Педагогикалық жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет33/78
Дата31.03.2017
өлшемі10,03 Mb.
#10992
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78

Список литературы: 

1.  Шакиров Р.Ф. Оценка учебных достижений учащихся. Методическое руководство. – 

Бишкек, 2012 

2.  Краснобородова А.А. Критериальное оценивание в школе. Учебное пособие. – 

Пермь, 2010 

3.  Вертьянова А.А. Технология критериального оценивания образовательных 

достижений учащихся. Учебно-методическое пособие. – Пермь, 2014 

4.  http://www.ibo.org 

5.  http://xs.msedu.ru/ms45/win/ivc/index.htm 

6.  http://omczo.org/publ/393-1-0-2830 

 

 

Хамзина Кулшат Бакытжановна 



ҚМПИ п.ғ.м., аға оқытушы,  

Қостанай қ-сы 

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ОҚЫТУШЫСЫ ИМИДЖІН  

ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ 

 

АННОТАЦИЯ 



Еңбек рыногындағы бəсекелестікте тек қана жоғары білікті маман болу аздық ететіндіктен  

əр  педагог  өзінің  имиджін  қалыптастыру  уақыт  мұқтаждығы.  Өйткені,  педагогтардың  кəсіби 

біліктілігінің  төмендігі,  оқушылармен  арадағы  педагогикалық  əдептілік  негіздерінің  олқылығы, 

педагогикалық  ортадағы  қарым-қатынастың  сəтсіздігі  жəне  т.б.  жағдайлар  бүгінгі  жоғары  оқу 

орны оқытушысы имиджін қалыптастыру қажеттілігін айқындайтын сияқты.  

Түйінді сөздер: имидж, педагог, жоғары мектеп, кəсіби маман. 

АННОТАЦИЯ 

 В условиях конкурентноспособности рынка труда недостаточно быть специалистом высшей 

квалификации, необходима потребность в формировании педагогического имиджа учителя. Низкий 

уровень  профессиональной  компотентности,  неудачи  во  взаимоотношении  в  педагогической  среде, 

т.д. определяют потребность в формировании имиджа преподавателя в высшем учебном заведении. 

Ключевые слова: имидж,  педагог, высшая школа, специалист. 

АBSTRACT 

Under competitiveness conditions of the labour-market it is insufficient to be an expert of higher 

qualification, it is necessary to form a pedagogical image of a teacher. Low level of professional 

competence, failures in the relations in a pedagogical environment and others determine the need in the 

formation of a teacher image in a higher educational institution. 

Key words:  image, teacher, expert, higher school

. 

 

Оқытушы əлеуметтік əділеттіліктің,  

адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.  

Спандияр Көбеев  

 

Мемлекетіміздің  өзіне  жəне  болашақ  тəрбиеленушілеріне  жеке  тұлғалық-гуманды 



позицияны ұстаушы, білгір де білікті мамандарды даярлауға деген қажеттілігі бірнеше өзекті 

проблемаларды қозғайды.  

Осындай өзекті мəселенің бірі – жоғары оқу орны оқытушысы имиджін қалыптастыру 

мəселесі.  Мұның  айғағы  Қазақстан  Республикасының  Президенті – Елбасы  Н.Ə.Назарбаев-



212 

 

тың  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 



Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Бəсекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз 

сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» - деп атап көрсетілген [1].  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаев 2007 жылғы 28-ақпандағы 

«Жаңа  əлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында  мемлекеттің  ішкі 

жəне сыртқы саясатының отыз басым бағытын айқындап, солардың бірі заман талабына сай, 

жоғары  сапалы,  халықаралық  стандарттарға  сай  білім  беру  екендігіне  тоқтала  келе: «Білім 

беру  реформасының  ойдағыдай  жүргізілуінің  басты  өлшемі – тиісті  білім  мен  білік  алған 

еліміздің  əрбір  азаматы  əлемнің  кез  келген  елінде  қажетке  жарайтын  маман  болатындай 

деңгейге  көтерілу.  Біз  бүкіл  елімізде  əлемдік  стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім  беру 

қызметін жолға қоюға тиістіміз» - деп атап көрсетілген [2]. 

Қазақстан  заңдары  білім  беруді  қоғамның  жəне  мемлекеттің  рухани,  əлеуметтік, 

экономикалық,  мəдени  дамуының  негізі  деп  жариялайды. «Білім  туралы»  заңда  білім  беру 

жүйесінің  басым  міндеттерінің  бірі:  еңбек  рыногында  бəсекеселесуге  қабілетті  білікті 

жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру [3].  

Қазақстан  Республикасындағы  Жоғары  педагогикалық  білім  берудің  басты  мақсаты 

оқушының  жеке  басының  қалыптасуы  мен  даму  мəселесін  шығармашылықпен  шешуге 

қабілетті  кəсіби  жағынан  компетентті  жаңа  формацияның  педагогын  даярлау  делінген. 

Концепцияда педагогтың құзіреттілігі үш тұрғыдан демек, жалпы мəдени (дүниеге көзқарас), 

əдіснамалық (психологиялық-педагогикалық) жəне пəндік-бағыттылық деп атап көрсетілген. 

Демек,  бүгінгі  мұғалімнің,  педагогтың,  тəлімгердің,  оқытушының  кəсіби  шеберлігін, 

компетенттілігін  жетілдіру  бүгінгі  педагогика  жəне  психология  ғылымдарының  ең  өзекті 

мəселелерінің бірі болмақ [4].   

Шығыстың ұлы ғалымы Əбу Насыр əл Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның 

бəрін жетік түсінген, көрген, естіген жəне аңғарған нəрселерінің бəрін жадында сақтайтын, 

олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса 

қанағатшыл,  жаны  таза  жəне  əділ,  жұртқа  жақсылық  жасап,  үлгі  көрсететін,  қорқу  мен 

жасқануды  білмейтін  батыл,  ержүрек  болуы  керек» – деген  болатын [5]. Осынау  қасиетті 

мамандық  иесі  болашақ  мамандарды  кəсіби-педагогикалық  даярлауда  жоғары  оқу  орны 

оқытушысы имиджін қалыптастырудың бүгінгі күнде алар орны ерекше екендігін білдіреді. 

Сондықтан,  білім  сапасын  арттырудың  негізгі  тетігі – ұстаз  екендігі,  сонымен  бірге  оның 

теориялық  білімі  мен  кəсіби  шеберлігі,  шығармашылық  қызметі,  ішкі  жан  дүниесі,  сыртқы 

келбеті – оның педагогикалық имиджін құрайтындығын көрсетеді. 

Қазіргі кездегі əлеуметтік-экономикалық жағдайда жоғары оқу орындарында білім беру 

үдерісінде  жаңа  авторлық  технологиялар  мен  оқу-тəрбие  барысында  шығармашылықпен 

шебер,  əрі  тез  шешім  таба  білетін  өз  жұмысында  қабілетті  жан-жақты  оқытушыларға  жаңа 

талаптар қойылып отыр. 

Еліміздің  ертеңі - болашақ  маманның  кəсіби  білімділігімен  өлшенеді.  Сондықтанда 

білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес бай қазынасы. Қазіргі уақытта 

педагогика,  психология  ғылымдарының  өзекті  мəселелерінің  бірі – болашақ  маманды 

даярлау,  жан - жақты  дамытуда,  білім  беруде,  ғылымның  соңғы  жетістіктерін  қолданып, 

шығармашылық  жұмыстарды  жасауға  қабілетті,  дүние  көзқарасы  кең,  рухани  бай  кəсіби 

маман дайындау болып табылады.   

Қазіргі  кезеңде  білім  беру  жүйесінде  əлемдік  деңгейге  жету  үшін  жасалынып  жатқан 

талпыныстар, түрліше кəсіптік бағдарламаларға негізделген жаңа типтегі оқу орындарының 

пайда  болуы  болашақ  мамандарды  даярлау  ісіне  нақты  талаптар  қояды.  Отандық  ғалым-

дардың  қоғам  талабына  сай  жүргізіліп  жатқан  өзгерістерге  тəн  жоғары  оқу  орындарында 

жаңа типтік құрылымдар мен əдістерді енгізуі əлемдік стандартқа сай мамандарды дайындау 

үшін күш жігерлерін ғылыми тұрғыда байланыстыра отырып, қызмет етуде. 

Болашақ  мұғалімдердің  кəсіби  біліктері  мен  қабілеттері,  тұлғалық  қасиеттерін 

педагогикалық тұрғыдан дамыту мəселесін Н.Д.Хмель тұжырымдады [6].   



213 

 

Жоғары  оқу  орындарындағы  оқу – тəрбие  процесінде  болашақ  мұғалімдердің  кəсіби 



даярлығын қалыптастыру мəселелеріне отандық ғалымдардан К.С.Успанов, С.С.Құнанбаева, 

Д.М.Жүсіпəлиева,  Г.Қ.Нұрғалиева,  А.А.Калюжный,  С.Т.Каргин,  Ш.Т.Таубаева  жəне  тағы 

басқа ғалымдардың еңбектері арналған [7,8].  

 Ғалымдардың  еңбектерінде  педагогикалық  іс-əрекеттің  құрылымы,  кəсіби  даярлау 

жүйесінде жəне тəлімгерлік жұмысының барысында болашақ мұғалімдердің кəсіби жағынан 

маңызды  сапаларының  қалыптасу  жолдары  айқындалып,  педагогикалық  жоғары  оқу 

орындарының тəжірибесі сарапталған, кəсіби – педагогикалық бағдарлау жұмысы жүйеленіп 

берілген. 

К.С.Успанов  өз  еңбегінде,  педагогикалық  процесте  болашақ  мұғалімдерді  адамгер-

шілікке,  азаматтықа,  ізгілікке  тəрбиелеуді  кəсіби  даярлаудың  ажырамас  бөлігі  ретінде 

қарастырып, теориялық жəне практикалық тұрғыдан жан – жақты негіздеп, сипаттама берген 

[7].  Ал  А.А.Калюжный  жеке  тұлғаны  адамгершілікке  тəрбиелеу  жүйесінде  мұғалімдердің 

кəсіби  қасиеттеріне  қойылатын  талаптарға  сипаттама  беріп,  ғылыми  тұрғыда  негіздесе [9]  

С.С.Құнанбаева,  С.Т.Каргин  зерттеулерінде  болашақ  мұғалімдердің  кəсіби  мəндік  қасиеті 

мен  кəсіби  құндылық  құндылықтарын  қалыптастыру,  мəдениетін  көтеру  жолдарын  жан - 

жақты тұжырымдады [8,10].  

Г.Қ.Нұрғалиева,  Ш.Т.Таубаеваның  еңбектерінде  жалпы  білім  беретін  орта  мектептер 

мен  жоғары  оқу  орындарындағы  студенттердің  құндылық  бағдарлы  тұлғасын 

қалыптастырудың  психологиялық,  педагогикалық  шарттарын  айқындап,  оны  əдістемелік, 

теориялық жəне практикалық тұрғыдан делелдеп, сипаттаған [11,12]. 

Болашақ  мамандардың  өмірлік  қызметі  психикалық  дамуы  жəне  тұлға  ретінде 

қалыптасуы көптеген ғылыми еңбектерде қарастырылған.  

Еңбек  рыногындағы  бəсекелестікте  тек  қана  жоғары  білікті  маман  болу  аздық 

ететіндіктен    əр  педагог  өзінің  имиджін  қалыптастыру  уақыт  мұқтаждығы.  Өйткені, 

педагогтардың  кəсіби  біліктілігінің  төмендігі,  оқушылармен  арадағы  педагогикалық 

əдептілік негіздерінің олқылығы, педагогикалық ортадағы қарым-қатынастың сəтсіздігі жəне 

т.б.  жағдайлар  бүгінгі  жоғары  оқу  орны  оқытушысы  имиджін  қалыптастыру  қажеттілігін 

айқындайтын сияқты.  

Педагог  имиджін  қалыптастыру  мəселелері  ғалымдар  назарынан  тыс  қалмаған, 

мəселен,  имиджді  қалыптастырудың  психологиялық  аспектілеріне  Р.Ф.Ромашкина, 

Е.И.Манякина, Е.В.Гришунина, П.С.Гуревич, Ф.А.Кузин жəне т.б. еңбектеріне арналған [13].   

Əйтсе  де  аталған  зерттеулерде  жоғары  оқу  орны  оқытушысы  имиджін  қалыптастыру 

өзектілігі жан-жақты қарастырылмағандығын байқаймыз.   

Жоғары  оқу  орны  оқытушысы  имиджі – оқытушы  бейнесінің  тəрбиеленушілер, 

əріптестер  жəне  əлеуметтік  жұртшылық  санасында,  бұқаралық  санада  қабылданудың 

стереотипі.  Жоғары  оқу  орны  оқытушысы  имиджі - оқушының,  студенттің,  ата-аналардың, 

жұртшылықтың ол туралы ойынан туған бейнесі. 

Имиджді  құраушылар  біріншіден,  адамның  өзі,  оның  əлеуметтік  ортада  өзі  туралы 

қандай  мəліметтерді  жеткізу  мақсатында  əрекеті,  айналасындағыларға  қандай  қырынан 

көрінетіндігі. 

Педагогикалық  имидж  кəсіби  құндылықтар  мен  жеке  тұлғалық  мəнді  жүйенің 

қалыптасуы. Дұрыс таңдалған имидж арқылы тез арада нақты əлеуметтік ортаға енуге, өзіңе 

назар аудартуға жəне жағымды қарым-қатынас орнатуға, имидж арқылы басқалардың нақты 

адамның ішкі əлемін көруіне болады,  

Имидж - тұлғаның  жан-жағынан  тартымдылық  аймағын  құруға,  оның  ең  жақсы 

қасиеттерін  көрсетуге,  əлеуметтік  қалыптасуына  мүмкіндік  береді,  жеке  тұлғалық  қарым-

қатынаста үйлесімділік орнатады. 

Имидж  арқылы  жеке  тұлғаны  көтермелеуге  болады.  Дұрыс  таңдалған  имидж  адам 

бойындағы жағымды тұлғалық, кəсіби жəне іскерлік сапаларды көру мүмкіндігін туғызады. 

Əсерлі, тартымды имидж өзгелерді өзіне тартады. 



214 

 

Сондай-ақ, оқытушының этикалық кодексіне сəйкес білім алушылардың білімділігі мен 



мəдениеттілігіне  қамқор  болуы,  өз  Отанының  шынайы  патриоты  болуға  тəрбиелеуі; 

педагогикалық  шеберлігі  мен  өзінің  теориялық  білімін  үнемі  жетілдіріп  отыратын  кəсіби 

маман  болуы,  білім  жолындағы  ізденісі  негізінде  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  белсенді 

жүргізіп,  нəтижелерді  хабарлауда  дəлелелдемелермен  қамтып,  пікір  алысу  барысында 

шыншылдық  танытуы;  ұқыптылық  пен  парасаттылықтың,  имандылық  пен  өнегеліліктің 

белгісі  бола  білуі,  Қазақстан  мемлекеттілігінің  белсенді  насихаттаушысы,  жемқорлықтың, 

жауапкершіліксіздік  пен  тəртіпсіздіктің  ұстамды  қарсыласы  болуы,  өз  іс-əрекетімен 

студенттерге  еңбек  жəне  оқу  тəртібінің  ережесін  сақтаудың  қажеттілігін,  əріптестермен 

сыйласымды  қарым-қатынас  орнатуды  дəлелдеуі,  өзіне,  өзінің  сөзі  мен  іс-əрекетіне  талап 

қоюы,  өз  қателіктерін  ашық  мойындауы  жəне  оны  түзетуі,  білімгерлер  мен  өз  əріптестерін 

кəсіби  бағалауда  шыншылдық  танытуы,  жинақылығы,  сөзінің  ісіне  сəйкес  келуі,  қызмет 

барысында  өзінің  бағытын  ашық  көрсетуі  жəне  өз  көзқарасын  дəлелдей  білуі – осылардың 

барлығы педагогтың кəсіби имиджін құрайды. 

Имидж  беделді  жəне  əлеуметтік  статусы  жоғары  маманның  бейнесі  жəне 

педагогикалық имиджді қалыптастырушы көбінесе сол білім беру мекемесінде білім алушы 

болашақ  маман  немесе  сол  білім  ордасының  оқытушысы,  олай  дейтініміз  аталған 

субъектілердің  жағымды  жəне  жағымсыз  əрекеттеріне  байланысты  білім  беру  мекемесінің 

жəне мамандықтың біздің жағдайымызда педагогтың имиджі қалыптаспақ.  

Болашақ маманның белгілі бір пəннен білім көрсеткіші оқытушының имиджіне тікелей 

байланысты.  Егер,  студент  оқытушыны  ұнатпаса  оның  сабағына  да  ынтасы  болмайды, 

нəтижесінде  сол  пəннен  оқу  үлгерімі  төмендеуі  мүмкін.  Білім  алушы,  демек  студент  үшін 

беделді  оқытушы  болашақ  маманның  имиджін  қалыптастырушы  фактор  да  бола  алады. 

Себебі, білім алушының уақытының көп мөлшері оларға білім ғана беріп қоймай, сонымен 

қатар оларды тəрбиелейтін жəне жеке тұлға ретінде қалыптастыратын білім ордасында өтеді. 

Осыдан  оқытушының  жеке  имиджі  қалыптасады.  Жеке  имидж – бұл  ортаның,  белгілі  бір 

топтың берген бағасы.  

Білім алушылардың əлеуметтік жəне балалық шақтан алған əсерлері мен тəжірибелері 

үлкен  өмірге  өтуіне  əсер  етеді.  Оқытушының  тұлғасы  білім  алушының  жеке  тұлға  болып 

қалыптасуына əсер етеді.  

Сонымен,  педагогикалық  ортаның,  мекеменің  имиджі  педагогтың  жеке  тұлғалық 

имиджіне байланысты, бұған керісінше педагогтың имиджі де білім беру мекемесі имиджін 

қалыптастыруға  əсер  етеді.  Мысалы,  педагогтың  кəсіби  кредосы,  білімі,  беделі,  сенімі, 

құрметтілігі,  мəдениеттілігі,  тұлғалық  жəне  кəсіби  қасиеттері,  сапалы  білім  беруі - білім 

ордасының  имиджін  қалыптастырады.  Алайда,  адамның  ішкі  əлемінің  жұтаңдығын,  кəсіби 

дəрежеде  төмендігін,  қызығушылықтары  мен  құндылықтарының  таяздығын  ешқандай 

сыртқы  əдемілік  алмастыра  алмайды.  Егер,  сіздің  сыртқы  келбетіңіз  ішкі  əлеміңізге  сəйкес 

келмесе, онда сіз жетістікке жете алмайсыз. Имидж - кез келген жұмыста жетістікке жетудің 

негізгі шарты. 

Жоғары  оқу  орны  оқытушысы  имиджі - тəжірибе,  теориялық  білім,  практикалық 

іскерлік  жəне  мəнді  жеке  тұлғалық  сапалардың  негізінде  пайда  болатын  өзекті 

педагогикалық  іс-əрекетті  орындауға  мүмкіндік  беретін  күрделі  құрылым.  Болашақ  маман 

таңдап  алған  мамандығының  позитивті  имиджін  қалыптастыруға  өз  үлесін  қосуы  тиіс. 

Педагогикалық имидж - оқытушының тартымдылығы, білім алушыларға, əріптестеріне, ата-

аналарға ұтымды əсері, оның ішкі əлемі мен сыртқы тұр-тұрпатының үйлесімділігі. Имидж 

оқытушының кəсіби бейнесі. Олай болса, имидж: сыртқы бейнеден; вербалды жəне вербалды 

емес  қарым-қатынасты  пайдалану  құралынан;  ішкі  «Мен»  сезімінің  кəсібіне  сəйкестігінен 

тұрады.  Имидж – адамның  тұлғалық,  кəсіби  қасиеттерімен  іскерліктерінің  көрінуіне 

мүмкіндік  беретін,  күнделікті  қарым-қатынаста  жайлылық  пен  оптимистік  көңіл-күйді 

туындататын бір үлкен бағыт. Педагогтың кəсіби жетістігіне жетуіне, əріптестері мен білім 

алушыларының  арасында  беделге  ие  болуына,  маман  ретінде  өзіне  деген  өзіндік  құрметтің 

қалыптасуына əсер ететін де имидж. 


215 

 

Байқасақ, осы айтылған пікірлердің барлығы да имидждің ерекшелігін, мəн-мағынасын 



ашқанымен, педагогикалық имидж мазмұнын, мағынасын, құрылымын, элементтерін ашуға 

да септігін тигізеді. 

Имидж тұлғалық коммуникативтік, əрекеттік жəне сыртқы мінез-құлықтық құрамалар-

дан  тұратындықтан,  оқытушының  ішкі  əлеуеті,  рухани  əлеуеті,  студентке,  өз  ісіне  деген 

сүйіспеншілігі, мейірімділігі мен  қарым-қатынасын  құра  білуі,  педагогикалық  нышанының, 

іскерлігінің, қабілетінінің, құзіреттілігінің көрінуі, студенттің осы кəсіби қасиеттерді сезінуі, 

қабылдауы  да  имиджді  құраушы  элементтердің  бірі.  Студенттер  оқытушының  жеке 

тұлғасына қызықпаса білім алуға деген қызығушылығы да болмайды деген байламға келуге 

болады. Себебі, студенттің уақытының көп мөлшері оларға білім ғана беріп қоймай, сонымен 

қатар оларды тəрбиелейтін жəне жеке тұлға ретінде қалыптастыратын жоғары оқу орнында 

өтеді. Əлеуметтік жəне  мектептен алған əсерлері мен тəжірибелері үлкен өмірге өтуіне əсер 

етеді.  Оқытушының жеке басы  студенттің жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. 

Сондай-ақ,  кəсіби  қасиеттерді  тұлғалық-адами  қасиеттерден  ажырату  өте  қиын 

болғанымен  оқытушыны кəсіби жетістікке əкелетін, педагогтың имиджін қалыптастырушы 

басты сыртқы көрінетін, ішкі сапа-қасиеттердің алатын орны ерекше. 

Сонымен,  педагогикалық  ортаның,  мекеменің  имиджі  педагогтың  жеке  тұлғалық 

имиджіне  байланысты,  бұған  керісінше  педагогтың  имиджі  де  мекеме  имиджін 

қалыптастыруға  əсер  етеді [14]. Мысалы,  педагогтың  кəсіби  кредосы,  қасиеттері,  сапалы 

білім  беруі – білім  ордасының  имиджін  қалыптастырады.  Алайда  адамның  ішкі  əлемінің 

жұтаңдығын,  кəсіби  дəрежеде  төмендігін,  қызығушылықтары  мен  құндылықтарының 

таяздығын  ешқандай  сыртқы  əдемілік  алмастыра  алмайды.  Егер,  сіздің  сыртқы  келбетіңіз 

ішкі  əлеміңізге  сəйкес  келмесе,  онда  сіз  жетістікке  жете  алмайсыз.  Имидж – кез  келген 

жұмыста  жетістікке  жетудің  негізгі  шарты.  Олай  болса,  біздің  ойымызша,  педагогикалық 

имидж – оқытушының тартымдылығы,  студенттерге, əріптестеріне  ұтымды əсері, оның ішкі 

əлемі мен сыртқы тұр-тұрпатының үйлесімділігі. Имидж оқытушының кəсіби бейнесі. 

Бүгінгі  жоғары  мектеп  оқытушысы  оқу  үдерісін  ұйымдастыратын  жəне  басқаратын 

субъект  болып  табылады.  Оқытушының  тұлғалық  мінездемесі,  оның  өзін-өзі  ұстау  жəне 

қарым-қатынас жасау стилі, əріптестерімен жəне шəкірттерімен өзара қарым-қатынас жасау 

қабілеті  оқу-тəрбие  үрдісінің  тиімділігін,  студенттің  жеке  тұлғасының  дұрыс  қалыптасуын 

айқындайды. 

Жоғары  мектеп  оқытушысы  педагогикалық,  ғылыми  жəне  ұйымдастырушылық 

қызметтер атқарады. Оның жоғары кəсіби дайындығы, біліктілігі, жоғары танымы, белсенді 

əлеуметтік  ұстанымы  болуы  тиіс.  Оқытушылар  шəкірттері  болғандықтан  студенттермен 

жақын араласады, қызығушылықтарын, ерекшеліктерін, танымдық қажеттіліктерін, зейіндік 

белсенділіктерін, көңіл-күйін, рухани сұраныстарын ескеріп отырады. Жоғары оқу орнының 

танымал оқытушысы болу бүгінгі уақытта педагогикалық жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарын 

ұштастыра білгенде ғана мүмкін болады. 

 Жоғарыда  қарастырылған  мəселені  қорытындыласақ,  мықты  маман  болу  үшін 

қызметін жақсы білу жəне жай ғана əдемілік бұл қоғамда жеткіліксіз екендігін айтамыз.  

 

Əдебиеттер тізімі: 

1  Қазақстан  Республикасының  Президенті – Елбасы  Н.Ə.Назарбаевтың  «Қазақстан-

2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 

Жолдауы.// Егемен Қазақстан. – 2012, 15 желтоқсан. 

2  ҚР  Президенті  Н.Ə.Назарбаев  «Жаңа  əлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Қазақстан 

халқына жолдауы. 28.02. 2007ж. 

3  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. – 2007. – 15 

тамыз. – Б. 3-4. 

4  Қазақстан  Республикасының  (жаңа  формация  педагогын  даярлау)  үздіксіз 

педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы,  2005. – 32 б. 

5   Əл - Фараби. Əлеуметтік – этникалық трактаттар. – Алматы. 1975. – 419 б. 



216 

 

6  Хмель  Н.Д.  Теоретические  основы  профессиональной  подготовки  учителя. – 



Алматы: Наука, 1998. – 320 с. 

7  Успанов К.С. Теория и практика формирования профессионально значимых качеств 

у будущих учителей. – Алматы: Ғылым, 1998. – 228 с. 

8  Каргин С.Т. Влияние профессионально – педагогической направленности обучения 

на  формирование  педагогического  мышления  будущих  учителей:  дис. .канд.  пед.  наук. – 

Алма – Ата, 1988. – 150 с. 

9  Калюжный  А.А.  Теория  и  практика  профессиональной  подготовки  учителя  к 

нравственному воспитанию учащихся в целостном педагогическом процессе: дис.докт. пед. 

наук. –Алматы, 1994. – 328 с. 

10 Кунанбаева  С.С.  Методика  обучения  лексико – граматическому  оформлению 

вызсказывания в языковом вузе: дис.канд. пед. наук. – Алма – Ата, 1979. –185 с. 

11 Нургалиева  Г.К.  Ценностное  ориентации  личности:  Методология,  теория,  практика 

формирования. – Алматы: АГУ им. Абая, 1994. – 44с. 

12 Таубаева Ш.Т. Научные основы формирования исследовательской культуры учителя 

общеобразовательной школы: дис...док. пед. наук. – Алматы, 2000. – 409с.   

13 Калюжный А. А. Формирование имиджа учетеля. – М: Владос, 2005,177 с 

14 Кузьмина Н.В. Формирование педагогических способностей. – Л.,1961. –98. 

 

 



Фазылова СалияСатемировна 

магистр п.и.п.  

ст.преподаватель КГУ. Ш.Уалиханова. 

г. Кокшетау 

 

РОЛЬ ИННОВАЦИОННЫХ ПОДХОДОВ В ОБРАЗОВАНИИ  

И ПОДГОТОВКЕ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ КАДРОВ 

 

АННОТАЦИЯ



 

Өзектілігі.  Жаңашылəдіс  жəне  технологиялар  арқылы  білім  сапасың  жоғарту.  Халықаралық 

талаптарға сай білім саласындағы кадрларды даярлау.  

Түйінді сөздер:  жаңашыл, əдіс, компонент, қайта даярлау,технология. 

АННОТАЦИЯ

 

Актуальность.  Улучшения  качества  образования,  через  внедрения  инновационных  методов  и 

технологии  в  обучение.  Подготовка  кадрового  потенциала  в  образовании  в  соответствии 

современными  международными требованиями. 

Ключевые слова: инновация, переподготовка, методы, компоненты, технология. 

АBSTRACT 

Relevance.Improving the quality of education, through the introduction of innovative methods and 

technologies in teaching.  Personneltraining. 

Keywords:component, innovative, methods, retraining, technologies. 

 

Современное  образование  требует  инновационного  подхода.  Непременными 

свойствами  инноваций  в  специальном  профессиональном  образовании  являются  новизна  и 

востребованность  продукции  на  рынке  труда.  Прежде  всего – это  скорейшее    обновление 

всей структуры содержания образования с учетом запросов индустриально-инновационного 

развития  рыночной  экономики,  развитие  всей  инфраструктуры  подготовки  кадров 

образования и, что очень важно   повышение престижа обучения.  Проблема качественного 

преподавания  актуальна,  не  хватает  квалифицированных  педагогов  начального,  среднего  и 

высшего профессионального образования.  

Целью  Казахстана  является  вхождение  в  число 50 наиболее  конкурентоспособных 

государств  мира,  для  этого  необходимо  создать  у  нас  современную  высокоэффективную 


217 

 

систему  образования.Образование,  отвечающее  мировым  стандартам,  образование 



позволяющим ее обладателю быть востребованным[1].  

На  данном  этапе  развитии  государства,  объективной  необходимостью  становится 

обновление  всех  уровней  образования.  В  своем  послании  Президент  Казахстана  Н. 

Назарбаев  выделил, «ключевым  конкурентным  преимуществом  Казахстана  должен  стать 

высококвалифицированный  человеческий  капитал, a также  постоянное  внедрение 

инноваций» [1].  

Изменение  системы  образования  начинается  с  изменения  политики  подходов  к 

образованию  в  высших  школах.  Перед  вузами    поставлены  задачи:  для  инновационной 

деятельности  необходимо    подготовить  квалифицированные  кадры;  создать  институты, 

занимающихся  вопросами  профессиональной  подготовки,  аттестации  и  переподготовки 

специалистов;  повышение  материально-технической  и  методической  базы  образования

создание  и  внедрение  образовательных  стандартов  обучения,  отвечающим международным 

требованиям;  международное  сотрудничество  в  области  образования;  международное 

сотрудничество  в  области  подготовки  и  привлечения  высококвалифицированных 

специалистов; создание и перепрофилирование действующих высших учебных заведений в 

специализированные  университеты  для  подготовки  квалифицированных  на  основе 

международного опыта новых[4]. 

Уже  сейчас  государством  предпринимаются  меры  по  повышению    и  изменению 

профессиональной  подготовки  преподавателей.  Преподаватели повышают  свой  профессио-

нальный  уровень  с  помощью  различных  форм работы  по  самообразованию – это  участие  в 

методических  подразделениях:  семинарах,  конференциях,  методических  днях  и  неделях

педагогических чтениях заседаниях предметно-цикловых комиссий, педагогических советах. 

Проходят курсы повышения и переподготовки квалификации.   

 В  построении  инновационной  системы  роль  вузов  связана  с  развитием  нескольких 

направлений  деятельности.  Основным  направлением  выступает  подготовка  кадров  для 

инновационной деятельности[5].  

Вобеспечении  инновационного  характера  развития  образовательной  деятельности  в 

передовые  выходят  учебные  заведения,  в  которых  реализуются  следующие  три  типа 

процессов  одновременно:  это  разработка  студентами  реальных  проектов  в  различных 

секторах  образования,  проведение  исследований  фундаментального  и  прикладного 

характера,применение    образовательных  технологий,  дающие  студентам  возможность 

выбора индивидуальных учебных курсов. 

Однако,  проблему  востребованности  внедрения  инновационного  подхода  профессио-

нального  образования  определяет  противоречие  между  социально-профессиональным 

заказом на организацию инновационной образовательной деятельности и недостаточностью 

опыта  сетевого  взаимодействия  образовательных  организаций,  т.к.  традиционная  практика 

направлена  скорее  на  получение  конкретно-условленных  знаний.  Данное  противоречие 

заставляет  задуматься  над  проблемой – каковы  условия,  позволяющего  решать  профессио-

нальные  вопросы,  реализовать  и  повышать  профессиональный  уровень  преподавателя, 

учителя,  специалиста  той  или  иной  направленности.  Для  начала,  необходимо  диагно-

стировать  профессиональную  позицию  учителя,  определить  потребности  в  профессиональ-

ном  саморазвитии  и  выявить  проблемы  и  трудности,  возникающих  в  профессиональной 

деятельности. 

Следующими  этапами  являются  уже  разработка  инновационной  модели  профессио-

нальной,  психологической  и  научно-методической  поддержки  учителей,  ориентированных 

на  осуществление  инновационной  образовательной  деятельности  с  последующей 

апробацией,  разработка  индивидуальных  программ  профессионального  саморазвития 

преподавателя, учителя, специалиста[6]. Инновационный подход в обучении подразумевает 

функционирование следующих компонентов: 


218 

 

-Мотивационный  компонент,  который,  представляет,  как  было  уже  сказано  выше 



диагностику и анализ профессиональных педагогических затруднений с целью определения 

направлений в научно-методических взаимодействиях. 

-Организационный  компонент,  который  конструирует  педагогическое  взаимодействие 

посредством расширения и обогащения научно-методического сопровождения инновацион-

ной профессиональной педагогической деятельности преподавателя, учителя. 

-Методический  компонент  включает  в  себя  многочисленные  мастер-классы,  консуль-

тативные  линии,  презентации  опыта,  экспертизу  материалов  коллег,  авторские  курсы 

повышения  квалификации.  Заданная  линия  позволяет  обеспечить  успешную  работу 

практиков и ученых – во всех аспектах современной инновационной педагогики. 

-Координационно-деятельностный  компонент  управляет  процессами  интеграции 

содержания образования и планированием программ. Также интегрирование факультативов, 

курсов  через  координацию  кадрового  и  программного  обеспечения,  взаимодействия 

субъектов образования 

Высокий  уровень  мотивации  преобразования  профессиональной   педагогической 

деятельности,  который  адаптирован  к  динамичным  изменениям  в  профессиональной 

педагогической  среде  (перестройка  своей  деятельности  в  связи  с  появлением  новых 

стандартов, программ, учебников, с появлением новых способов и приемов контроля знаний 

и  т.п.)  дает  осуществления  инновационной  деятельности  в  системе  образования.  Не 

последними  условиями  для  инновационного  подхода  в  образовании  являются  способность 

преподавателя,  учителя  осваивать  новые  педагогические  технологии,  обновлять  формы  и 

методы  педагогической  деятельности.  Такие  умения  как  извлекать  новые  педагогические 

знания  из  исследования  собственной  профессионально-педагогической  деятельности  и 

перестраивать  ее  на  основе  освоения  новой  учебной  и  научной  информации  облегчает 

процесса  инновационного  подхода  в  обучении.  Конечно,  инновационная  деятельность  в 

сфере образования невозможна без фундаментальной психолого-педагогической подготовки, 

поэтому  необходимо  в  инновационных  вузах  внимание  к  дисциплинам  педагогического  и 

профессионального цикла должно быть усилено.Решение профессиональных педагогических 

задач  не  по  стереотипному  образцу,  а  на  основе  рефлексивного  анализа  ситуации  является 

отличительным одним из ключевых моментов[6]инновации в обучении. 

Известно,  что  инновация  как  структура  вырастает  на  основе  осознания  нового 

инновационного.  

Инновация  в  образовании – является  специфической  формой  управления  развитием 

образования,  позволяющая  системно  изменять  структуру,  содержание  и  организацию 

образовательного  процесса  в  целом  и  определяется  как  процесс  создания,  разработки, 

апробации  и  коррекции,  внедрения,  применения  педагогических  новшеств  с  целью 

обеспечения качества образования.Современное динамичное общество требует своевремен-

ных  изменений,  как  в  самой  системе  образования,  так  и  в  кадрах  образовательной 

системы.Инновации в образовании характеризуются такими инвариантными качествами как 

гибкость,  динамичность,  вариативность,  адаптивность,  системность,  целостность, 

результативность. Инновационные подходы и технологии в образовании является решением 

данной задачи. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет