Педагог маманындығының пайда болуы қоғам дамуының негізі. Кез келген білікті игеру және дамыту белгілі бір тәжірибиесіз мүмкін емес болар еді, ал педагог мамандығы сол біліктерді жетілдіруді, дамытуды қамтиды.
Мамандықтың пайда болу кезінен бастап, педагогтың басты міндеті – тәрбие беру. Уақыт өте келе, көптеген пәндердің пайда болуымен байланысты педагог бірінші ретте білім беруші болып тағайындалды, ал тәрбиеші міндеттерін басқа адамдарға жүктейтін болды.
Әр халықтың мақтан тұтар педагогтары бар.
Мысалы, Қытай еліндегі ұлы ұстаз – Конфуций (б.э.д. VI – Vғ), сонымен қатар Чехиялық педагог Я.А. Коменский өз еліне бар халықтардың ақылын жинап беруді армандаған. Коменскийдің 206-дан астап педагогикалық еңбегі бар. Швед педагогы И.Г. Песталоции өз өмірін жетім балаларға арнаған. Ресейде ұлы педагогтардың бірі К.Д. Ушинский. Ушинскийдің еңбектері қазір де үлкен сұраныста.
Американдық психолог Р.Гербергтің пікірі бойынша мұғалім мамандығын таңдаудың негізгі себептері мынадай: іс-әрекеттің сан-алуандығы, өз бетімен жұмыс істеуі, кәсіби өсу мүмкіндігі және т.б. факторлар әсер етеді. Мұғалім мамандығының артықшылығы – қоғамдық ара-қатынастардың байлығы. Сонымен қатар, мұғалім мамандығы адамгершілік-ізгілік сипатқа ие. Оқыту барысында мұғалім екі мәселені шешеді: гуманистік және бейімдеу. Бейімдеу – оқушыны оқу барысында туындайтын жағдайларға сәйкестендіру болса, гуманистік мәселе – оқушының жеке тұлғасын түсіну мен дамытуға бағытталған.
Педагогикалық іс-әрекеттің міндеттері. Оқыту процессінің негізгі міндеті оқушының болашақта қоғамға өз үлесін қосар жеке тұлға ретінде дамуына барлақ жағдай жасау. Педагогикалық процесте тәрбие мен оқыту үдерісі тығыз байланыста болады. Егер оқыту процесінде берілген тақырыпты қайталап, бекіту мүмкіндігі болса, тәрбие процессінде бекіту оңайға түспейді. Дегенмен, оқыту процесі оқушының пәнге деген қызығушылығы болмаса, тиімсіз өтеді. Тәжірибие бойынша оқыту процессінің тәрбиесіз өтуі мүмкін емес.
Педагогтың кәсіби сипаттамасы. Педагог қызмет барысында тәрбие мен білім беру функцияларын атқарады. Осы функцияларды жүзеге асыру үшін педагог келесі қасиеттерге ие болу керек:
Педагогтың кәсіби қасиеттері. Педагог мамандығына көптеген талаптар қойылады, оның ішіне «кәсіби даярлық» және «кәсіби жарамдылық» сияқты ұғымдар кіреді. Кәсіби даярлық – кәсіби жарамдылықпен қоса мұғалімнің дағдылары мен біліктерін ескереді, кәсіби жарамдылық – мұғалімнің жеке бас және психологиялық ерекшеліктерін қамтиды. Жоғарыда айтылған барлық қасиеттерді жалпылап «Профессиограмма» деп атасақ болады. Профессиограмма ішіне педагогтың жеке бас қасиеттері мен қоса оның біліктері мен дағдылары көрсетіледі.
Педагог қызметі қоғамдық және кәсіби қырымен сипатталады. Қоғамдық сипаты педагогтың идеологиясы мен құндылықтарын айқындаса, педагогтың кәсіби орны оның оқыту процессінің міндеттері мен құралдарын көрсетеді. Мұғалім ақпарат беруші, дос, басшы, нұсқаушы, көмекші, ақыл-кеңес беруші және т.б. рөлдерді атқара алады.
Мұғалімнің тағы бір маңызды қасиеті – іс-әрекеттің «тұлғаға бағытталғандығы». Тұлғаға бағытталғандығаның негізінде кез келген педагогикалық қасиеттер қалыптасады.
Педагогикалық шеберлік «Педагогикалық шеберлік» деген ұғым көптеген жағдайларда біліктер мен дағдылар жиынтығы деп анықталады. Бұл сұраққа А.С.Макаренко нақты жауап берген. Макаренко пікірінше, - педагогикалық шеберлік – педагогикалық үдерістің ерекшеліктерін біліп, оны дұрыс ұйымдастыру және қозғалысқа келтіру. Педагогикалық шеберлік – жеке бас қасиеттері мен кәсіби сапаларының жиынтығы. Педагогикалық шеберлік тәжірибие жүзінде ғана іске асады.
В.А.Сухомлинскидің пікірінше, педагогикалық үдерістің нәтижелілігі оқушының оқуға және мұғалімге деген көзқарасымен тығыз байланысты.
Соңғы жылдары педагогикада тек отандық педагогтардың еңбектері ғана емес сонымен қатар шетелдік ғалымдардың еңбектері де тәжірибиеде жие қолданылады. Соның нәтижесінде педагогикалық мәдениет одан сайын тереңдеп, зерттеле бастады деп айтуға болады.
Педагогикалық мәдениет – педагогтың жеке бас қасиеттері мен оның біліктері және құндылықтарының жиынтығы. Сондықтан педагогикалық білім беру мәдениетаралық қарым-қатынасқа бағытталған.
Педагогикалық үдеріс барысында педагог бірнеше әрекетті жүзеге асырады: сындарлы (конструктивтік), ұйымдастырушылық және коммуникативтік.
Сындарлы әрекет барысында педагог аналитикалық, болжамдық және жобалау біліктерін қолданады.
Аналитикалық біліктер келесі жеке біліктерден тұрады:
-Педагогикалық құбылыстарды жекелей қарастыра білу (шарттары, себептер, мотивтері, құралдары, түрлі формалары);
-Педагогикалық құбылыстарды оқу үдерісінің педагогикалық құрамбөліктерімен байланыстыра қарастыру;
-Психологиялық және педагогикалық теорияларды жаңа ойлар және логикалық шешімдерді байыта білу;
-Педагогикалық құбылысты дұрыс зерделей білу;
-Негізгі педагогикалық мәселені тауып, оның шешу жолдарын айқындай білу;