Акмеология әдіснамасының жалпы ерекшеліктері Әдіснаманың жалпы ерекшеліктері акмеология XXI ғасыр шебінде адамзат ойлап тапқан жалпы әдіснамалық қағидаттар мен әдістерді қолдануымен анықталады. Нақты және жаратылыстану, қазіргі заманғы гуманитарлық білімдердің жалпы әдіснамалық қағидаттарынан басқа, акмеологияның пәнінің анықтамасына жақындап, мета-теорияның роліндегі әдіснамалық, арнайы қағидаттарды басшылыққа алады.
Кешенді әдіс. Адамтану деп аталатын жаңа зерттеу саласын кешенді зерттеу Б.Г.Ананьевтің есімімен байланысты. Оның нақты құрылған мақсаты –адамға бағытталған жүйелі әдісті іздеу және ол туралы мағлұматтарды білімнің дербес саласымен интеграциялау. Н.А.Логинованың пікірінше, кешенді әдістің нгеізгі мақсаты – онтологиялық құраушылар мен онтологиялық детерминанттардың әр тектілігін, көп факторлылығын, көп аспектілігін анықтауға бағытталуында. Акмеологиядағы кешенді әдістің өзгешелігі оның адамды зерттеу және шынайы өмірде жетілдірумен байланысты. Бұл әдіс стихиялық-қалыптасқан және оптималды сапалар, шынайы және идеалды қалып деген сияқты көп аспектілі модальдылықтарды салыстыруға бағытталған. Ол дамудың нақты дәрежесін жоғары, оптималды түрленуіне стратегия ұсынады, адам дамуы мен оның қызмет етуінің бытыраңқы аспектілерін бір жүйеге біріктіреді. Акмеологияда кешенді әдіс түрлі сапалардың интеграциясының болашағын, адамның жеке адам, тұлға, жеке бас қасиеті мен субъектік қасиеттерін айқындайды (Н.А. Логинова).
Жүйелілік әдісі. Жүйелік әдістің негізі оның мақсатты, жобалық, үлгілік сипатта болуы. Жүйенің оптимальдық қалпы сындарлы өзгерістермен тығыз байланысты. Ол алгоритмдерді акмеологиялық әсер етудің инструменталды-оперативтік құралдарын қамтиды.
Психологиядағы жүйелілік қағидатының дамуы Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубенштейннің, А.Н.Леонтьевтің, Б.Г.Ананьевтің, Б.Ф.Ломовтың есімдерімен байланысты.
Субъектілік әдіс. Акмеологияда субъект қағидаты парадигмальды болып келеді. Тұлға тікелей жетілудің, акмеологиялық технологиялар мен өз іс-әрекетінің субъектісі болады. Субъектің негізгі белгісі ретінде: жетілуге, адамның өзінің жоғары оңтайлы деңгейде дамуына, мұратына жетуіне қабілеттілік. (С.Л.Рубинштейн). Дегенмен тұлға үшін субъективтік жетістік алдын-ала белгіленген межелер аясындағы жетістігі емес, өзін-өзі жетілдіруге бағытталған тоқтаусыз әрекеттерден тұрады. Осыдан келіп «акме» ұғымы өмірлік қарекет пен дамудың ең соңғы бекеті емес, алдағы іс-қимылдар жасауға жаңа мүмкіншіліктің пайда болуын білдіреді. Бір уақытта субъект - бұл автономия, дербестік, белсенділік және жауапкершілік. Акмеологияда субъективтіліктің маңызды өлшемі өзінің өмірлік іс-әрекетінің сыртқы және ішкі жағдайларына еркін иелік ету, оңтайлы дамушы тұлға және басқа адамдардың өмірге қатынасының тарихи кемел түріндегі субъект қарым-қатынасын құруға қабілеттілік болып табылады (Е.Б.Старовойтенко). Соңында тұлғаның субъективтілігінің маңызды өлшемі «Мен»-концепциясының, әлбетте өзімен ұсынылған тұлғалық базистік білімінің, бірақ өзінің нақты архитектоникасымен, мөлшерлестігімен тұлғаның субъективтілік өлшемін талдауына мүмкіндік болып табылады.
Ізгілік қағидаты. Акмеология базисіндегі соңғы әдіснамалық қағидаттардың бірін құндылық, ізгілік қағидаты құрайды. Осы негізге алынған жалпы философиялы-әдіснамалық мазмұнның адами дамудағы қағидаты (оған көп аспектілік, тарихи өзгерушілік және басқа себептер), құндылық немесе мұрат-мүдде категориялары адамның игілік, пайда, қызығушылық, мақсат ретінде ең алғаш қоғам тудырған идеал құндылықтарымен анықталады. Э.Кант адамның осы адамгершілік қабілетін - стихиялық, қаталдық, қажеттілік әлем деңгейінен көтеріліп, өз іс-әрекетін адамзат заңдылықтарымен анықтай білу деп сипаттайды. Қазіргі заманғы психологияда, акмеологияда оптимизм мен пессимизмді, бақыт ұғымдарын, яғни адамның жаксылыққа, болашаққа сену психологиялық қабілеттілік-қабілетсіздігін, сонымен қатар, мұратты, құндылықты да, тұлғаның (имманенттік қасиеті ретінде) қалыптасу-оптимизм-бақыт мәселелерін немесе олардың өмірлік жолмен байланысын, оның жағымды-жағымсыздығын жан-жақты зерттейді. (И.А.Джидарьян)
Акмеологияның адамдар санасында құндылықтарды қалыптастыруға күш салатын идеологиядан айырмашылығы ол тұлға туралы ғылым. Өйткені, ол құндылықтың қайта түрленуіне, жетілуіне әсер ететән проблемалар кешенін, бағыт-бағдар жиынтығын және ұғымдар жүйесін ұсынады.
Ол адам өмірінен тыс абстракты құндылықтарға басымдық бермейді. Ол адамның тұлға ретінде қасиетін тануын, оның денсаулығы, оптимизм, еңбексүйгіштігі сияқты құндылықтарын дәріптейді.
Құндылық және ізгілік қағидаттары тұлғаны қолдауға бағытталған:
-оның субъект ретіндегі қасиеттерін бағалау жолы және өмірлік қарама-қайшылықтарды шешуге оның қабілеттілігі;
-құқықтарын теңестіруге, оның зияткерлік мүмкіншіліктерін көкейкесті етуге,оның саналылығын тәсіл ретінде ұғыну, қарама-қайшылықтарды оңтайлы шешу үшін тұлғаға мүмкіндік беруге иелік ету;
-тұлға үшін тым жасанды немесе табиғи жағдайларды модельдеу, өз мүкіншіліктерін жаңа деңгейге шығарып ашып көрсету жолы;
Акмеологияның гуманистік міндеттері адам өмірінің шынайылылығына жетуге көмектесуден,жеткілікті түрде өзін-өзі қалыптастырудан тұрады.