Акмеологияның дербес қағидаттары Субъект әрекетінің қағидаты. Жалпы субъектілік қағидатқа қарағанда аталмыш қағидат Б.Г. Ананьев, К.А. Абульханова-Славский, А.В. Брушлинский, А.А. Деркач, Е.А. Климов, В.Д. Шадриковтар дамытқан кәсіби акмеологияда қарастырылады. Осы қағидат негізінде тұлға категориясын түсіну жатыр. Акмеологияда тұлға даму, қызмет ету жағдайында қарастырылады. Іс-әрекет жасай отыра, тұлға қатысым, таным үйлесімін түзеді. Акмеология тұлғаны бір мезгілде психологиялық және әлеуметтік-кәсіби тұрғыда оларды бір-бірімен оңтайлы байланыстырып зерттейді. Сонымен қоса акмеологияда тұлғаның мақсатты, озық, өрлеу үстінде зерттейді. Акмеологияда тұлға дамуы сатылы - жас ерекшелік, функционалды-әрекеттік (кәсіби даму, маман болып қалыптасу), ситуациялық (қарама-қайшылығы бар күрделі жағдайда немесе позитивті ықпал етуді талап ететін жағдайларда қарастырады) санатта есепке алынады.
Әрекет субъектісі қағидатын Н.В.Кузьмина жан-жақты қарастырды. А.А.Деркач әрекеттің түбегейлі функционалдық макрокомпоненттерін анықтады:
- гностикалық білім жүйесінде көрініс тауып және олардың продуктивті қолданысқа ие болуы;
- жобалау әрекетінің мақсаттылығымен байланысты, әрекетті іске асыруды, оның болжалды сатыларымен, оқиғаларымен, деңгейлерімен байланыстыру;
- әрекет жүйесі мен субъект әрекетін оңтайландыру, ол әрекеттің стихиялық кездейсоқ сипатын болдырмай, қателіктерді еңсеруге бағытталуы;
- іс-әрекеттің ұйымдастырушылық құрамбөлігі басқару теориясында айқындалған, әдіснамалық тенденцияда «әрекет» және «ұйымдастыру» ұғымдарымен жақындасуын білдіреді. Ол бір уақытта барлық құраушы реттеу міндеттерін, барлық әрекет тобын және болжау, жобалаудың байланысын көрсетеді, яғни әрекетті ұйымдастырудың интеллектуалды тәсілдерін іс жүзінде жүзеге асыруды көздейді;
- коммуникативтік құрамбөлік ол тек жеке субъект әрекеті ғана еместігін түсінуге, бірлескен ұжымдық, ынтымақтастық сипатта екенін аңғаруға мүмкіндік береді (Б.Ф. Ломов).
К.А.Абульханова субъект әрекеті қағидатын нақтылады. Субъектінің бұл қасиеті жаңа тұлғаның жаңарған қасиеті . Ол қасиет тұлғаның мүмкіндіктері, ерекшеліктері, мотивтері мен әрекетті іске асырушыға қоғамның қоятын талаптарының арасындағы қарама-қайшылықтарды шешумен айқындалады. Өмір сүру қағидатының акмеология үшін оның тарихи, теориялық және логикалық маңызы бар (А.А.Деркач). Акме ұғымы тұлғаның өмір жолы, өмір шыңдарымен байланысты. Субъект үйлестіруші, интеграциялаушы, орталықтандырушы инстанция болып табылады. Субъект категориясы оның әрекет қатынасындағы тұлғаның өмірлік маңызды және түрткі болатын қасиеттерді – ынта мен жауапкершілікті – анықтайды. Акмеологияда әрекет субъектісі қағидаты белгілі мамандықта тұлғаның өз әлеуетін пайдалана білу жолдарын көрсетеді. Бұл әртүрлі мамандық иелерінің шарты. Өз әрекетінде әлеуметтік, кәсіби, тиімді еңбек ете білу қабілетін құрайды (К.А. Абульханова-Славская, Л.И. Дементий, Е.Н. Пащенко т.б).
К.А. Абульханова-Славская өмір сүру стратегиясын ұсынады. Тек қана өмір сүру қағидаты, өмір жолы теориясы, өмірбаяндық тұрғы ғана маңызды емес, сонымен қатар өмір субъектісі ретінде акмеология үшін тұлға ұстанымы да акмеология үшін негізгі мәселеге айналады. Ол тұлғаның өз өмірінің шарттарын «меңгеруін», тұлғаның ерекше өмірлік тірек, өмірлік бағдар мен қарым-қатынас құру арқылы екінші кезектегі өмір шарттарын жасауды білдіреді (К.А. Абульханова-Славская). Осыған байланысты, акмеология үшін өмірлік және уақытша перспектива айрықша өзектілікке ие болады. К.А. Абульханова-Славская оны үш түрлі перспективамен сипаттайды:
-когнитивті, болашаққа бағытталған теориялық ой жоспарлар;
- іске асырылмаған өмірлік және тұлғалық резервтер, болашаққа мотивация;
-өмірлік, әлеуметтік мүмкіншіліктер мен мамандығында мансапқа қол жеткізген адам ғана емес, өмірде өз орнын тапқан тұлға.
Потенциалды және өзекті қағидат. Акмеология аясына потенциалды және өзекті, имплицит және эксплицит қағидаттар кіреді (С.Л.Рубинштейн). Бұл жалпы пәлсапалық қағидат тұлғаны жобалық және перспективалық тұрғыдан түсінуге ықпал етеді.
Ол акмеологияда екі жақты қызмет атқарады:
-әдіснамалық бағыт-бағдарлық резервтер, тұлғаның мүмкіндіктері, келешекте тұлғаның өз іс-әрекеті жеке өзімен немесе акмеологиялық қолдау арқылы іске асырылуы мүмкін;
-тәжірибелік диагностикалық бағыт-бағдар. Ол тұлғаның нақты жағдайын айқындап қана қоймайды, сонымен қатар болжалдық қасиеті бар акмеологиялық сүйемелдеу арқылы ойын технологиясы, тренинг тұлғаның өз әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.
Имплицит ұғымы пайдаланбау және жүктелмеу ұғымына саяды. Әлеуметтік ойлау бағытындағы зерттеулері бойынша, тұлға өзінің интеллектуалдық ресурстарын жиі және толығымен пайдаланбау, ақыл-ой зиятына күш түсірмейді, жеңіл немесе стандартты міндеттерді шешуге бейім тұрады (К.А. Абульханова-Славская). Акмеологияның міндеті – адамның өзінің психикалық ресурстарын кездейсоқ және стихиялық түрде қолдануына жол бермей, өз әлеуетін толыққанды пайдалануға жол ашу (А.А. Деркач).
Кері байланыс қағидаты. Акмеологияға сәйкес кері байланыс қағидаты келесі мағынаны білдіреді. Тұлға өмірде, мамандықта белгілі бір нәтижеге жетеді – еңбектегі нәтиже, басқа адамдардың оның еңбегін бағалауы, мансаптағы лауазымы ғана емес, сонымен бірге өзін жаңа сапада қабылдауын білдіреді. Бұл кәсіби және әлеуметтік жағынан өлшемсіз нәтиже басқаларға қарағанда өзінің әрекеттері мен өнімділік жетістігінің көрсеткіштерін жақсырақ білдіреді. Кері байланыс - бұл қолдау, адамның өзі таңдаған жолының, өзі орнатқан қарым-қатынастың дұрыстығын растау, адамның мақсатқа жететін қарқынының сәйкестігін, адамгершілік тәсілдерін растау. Тұлға белсенділігі осы кері байланыспен «қоректенеді», онымен қолданысқа түседі, бейімделеді немесе қайта бағдарланады (К.А.Абульханова-Славская).
Кері байланыс тұлға әрекетіне баға беру негізінде, болмашы немесе маңызды деп қабылдау, мойындау-мойындамау, нәтижелерді, немесе басқа көрсеткіштерді бекіту немесе терістеу арқылы іске асырылады. Кері байланыс өз әлеуетін пайдалана отыра тұлғаның өзін-өзі тануының жанама түрі (А.А.Деркач).
Тәжірибелік жабдық акмеологиялық кеңес беру, сүйемелдеу мен жобалаудың әдістерін құрайды. Акмеологиялық жобалау кәсіби жетілу, тәртіп немесе өмір стратегиясымен байланысты жеке жұмыс үшін қолданылады.
Акмеологиялық сүйемелдеу түрлі ұйымдастырушы-педагогикалық іс-шараларды өткізуде қолданылады.
Акмеологиялық кеңес беру – педагогтарға кәсіби іскерліктің жоғары жетістіктеріне, педагогикалық шеберлікке, «Мен – концепциясын» қалыптастыруға, т.б. жетуге көмектесетін педагогтардың өздері іске асыратын жеке қызмет әрекеті.
Акмеология тұрғыдағы кәсіби шеберлік дегеніміз – мамандығында шеберліктің шыңына немесе «акмесіне» қарай бағытталған әрекетті жүзеге асыратын, өзін-өзі дамытатын тұлғаның қасиеті.
Акмеология ғылым ретінде кәсіби шеберліктің дамуының негізгі әдіс-тәсілдерін, сонымен қатар, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі және жетілуінің, мамандықтағы және жеке бас өмірінде қалыптасу нәтижесін анықтайтын факторларды, шарттар мен механизмдерді қарастырады.