Педагогика



бет85/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

9.11. ЕРЕЖЕЛІ ОЙЫНДАР
Үстел үсті ойындары. Мектепке дейінгі ұйымға өзіндік маңызы бар үстел үстінде ойналатын ойындар білім беру- тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады:

  • Лото, домино сияқты сурет түріндегі алуан түрлі құралдар;

  • Балалардың ойлау қабілетін талап ететін, бөліктерін құрастыру арқылы тұтас бейне шығаратын мозаика типтес ойындар;

  • Тақырыптық ойындар: «Ұқсасын тап», «Қайда не өседі?», «Бұл қай кезде болады?», «Бұл не үшін керек?», т.б.

  • Қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар: «Ұшады- ұшпайды», «Ұшатын қалпақтар», «Нысанаға тигіз», т.б.

Қуыршақтармен ойналатын ойындардан бұл ойындардың айырмашылығы- бұл ойындар үстел басында өткізіледі және 2-4 баланың серіктесіп ойнауын талап етеді. Қағазға басылған үстел үсті ойындары балалардың ой- өрісін кеңейтеді, байқағыштығын, жолдастарының іс- әрекетіне ынтасын, ойынның өзгерген жағдайында бағдарлағыштың, өз жүрісінің нәтижелерін алдын ала көре білуін дамытады. Ойынға қатысу шыдамдылықты, ережелерді қатаң орындауды талап етеді.
Мектепке дейінгі сәбилерге ұсынылатын ойындардың мазмұны, түсінікті болуы керек. Күнделікті тұтынатын заттардың, жемістердің, көлік құралдары түрлерінің, ойыншықтардың бейнесі салынған лото қағаздары, жұп суреттер, қалта кітапшалар болуы керек. Үстел үсті ойындары балалардың сөздік қорын молайтуға, тілін дамытуға көмектеседі: жұп суреттерді іріктеп алады, бейнеленген заттарды атайды, оның қандай да бір қасиетін айтады.
Қағазға басылған үстел үсті ойындарының ересек топтағы балаларға арналғандары қызықты келеді: оларда табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері, ертегі кейіпкерлерінің қимылдары бейнеленген. Мұндай ойындарды балалар сабақтарда, саяхаттарда алынған білімдерін еске түсіріп, пайдаланады. Ересек балалар үшін мазмұнында, ережелерінде ептілік, дәлдік, шапшаңдық, тапқырлық элементтері бар ойындар қызықты: «Үстел үстінде сақина лақтыру», «Зырылдауық», «Ермек ойыны» және т.б. Мектепке дейінгі ұйымда алуан түрлі ойындар жинағы болуы керек және балалар оларды өз бетінше әрекет кезінде пайдалану үшін жағдай жасалуға тиіс.
Ермек ойындар. Мектепке дейінгі балалардың ермек ойындарында әзіл- оспақ, жеңіл қалжың болады және айрықша, оқыс, күлдіргі нәрсенің элементтері нақты көрініп тұрады. Олардың мақсаты- балаларды көңілдендіру, күлдіру, қуанышқа бөлеу. Ермек ойындарының бірі тез, көбінесе күтпеген қимыл туғызса, енді біреулері балаларды ерік күшін жұмсауға үйретеді. Ермек ойындарға дыбысқа қарай бағытын анықтауға арналған «Суретті кім бұрын жинар екен», «Көжекті ұста», т.б. сияқты белгілі ойындар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет