Педагогикалық жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет28/78
Дата31.03.2017
өлшемі10,03 Mb.
#10992
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78

Список литературы: 

1. Назарбаев Н.А. «Новый Казахстан в новом мире».- Астана, Акорда, 2014. 

2. Новые педагогические технологий в системе образования.- М.: Академия, 2000г. 

 

 



Омиртаева Ельназ Шакеровна 

КМҚК «№9 «Айгөлек» ясли –бақшасы» 

қазақ тілі мұғалімі 

Семей қаласы 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ  

ТІЛ МƏДЕНИЕТІНЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ 

 

АННОТАЦИЯ



  

 

Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту өзекті мəселелердің бірі болып 



табылады.  Мақалада  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тіл  мəдениетіне  баулуға  бағыт – бағдар 

берілген.  Сонымен  қатар  қандай  жұмыс  түрлерін,  көркем  материалдар,  халық  ауыз  əдебиет 

шығармаларын қолдану жолдары көрсетілген. 

 

Түйінді сөздер: тіл дамыту, тіл мəдениеті, ерекше дыбыстар, тіл кемшіліктері 

АННОТАЦИЯ 

 

На сегодняшний день проблема развития речи детей дошкольного возраста остается одной из 



самых  актуальных.  В  статье  указаны    направления  для  развития  звуковой  культуры  речи 

178 

 

дошкольников.  Наряду  с  этим  показаны  виды  работ,  использование  материалов  художественной 



литературы и  устного народного творчества. 

 

Ключевые слова: развитие речи, звуковая культура, специфические звуки, дефекты речи 

ABSTRACT

 

Today, the problem of language development of preschool children remains one of the most important. 

The article indicated the direction for the development of the sound of speech of preschool children. At the 

same time it shows the types of work, use of materials and literature folklore.  

Keywords: Speech development, sound culture,  specific sounds, speech defects. 

 

Жалпы  білім  беру  жүйесінің  алғашқы  сатысы  болып  есептелетін  мектепке  дейінгі 

мекемелерде  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  дүниетанымы,  санасы,  зердесі,  тілінің  дамуы, 

сөздік қорының молаю, сөзге қызығылушығы жедел қалыптасатыны ғылымда дəлелденген. 

Əр  халықтың  ұлттық  дəстүрінің,  сана  сезімінің,  сөйлеу,  ойлау  тілінің,  мінез-құлқының, 

мəдениеті  мен  əдебиетінің  айрықша  белгілері  тіл  арқылы  бейнеленеді.  Соңдықтан  баланы 

дұрыс сөйлеу білуге үйретудін маңызы зор. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде 

қалыптасады.  Бұл  кезеңде  баланың  қалыпты  дене  жəне  ой  дамуына  қажетті  қозғалыстағы 

таным  мен  іскерлігі  артады.  Соңғы  кезде  балалар  арасында  сөйлеу  тілінің  бұзылуы  жиі 

кездесетін құбылысқа айналып барады. Сөйлеу тілі бұзылған баланың белсенді қозғалуында 

белсенді жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтын ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар 

байқалады.  Қолдың  ұсақ  моторикасы  мен  қимыл-қозғалыстарын  дамыту  жумыстары 

маңызды  болып  табылады.  Балалардың  дыбысты  дұрыс  айтуын  түзету  жұмыстары,  оның 

жеке  тұлғалық  белгілерін  психолог,  логопед  мамандарымен  бірлесе  отырып  анықтап  алу 

қажет.  Балалармен  күнделікті  жұмыста  əр  баланың  жеке  қабілетін  ескере  отырып,  жалпы 

жəне арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет. Ойын 

жаттығулары балаларға қызықты, тартымды болуы тиіс. 

Баланың  тілін  дамытуда  сөйлеу  басты  рөл  атқарады.  Сөйлеудің  негізгі  жəне  басты 

өлшемі  қарым-қатынас  құралы  ретінде  коммуникативтік  қызмет  атқарады.  Бала  əлеуметтік 

қарым-қатынасқа  түсуде  ақпарат  алысады.  Тілдің  коммуникативтік  қызметінін  бұл 

аспектілерін  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  белсенді  менгереді.  Дəл  осы  тілдік  қызмет 

баланың  тілді  меңгеруіне  ықпал  етіп,  фонетика,  лексика,  грамматикалық  тұрғыда  дұрыс 

сөйлеуі мен диалогтық сөйлеуді игертеді. 

Тіл дамытудын негізгі міндеттерінін бірі – балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі. Біз 

балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, 

оның атын атай білуге, қасиетімен сапасын, түр-түсін жəне пішінін ажырата білуге, өмірдегі 

қоршаған  ортадағы  түрлі  құбылыстар  жайындағы  ұғым  түсініктерін  дамыта  отырып, 

белсенді  түрде  тілдік  қарым-қатынас  жасай  білуге  үйретеміз.  Балалардың  сөздік  қорын 

дамытуда  ойын,  тапсырма  жаттығулардың  орны  ерекше.  Ойын  бала  тілінің  дамуына 

ықпалын  тигізіп,  таным  белсенділігінің  дамуына  жол  ашады.  Балаларды  тіл  мəдениетіне 

тəрбиелеу,  сөздік  қорды  дамыту  жұмыстары  бақылау,  заттарды  қарау,  жұмбақ  шешу  жəне 

құрастыру,  саяхат,  ойын  барысында  дамытылады.  Кішкентай  сəбилер  сөз  ішіндегі  кейбір 

дыбыстарды  айтуға  қиналады.  Бала  тіліндегі  дыбыстық  кемшіліктер  мына  түрде  кездеседі: 

сөз ішінде дыбысты дұрыс айтпау, дыбысты алмастыру (қолғап-қолбақ, орамал-омарал т.б). 

дыбыстарды  дұрыс  айтуға  жаттықтыру  жұмыстарын  басқа  сабақтарда  да  (шығарма  оқу, 

дидактикалық  ойын,  бақылау)  мазмұнына  қарай  жүргізуге  болады.  Бала  оқу  жылы  ішінде 

бағдарламада көрсетілген дыбыстарды түгелдей дұрыс айтып үйренуі  тиіс. 

Жоғарыда аталған тіл кемшіліктерін түзету үшін ең алдымен баланың айтуына қиын р, 

ш,  з,  с,  ж,  т,  қ,  ғ  дыбыстары  жиі  кездесетін  сөздерді  тындата  отырып,  онын  есту  қабілетін 

дамыту, сөздін дыбысталу ерекшілігіне төселдіру. Соңынан осы дыбыстарды жекелеп айтып, 

сөйлеу  мүшелерін  дұрыс  қоя  білуге  үйрету,  көрсетіп  жаттықтыру  қажет: «Ш»  дыбысын 

айтқанда  ерін  алға  сəл  сүйірленіп,  тілдін  ұшы  тілден  алыстап,  артқы  көмейге  қарай 

жиырылады. Іштен жылы ауа шыққаны байқалады. «Ж» дыбысында «Ш» сияқты айтылады. 

«С» дыбысын айтқанда ерін ғана ашылып, тіл астынғы тістің түбіне таяу тіреліп, салқын ауа 

білінеді. «З»  дыбысы  «С»  дыбысы  сияқты  айтылады.  Мұндағы  ерекшелік – аздаған  үн 


179 

 

қатысы бар. Осылайша балаларға жеке дыбыстарды айтқыза отырып, ойын əдісін түрлендіре, 



сөйлеу  аппаратын  дұрыс  қолдануға  үйрету  қажет.  Мұндайда  ойын  мен  көрнекілік  əдісті 

баланың  көру,  тындау  қабілетін  дамытуға  қатар  қолдануға  болады.  Ең  алдымен 

ойыншықтарды  көрсетіп,  олардын  атын  айтқызу,  дауыссыз  дыбыстар  жиі  қолданылатын 

сөздерді  қатыстыра  отырып  үйрету  қажет.  Ойын  үстінде  айтуға  қиын  дыбыстардың  жиі 

қолданылуына  көніл  бөлінуі  керек.  Мұндайда  хормен  айтқызу  əдісін  жекелей  айтқызумен 

қайталап  жалғастырудың  орны  бөлек.  Дыбысты  дұрыс  айтуға  үйрету  үстінде  қозғалмалы 

ойын  əдісі  тиімді  емес,  өйткені  балалардың  зейіні  ойын  əрекетіне  ауады  да,  дыбыстарды 

дұрыс  айтуға  жаттығу  назардан  тыс  қалады.  Естияр  балалар  тіліндегі  бірінші  ерекшелік – 

сөздін дыбысталу жағын дұрыс айтуға қабілетті бола бастайды. Олардың фонетикалық есту 

сезімі  жетіле  түседі.  Бұл  жағдай  жеке  сөздердін  дыбыстық  жағын  дұрыс  айтуына  негіз 

болады.  Екінші  ерекшелігі – олар  өзінің  сөйлеу  тіліндегі  мүкістікті  байқамайды,  сөздерді 

дұрыс қолдану керектігін ескермейді, артикуляциялық аппараттарды дыбыстау жағынан əлі 

толық  жетілмегендіктен  кейбір  дыбыстарды  қате  айтады.  Сондықтан  оларды  сөздің 

дыбыстық  жағын  дұрыс  айтуға  жаттықтыру  жұмысы – тіл  дамыту  ісінің  негізгі  бір  бөлігі 

болып  табылады.  Өзім  жұмыс  істейтін  топтағы  балалардың  сөйлеу  дəрежесін,  сөз  қолдану 

ерекшелігін бақылап, есепке алу кестесін жүргізіп отырамын. Бұл жұмыс балабақшаға алғаш 

келген  күннен  басталады.  Ұйымдастырылған  оқу  іс-  əрекеттен  тыс  уақыттарда  түрлі 

суреттер  мен  ойыншықтарды  пайдалана  отырып,  əр  баламен  жеке  сөйлесіп,  сөйлеу 

дəрежесін,  сөз  қолдану  ерекшелігін  бақылап  отырамын.  Бұл  жұмыс  балабақшаға  алғаш 

келген  күннен  басталады.  Сонымен  қатар  ұйымдастырылған  оқу  іс-  əрекеттен  тыс 

уақыттарда  мен  балалармен    жеке  сөйлесіп,  сөйлеу  дағдысындағы  жетістік,  кемшіліктерді 

анықтап  отырамын.  Баланың  тіл  мүкістігін  түзету  үшін  өтілетін  ұйымдастырылған  оқу  іс- 

əрекеттін мазмұны бірнеше бөлімнен құралады. Ұйымдастырылған оқу іс- əрекеттін бірінші 

бөлімінде үйрету мақсаты қойылады. Мысалы: «Бүгін (Р) дыбысын дұрыс айтып үйренеміз» 

-  деп,  сонан  соң,  жеке  дыбыстарды  айтқанда  сөйлеу  мүшелерінің  қандай  жағдайда 

болатынын  көрсетеді.  Оқу  іс - əрекетінің  екінші  бөлімінде  сол  дыбыс  қатысатын  сөздерді 

айтқызып  жаттықтырамын.  Педагог  өзі  бірнеше  суретті  (р  немесе  л  дыбысы  қатысатын) 

көрсетеді,  балалар  оңдағы  заттарды  айтады.  Балаларға  өз  ойларынан  бірнеше  мысал  айту 

ұсынылады. Олар жауап береді. Оқу əрекеті соңында сол дыбыстар қатысатын өлен, тақпақ 

не  жаңылтпаш  оқылады.  Жаңылтпаш  жаттығулар  арқылы  «Р»  дыбысына  тілі  келіп  сөзді 

мүдірмей айтуға үйренген баланың қуанышы қойнына  сыймай, өмірдің өткелінен өткендей 

əсер алады. 

3-4 жасқа дейінгі балалардың суретті кітаптарды қызыға қарайтыны белгілі. Сондықтан 

оларға  суреті  айқын  кітапшаларды  көрсетіп,  мазмұнын  айтып  беру  ыңғайлы.  Бұл  жастағы 

сəбилерге  оқиғасы  сəтті  аяқталатын,  қорқыныш  сезімін  тудырмайтын  халық  ауыз  əдебиеті 

нұсқауларын жатқа айтып беріп, ойната тыңдату тиімді. Көркем əдебиет арқылы бала тілін 

дамытуда тек қана ертегіні оқып беріп қана қоймай, ертегіні рөлдерде бөліп сахналату бала 

тілін  дамытуға  зор  ықпалын  тигізеді.  Балабақшада  тағы  бір  жүргізілетін  жұмыстын  түрі – 

санамақтар.  Санамақтарды  халық  негізінен  балаға  сан  үйрету  мақсатымен  шығарған. 

Санамақтар  əрі  сан  үйретеді,  əрі  дүние  танытады,  баланың  қисынды  ойлауымен  мен 

математикалық  ойлау  қабылетін  дамытады.  Сəби  тілін  дамытуда  мақал – мəтелдердің  де 

алатын  орны  ерекше.  Балаға  айтатын  ақыл  өсиет,  өнеге,  əсерлі  əрі  ойда  қалатындай  мəнді 

болуы  керек.  Тіл  дамытуға  көркем  əдебиет  түрлерін  орынды  пайдалана  білген  педагог 

баланың түсінігін кеңейтіп, ұғымын байытады. 

Балабақшадағы  тəрбиелеу  мен  оқыту  ісінің  бір  ерекшелігі  көрнекіліксіз  іске  аспайды. 

Соңдықтанда  да  əрбір  ұйымдастырылған  оқу  іс - əрекетінде  көрнекілікті  басшылыққа  ала 

отырып  еңбек  етемін.  Біздін  балаларымыз  бақытты  болуға  лайықты.  Бұл  тек  қана  баланың 

жеке тұлға ретінде дамуына қажетті жағдай туғызғанда ғана мүмкін болмақ. 



 

 

 

180 

 

Қолданылған əдебиет: 

1.  Дурова  Н.В. – Əдістемелік  құрал. «Фонематика.  Как  научить  детей  слышать  и 

правильно произносить звуки».– Мозаика – Синтез, 2000. 

2.  Корнев  А.Н.,  Старосельская  Н.  Е. – Əдістемелік  құрал  «Как  научить  ребенка 

говорить, читать и думать»., «Паритет», 1999. 

 

 

Пономарева Екатерина Александровна,  



преподаватель английского языка 

Молдакаликова Асель Акелбековна, 

преподаватель английского языка 



Буранова Асем Бисенбааевна, 

зав. каф. английского языка 

г.Костанай 

 

ФОРМИРОВАНИЕ ТОЛЕРАНТНОЙ ЛИЧНОСТИ  



НА ЗАНЯТИЯХ АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА 

 

АННОТАЦИЯ 



Төзімділікті  дамытып  қолдану  қазіргі  əлеуметтік  тапсырысы  бойынша      студенттерді 

болашақ маман əрекетіне дайындаудан туындайды.Берілген мəселені яғни оның ғылыми мəртебесін 

анықтау,ғылыми  дəлелдеу  жəне  төзімділікті  дамытудың  жолдарын  іздеу      ағылшын  тілінен 

практикалық грамматика пəні оқыту барысында қажеттілігі туындайды. 

Түйінді сөздер: төзімділік, өзараəрекет, тəрбие процессі,оқу процессі 

АННОТАЦИЯ 

Реализация  идеи  развития  толерантности  обусловлена  современным  социальным  заказом 

подготовки  студентов  к  будущей  профессиональной  деятельности.  Возникает  необходимость 

изучения данной проблемы, определения ее научного статуса, научного обоснования и поиска путей 

развития толерантности в процессе изучения дисциплины «Практическая грамматика английского 

языка».  

Ключевые 

слова 

толерантность, 

взаимодействие, 

интолерантное 

поведение, 

воспитательный процесс, учебный процесс. 

ABSTRAC



Тhe idea of tolerance development is determined by the modern social order of student training to 

the future professional activity. It is necessary to study this problem, its scientific status determination

searching the ways of tolerance development in the process of “Practical English grammar” studying 

Keywords: tolerance, interaction, intolerant behavior, up-bringing process, educational process. 

 

В современной жизни понимание толерантности неоднозначно и неустойчиво, по этой 

причине  понятие  толерантности  имеет  довольно  широкий  диапазон  интерпретаций.  Так,  в 

современном  английском  языке,  толерантность  означает  готовность  и  способность  без 

протеста  воспринимать  личность  или  вещь;  во  французском – позволять,  допускать, 

проявлять  великодушие  в  отношении  других.  Широкую  гамму  чувств,  отношений  понятие 

«толерантность»  выражает  в  арабском  языке,  где  оно  употребляется  в  значении  прощения, 

снисхождения, мягкости, сострадания, благосклонности, расположенности к другим людям, 

в русском языке наиболее близким по значению понятию «толерантность» является термин 

«терпимость»,  что  в  обыденном  употреблении  означает  способность,  умение  терпеть, 

мириться с чужим мнением.  

В Костанайском педагогическом колледже работают научно-исследовательские группы 

(НИГ).  Студентка  второго  курса  Исмагулова  И.,  будучи  членом  НИГ,  совместно  с 

преподавателем  Бурановой  А.Б.  работают  над  проблемой  формирования  толерантной 

личности на занятиях английского языка.   

Проблема  формирования  толерантного  сознания  и  поведения  особо  актуальна  в 

организации  воспитания  молодого  поколения,  которое  в  силу  возрастных  особенностей  не 


181 

 

имеет  необходимых  знаний,  позволяющих  с  достаточной  глубиной  понимать  современные 



проблемы  социального  взаимодействия,  не  имеет  психологической  готовности  к 

толерантному взаимодействию. Задачей особой важности, как отмечают ООН, ЮНЕСКО, – 

является формирование толерантного сознания и поведения у студенческой молодежи [1].  

Студенты  часто  оказываются  погруженными  в  агрессивную  образовательную  среду, 

встречаются  с  интолерантным  сознанием  и  поведением  самого  педагога,  вольно  или 

невольно  ориентирующего  соответствующим  образом  и  студента.  В  такой  стрессовой 

ситуации  психика  юношей  и  девушек  закономерно  реагирует  последовательностью 

эмоциональных реакций: растерянность, агрессия (часто вербальная), которая проявляется в 

конфликте с сокурсниками, соседями по комнате в общежитии, с преподавателями. 

На  первом  этапе  работы  НИГ  одной  из  задач  являлось  исследование  уровня 

толерантности  студентов.  Для  эксперимента  были  выбраны  студенты  первого  курса 

специальности «Начальное образование», так как именно в этот период (адаптации) студент 

наиболее  подвержен  агрессии  и  проявлению  недоброжелательности  по  отношению  к 

сокурсникам, к преподавателям. 

Перед  НИГ  стояла  задача:  определить  уровень  сформированности  толерантности  у 

студентов. Для этого куратором группы первого курса Молдакаликовой А.А. был проведен 

кураторский час «Толерантен ли я?», где студентов ознакомили с основными понятиями по 

теме,  провели  анкетирование,  на  определения  уровня  сформированности  толерантности, 

провели ряд тренингов на формирование толерантности.  

Таким  образом,  по  результатам  анкетирования,  толерантность,  как  ценностный 

компонент, занимает далеко не первое место в общем списке, предоставленного студентам: 

1.  Мир  

2.  Семейное счастье  

3.  Друзья 

4.  Сотрудничество  

5.  Карьера  

6.  Удовольствия 

7.  Материальное благополучие 

8.  Здоровье 

9.  Родители  

10.  Общение 

11.  Культура 

12.  Успех 

13.  Свобода (в поступках, действиях)  

14.  Любовь 

15.  Работа  

16.  Жизнь 

17.  Профессионализм  

18.  Терпимость, толерантность 

19.  Честь 

20.  Чуткость 

21.  Совесть 

22.  Сострадание, сопереживание 

23.  Познание себя  

24.  Самосовершенствование 

 


182 

 

Проведя ряд анкетирований и опросов, НИГ перешла к своей практической части. На 



данном  этапе  необходимо  разрабатывать  и  включать  во  время  занятия  практических 

упражнений  по  формированию  толерантности.  Для  этого  была  выбрана  дисциплина 

«Практическая  грамматика».  На  каждом  занятии,  на  том  или  ином  этапе,  преподаватель 

вводит задание с целью формирования толерантности.  

Например: 

Тема 1: «Modal verbs» (модальные глаголы) 

Задание: используя модальные глаголы, составить памятку для студентов колледжа по 

толерантному поведению. 

Ключевые  слова:  любовь,  уважение,  терпение,  интерес,  уверенность,  желание, 

трудолюбие, упорство.    

Тема 2: «Adjectives. Degrees of comparison» (Степени сравнения прилагательных) 

Задание 1: запишите 10 прилагательных  на  английском  языке,  касающихся  твоего 

соседа по парте.  

Задание 2: преобразуйте эти прилагательные в сравнительную и превосходную форму. 

Ключевые  слова:  добрая,  красивая,  вежливая,  воспитанная,  счастливая,  заботливая, 

отзывчивая, хорошая, веселая, общительная. 

Такого  рода  задания  укрепляют  межличностные  отношения,  содействуют  формирова-

нию толерантного отношения друг к другу.. 

В  конце  каждого  занятия  преподаватель  проводит  рефлексию:  например,  студентам 

предлагается  экспресс - опрос  «Как  мне  удалось  общение  с  сокурсниками  на  занятии?» 

[2,С.:98, 109, 139].  

«Уважаемый студент! Ответив на вопросы, подумайте о коррекции своего поведения в 

возможных ситуациях общения» 

Инструкция: подчеркните только одну позицию в каждом из предложенных вопросов: 

1) Стремились ли вы быть терпеливым в общении: да, нет, не совсем уверен;  

2) Выполнили ли вы правила этикета общения? Да, нет, не совсем уверен; 

3) Сумели ли вы не заметить недостатки других: да, нет, не совсем уверен;  

4)  Сориентировались  ли  вы  в  личности  партнера  по  общению,  в  его  сиюминутном 

состоянии? Да; нет, не совсем уверен. 

Таким  образом,  такого  рода  занятия  подводят  студентов  к  пониманию  того,  что 

«окультуривание» деловых и межличностных отношений является необходимым моментом 

развития цивилизованных форм общения, помогает осознать, что шансы на успех возможны 

только  тогда,  когда  наше  сознание  открыто  для  диалога,  возможного  признания  своей 

правоты или неправоты, толерантного отношения к партнерам, коллегам. 

 Опираясь  на  утверждения,  что  толерантность - терпимое,  уважительное  отношение  к 

людям,  признание  за  каждым  человеком  права  иметь  собственные  взгляды,  принципы, 

отношения к происходящему, вполне можно сделать вывод, что в педагогической практике 

толерантность предполагает терпимость более сильного, опытного человека к более слабому, 

включает умение педагога управлять своим поведением. То есть толерантность понимается 

как  терпеливость,  выносливость  педагога  по  отношению  к  поведению  учеников  и  коллег. 

Толерантность  лежит  в  основе  взаимного  доверия  и  понимания.  Она  помогает  предупреж-

дать  конфликты  и  преодолевать  их  неблагоприятные  последствия.  Кроме  того,  толерант-

ность способствует проявлению доброжелательности, помогает налаживанию психологичес-

кого климата в педагогических коллективах, учебных группах, а также в отношениях педа-

гогов с учащимися и их родителями. 

 

Список литературы: 

1.  Декларация  принципов  толерантности:  Утв.  Резолюцией 5.61 Генеральной 

конференции ЮНЕСКО от 16 ноября 1995 г. // Учит, газета. – 2000. – №. 37. – С. 21. 

2.  Морева Н.Л. Педагогика среднего профессионального образования. – М.: Кафедра-

М, 1999. – 298 с. 



183 

 

3.  Аширбагина  Н.Л.  Педагогические условия развития толерантности у  студентов 



учреждений  системы  среднего  профессионального  образования  в  процессе  обучения: 

[Электронный ресурс] : Дис. ... канд. пед. наук : 13.00.01. – Омск: РГБ, 2006  

 

 

Рағатова Мөлдір Олжабайқызы 



ҚМПИ құқық магистрі, аға оқытушы, Қостанай қ-сы; 

Балықбаева Гүлнар Шарифжанқызы 

АрМПИ педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, Арқалық қ-сы; 



Жұмабаева Жания Нұрғазықызы 

ҚМПИ тарих ғылымдарының магистрі, оқытушы, Қостанай қ-сы. 

 

БІЛІМ БЕРУ РЕФОРМАСЫНДАҒЫ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ 

ЖƏНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 

 

АННОТАЦИЯ 



Мақалада  білім  беру  реформасындағы  бағалау  мəселесі  қарастырылған.  Соның  ішінде 

авторлар критериалды бағалаудың теориялық аспектісіне тоқтала отырып, оның ерекшеліктерін 

ашуға тырысқан. 

Түйінді  сөздер:  реформа,  модернизация,  бағалау,  критериалды  бағалау,  қалыптастырушы 

бағалау, жиынтықты бағалау 

АННОТАЦИЯ 

В  данной  статье  рассматривается  оценивание  в  реформировании  образования.  Авторы 

остановившись  на  теоретическом  аспекте  критериального  оценивания  пытаются  раскрыть  его 

особенности. 

Ключевые  слова:  реформа,  модернизация,  оценивание,  критериальное  оценивание, 

формативное оценивание, суммативное оценивание 

ABSTRACT 

This article discusses the evaluation of educational reform. Authors focusing on the theoretical aspect 

of the criteria-based assessment trying to discover its features. 

Keywords:  reform, modernization, evaluation, criteria-based assessment, formative assessment, 

summative assessment. 

 

Қазақстан  білім  саласында  кең  көлемді  реформалар  жүргізіліп  жатқан  мемлекеттер 



қатарына  кіреді.  Бұл  реформаның  мемлекетіміз  үшін,  мемлекетіміздің  болашағы  үшін 

маңызы  зор.  Қазақстан  Республикасының  Президенті,  Елбасы  Н.Ə.Назарбаев  жыл  сайынғы 

халыққа жолдауында білім саласына ерекше көңіл бөлуі бұған дəлел.  

Мемлекетіміздің  болашаққа  бағыт-бағдар  беруші  негізгі  кұжаты  «Қазақстан 2050» 

Стратегиясында: «Біздің басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған 

экономиканың  жəне  жалпыға  ортақ  еңбектің  негізінде  берекелі  қоғам  құру» [1] деп, 

Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру үшін нақты 

мақсаттар жүктелген болатын. Бұл мақсатқа жету үшін білім саласындағы модернизациялау 

басты бағыттардың біріне айналып отыр. 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасында: «Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты 

білім  беру  жүйесін  жаңа  əлеуметтік-экономикалық  ортаға  бейімдеу  болып  табылады. 

Болашақтың  табысты  экономикасы  білім  беруіне,  халықтың  дағдылары  мен  қабілетіне 

инвестициялайтындар  болмақ.  Білім  беруді  əлеуметтік  қажеттіліктерге  жұмсалатын 

шығындар  ретінде  ғана  емес,  экономикалық  инвистиция  ретінде  түсіну  қажет.  Білімге 

негізделген  экономика  жəне  қоғам,  өмір  бойы  оқыту - бəсекеге  қабілеттілік  пен  жаңа 

технологияларды  қолдану  проблемаларын  шешудің,  əлеуметтік  бірлікті,  тең  мүмкіндіктер 

мен  өмір  сапасын  жақсарту  тəсілдері  болуы  тиіс» [2] деп  білім  берудің  негізгі  мақсаты 

айқындалған. 


184 

 

Білім саласында жүргізіліп жатқан реформалар əлем тəжірибесіне негізделіп отыр. Осы 



салада 2011 жылдың  қараша  айында  құрылған  «Назарбаев  зияткерлік  мектептері»  ДББҰ 

Педагогикалық  шеберлік  орталығының  қызметін  ерекше  айтып  кетуге  болады.  Аталмыш 

орталық  қызметінің  негізгі  бағыттарының  бірі  əлемдік  тəжірибеге  сəйкес  қазақстандық 

педагогтердің  біліктілігін  арттыру.  Мектеп  мұғалімдерінің,  педагогикалық  ЖОО 

оқытушыларының  біліктілігін  арттыруда  орталық  жеті  модульден  тұратын  курстар 

жүргізуде.  Əр  модуль  білім  беру  саласындағы  өзекті  проблемаларды  қамтыған.  Соның 

ішінде бізді қызықтырған модуль оқу үшін бағалау жəне оқуды бағалау болып отыр. 

Бағалауды жаңғырту білім беру процессінде кез-келген жүйелі өзгерістерге мүмкіндік 

беру  үшін  қажет.  Жаһандық  өзгерістер  білім  алушылардың  болашақта  еңбек  нарығында 

олардың  жетістіктері  үшін  қажетті  дағдылармен  қамтамасыз  етуін  талап  етеді.  Бүгінгі  күні 

функционалды сауаттылықты дамыту білім, түсіну, қолдану, жүйелеу жəне жинақтау сияқты 

критерийлер  бойынша  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  жаңа  тəсілдерін  талап  етуде.  Мектеп 

оқушыларының  білімін  бағалауда  қолданылып  жүрген  жүйедегі  бағалар (2,3,4,5) не  үшін 

қойылатындығы  нақты  анықталмаған  жəне  субъективті  деңгейде  қалып  отыр.  Бағалау 

қызметі  білім  алушыға  анық,  əділ,  əрі  түсінікті  болуы  керек.  Ал  ол  үшін  бағалауға 

қойылатын  критерийлер  нақты  болғаны  жөн.  Əлемнің  бірнеше  елдерінде  бүгінгі  күні 

критериалды бағалау қолданылуды. Қазақстанда бағалаудың бұл түрін Назарбаев Зияткерлік 

мектептері оқу процесінде кеңінен қолдануда.  

Бағалау - оқу  дəлелдері  жоспарлы  жəне  жүйелі  жинақталатын  жəне  де  оқу  сапасы 

туралы  қорытынды  қабылдау  үшін  қолданылатын  кез  келген  қызметті  сипаттайтын  ұғым. 

Бұл  ұғым  екі  аспектіні  көздейді:  оқуды  бағалау  жəне  оқу  үшін  бағалау.  Бағалаудың  түрлі 

нысандары  олардың  оқуды  жақсарту  əлеуеті   тұрғысынан  сипатталған  жəне  бағытталған. 

Оқуды критериалды  бағалауды зерделеуге бағытталған. «Бағалау» термині «жақын отыру» 

деген сөзді білдіреді. Бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау 

жағдайында  өзінің  дербес  ойлауын,  түсінігін,  тəртібін  мұқият  бақылауы  болып  табылады. 

Бұл  ресми  тестілер,  емтихандардан  бастап,  мұғалімдер  күніне  жүз  рет  өткізетін  бейресми 

бағалауға  дейінгі  бүкіл  бағалау  түрлерін  қамтиды.  Бір  тестілер  қолдағы  қарындаш  пен 

қаламның көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы əдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға 

негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тəн жəне олар төмендегілерді 

қамтиды: 

- қадағалау; 

- алынған мəліметтер интерпритациясы; 

- бұдан арғы іс-əрекеттерді анықтауға бағытталған қорытынды. 

Мұғалімнің бағалаудағы ролі: 

- Мұғалім   тəлімгер  ретінде - кері  байланысты  жəне  əр  оқушыға  қолдау  көрсетуді 

қамтамасыз етеді; 

- Мұғалім   жетекші  ретінде - топтағы  ағымдағы  жұмыс  үдерісіне  алып  жүру  үшін 

диагностикалық ақпарат жинастырушы; 

- Мұғалім  есепке  алу  маманы  ретінде - оқушылардың  өсуі  мен  жетістіктері  туралы  

жазу; 


- Мұғалім   баяндамашы   ретінде - оқушылардың  өсуіне  қатысты  ата-аналарына, 

оқушыларға жəне мектеп əкімшілігіне  баяндау. 

Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары: 

1. Оқыту мақсатымен бөлісу. 

2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу. 

3. Өзін-өзі жəне құрбыларын бағалау. 

4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен 

қамтамасыз ету. 

5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына  сенімділігін дамыту. 

6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау жəне ойластыру. 



185 

 

«Критериалды  бағалау»  анықтамасын  алғаш  рет 1963 жылы  Роберт  Глейзер  енгізген 



болатын. Критериалды бағалаудың мəні оқушының іс-əрекеті алдын-ала белгілі критерийлер 

арқылы бағаланатындығында.  

Критериалды  бағалау  Пиаженің  конструктивистік  теориясына  сүйенеді.  Яғни 

оқугшының  білгені,  үйренгені  жəне  қандай  дағдыларды  меңгергені  негізінде  өз  түсінігін 

қалыптастыратын тұлға ретінде қарастырылады. Жəне де критериалды бағалау технологиясы 

арқылы оқушылардыңоқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастырып дамытуға болады. 

Пиаженің ойынша, оқыту мен оқуды жаңа материалда біріктіріліп, оқушының түсінігі 

мен  тəжірибесіне  енгізілуі  қажет.  Бұл  оқушыларға  өз  кезегінде  дағдыларын  дамытуға, 

рефлексия арқылы негізгі ұстанымдарын болашақта қолдануға мүмкіндік береді. Əрбір білім 

беру  бағдарламасында  сыныптар  бойынша  пəнді  меңгеруге  қажетті  дағдылар  тұрғысынан 

оқу мақсаттарында күтілетін нəтижелер анықталады [3].  

 Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, 

оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-əрекеттер тізбесі. 

 Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде 

 жарыса, бəсекелесе білім алуға қол жеткізеді.  

 «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  Білім  сапасын  бағалау  департаменті 

қабылдаған  «Критериалды  бағалаудың  кіріктірілген  моделі»  əдістемелік  нұсқаулығында 

критериалды  бағалауға  мынадай  анықтама  берілген: «Критериалдық  бағалау - бұл  білімнің 

мақсаты  мен  мазмұнына  сəйкес  келетін,  оқушылардың  оқу-танымдық  біліктілігін 

қалыптастыруға  себепші  болатын,  айқын  анықталған,  ұжыммен  шығарылған,  білім 

процесінің  барлық  қатысушыларына  алдын  ала  белгілі  критериялармен  оқушылардың  оқу 

жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс» [3]. 

Критериалды бағалау келесі міндеттерді шешеді: 

1.  Бағаны оқушы үшін де, оқытушы үшін де объективті жəне əділ көрсету; 

2.  Білім алушыға білімінің шегін анықтауға мүмкіндік беру; 

3.  Білім алушы мен білім берушіге объективті жəне қолдаушы кері байланысты орнату. 

4.  Білімді  меңгерудің  жыл  аяғындағы  ғана  емес,  күнделікті  білім  алудың  даму 

динамикасын айқындауы; 

5.  Білім  алушы  сабаққа  қызығушылығын,  белсенділігін  арттыруы.  Бағаға  қарсы  теріс 

көзқарастың болмауы; 

6.  Білім  алушы  білімінің  жүйеленуі,  тереңдеуі,  есте  сақтауы.  Білім  алушыны 

табандылық пен шыдамдылыққа тəрбиелеуі; 

7.  Білім  алу  барысындағы  қиындықты,  қателікті,  білім  олқылықтарын  жəне  оның 

себептерін дер кезінде анықтауы; 

8.  Білім алушының білім алу үдерісін  қадағалап,  дəл жəне жедел түрде сапалы білім 

алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы; 

9.  Білім  алушының  барлық  жұмыс  түрлерін  бағалауы. (өзіндік  жұмыс,  ағымдағы 

бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б) 

10. 

Баға сапасын арттыру. 



Осы  міндеттерді  шешуде  бағалауға  қойылатын  критерийлердің  маңызы  зор.  Бағалау 

критерийлерін дайындауда оқытушы білім алушының ойын ескере отырып жасағаны абзал. 

Критериалды  бағалау  қалыптастырушы  бағалаудан,  ішкі  жиынтық  бағалаудан  жəне 

сыртқы жиынтық бағалаудан тұрады. 

Қалыптастырушы  бағалау  (ҚБ) - оқу  бағдарламасына  сəйкес  сабақ  беру  жəне  оқыту 

бөлігі ретіндегі мұғалімдердің жүргізетін ағымдағы бағалауы.  

Ішкі  жиынтық  бағалау  (ІЖБ) -  тоқсан  аяғында    оқу  блогын  оқып  бітіруде  оқу 

дағдыларын  жəне  білімнің  қалыптасқанын  анықтайтын,  мектептердің  өзі  дайындап  жəне 

өткізетін бағалауы. 

Сыртқы  жиынтық  бағалау  (СЖБ) - бастауыш,  негізгі  жəне  жоғарғы  мектептерді 

бітіргенде  куррикулум  жəне  бағалау  моделіне  сəйкес  оқу  дағдыларын  жəне  білімнің 


186 

 

қалыптасқанын  анықтайтын,  мектептен  тыс  сыртқы  ұйымдар  дайындап  жəне  өткізетін 



бағалау. 

Заманауи бағалау жүйесі білім алушыны мақсат қоюға, мəселені көтеріп, оның түйінін 

шешуге, жоспар əзірлеуге, оны жүзеге асыруға, өз жұмысын талдауға, тұжырым жасауға, 

өзін-өзі бағалауға, бір сөзбен айтқанда функционалдық сауаттылыққа үйретеді.  

Қазіргі  заман  талабына  сай  критериалды  бағалау  болашақ  мамандарды  даярлауда 

бүгінгі білім  беру жүйесінде  зор маңызға  ие.   Өйткені  оқушылардың  білімділігі  ғана  басты 

рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, 

қоршаған  ортамен  дұрыс  қарым-қатынасу,  өзін-өзі  дамыту,  өзіндік  білімін  көтеру  сияқты 

мақсаттар  қойылған.  Критериалды  бағалау  бұл  мақсаттар  мен  міндеттердің  барлық 

талаптарына сай орайластырылған. 

Критериалды   бағалаудың  басты   ерекшелігі:  алдын-ала  ұсынылған  бағалау  шкаласы; 

анық,  айқындылығы;  бағаның  əділдігі;  өзін  бағалауға  мүмкіндіктің  берілуі.  Келешекте 

Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттырудың  деңгейлі 

бағдарламасы  аясында  ұйымдастырылған  курста  алынған  білімдерді  тəжірибемізде 

ұштастыру жоспарлануда.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет