Список литературы:
1.
Игнатов С. Б., Игнатова В. А. интегративный подход в моделировании современного
образования //Вестник МГГУ им. МА Шолохова. Социально-экологические технологии. –
2013. – Т. 1. – №. 1.
2.
Степанец Р. В. Общедидактические и концептуальные подходы к моделированию
интегрированных школьных курсов эколого-культурологической направленности //Вестник
Брянского государственного университета. – 2012. – Т. 1. – №. 1.
3.
Ненахова Е. В. Методологические основы интегрированного обучения школьников
//Актуальные проблемы гуманитарных и естественных наук. – 2015. – №. 7-3.
4. ПоповЕ.В., Богдан Г.Ю. Интеграционные процессы в образовании //Инвестрегион. –
2013. – №4.1
5. http://oregongearup.org/files/research-briefs/spiralcurriculum.pdf
6. План нации – 100 шагов по реализации пяти институциональных реформ
Н.Назарбаева
7.
Филипович И. И. Предметно-языковое интегрированное обучение. Новый шаг в
развитии компетенций //Научный вестник Южного института менеджмента. – 2015. – №. 4.
8.
Лаптева Т. Г. Некоторые аспекты использования методики CLIL при обучении
иностранным языкам //Интерэкспо Гео-Сибирь. – 2012. – Т. 1. – №. 6.
9.
Commission Of The European Communities Promoting Language Learning and Linguistic
Diversity: An Action Plan 2004 – 2006
10.
Солодова Е. А., Ефимов П. П. Трансдисциплинарность современная педагогическая
технология интеграции знаний //Интеграция образования. – 2014. – Т. 18. – №. 2 (75).
11.
Дзятковская Е. Н. Транспредметная модель образования для устойчивого развития
//Астраханский вестник экологического образования. – 2014. – №. 3 (29).
12.
Титовец Т. Е. Междисциплинарная интеграция в специализирующей и генерали-
зирующей моделях содержания педагогического образования //Интеграция образования. –
2008. – №. 2.
15
Ильясова Гульбаршын Аяпбергенкызы
№10 орта мектеп директорының орынбасары
Қостанай қ.
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАРЫН
АПРОБАЦИЯЛАП ЖАТҚАН МЕКТЕПТЕРДІҢ ПЕДАГОГТЕРІНЕ
КОНСУЛЬТАТИВТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІ ҮЙЛЕСТІРУ
ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ
Əлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында Қазақстан Республикасы отандық білім
берудің озық дəстүрлері мен стандарттарын сақтай отырып əлемдік білім беру тəжірибесіне
бағытталған стратегиялық курсын таңдады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы
Білім жəне Ғылым минстрлігі орта білім мазмұнын жаңартуға бағытталған іс-шаралар
кешенін жүзеге асыруды бастады.
Білім мазмұнын жаңарту- білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын,оқыту
мен тəрбиелеудің əдістері мен тəсілдерін қайта қарастыру болып табылады.Ұлттық жəне
жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез-келген өмірлік жағдайда функцио-
налдық сауаттылығы мен бəсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалып-
тасуына жəне зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру-жаңартылған білім
мазмұнын енгізудің нəтежиесі болу керек.
2015-2016 оқу жылынан бастап Республикамыздың 30 пилоттық мектебі жаңартылған
білім мазмұнын апробациялаудан өткізуді бастап кетті.
Бұл саланы жаңғыртуды көптеген мəселелері негіздейді. Соның ішінде Қазақстанды
дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін – білім жүйесі деген мəселе өзекті болып табылады.
Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен
оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты
ұстаздар алдында оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жаңартып отыру жəне технологияларды
меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Осы орайда
жаңартылған білім беру мазмұнын дайындау жəне енгізу үдерісін басқару
үшін 2014 жылы бірқатар нормативтік құжаттар əзірленіп,
ҚР Білім жəне Ғылым министрлігімен бекітілді
.
Елімізде орта білім беруді 12 жылдық бағдарламаға бейімдеу мақсатында Қазақстан
Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі қабылдаған шаралар негізіндегі 2014 жылдың
10 қазанындағы 411-ші бұйрығына сай бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын енгізетін
30 пилоттық мектеп педагогтеріне консультативтік қолдау көрсету үшін Үйлестіру кеңесі
құрылды. Сонымен қатар 2014 жылдың 4 қарашасындағы 452-ші бұйрығына сəйкес бас-
тауыш мектептің оқу бағдарламаларын апробациялау жəне енгізу туралы ережелер бекітілді.
Жалпы бұл ережелерде бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
мен орта білім беру мазмұнын ішнара жаңартуды енгізуге дайындық бойынша пилоттық
мектептер қызметінің мазмұны мен жағдайларын анықтап жəне оқу бағдарламалары мен
стандартты апробациялауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері реттелді.
Бұл ережелерді енгізу пилоттық мектеп педагогикалық ұжымдарына əдістемелік
сүйемемелдеуді ұйымдастыру жəне практикалық көмек көрсетуді мақсат етеді. Апробация-
лаудың мақсаты Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін халықаралық білім беру
кеңістігіне интеграциялау үшін орта білім берудің 12 жылдық моделінің құрылымы мен
мазмұнын апробациялау болып табылады. Міне, осы апробациялауға байланысты Қазақстан
Республикасының Білім жəне Ғылым минстрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұй-
рығы бойынша Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын мемлекеттік жалпыға
міндетті бастауыш білім беру стандартын (бұдан əрі МЖБС) енгізуге дайындау, сондай-ақ
орта білім беру мазмұнын ішнара жаңарту мақсатында қазақстанның 30 мектебі пилоттық
мектептер тізіміне енді. Осы тізімнің ішінде Қостанай облысынан 2 мектеп енгізілді. Со-
16
ның бірі «Қостанай қаласы əкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі» мемлекеттік
мекемесі болатын.
Бүгінгі таңда жалпы білім беретін Қостанай қаласындағы №10 орта мектебі бастауыш,
негізгі орта, жалпы білім беру оқу бағдарламалары оқулықтары мен оқу-əдістемелік кешен-
дерін апробациялау бойынша эксперименттік алаң болып бекітілген. Сондай-ақ
жаңартылған
білім беру мазмұнын пилоттықа енгізу бойынша жұмыстарды тиімді ұйымдастыру мақса-
тында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында құрылымдық бөлімше құры-
лып, облыстық білім басқармалары өкілдері мен өңірлердегі Зияткерлік мектеп мұғалімде-
рінің арасынан үйлестірушілер белгіленді.
Жаңа статусқа көтерілген мектебімізде жаңа стандарт жəне оқыту тəсілдерін меңгеру
мақсатында арнаулы жұмыс жоспарын құрылып, сол бойынша жұмыс жасап келеміз. Əрине,
бұл - ел болып көтеретін өте ауқымды іс.
Біз Қазақстанның болашағын, ұрпақтарымызды білімді, өзге өрке ниетті елдермен
терезесі тең, керегесі кең, еліміздің туыннық көтере алатын азамат етіп тəрбиелеу барысында
аянбай еңбек етеміз.
2015-2016 оқу жылында апробациялау
алаңында 1-сыныптар
білім алады. Үш 1-ші
сыныпта 66 оқушы бар. Бұл сыныптарды мектебіміздегі бастауыш сыныптардың білікті ма-
мандары Бексултанова Зибагуль Калибековна, Ибрагимова Торғын Сапарбековна, Нуржано-
ва Толқын Мирмановалар қабылдап алды. Осы аталған мұғалімдерге мектебіміздегі
Қазақ-
стан Республикасының педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарлама-
лары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын
аяқтап, сертификатталған мұғалімдер тəлімгерлік жасап, мектептегі «Шуақ» желілік қоғам-
дастығы мүшелері əдістемелік көмек беріп отыр.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын мемлекеттік жалпыға міндетті
бастауыш білім беру стандартын (бұдан əрі МЖБС) енгізуге дайындау, сондай-ақ орта білім
беру мазмұнын ішнара жаңарту мақсатында«Назарбаев Зияткерлік мектептері» автономды
білім беру ұйымдары мен педагогикалық шеберлік орталықтарының базасында педагогтар-
дың білімін арттыруға байланысты Астана қаласында курстар ұйымдастырылды. Осы кур-
стардан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы жəне критериал-
ды бағалау жүйесін енгізу бойынша бастауыш сынып мұғалімдері курсты аяқтады. Басқа да
пəн мұғалімдеріне білім жетілдіру курстарында білімдерін арттыруға жағдай жасалды. Іші-
нара жаңадан енгізілген пəндер бойынша да мұғалімдерге толық мəліметтер берілді. Сондай-
ақ үш тілді білім беруді дамыту мақсатында 1-сыныптардан бастап ағылшын тілі жəне
орыс тілдері жүргізіліп келеді. Осы орайда Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым
минстрлігінің 2015 жылғы 5 қарашадағы №622, Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне
спорт минстрлігінің 2015 жылғы 9 –қарашадағы №344, Қазақстан Республикасының Инвес-
тициялар жəне даму минстрлігінің 2015 жылғы қарашадағы №1066 бірлескен бұйрықта-
рымен бекітілген 2015-2020 жылдарға арналған үш тілді білім беруді дамыту жол картасын
іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым минстрлігінің 2015
жылғы 28 желтоқсандағы №712 бұйрығы бойынша жол картасының тармақтары бекітілді.
Əрине, бұл сынақта мұғалімнің, ата-ананың, оқушының бірлесіп атқарар ісі басты
орынға қойылған. Жаңадан білім саласына енгізіліп жатқан «Жаңартылған білім мазмұнын
апробациялау», «Пилоттық мектеп» деген терминдер мұғалімге де, оқушыға да, əсіресе қа-
рапайым ата-анаға «бұл не?» деген сұрақ тудырғанын жасыра алмаймыз. Сондықтан оқу
жылы басталмас бұрын, 1-ші эксперименттік сыныптарға қабылданатын оқушылардың ата-
аналарымен ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, онда ата-аналарға түрлі əдіс-тəсілдер
арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стан-
дарты əзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сəуірдегі №327 қаулы-
сымен бекітілгені ескертілді.
17
Жаңа мазмұндағы білім берудің ерекшелігі- оқушыны сыни тұрғыда ойлауға үйрету,
алған білімін өмірде қолдана алу, үйренгенінен қорытынды жасай білу, өз өміріне белсене
араласа алуы. Қоғамның күн сайын дамып келе жатыр,
бүгінгі күн кешегі күнге ұқсамайды
.
Сондықтан
жаңа білім беру стандартына сəйкес, заман талабына сай оқушы тəрбиелеп шы-
ғару керектігін ата-аналарға түсіндіре білдік деп ойлаймын. Сонымен қатар ата-анаға
Бастауыш білім берудің мақсаты, міндеттері, оқушылар бойындағы қалыптасатын дағдылар
мəліметтер ұсынылды.
Осылайша, жаңа жүйеде басталатын 2015-2016 оқу жылына жан-жақты дайындалған
ата-аналар, ұстаздар, оқушылар 1 қыркүйекті асыға күтті
Міне, мектеп партасына отырған 66 оқушы Қазақстан Республикасы Білім жəне Ғы-
лым минстрлігі жəне Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының біріге отырып
ұсынылған 2015 жылғы 27 тамыздағы №01-1/1284 ұйғарымы бойынша қазір жалпы білім
берудің оқу бағдарламалары оқулықтары мен оқу-əдістемелік кешендерін апробациялау
бойынша 1-сыныпқа арнайы дайындалған "Атамұра","Назарбаев Зияткерлік Мектебі",
"Алматыкітап" баспасының кітаптарымен оқуды бастап кетті. Аталмыш баспалар пилоттық
мектеппен үнемі байланысып, оқулықтар бойынша қиындықтар мен мүмкіндіктерді анық-
тап отырады. 2015 жылдың 4-7 қарашасында «Атамұра» баспасымен оқитын Ибрагимова
Торғын Сапарбековна Алматы қаласына, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» оқулығымен оқи-
тын Бексултанова Зибагуль Қалибековна Астана қаласына барып, авторлармен кездесіп,
оқулық мазмұнымен, ондағы қиындықтар мен мүмкіндіктерді ортаға салды.
Сөйтіп Республика бойынша 30 пилоттық мектеп қатарына енген біздің мектеп те білім
жүйесінің жаңа баспалдағына қадам басты. Оқушылардың білім білік дағдысын бақылау
мақсатында Қостанай қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» автономды білім
беру ұйымдары 2015 жылғы 23 қыркүйектегі №410/0Д бұйрығының негізінде 1 сыныптар-
дан диагностикалық тестілеу өткізілді.
Осы орайда «Назарбаев Зиаткерлік мектебі»автономды білім беру ұйымдары тестілеуді
ұйымдастыруда бағыт-бағдар беріп отырды. Пилоттық мектеп пен Назарбаев Зиаткерлік
мектебі арасында апробациялау барысында қиындық туғызған мəселелерге, сұрақтарға
жауап беретін, зияткерлік мектептердің іс-тəжірибесін ұсынатын мамандармен байланыс
орнаған.
«Назарбаев Зиаткерлік мектебі»автономды білім беру ұйымдарың басқару төрайымы
К.Шамшидинованың 2015 жылдың 28 тамызында бекіткен Зияткерлік мектептердің пилот-
тық мектептермен 2015-2016 оқу жылында жүргізілетін жұмыс жоспары бойынша семинар-
лар, тренингтер, коучингтер, онлайн сабақтар жүргізілуде. 2015 жылдың қыркүйек айының
3 онкүндігінде пилоттық мектептің əкімшілігімен бірлесе отырып мектептің жаңартылған
білім мазмұнына бағытталған мектептің жұмыс жоспарын құруға методикалық көмек көрсе-
тілді.
Басқада қиындық туғызып жүрген сұрақтар бойынша мектеп əкімшілігімен онлайн
кездесулер ұйымдастырылады. «Назарбаев Зиаткерлік мектебі»автономды білім беру ұйым-
дары мектептке кəсіби бағыт беруге келіп отырады.
Міне, бұл жаңашылдық біз үшін зор мақтаныш бола тұра зор жауапкершілікті де
жүктейтіні анық. Сондықтан апробациялауды жүргізу барысында кездесіп жатқан қиыншы-
лықтар да аз емес. Əрине эксперимент, апробация дегеннің өзі сол қиыншылықтар мен
мүмкіндіктерді ажырату деген ұғым ғой деп ойлаймын. Мүмкіндіктер жайлы айтар болсақ,
эксперимент жүргізіліп жатқан сыныптар жабдықталып, жеке жұмыс жасау мүмкіндігі жəне
оқу əдістемелік құралдарымен, нұсқаулықтармен, бағдарламалармен, анықтамалықтармен
жəне жоба тапсырмалар мен ұсыныстар жинағымен мұғалімдер қамтамасыз етілген. Экспе-
рименттік сыныптарда оқушылар критериалды бағалау арқылы «жетті», «талпынды»-деп
бағалып, арнай ұсынылған электронды журналға түсіріліп отырады. Оқушылардың бағала-
натын оқу мақсаттарына «жеткені», «талпынғаны» туралы ата-аналарға тоқсан сайын мəлі-
мет беріліп отырылады.
18
Кездесіп жатқан қиындықтар туралы айтар болсақ, оқу мақсаттарының оқу бағдарла-
маларына сай келмей қалып жатуы, кейбір оқу мақсаттарының оқушы жас ерекшеліктеріне
сай келмеуі, ресурстардың жеткіліксіздігі. Дегенмен осы қиындықтарды жеңу үшін «Жұмы-
ла көтерген жүк жеңіл»-дегендей жасалып жатқан сыртқы көмектер де аз емес. Осы орайда
пилоттық мектептердегі орта білім мазмұнын жаңарту барысында педагогикалық шеберлік
орталығымен үнемі бірлесіп, тығыз байланыста жұмыс жасап, басты кəсіби бағытты алып
келеміз. Атап айтсақ, педагогикалық шеберлік орталығының аға оқытушысы, тренер
Ардабаева Қадиша Каримовна, тренер Серикбаева Роза эксперимент алаңы 1 сынып мұғалім-
дерімен, мектеп əкімшілігімен үнемі байланыста жұмыс жасап, əдістемелік кəсіби көмек
көрсетуде. Сонымен қатар педагогикалық шеберлік орталығы апробациялаудан өтіп жатқан
сыныптар үшін ұзақ мерзімді жəне қысқа мерзімді жоспарларын ұйымдастыруға бағыт-
бағдар беріп, сабақтарға қатысып, түрлі əдіс-тəсілдерді үйретіп, əдістемелік көмек-терін
ұсынып отырады. Мектеп əкімшілігімен, мұғалімдермен кəсіби əңгімелер өткізіп, қиын-
дықтарды жеңу жолдарын көрсетеді. Осыған орайда ПШО жəне жоғарғы оқу орындарының
оқытушылары мен ғалымдарының қатысуымен өткізілген «Сабақты зерттеу мұғалімнің
оқыту тəжірибесін жетілдіру тəсілі ретінде» -атты облыстықсеминарға пилоттық мектеп
мұғалімдері де қатынасып, əдістемелік тəжірибе жинақтады.
Мектеп педагогикалық кадрлар даярлайтын жоғарғы оқу орындарымен тығыз
байланыста болып отырады. Бүгінгі таңда мектебімізде осы жоғарғы оқу орындарының
студенттері шеттілдері, педагогика, психология, математика салаларары кəсіби тəжірибеден
өтіп жатыр. Студенттердің жауапкершіліктері жоғары, өз мамандықтарын жақсы көріп,
ізденіспен жұмыс жасайтындары көрініп тұр. Осы тұста елімізде білім беру жүйесіне
бірқатар өзгерісте еніп жатқандықтан болашақ ұстаздарымызды осы жоғарғы оқу орындары
енгізіліп жатқан өзгерістерге бағытталған дəріс түрлерін ұйымдастырса, жас мамандарымыз
мектеп өміріне бейім болып келер еді деп ұсыныс жасағым келеді.
Пилоттық мектепте жұмыс жасап отырған мұғалімдер,мектеп əкімшілігі Cpm.kz пор-
талына тіркеліп, WhatsApp арқылы, почта Mail Ru ақылы басқа да 30 пилоттық мектептегі
əріптестерімен тəжірибе бөлісіп, қандай жағдай да осы білім мазмұнын жаңартуды апроба-
циялауда еңбектеніп келеді. Білім жəне Ғылым минстрлігінің шешімі бойынша эксперимент
сыныптарда оқу бағдарламасы 5-күндік оқу жүйесіне негізделген. Бұл оқыту жүйесі осы
сыныпта жұмыс жасайтын мұғалімдер үшін қолайлы болып отыр. Сенбі күндері мұғалімдер
əдістемелік күн ретінде өз жұмыстарымен айналыса алады.
Сөзімді қорыта келе білімнің барлық саласындағы ақпараттардың үлкен легі, қазіргі
қоғамның жылдам кəсіби қайта бағдарлауды, біліктілікті жоғарлатуды, адамның өмір
жолының кез-келген бөлігінде өзін-өзі дамыта алуы мұмкіндіктерін қамтитын икемді ,
бейімделген білім беру жүйесіне қажеттілігі «өмір бойғы білім» қағидатына негізделген
заманауи білім беру парадигмасына ауысуға алып келді.
Осы орайда елбасы Н.Ə.Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында
«заманауи білім беру жүйесі мен ұшқыр, ауқымды, жаңаша ойлайтын заманауи менеджерсіз
біз инновациялық экономика жасай алмаймыз» деген еді.
Сондықтан осы жаңа жолда аянбай еңбек етіп, білім ордасы шəкірттерінің болашақта
білгір, білім кілтімен қаруланған, кемел азамат болатынына сене отырып, өресі биік,
мəдениеті жоғары еліміздің өткенін құрметтеп, бүгінін аялап, ертеңін бағалай білетін
ұрапақ тəрбиелейік демекпін!
Пайдаланған əдебиеттер:
1.Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру факуль-
тетімен бірлесіп əзірленген біліктілікті арттыру бағдарламаларына арналған ГЛОССАРИЙ.
Қазақстан-Астана 2013 жыл
2. Білім мазмұнын жаңартудағы оқу бағдарламаларын апробациялау бойынша норма-
тивтік құжаттар жинағы. Астана 2015 жыл
19
ПЕДАГОГИКА ƏДІСНАМАСЫ МƏСЕЛЕЛЕРІ БІЛІМ
ЖҮЙЕСІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ШАРТТАРЫ РЕТІНДЕ
ПРОБЛЕМЫ МЕТОДОЛОГИИ ПЕДАГОГИКИ
В УСЛОВИЯХ ИННОВАЦИОННОГО РАЗВИТИЯ
ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ СИСТЕМ
Абильдинова Жанна Изтелеуовна
сертифицированный учитель Второго (основного) уровня
заместитель директора по УВР,
ГУ «Аулиекольская школа-гимназия имени Султана Баймагамбетова
отдела образования акиматаАулиекольского района
СЕРТИФИЦИРОВАННЫЙ УЧИТЕЛЬ
В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ ШКОЛЫ
КАК ФАКТОР ДОСТИЖЕНИЯ НОВОГО КАЧЕСТВА
АННОТАЦИЯ
Өзектілігі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың сөзі «сыни ойлау
дағдыларын меңгеру, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең іздестіру оқушыларды оқытудың
нəтижесі болуы тиіс», білім беру саласында вектордың іс-қимылын анықтайтындығы туралы.
МЖМБС - да анықталған білім беру мазмұнын жаңарту мəселелері, оның 2015-2016 оқу жылынан
басталған апробациясы, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыруда басқа тəсілді талап ететін білік
жəне дағды түрінде көрсетілген, педагогикалық қоғамдастық қазіргі заманғы білім беру
нəтижелеріне көңіл аударады. Президенттің алға қойған міндеттеріне қол жеткізу үшін
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін жаңғырту, педагогтардың кəсіптік
өсуіне ықпал етті.
Мақсаты. Оқу процесінің білім сапасы нəтижелеріне сертификатталған мұғалімдердің
қызметінің əсерін анықтау.
Əдістері. Əңгіме, теориялық талдау, қорыту.
Нəтижесі.
1.
Оқушылардың білім сапасының өсуі 2015-2016 оқу жылының I тоқсанымен салыстырғанда
ІІ тоқсанда 3,5% құрайды;
2.
Олимпиада, ОҒҚ-ның, интиллектуалдық ойындардың жеңімпаздарының өсу динамикасы
жақсы.
3.
Креативті білім беру ортасынын болуы, білім беру процесі субъектілеріне-оқушылар мен
мұғалімдерге өзін-өзі шығармашылық жетілдіруге мүмкіндік береді.
Қорытынды. Сертификатталған мұғалімдердің қызметінің нəтижесінде оқу жəне оқыту
сапасының өсуі байқалады. Мұғалімдер сабақта оқушылардың рефлексиясын ұйымдастыру
əдістерін жəне өз педагогикалық тəжірибесіне қатысты өзіндік рефлексиясын белсенді түрде
игеруде.
Түйінді сөздер: Сертификатталған мұғалімдер, деңгейлік курстары, оқу жəне оқыту
практикасы.
АННОТАЦИЯ
Актуальность.Слова Президента страны Нурсултана АбишевичаНазарбаева о том, что
«результатом обучения школьников должно стать овладение ими навыками критического
мышления, самостоятельного поиска и глубокого поиска информации», определяют вектор действий
в сфере образования. Вопросы обновления содержания образования, определенные в ГОСНО,
апробация которого начинается с 2015-2016 учебного года, фокусируют внимание педагогической
общественности на результатах современного образования, выраженных в виде умений и навыков,
что требует нового подхода к организации учебно-воспитательного процесса. Модернизация
20
системы повышения квалификации педагогических работников способствовала профессиональному
росту педагогов для достижения поставленных задач Президентом.
Цель. Определить влияние деятельности сертифицированных учителейна результаты
качество учебного процесса.
Методы. Беседа, теоретический анализ, обобщение
Результат.
1.
Рост качества знаний учащихся во II четверти в сравнение с I 2015-2016 учебного года
составляет 3,5%;
2.
Положительная динамика роста призеров олимпиад, НОУ, интеллектуальных игр;
3.
Наличие креативной образовательной среды, дающей возможность творческой
самореализации субъектам образовательного процесса – учащимся и педагогам
Вывод. В результате деятельности сертифицированных учителей наблюдается рост
качества преподавания и обучения. Учителя активно осваивают методы организации рефлексии
учащихся на уроках и саморефлексии в отношении собственной педагогической практики.
Ключевые слова: cертифицированный учитель, уровневые курсы, практика преподавания и
обучения.
Достарыңызбен бөлісу: |