Педагогика



бет83/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

9. 10. ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
Өзіндік ерекшеліктері. Кішкене балаларға тән оқыту нысаны
дидактикалық ойын. Дидактикалық ойынның шыққан тегі өлеңмен,
қимылмен ұштастыра отырып үйрететін халық педагогикасы. Күлдіргі,

ойын әлендерде, "Санамақ", «Алақай-ау, алақай", «Ала қанат сауысқан», «Бас бармақ, балаң үйрек», «Қуырмаш», т. б. ойындарында ата-ана баласының назарын айналадағы заттарға аударып, солардың аттарын атайды.


Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда дидактикалық ойынның ерекшелігінен туындайтын ойынның мақсаты. мазмұны, ойын әрекеттері, ереже, нәтиже бар.
Ойындағы дидактикалық міндет балаларды оқытуға, танымдық әрекетін дамытуға бағытталады, Дидактикалық ойын балалардың дербестігін, ойлауын, сөйлеу белсенділігін дамытады. Мысалы, мектепке дейінгі ересектер тобында ойналатын «Сиқырлы қалта» ойынының мақсаты балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі түрде сөйлей білу қабілетін дамыту. Ойын міндеті - қалтада не бар екенін білу. Бала дұрыс тапса мадақтау белгісін алады. Педагог ойынға қатысушы ретінде қалта ашып, оның ішіндегі ойыншық - қуыршақ туралы
айтып береді де балалардан сұрайды.
«Ғажайып дорба», «Кімнің үйі қандай», сияқты т. б. ойындарда ойын міндеті аталуынан көрініп тұрады. Ойын әрекеттері арқылы балаларда ойынға деген ынта, ойын міндетін орындау күшейе түседі. Ойындағы әрекеттердің алуан түрлілігі, мазмұнының қызықтығы балалар үшін тиімді болып, танымдық міндеттер мен ойын мақсаттары жақсы шешіледі.
Балаларды ойын әрекеттеріне үйреткен жағдайда ғана ойынның
оқыту сипаты нәтижелі, мазмұнды болады. Ойын әрекеттеріне үйрету
ойында алдымен байқап көру, әрекеттің өзін көрсету, бейнені ашып
беру, т. б. арқылы жүзеге асырылады.
Ойын әрекеттері көрінетін сипатта және белгілі бір мақсатқа
бағытталған түйсіну, байқау, салыстыруда білінетін ойын әрекеттері,
кейде бұрын игергенді еске салу, ойлану түрінде болып келеді. Бұлар
танымдық мазмұнына, ойын міндеттерінің дәрежесіне, балалардың жас
ерекшеліктеріне байланысты күрделеніп отырады.
Мектепке дейінгі сәби топтағы балалар ойындарында ойын
әрекеттері барлық қатысушыларға ортақ. Мысалы, «Шарды қақпаға
домалат» ойынының дидактикалық міндеті балаларды қимыл
икемділігіне үйрету, кеңістікті бағдарлауын дамыту (алыс, жақын және
т. б.). Балалар үшін ойын міндеті - белгілі қашықтықтан шарикті қақпаға
домалатып, оған ілінген қоңырауларды сылдырату.
Балаларды шағын топтарға және рольдерге бөлу кезінде іс-
әрекеттердің де әр түрлі екендігін ескеру керек. Мысалы, «Асхана»
ойынында тамақтанушы әрекеттері аспазшыдан өзгеше, жұмбақты
айтушыдан мен жұмбақты шешушінің әрекеттері түрліше және т. б.
Ойын әрекеттерінің көлемі де әр түрлі: төменгі топтарда әрекеттер
бір-екі рет қайталанатын болса, жоғарғы топтарда бес-алты рет
қайталанады. Спорттық ойындарда мектепке дейінгі ересек балалардың
ойын әрекеттеріне уақыт бөлініп, жүйелі жүзеге асырылады. Балалар
ойынды жақсы игерген соң, мақсатты түрдәл, жылдам, үйлесімді
қимылдайтын болады және ойын міндетін жылдам қарқынмен орындайды.
Дидактикалық ойындарда ережелер болады. Ол оқыту міндеті мен
ойын мазмұнына қарай белгіленеді. Ереже ойын әрекеттерінің сипаты мен тәсілін белгілейді, балалардың міәрбиеші мен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады және бағыттайды. Ережелер балаларды өзгерістерді бағдарлауға, өзінің орынсыз талабын тежей білуге, эмоциялық-еріктік күш жұмсауға қабілетті тәрбиелейді. Ойын ережелерінде манадай сипаттар бар:
-үйретуші ережелер - балаларға не істеу, қалай істеу керек екеніне көмектеседі; оның ролін күшейтеді, орындау тәсілін анықтайды;
-ұйымдастырушы ережелер ойынның тәртібін, жүйесін, балалардың ойындағы қарым-қатынасын белгілейді;
- тәртіптеуші ережелер - нені және неге істеуге болмайтынын ескереді.
Ойынды бұзып алмау үшін тәрбиеші ережелерді сақтықпен, тек
қажеттілерін ғана пайдалануы тиіс. Ереже көп болған жағдайда балалар
оларды амалсыз орындау керек болады. Шамадан тыс тәртіптеу
балалардың ойынға ынтасын нашарлатады да, ойын бұзылады, тіпті
кейде ережені орындамау үшін қулық жасауы мүмкін.
Кейде ережені еске сала берудің де қажеті жоқ, ойын әрекеттеріне
аздап өзгеріс енгізіп, ойын барысын түзетіп жіберуге болады. Мысалы,
жаңа сөздер үйретіп, қағаздың қасиетін түсіндіріп, балалардың білімін
жетілдіру мақсатымен «Дүкен» ойыны ұйымдастырылды делік. Балалар
тек қағаздан жасалған ойыншықтар сатып алуы және оның қандай
материалдан жасалғанын айтып, неге оны тек қана содан жасауға
болатынын түсіндіруі керек болды. Дүкенде басқа да ойыншықтар бар.
Анар тек қана қағаз ойыншық сатып алу керек деген ойын ережесін
бұзып резеңке қоянды сатып алды. Ереженің бұзылғанын айтуға, немесе
қосымша ереже енгізуге болатынын біле тұра тәрбиеші қызды ренжітіп
алмас үшін; «Сен сатып алған қоянның қандай материалдан жасалғанын
және оны неге тек сол материалдан жасауға болатынын айтсаң, ол үшін
қағаздан жасалған кәрзеңке сатып аласың», - деді.
Ойын ережелерін балалар біртіндеп меңгереженің
бұзылуына наразылық білдірген балалар: "Жол ережені бұзды" - дейді.
Дидактикалық ойынның нәтижесі - балалардың білімді меңгеруде,
ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктері дәрежесінің көрсеткіші.
Ойындағы өзара байланысты нәрселер - ол ойынның міндеттері, әрекеттері, ережелері, нәтижесі. Сондықтан осы құрамдас бөліктердің біреуі жоқ болса, ойын тұтастығы бұзылып, оның тәрбиелеуші және үйретуші ықпалы төмендейді.
Негізгі қызметі. Дидактикалық ойын көпжоспарлы, күрделі педагогикалық құбылыс:

- ол мектепке дейінгі балаларды оқытудың ойын әдісі;


- оқытудың нысаны;
- өзбетінше ойын әрекеті;
- баланың жеке басын жан-жақты тәрбиелеу құралы.
Дидактикалық ойын оқытудың ойын әдісі ретінде екі түрде
қарастырылады:
a) ойын - сабақ;
ə) дидактикалық ойын.
Ойын - сабақ кезінде жүргізушілік роль тәрбиешіге беріледі. Ол
балалардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі ойын
тәсілдерін қолданады, жарыс элементтерін енгізеді, т. б. Ойын әрекетінде
сұрақтар, нұсқаулар, түсіндірулер көрсетулермен ұштасады.
Ойын - сабақтың көмегімен тәрбиеші тек білім беріп қана қоймай,
ойнай білуге де үйренеді.
Дидактикалық ойын балаларда қарапайым математикалық ұғымдар
қалыптастыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, сенсорлық мәдениетті
дамыту сабақтарында пайдаланылады.
Дидактикалық ойын балаларды оқытудың нысаны ретінде оқыту
бастамасын қамтиды. Тәрбиеші үйретушілікпен қатар ойынға қатысушы
ролін атқарады. Ол үйретеді, ойнайды, ал балалар ойнай жүріп үйренеді.
Дидактикалық ойын өзбетінше ойын әрекеті ретінде балалардың
ойынға қызығушылығы туындаған кезде, оның ережесі мен әрекетін
балалар игерген кезде жүзеге асады. Балалар жақсы көреді, қызығып
ойнайды.
Тәрбиеші ойынның күрделенуін қамтамасыз етеді.
Ойын барлық балалармен бір мезгілде басталады. Ойынды бірнеше рет қайталап ойнауға болады.
Дидактикалық ойындарды балалар өзбеттерінше сабақ үстінде
және сабақтан тыс уақыттарда ойнай алады. Сабақ үстінде балалармен
бірге ойналатын жалпы дидактикалық ойын алынады. Ол алған білімді
жүйелейді, жетілдіреді.
Дидактикалық ойындар әсіресе сәби топтарда мазмұнды-рольді
ойынның әдісі ретінде мектепке дейінгі педагогикада қарастырылады.
Мысалы, «Қуыршақты ұйқыға жатқызамыз».
Дидактикалық ойын жан-жақты тәрбие құралы ретінде ақыл-ой,
адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесіне де әсері зор:
a) Дидактикалық ойындар балаларда қоғамдық өмір
Дидактикалық ойынның көмегімен тәрбиеші балаларды өзбетінше
ойлауға, алған білімдерін қолдана білуге үйретеді.
Дидактикалық ойын балалардың сенсорлеттерін
дамытады, балалар түспен, пішінмен, шамамен танысады.

ә) Мектеп жасына дейінгі балаларда қоршаған заттарға


қамқорлықпен қарау, қатарларына жағымды көзқарас, жеке адамның
жағымды, жағымсыз қасиеттері туралы ұғым қалыптасады.
Балада адамгершілік сана қалыптастыруда негізгі роль ойынның
мазмұны мен ережесінде.
Сәби жастағы балалармен жұмыста дидактикалық ойынның негізгі
мазмұны болып балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларды, тәртіп
мәдениетін игеруі саналады.
Ал ересек жастағы балалармен жұмыста педагог балаларда
адамгершілік сезім, қарым-қатынас жағына көп көңіл бөледі.
Ойын кезіндегі балалардың тәртібін бақылау жүріп тәрбиеші
олардың жағымды, жағымсыз жақтарын атап кетеді.
6) Көптеген еңбек дағдыларын дидактикалық ойынға материал
дайындау үстінде игереді. Егер балалар атрибуттарды өздері жасаса,
оларды сақтай да біледі.
в) Дидактикалық материал гигиеналық және эстетикалық талапқа
сай болуға тиіс: ойыншықтар ашық түсті бояулармен боялған, көркем
өшекейленген, сақтауға қолайлы қорап немесе папкада болуға тиіс.
Ашық, әдемі түсті дидактикалық ойыншықтар балалар зейінін аударып,
ойнауға қызықтырады.
r) Ойын жағымды эмоциялық көңіл, жақсы сезім тудырумен қатар,
жүйке жүйесінің қызметін де талап етеді. Қозғалық белсенділігі ойын
кезінде ми қызметін дамытады. Әсіресе қолдың майда бұлшық еттерін
дамытатын дидактикалық ойыншықтармен өткізілеттін ойындардың рөлі
зор.
Дидактикалық ойынның түрлері. Мектепке дейінгі педагогикада
дидактикалық ойындарды негізгі 3 түрге бөлуге болады:
1. Заттармен ойналатын ойындар (ойыншықтар, табиғи
материалдар);
2. Қағазға басылған үстел үсті ойындары;
3. Сөздік ойындар.
Заттармен ойналатын ойындарда ойыншықтар мен заттар
қолданылады. Балалар заттардың құрамымен және олардың белгілері -
түсімен, көлемімен, пішінімен, сапасымен танысады. Ойында салыстыру,
жіктеу міндеттері шешіледі және міндеттер шешудің кезектігі белгіленеді.
Балалардың заттар туралы жаңа білімді меңгеру деңгейіне қарай
ойында тапсырма күрделендіріліп отырады.
Сәби топтағы балаларға айырмашылығы аз заттарды ажырату
қиын болғандықтан айырмашылығын бірден айыруға болатын заттар
беріледі.
Естияр топта мұндай заттардың айырмашылығы аздау болу керек.
Ойында балалар заттардың саны мен орналасу, алынып тасталған
заттарды саналы түрде еске түсіру, байқау тапсырмаларын орындайды.
Ойнай отырып балалар бөлшектерден бүтін құрастыруға, әр түрлі
пішіндегі ою-өрнектерді құрастыруға үйренеді.
Қуыршақпен ойын кезінде балаларда мәдени-гигиеналық дағдылар
мен адамгершілік сапалар қалыптасады.
Дидактикалық ойындарда әртүрлі ойыншықтар пайдаланылып,
балалар ағаштан жасалған ойыншықтар, пластмассадан, металдан,
керамикадан жасалған ойыншықтарды топтастырады. Сонымен қатар
балаларда ойыншық жасайтын материал туралы білім қалыптасады.
Табиғи материалдармен ойынды тәрбиеші көбінесе серуен кезінде
ағаштардың, түбірлердің, гүлдердің, тұқымдардың, жапырақтардың
өздерін тікелей пайдалана отырып ұйымдастырады. Мұндай ойындарда
қоршаған орта туралы, заттардың табиғаттағы орны туралы, білім,
табиғатқа сүйіспеншілік қалыптасады.
Қағазға басылған үстел үсті ойындары - балалар үшін өте қызық
Олар әр түрлі: жұп суреттер, лото, домино.
Жұп суреттерді іріктеу ойынында ең қарапайым тапсырма әр түрлі
суреттердің ішінен бірдей екі суретті, түс немесе форма жағынан бірдей
екі суретті іріктеп алу түрінде беріледі.
Тапсырма бірте-бірте күрделенеді де, тек сыртқы түріне қарай ғана
емес, мағынасына қарай топтастырылады. Суреттерді жалпы
белгілеріне қарай топтауға заттар арасындағы кейбір байланыс белгілері
талап етіледі: «Бауда не өседі?» (орманда, бақшада, т. б.) деген ойында
өсетін орындарына қарай өсімдіктер топтастырылады. Немесе «Содан
кейін не болды?» ойынында ертегі мазмұнының кезектіпіне қарай
суреттер таңдалады.
Суреттердің құрамын, санын, орналасуын есте сақтау үшін
ұйымдастырылған ойындар да заттармен ойналатын ойындар сияқты
өткізіледі.
Бұл ойын балаларда санның және реттің, заттың кеңістікте
орналасу, өзгерісті байқай білу іскерлігін дамыту үшін маңызды.
Қиылған суреттер мен кубиктерді құрастыру ойынының міндеті -
балалардың логикалық ойлауын, бөлшектің бүтін зат құрастыру
іскерлігін дамыту. Тапсырма бірте-бірте күрделендіріледі:
-сәби топта 2 - 4 белшек;
-естияр және ересек топтарда 8 - 10 бөлшек.
Әрекет, қимыл көрсете әңгімелеу, түсіндіру ойынында тәрбиеші
білім беру мақсатын қояды. Мысалы, тек балалардың тілін дамыту ғана
емес, сонымен қатар қиялын, шығармашылдамытуды
ойластырады.
Бұл ойында суреттегіні тауып, атау орнына балалар қимылмен, ым-
ишарамен көсетеді, дыбыстайды, Бұл тапсырма сәби топтарда беріледі. Ал ересектер топтарында міндет күрделене түседі: бір балалар әркетті
бейнелесе, екінші біреулері суреттегі адамдардың еңбегін бейнелейді.
Мысалы, өрт сөндірушілер өрт сөндіреді, құрылысшылар үй тұрғызады,
т. б.
Сөздік ойындар ойнаушылардың сөзі мен әрекетінен құрылады.
Балалар өзбетінше әр түрлі ақыл-ой күшіне салмақ түсіретін міндеттер
шешеді, әр түрлі заттарды белгілеріне, құрамына қарай топтастырады.
Сәбилер және естиярлар топтарында сөздік ойындар негізінен
балалардың тілін дамытуға, дыбыстарды дұрыс айтуға тәрбиелеуге,
кеңістікті дұрыс бағдарлай білуге, балалардың сөз белсенділігін
арттыруды жетілдіруге бағытталады.
Ересектер тобында балаларда логикалық ойлауы белсенді түрде
қалыптаса бастайды. Мұндай дидактикалық ойындар барлық топтарда
өткізіледі, бірақ ересек жас топтарындағы балалар тәрбиесі үшін маңызы
зор: педагогты зейін қойып тыңдау білу іскерлігі, қойылған сұраққа
жылдам жауап қайтару, қойылған міндетті шешуде алған білімін қолдана
білу дамиды.
Педагогикалық құндылығы. Дидактикалық ойындардағы
педагогикалық құндылық мынада: алдына қойылған міндеттерді шешу
үшін балалардың назарын аудару, ерікті зейін қою, ой күшін жұмсау,
ережені ой елегінен өткізу, іс-әрекеттердің жүйелілігі, қиыншылықтарды
жеңу. Дидактикалық ойын балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін
дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білім меңгеруіне көмектеседі.
А.В.Запрожец дидактикалық ойын балалардың бізімдер мен
іскерліктерді игеру нысаны ғана емес, баланың жалпы дамуына
көмектесетіндей, оның қабілеттерін қалыптастыруға қызмет ететіндей
болуы керектігін айтқан.
Балалардың адамгершілік тәрбие міндеттерін шешеді, көпшілдікке
тәрбиелейді. Тәрбиеші балаларды бірге ойнай білуге, өз мінез-құлқын
реттеуге, әділ және адал болуға, кешірімді және та-апшыл болуға
үйретеді.
Басшылық жасау. Дидактикалық ойындарға басшылық жасауда
ойынның бағдарламалық мазмұнын таңдап алуды және ойластыруды,
міндеттерді нақты белгілеуді, оның тұтас тәрбие үдерісіндегі орны мен
ролін, басқа ойындармен және үйрету нысандары мен өзара
байланысын анықтауды ескеру қажет. Ойын барысында басшылық
жасау балалардың танымдық белсенділігін, дербестігін, бастамашылдығын дамытуға және көтеомелеуге, ойын міндеттерін шешуде түрлі тәсілдерді қолдана білетін болуына бағыттаалуы тиіс.
Сәбилер тобындағы балалар ойыншықтармен, заттармен,
материалдармен ойнауда оларды тақылдатады, орнын ауыстырады,
қайда жинайды, алмалы-салмалы ойыншықтарды құрамдас бөліктерге
бөледі, қайтадан құрастырады, т. б. Сондықтан балалардың еркін
кимылдауы үшін жағдай жасалуы қажет. Олар бір әрекетті бірнеше рет
кайталай береді. Мысалы, балаларға сақиналарды көлеміне қарай
ажыратуды үйрету үшін: «Мұнараны жинау» дидактикалық ойыны
барысында балаларда қалай істегенде дұрыс болатынын білу ынтасы
туады. Мұнда мұнараны жинау әрекетін орындау тәсілін көрсету, ойын
әрекетін дамыту және жаңа ойын ережесін енгізу керек. Сақиналарды
іріктеп алып, тәрбиеші бірінен соң бірін негізге кигізуді үйретеді. Педагог
мұнараның дұрыс жиналғандығын тексеруді көрсетеді және балаларға
өздері жасауды ұсынады.
Тәрбиші ересек топ балаларының алдына күрделі міндет коя
отырып, дидактикалық ойындарға ынтасын дамытады, біртіндеп
олардың ойын әрекеті саналы бола бастайды, ойын әрекеті нәтижеге
жетуге бағытталады. Дегенмен бұл топтарда да ойынға басшылық
жасауда балалардың тиісті эмоциялық көңіл-күйі, еркіндігі
сақталатындай, олар ойынға қатысудан қуаныш, қойылған міндеті
шешуден қанағат алатындай болуы тиіс.
Мазмұнының, дидактикалық міндеттердің ойын әрекеттерінің,
ережелерінің күрделенуіне қарай әр топқа қажетті ойындар жүйесі
белгіленеді. Кейде жекелеген өте қызық ойындар болуы мүмкін, бірақ
оларды жүйеден тыс пайдалануға болмайды.
Дидактикалық ойын жас балаларды оқыту үшін ең қолайлы
болғанымен екі-үш жастан бастап-ақ сәбилерді қоршаған ортаның басқа
да көптеген заттары мен құбылыстары еліктіре бастайды, ана тілін
жедел үйрену басталады. Өмірдің үшінші жылында дидактикалық
ойындар балалардың тілін дамытатанымдық қажеттерін
қанағаттандыратын, білімнің, іскерліктің, дағдының мақсат қоя оқытудың
белгілі бір бағдарламасын жүзеге асыратын болуы керек. Сабақ үстінде
оқыту тәсілдері: зейін қоя және бақылау білу, қарай және көре білу
тәрбиешінің нұсқауларын тыңдай және ести білу, оларды орындау
ойдағыдай қалыптасады.
Ойында көрнекіліктер, тәрбиеші сезі, балалар әрекеттері
ойыншықтармен, ойын құралдарымен, заттармен, суреттермен, т. б.
дұрыс ұштастырылуы тиіс. Көрнекіліктер мыналар:
1) балалар ойнайтын және ойынның материалдық орталығы
болып табылатын заттар;
2) заттарды және олармен не істеу керек екенін бейнелейтін,
заттардың неге арналғанын, негізгі белгілерін, материлдарды айқын
көрсететін суреттер;
3) ойын әрекеттерін және ойын ережеперін орындауды көрсету
және түсіндіру.
Дидактикалық ойындардың арнаулы түрлері жасалған: сурет
лотосы, сияқты суретпен ойнау, тақырыптық суреттері бар домино және
т.6. Ойын әрекеттерін көрсетіп беру, сын жүріс, мадақтау, бақылау
белгілері - ойынды ұйымдастыру және оған басшылық ету үшін
пайдаланылады.
Тәрбиеші балалардың зейінін бағыттау, тәртіптеу, олардың
ұғымын анықтау, тәжірибесін кеңейту үшін түсіндіруді, көрсетуді
пайдаланады. Оның сөзі балалардың сөздік қорын дамытуға, үйренуді
игеруге көмектеседі, ойын әрекеттерін жетілдіруге жәрдемдеседі.
Түсіндіру үшін көп сөйлеу, жиі-жиі ескерту, ойындағы қателіктерді қайта-
қайта түзету балалардың ойынға ықыласын жояды.
Түрлі әдіс-тәсілдер пайдалана отырып тәрбиеші балалар ойынына
басшылық жасайды: ойынға қатысып, балаларды білдірмей бағыттайды,
олардың бастамасын қолдайды, ойында балалармен бірге қуанады.
Педагог балаларда ойынға сай көңіл-күй туғызу үшін қызық бір оқиға
туралы әңгіме айтып береді, ойын барысында сол қалыпты сақтап
отырады. Ол ойынға қатыса отырып, балаларға білдірмей оларды
белгілі нәтижеге жетелейді. Балалар іс-әрекетіне қолдау көрсетуді
педагог тікелей емес, жанама түрде жасайды: таң қалады, қалжыңдайды,
ойынның алуан түрлі ұрымтал жайыттарын пайдаланады. т. б.
Педагог үнемі мынаны есте сақтауы керек:
1) үйрету сәттерін күшейтіп жіберіп, ойын бастамасын әлсіретіп
алмау;
2) дидактикалық ойынға оқу сипатын беру;
3) ойын қызығына түсіп, оқыту міндеттерін алыстатып алмау.
Балалардың ақыл-ой белсенділігі, ойын әрекетін ойдағыдай
орындауы, ережелерді игеру дәрежесі, ойын кезіндегі эмоция, ойынға
еліктеу - ойынның дамуына жағымды әсер етеді Ойынның жаңа
мазмұнын, ойындағы әрекеттерді, ережелерді игеру, ойын басындағы
қарқын, әрине, алғашқы кезде баяу болады. Ал кейін ойын дамып,
балалар қызығына түскен кезде, оның қарқыны шапшаң-айды. Ойынның
аяғына қарай эмоциялық өрлеу төмендеп, Ойынның қарқыны қайтадан
баяулайды. Ойын қарқынын тым баяулатып жіберуге де, орынсыз
шапшандатуға да болмайды. Қарқын шапшаң болса, балалар
сасқалақтайды да, ойын әрекеттері уақытылы орындапмайды, ойын
ережелері бұзылады, балалар ойынға беріліп үлгермей, тым қызынып
кетеді. Көп түсіндіріп, көп ескертулер берілсе, ойынның қарқыны
баяулап, ойын әрекеттері алыстап, ережелер уақтылы енгізілмейді де,
балалар оны басшылыққа ала алмай, ережені бұзады, қателік жібереді.
Педагог дидактикалық ойынға басшылық жасауда, балалармен
немесе олардың өздері бір-бірімен тығыз байланыс жасауы қажет болса.
балаларды шеңбер жасай қойылған орындықтарға отырғызып.
педагогтың өзі ортаға отырады. Кейде балалар шағын топтарға бөлініп,
әр жерге жайғасады, егер олар саяхат жасайтын болса, топ бөлмесінен
шығып кетеді. Балаларды кішкене стол басында отырғызып
ұйымдастыруды да пайдаланады.
Ойында балалар бастама көсетсе, сұрақтары мазми,ды болса
ойындағы ойды кенеттен кеңейтіп және байытып жіберуге болады.
Ойынды белгіленген уақыт ішінде әткізу керек. Уақыт үту үшін
тәрбиешінің түсіндірмелері қысқа болуы керек. Суреттеп және әңгімелеп
беру қысқа, нақты болса ойын ойдағыдай дамиды.
Педагог ойын соңында келесі ойынның будан да қызық
болатынын айтып, балаларды ойынды жалғастыруға дайындайды,
ынталандырады. Ол: «Келесі жолы мынадай әрекетті қоссақ жақсы
ойнайтын боламыз» немесе «Жаңа ойында Айнұр ұйымдастырушы
болады», - дейді.
Оқыту формаларының бірі ретінде дидактикалық ойын күн тәртібіндегі оқуға бөлінген уақыт кезінде өткізіледі. Бұл екі оқыту нысандары арасындағы арақатынасты дұрыс белгілеу олардың өзара байланысын және біртұтас педагогикалық әрекеттегі орнын анықтау маңызды. Кейде дидактикалық ойындар оқудың алдында өткізіледі, мұның мақсаты- сабақтың мазмұны болатын нәрсеге балалардың ынтасын туғызу. Балалардың дербестігін күшейту, ойында игерілген нәрсені сабақта қолдану, қорытынды шығару, сабақта өткен материалды қорыту қажет болса, ойын мен оқу кезектесуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет