірі бейнеленеді ("банкир", "бизнесмен" болу, компьютермен
ақша аудару, базарда сауда жасау, т. б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет