Педагогика



бет84/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Ойын құралдары. Ойыншықтар мен ойын құралдары- дидактикалық ойын орталығы. Дидактикалық ойын үшін педагог әр түрлі ойыншықтар, суреттер, басқа да түрлі заттар жинақтап, оларды белгілі жерде сақтайды. Дидактикалық мақсатта әрбір балалар бақшасында қуыршақтар, оның күнделікті тұтынуына қажетті барлық заттары болуы керек. Ойын барысында топтағы барлық балалар оны көру үшін қуыршақтың бойы 40-50 см болуға тиіс. Қуыршақтың күнделікті тұтынатын заттары мыналар:
А) іш киімдер: күндізгі көйлектер, кішкене шалбарлар, жұқа шалбарлар, қысқа шұлықтар;
Б) көйлектер: қалың, сәтен, жібек көйлектер; алжапқыштар; қыстық, маусымдық, жазғы пальтолар, шаңғы костюмы;
В) бас киімдер: бөрік, қалпақ, орамал;
Г)аяқ киім: етік, сандал, жұмсақ аяқ киім;
Д) төсек және ас үй үшін: қалың көрпе, жұқа көрпе, жастық, ақ жайма, сейсеп, жастық тыс, сүлгі орамал, дастарқан.
Балаларға сенсорлық тәрбие беру және олардың тілін дамыту мақсатында бұл заттардың түрлі- түсті: қызыл, сары, жасыл, ашық жасыл, т.б.; әр түрлі материалдан: жұқа, жұмсақ, қалың, жылтыр, т.б. болуға, ал түймеліктер, түймелер, ілгіштер, баулар өзінің мақсатына сай және бала қолының шамасы келетіндей болуға тиіс.
Қуыршақтан басқа дидактикалық ойынға көлік құралдары, жануарлар, құстар, ыдыс- аяқтар, т.б. бейнелейтін көптеген ойыншықтар пайдаланылады. Мұндай ойыншықтармен «Сипап көр», «Ойыншықтар дүкені», басқа да жұмбақ жасыру ойындарын; алуан түрлі техникалық оыншықтар мен техникалық құралдарды: компьютер, кино, телевизор, магнитофон, және т.б. пайдалану қажет. Бұлар педагогтың дидактикалық міндеттерді ойдағыдай шешуіне көмектеседі, баланың қазіргі заманғы талаптарына сай келеді, ойынды жоғары дәрежеге көтереді, ережелер мен ойын әрекеттерін түрлендіреді.
Ауызша ойналатын ойындарға ойыншықтар, ойын құралдары қолданылмайды. Балалар сөздер мен өздерінде бар ұғымдарды пайдаланады. Бұлар- жұмбақ жасыру, қарсы қою, жіктеу ойындары және басқалар.
Дидактикалық ойындарға басшылық мынада:

  • Дидактикалық міндеттерді- таным мазмұнын дұрыс белгілеу;

  • Белгіленген ойын міндеттері арқылы дидактикалық міндеттерді жүзеге асыру;

  • Ойын әрекеттері мен ережелерін ойластыру;

  • Үйрету нәтижелерін алдын- ала көріп білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет