Педагогика



бет82/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

9.9. ҚҰРЫЛЫС ОЙЫНДАРЫ
Өзіндік ерекшеліктері. Балалар іс-әрекетінің бір түрі – құрылыс ойыны. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірдегі алуан түрлі құрылыстардың, соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеуден тұрады. Мазмұнды-рольді ойындар мен құрылыс ойындары ұқсас болып келеді жөне оның бір түрі деп қаралады. Бұл ойындардың ұқсастығы:
1) олардың қайнар көзі - қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде
көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер және т. б.құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында балалар қоршаған
заттарды, құрылыстарды бейнелеп қана қоймайды, өздерінің шығармашылық ойын, құрастырушылық міндеттердің шешімін енгізеді;
2) олардың екеуі де балаларды ортақ мудде, бірлескен қызметке біріктіреді және ұжымдық ойын болып табылады,
Ал мазмұнды-рольді ойындар мен құрылыс ойындарының арасындағы айырмашылық: мазмұнды-рольді ойында балалар әр түрлі құбылыстар бейнелейді, адамдар арасындағы қарым-қатынасты игереді, ал құрылыс ойындарында адамдардың қызметімен, қолданылатын техникамен, оның пайдаланылуымен танысады.
Тәрбиеші мазмұнды-рольді ойындар мен құрылыс ойындарының өзара байланысын ескеруі керек. Құрылыс мазмунды-рольді ойын барысында пайда болады. Мысалы, балалардың дәрігер болып ойнағысы келсе, оларға емхана соғу қажеттігі туады, ал керісінше балалар құрылыс ойыны барысында дүкен тұрғызса «дүкен» ойынын ойнауға тура келеді.
Құрылыс ойындар барысында балалар құрылыс тәсілдерін меңгереді, олардың құрастырушылық ой-өрістері, сөлесу арқылы тілдері дамиды, жағымды қарым-қатынастары нығаяды. Балалар құрылыс ойыны барысында не істеу керек, қандай материал керек, курылыс қандай жүйемен жүруге тиіс екенін біледі.
Құрылыс ойынындары үстінде балалар бақылауға, құрылыстардың бір бөлігін басқа бөліктерінен ажыратуға, салыстыруға, құрылыс тәсілдерін есінде сақтауға, елестетуге, іс-әрекеттің жүйелілігіне назар аударуға үйренеді, геометриялық дентарын, кеңестік қатынасын білдіретін сөздерді: биік-аласа, оңға-солға, жоғары-төмен, ұзын-қысқа, жалпақ-жіңішке, жоғарырақ-төменірек, ұзынырақ-қысқарақ т. б. игереді.
Құрылыс ойындары адамгершілік тәрбие міндеттерін шешуге де
көмектеседі. Балалар өздері танысқан құрылысшылардың еңбегін
естеріне түсіріп, өздерінің құрылыстарында пайдаланады: ұқыпты және
әдемі жасауға, сөйтіп құрбылары мен ересектерді қуантуға тырысады,
бір-біріне көмек көрсетеді.
Тәрбиеші көшелерге, салынып жатқан құрылыс басына саяхаттар,
мақсатты серуендер ұйымдастырып, салынып жатқан құрылыстар мен
үйлердің үйлесімділігін, әдемілігін ұштастырғархитектуралық
ерекшеліктерімен таныстыруы балаларда эстетикалық тәрбие
қалыптасуына және дамуына көмектеседі. Педагог балалар назарын
әдемі салынған құрылыстарға, құрылыстардың көрік беріп тұрған
бөліктеріне, әдемілік енгізуге тырысқан құрылысшылардың ынтасына
аударады, сол арқылы балалардың көркемдік талғамын тәрбиелейді.
Құрылыс ойынын ойнау барысында балалар алуан түрлі қимылдар
жасайды, оларда белсенділік, қимыл икемділігі мен ептілігі дамиды,
мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесіне жағымды ықпал етеді.
Майда құрылыс материалдарын пайдалану қолдын майда бұлшық
еттерінің, көз мөлшерінің дамуын қамтамасыз етсе, ірі құрылыс
материалдарын пайдалану балалар шамасына қарай күш җұмсауына, шыдамдылық көрсетуіне мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда құрылыс ойындары үшін құрылыс материалдарының арнаулы жиынтығы жасалу тиіс. Олардың құрамында алуан түрлі геометриалық денелер (кубтар, кесінділер, призмалар, цилиндрлер, конустар, жарты шарлар), қосымша материалдар (пластиналар, тақтайлар, сақиналар, т. т) мен құрылыстары көркемдеуге арналған көмекші материалдар болады.
Құрылыс материалдарындағы бөлшектер бірнеше данадан болады, бұл алуан түрлі құрылыстар салуға мүмкіндік береді, олардың әдемі бояуы, жақсы өңделуі көрік береді.
Құрылыс ойындарында жай кәдімгі ойыншақтар, мазмұнды-бейнелі ойыншықтар, табиғи материалдар: саз, құм, қар, ұсақ тастар, қарағай бүрлері, қамыс, т. б. кеңінен қолданылады.
Басшылық жасау. Балалар ойынына ттөрбиешінің басшылығы мынадай міндеттерді көздейді:
а)балалардың ұғымын кеңейту және олардың назарын құрылысшылардың еңбегіне, олар пайдаланатын техникаға аудару,
ә) құрылыс тәсілдеріне үйрету, ойлау дербестігі мен белсенділігін, құрастырушылық-шығармашылық қабілетін тәрбиелеу және дамыту:
6) балалардың еңбек сүйгіштігін қалыптастыру, өзара дурыс қарым- қатынасын дамыту, оларды тату ұжымға біріктіру.
Мектепке дейінгі ұйым бағдарламасы сәби топтарда жүргізілетін құрылыс ойындары құрылыс материалы арқылы қажетті іс-әрекеттерге үйретуді, ең қарапайым, бірақ айқын іскерлік қалыптастыруды көздейді.
Балалар ойынына тәрбиеші басшылығы ойын ортасын жасау, құрылыс материалын іріктеп алу. Сәби балаларға берілетін құрылыс материалдарының көлемі қолмен ұстай алатындай болуға тиіс. Қол қимылдарының икемділігі дамығаннан кейін еденде, аулада құрылыстар салу үшін неғұрлым ірі кубтар мен кірпіштер беруге болады. Пластмассадан істелген құрылыс материалы тым жетіл болып, сусып қолда тұрмай, құрылыста орнықты болмай, тезап, балаларды
ренжітетіндіктен ағаштан жасалған тұрақұрылыс материалының болғаны дұрыс.
Құрылыс материалдары ойнағысы келгендердің барлығына
жететіндей мөлшерде болуға тиіс. 2-3 жастағы сәбилердің ойынында
белгілі мақсат немесе мазмұн болмайды, оларды материалдың өзі
қызықтырады. Олар кішкене кубиктер мен кіргіштерді ажыратады, бір
жерден екінші жерге алып барады, қайта-қайта құлтады. Тәрбиеші
мұндай бастапқы игерудің қысқа кезеңін күте білуге тиіс, Біраз
ойнағаннан кейін кейбір балалар құрылыс материалдарын лақтырып,
бір-біріне тарсылдатып, ойының берекесін кетіре бастайды, тәрбиеші
құрылыс материалдарын бұлай теріс пайдалануды болдырмау керек.
Сәби топтағы құрылыс ойындарының мазмұны ойыншықтарды
қатарластыру, орналастыру. Балаларды қуыршақтар үшін орындықтар,
кереуеттер, әтеш пен ат үшін қара, дуал жасауға тартады, соның негізінде ойындар ұйымдастырады.
Кішкене балалардың әлі құрылыс жөнінде тәжірибесі жоқ, олар өздері ештеңе сала алмайды. Тәрбиеші кішкентай қуыршақты көрсетіп, қуыршақтың шаршағанын, оның тынығуы үшін кубиктерден орындық, керует жасап беру керектігін айтады, 4-6 сәбиден құралған шағын топ балаларының әрқайсысына ішіне ойыншықтар - қуыршақ, кішкене аю; құрылыс материалдары - 2-3 орындық пен керует жасауға жететіндей мөлшерде кубиктер, кішкене кірпіш салынған бір-бір жәшіктен береді. Балалар ойыншықтар мен материалды қарап шығады. Содан кейін тәрбиеші бірге жасауды ұсынады, іс-әрекеттердің кезектілігін көрсетіп береді, кубиктерді ұқыпты қоюға үйретеді.
Сәби топтарда балалар көбінесе қатар отырып ойнайды. Тәрбиеші оларды бір-біріне кедергі жасамауға үйретеді.
Ал естияр топқа келгенде салынған құрылыстарды мазмұнды-рольді ойындарда пайдалану ынталары одан әрі дамиды, құрылыстарды ұсынылған үлгі бойынша ғана емес, балалардың өздері белгілеген тақырып бойынша да сала білуге тәрбиеленеді, жұмыстың күрделірек тәсілдеріне үйрету көзделеді.
4-5 жастағы балалар тәрбиешінің басшылық жасауымен құрылыс ойындарында айналасындағылардан алған әсерлерін бейнелей алады, шағын ұжым болып ойнау біледі, құрылыс материалын өзара белісе алады, ортақ нәтижеге жету қабілеттері бар. Оларға күрделі құрылыс салуға мүмкіндік туғызатын алуан түрлі құрылыс материалдары беріледі.
Балалардың назарын тәрбиеші саяхат, мақсатты серуендер кездерінде үйлерге, көпірлерге, көлік құралдарына, көшелерге, қоршауларға, т. б аударып, ғимараттардың әдемілігін көруге, әр түрлі нәрсені байқай білуге үйретеді. Ол үйлердің биік және аласа көп қабатты және аз қабатты, үлкен терезелі және кіші терезелі болатындарын, кірме жолдары бар екеніне, кейбір көпірлердің кең, екі жағы қанатпен қоршаулы екеніне, олармен көліктер де, жаяу адамдар да жүретініне, ал кейбір көпірлер тар болғандықтан, олармен тек жазу адамдар жүріп
жатқанына балалардың назарын аударады. Балалармен бірге көліктерді
бақылай отырып педагог олардың түрлеріне қарай атқаратын
қызметтерінің де айырмашылықтарын түсіндіреді.
Мектепке дейінгі 4-5 жастағы балалар көргендерін құрылыс
ойындарында өздігінен бейнелеу алмайтгіні пайдалану
арқылы үйдің қабырға қаланатын негізі - ірге тасы ексендігін түсіндіреді.
Материал іріктеп алуға көмектесіп, тәрбиеші балалармен бірге үйге бірге
тас қалайды, қабырға тұрғызады, терезелер салады және т. б. Құрылыс
негізін меңгеру дәрежесіне қарай ол балаларды тақырып таңдап алуға,
неден бастау, қалай жалғастыру, немен аяқтау керек екендігіне үйретеді.
Ересектер тобының балаларының ұжымдық құрылыс ойындары
кеңейеді, тәрбиеші ойынды алдын ала жоспарлай білуге, ойын мақсатын
белгілей білуге, құрастырушылық-құрылыс іскерліктерін үлгі-нұсқа
бойынша, құрылыстардың әр түрлі салынған суреттеріне,
фотосуреттерге қарап та қолдануға үйретеді.
Ересек жастағы балаларды алдағы ойын әрекеттерін ойластыруға
бірімен-бірін салыстыруға үйретеді, қабылдаған шешімін жүзеге асыруға
ынталандырады.
Балаларға алуан түрлі құрылыс материалдары ұсыныңып, қандай
материалды қалай пайдалану, оның жекелеген бөліктерін қалай
жалғастыру, құрылысты қайткенде жылжымалы, берік, әдемі ету
керектігін үйретеді.
Балалардың өмірден алған әсерлерінің көлеміне, оның
нақтылығына байланысты ойын мазмұны дамиды. Оларға күрделі
құрылыстарды: үлкен тұрғын үйлерді, вокзалдарды, театрларды, т. б.
көрсетіп, тәрбиеші олардың назарын үйлердің жалпы көрінісіне,
архитектуралық ерекшеліктеріне, жеке бөліктерін салыстыра білуге
үйретеді, симметрияны, түстің қарама-қарсылығын көрсетеді.
Көзбен бақылап, талдау жасау балаларға құрылыстардың
ерекшеліктерін есте сақтап қалуына, ол жөнінде ұғым қалыптастыруына
көмектеседі.
Құрылыс ойынына басшылық жасауда сөз үлкен роль-атқарады.
Ересек топта құрылыс ойыны мазмұнының қайнар көзі тәрбиешінің
айтқан әңгімесі. Ол балаларға ойындағы мақсат, міндеттерді қалай
бөлетінін айтып, балалардың талдауын, ұсыныстарын, ескертпелерін
қолдайды. Бұл балалардағы ойлау дербестігін дамытады.
Мектепке даярлық топта балалардың осыған дейінгі игерген білімдерінің, тәжірибелерінің жинақталуына байланысты құрылыс ойындарына басшылық та өзгереді. Бұл топ балаларының құрылыс ойындары алуан түрлі мақсаттарымен ерекшеленеді. себебі арнайы ұйымдастырылған саяхаттарда, кинофильмдерде қоршаған өмірмен, құрылыс техникасымен кеңірек танысады. Ойында олар ересектерге еліктейді: біреуі құрылыс материалдарын әкеледі, екіншісі құрылыстың ірге тасын қалайды, үшіншісі қабырғасын қалайды, т. б. Олардың
салатын құрылысы әр түрлі: асхана, аурухана, емхана, театр, мектеп, т. б.
Мектепке даярлық топта ойынның мақсатының, мазмұнының толық
және дәл болуы, міндеттер бөлісудің ұйымдастырылуы балалардағы жауапкершіліктің деңгейіне ықпал етеді. Ойын барысында қандай да бір ойыншықтар қажет бола қалса, бала оны түсініп, саналы түрде уақытша
ойыннан шығып, керек затты жасауға өзбетінше кіріседі де, жасап болған
соң ойынға қайта қосылады,
Мектепке даярлық топ балаларын құрастыруға үйретуде фотографияны, суретті құрылысқа көшіру маңызды. Бұл топта тәрбиеші балаларды ойын құрамына кіретін құрылысты, оның қорытындысын талдауға үйретеді. Мундай іс-әрекет балаларда құрылыс пен құрылыс жұмысының нәтижесін салыстыра білу дамытады.

Мектепке дейінгі балалар құрылыс материалын сақтауға, пайдалануға, ойыннан соң жинауға қатысуға үйретіледі. Құрылыс материалдарының сақталатын тұрақты орны болуы керек.


Сәби топ балаларына арналған құрылыс материалдарын аласа, балалар өздері алып пайдалана алатын жәшікке, ересек топ балалары үшін тереңірек жәшікке сақтау қарасәрбиеші құрылыс материалын сақтау және пайдалану ережелерін бұзуға болмайтынын түсіндіреді.
Табиғи материалдармен ойналатын құрылыс ойындары. Құрылыс ойындарына табиғи материалдар: қар, су, құм, майда тастар, ағаш бұтақтары, қарағай бүрлері, қамыстар, т. б. кеңінен қолданылады. Сәбилер ойыны үшін берілетін ойыншықтар: күм салып пішін жасауға арналған қалыпшалар мен кішкене қалақшалар, құмға тығып қоятын тығырығы бар ойыншықтар.
Аулада құм салынған арнайы ағаш жәшік қойылады, шашылып қалмауы қадағаланады, түнге қарай және балалар ойнамайтын кезде құмның ластанбауы және жел қақпауы үшін тормен жабылады.
Мектепке дейінгі ересек балалар құмнан төбешік, өзен арнасын жасап, тоғандар, сарқырамалар, қамалдар соғады. Бұл ойындармен балалар табиғи жағдайда: өзеннің, көлдің, жағасында құмартып ойнайды.
Сәби балалар қармен ойын кезінде қарды кішкене күректермен
аударыстырады, алдын ала әзірленген түрлі-түсті мұздарды жолмен
сүйретіп, төбешік жасайды. Ал мектеп жасына дейінгі ересек балалар
қардан үйлер, қамалдар, кемелер, қайықтар, к
мұздан, қардан жасалған мүсіндермен безендіреді. Тәрбіеші қармен
ойнауды қолдай отырып, ол балалардың тоңып қалмауын қамтамасыз
етеді.
Кеңістікте бағдарлау қабілетін дамыту және анықтау мақсатында
тәрбиеші балаларға жолға, алаңға майда тастардан үлгі нұсқаға қарап,
тастарды төсеу тәсілін, өрнек салуды үйретеді. Мұндай ойындар
пайдалы. Ересек балалар тәрбиешінің басшылығымен қарағай бүрлерін
кішкене адамдар, аңдар жасайды, оларғарнап бұтақтан, қамыстан
құрылыстар салады.
Дұрыс басшылық нәтижесінде құрылыс ойындары тәрбиелеу мен
үйретудің маңызды құралына айналадылыс ойындары
балалардың қоршаған өмірді шығармашылықпен бейнелей білуін,
құрастырушылық қабілетін, көркемдік талғамын дамытады, өзара достық
қарым-қатынас қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет