Педагогикалық жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет3/66
Дата28.01.2017
өлшемі8,33 Mb.
#2877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66

АBSTRACT 

Problem of activity of the personality in training - one of actual in psychological, pedagogical science 

and educational practice. The task of the teacher consists in that not only available to tell everything and to 

show, but also to teach the pupil to think, impart to it skill of practical actions. It can be promoted by active 

forms and training methods. In work the problem of activity of the personality in training reveals, the 

characteristic of active methods of training is given, features of their use at a lesson are considered. 

In the article the necessity of the use of active methods of educating was considered for institution of 

higher learning. Howled the role of teacher and student is certain in an educational process.  

Keywords: Рedagogic innovations, interactive technologies of teaching, active teaching methods. 

 

Қазіргі  кезде  білім  беру  кеңістігіндегі  түбегейлі  өзгерістер – тарихи  объективті 



процестер.  Білім  беру  саласын  реформалаудағы  мақсат - білім  беру  жүйесін  қайта  қарап, 

студенттердің  шығармашылық  бейімделуіне  қарай  бағдарлы,  сатылы  білім  алуларына 

жағдай  жасау  болып  табылады.  Қазіргі  талап  білім  сапасы  студенттің  алған  білімін  жеке 

басының  əрі  қарай  дамуына  тұлға  ретінде  қоғамның  өркендеуіне  пайдалана  білуімен 

өлшенеді  деп  тұжырымдалады. "Қазақстан  Республикасының  білім  беру  дамыту  туралы 

тұжырымдамасының"  басты  мəнділігі – ол  үздіксіз  білім  жүйесінің  негізгі  иедеялары  мен 

қағидаларын  осы  заман  талаптарына  сəйкестендірудің  жəне  оны  əлемдік  білім  кеңістігінің 

даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр. 

Демек, бұл тұжырым білім берудің басты философиясы болмақ. 

Белсенді оқыту əдістері дəстүрлі оқыту əдістерінен оқу үдерісінде студенттердің өзінің 

өмірлік  тəжірибелерін  пайдалану  арқылы  есте  берік  сақтауымен,  мəліметтерді  талдап, 

жинақтау  арқылы  жеке  жəне  кəсіптік  қабілеттерін  аша  алуымен  ерекшеленеді.  Интербел-

сенді – ағылшынның «өзара əрекет» деген сөзі. Демек, интербелсенді оқыту əдістері тұлға-

аралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі 

білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарт-

тары  болып  табылатын  таным  белсенділігі  мен  ізденіс  дербестігін  қалыптастырып  қана 

қоймай, ары қарай дамытады. 

Интербелсенді  сонымен  қатар, «тұлғааралық  қарым-қатынас»  дегенді  де  білдіреді. 

Демек,  белсенді  оқыту  əдістері  «жеке  тұлғаға  бағытталатын»  қазіргі  білім  беру  парадигма-

сының талаптарына жауап беретін бірден бір əдіс. 

Қазақстан  Республикасының  Евразиялық  аймаққа  кіруі, XXI ғасырға  аяқ  басуы  ел 

Президентінің Қазақстан -2030 атты стратегиялық бағдарламасына сəйкес жаңа техника мен 

технология үрдістерінің дамуы келешекте білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті 

мəселе туғызды. 

Тек  білім  беру  арқылы  ғана  біз  өткенімізді  тануға,  қазіргі  уақытымызда  еркін 

бағытталуымызға  жəне  келешегімізді  болжап,  қалыптастырумызға  мүмкіндік  аламыз. 

Тарихымызға  көз  салсақ  Қазақстанның  тəуелсіздік  алғанына  аз  ғана  уақыт  өтіп,  енді  ғана 

аяғына нық тұрып жатқанын байқаймыз. 

Ғылым мен техниканың дамуына қарай педагогиканың да мүмкіншіліктері артты, жаңа 

технологиялар  пайда  болды,  мысалы,  оқулық  ресурстары  жоғары,  өзіне  тəн  əдістемесіне 



14 

 

бірге  электрондық,  ақпараттық  мультемедиялық  технологиялар.  Қазіргі  кезде  оқу 



ақпараттыныңең  ауқымды  кең  тараған  формасының  бірі  /технология  деп  те  айтамыз/-

Интернет жүйесі арқылы оқу процесін ұйымдастыру. 

Бүгінде  оқыту  жұмысын  осылай  ұйымдастыру  мен  əдісінің  жаңалығы  басқа  да 

мұғалімдердің  жаңа  жағдайға  байланысты  оқу-трбие  процесін  шығармашылықпен 

пайымдалудың  негізгі  өлшеміне  айналуда.  Оқытудың  жаңа  инновациялық  əдістері  жалпы 

мұғалім қауымын оның жаңа технологиясын өздігінен іздеуге итермелейді. Инновация деген 

ұғым латын тілінде-жаңарту, жаңалық өзгеріс деген түсінікті білдіреді. 

Инновация  деп  көбінесе  жаңа  технологияларды,  əдістер  мен  құралдарды  жасау  жəне 

қолдануды  айтса,  сонымен  бірге  ондағы  идеяларды,  процестерді  бірлікте  жетілдірудің  де 

жүйесі. 


Инновациялық  технологияны  жаңа  білім  беру  парадигмасын  өмірде  жүзеге  асырудың 

құралы ретінде қарастырған жөн [1, 8 б.]. 

«Технология»  деген  сөз-грек  тілінен  алғанда  «техне»-өнер,  кəсіп,  ғылым, + «логос» 

ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. Яғни, өндірістік процестерді жүргізудің тəсілдер мен мен 

құралдары  жайындағы  білімдердің  жиынтығы.  Олай  болса,  оқу-тəрбие  процесін  жүргізудің 

тəсілдері мен құралдары жайындағы білімдердің жиынтығын оқыту процесінің технологиясы 

деп атауға болады. 

Оқыту технологиясы-жүйелі категория. Оның құрлымы төмендегідей болып келеді: 

- оқытудың мақсаты, 

- білім беруің мазмұны, 

- педагогикалық өзара əрекеттестіктің құралы (оқыту жəне мотивация), оқыту процесін 

ұйымдастыру, 

- оқушы,оқытушы, 

- əрекетің нəтижесі (сонымен бірге кəсіптік дайындықтың деңгейі)  

Оқыту  технологиясы-оқыту  процесін  ұйымдастыру,  басқару  жəне  бақылау  деп  түсіну 

керек [2, 36 б.]. 

Бүгінде білім беруде нəтижелі жетілдірудің құралы ретінде практикада жаңа оқыту 

технологиясын кіргізуге батыл шаралар қолдану. Сондықтан Қазақстан Республикасында 

гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы ойлай білетін жəне шығармашылықпен жұмыс 

істейтін қабілеті бар тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Сол себептен де бүгінгі еліміздегі 

білім беру жүйесі оқушылардың таным белсенділігін дамытатын оқытудың дəстүрлі емес 

белсенді формалары мен əдістерін көптен енгізуді қажет етуде [3, 11б.].  

Практикалық сабақ – пəннің теориялық мазмұның толықтыратын оқу процесінің белсен-

ді  түрі.  Практикалық  сабақ  бұл  студенттердің  дəріс сабағынан  алған  білімдерін  бекіту,  пы-

сықтау, жынақтау мақсатында өткізілетін сабақтың бір түрі. Практикалық сабақ студенттерге 

теориялық  мəлімет  бойынша  нақты  əрекеттер  арқылы  машықтанып,  сол  амалдар  негізінде 

мəліметті игеру, меңгеру, тереңдету, дамыту мүмкіншілігін береді. Студенттер практикалық 

сабақта  өз  əрекеттерін  жалқыдан  (накқты  мəліметтер) – жалпыға  (теориялық  тұжырымдар) 

бағыттайды. 

Практикалық  сабақта  əдетте  студенттер  талдау  жəне  іздену  жұмыстарымен  (семинар 

сабақтарындағыдай)  айналыспайды.  Практикалық  сабақтың  мақсаты – студенттерді 

лекцияда  келтірілген  теориялық  мəліметтерді  өздерінің  белсенді  эрекеттерімен  «тануға», 

«дəлелдеуге», өз қолымен «жасауға» жұмылдыру. 

Практикалық  сабаққа  дайындалу  барысында  оқытуш  арнайы  оқу  материалдарын 

дайындайды.  Сол  материалдар  бойынша  (идея,  проблема,  тұжырым,  ереже,  анықтама,  рет 

пен  тəртіп,  схема,  кесте,  жоспар,  параметрлер,  ақпарат,  статистикалық  мəліметтер,  көрсет-

кіштер, т.б.) студенттер өздерінің теориялық білімдерін қолданып, нақты əрекеттерді атқару 

дағдыларын  игереді,  өзіндік  тұжырым  жасайды.  Сол  себепті  де  мұндай  оқу  материалдары-

ның нақты əрі ықшам болғаны дұрыс. 

Студенттер  лекцияда  берілген  теориялық  мəліметті  практикалық  кеңістекке  келесі 

əрекеттер арқылы аударады: 


15 

 

1. Теориялық мəліметті практикалық тұрғыдан жүзеге асыру немесе орындау (мəселен, 



статистикалық  мəлеметтерді  санау,  көрсеткіштерді  есептеу,  есептер,  шығару,  мəселелерді 

шешу, ережелерді қолдану, кестелерді толтыру, т.б.). 

2.  Теориялық  мəліметті  дəлелдеу  (практикалқ  қоданысын  көрсету  немесе  беделді 

нұсқаларға сілтеме жасау). 

3. Теориялық мəліметке өзіндік тұрғыдан баға беру (практикалық маңызын, тиімділігін, 

келтіретін  пайдасын,  артықшылықтарын  немесе  керісінше  айқындау,  дəлəлдеу,  қолдау 

немесе қарсы шығу) 

4.  Теориялық  мəлеметті  дамытатын,  төреңдететін  ұсыныстар  жасау  (идеялар  ұсыну, 

оларды дəлеледеу жəне практикалық маңызын келтіру) 

Оқыту  əдістемесі – оқыту  үдерісі  барысында  оқытушы  мен  студенттің  өзара 

əрекетттестік формасын көрсететін əдістер мен тəсілдердің бірлігі.  

Интербелсенді  əдістерді  қолдану  бүгінгі  күннің  талабы  себебі  қазіргі  қоғам  талабына 

сай,  тұлғаның  ой-өрісін  дамыту,  біліктері  мен  шеберліктерін  қалыптастыру,  оны  өз 

тəжірибесінде,  жаңа  жағдайларға  байланысты  қолдана  алу,  ой  дербестігін  кеңейту,  заман 

сұранысына  сай  ізденімпаз,  шығармашыл  тұлғасын  қалыптастыру  қажет.  Жалпы,  жаңарған 

оқыту  құрылымы  мен  ұйымдастырылуы  студенттердің  қызығушылығы  мен  қабілеттеріне, 

рухани  дамуына,  олардың  өмірлік  жоспарларының  жүзеге  асырылуына  бағытталған, 

көпвариантты жəне икемді болуы қажет [4, 38 б.]. 

Демек,  практикалық  сабақ  барысында  жаңа  білім  беру  парадигмасына  сай 

интербелсенді əдістерді қолдануға болады?  

Компьютерлік  технологияларға  негізделген  əдіс  «оқытушы-компьютер-студент» 

жүйесінің  арасында  əр  түрлі  оқыту  бағдарламаларының  (информациялық,  тренингтік, 

бақылау  жасайтын,  дамытушылық  жəне  т.б.)  көмегімен  жүзеге  асырылады.  Диалогтық 

технологияларға  негізделген  əдіс  (коммуникативті)  ортаның  болуымен  жəне  оқу-танымдық 

тапсырмалар  мен  шешімінің  барысында  «оқытушы-студент», «студент - студент», 

«оқытушы-туындыгер  (автор)», «студент-туындыгер  (автор)»  деңгейінде  бірлесе  қызмет 

істеу кеңістігінің кеңеюімен байланысты шешіледі. 

Тренингтік технологияларға негізделген əдістер – бұл оқыту барысында оқу-танымдық 

əрекеттер  мен  типтік  тапсырмаларды  шешу  тəсілдерінің  белгіленген  алгоритімдерін 

жасаудағы іс-əрекеттер жүйесі (тест, практикалық жаттығулар). 

Жоба  əдісі  əлемдік  педагогикада  жаңа  əдіс  болып  саналмайды.  Ол  осы  ғасырдың 20-

жылдарында А.Қ.Ш.-та пайда болды. Оны, сонымен қатар, ділгерлік əдіс деп те атайды жəне 

оны  американ  философ  жəне  педагогы  Джон  Дьюи  мен  оның  студентсы  В.Х.Килпатриктің 

жетілдірген философиядағы, білім берудің гуманистік бағыттағы идеяларымен байланысты-

рады. Джон Дьюи оқытуды белсенді түрде, студенттің іс-əрекетінің мақсаттылығы арқылы, 

оның  осы  білімге  деген  жеке  қызығушылығын  ескеріп  құруды  ұсынды.  Бұдан  студенттер 

үшін  алатын  білімдеріне  өз  қызығушылықтарын  көрсету  маңызды  нəрсе  болып  табылады. 

Бірақ бұл не үшін жəне қашан керек? Бұл жерде нақты өмірден алынған, студенттің əлі де 

алатын білімдері мен алған білімдерін жинақтауға қажет шешім үшін балаға таныс маңызды 

нəрсе  бар.  Қайда,  қандай  мақсатпен  деген  сұрақ  туады.  Оқытушы  жаңа  ақпарат  көздеріне 

түсіруі мүмкін жəне студенттің өз бетінше ізденуі үшін керек, оны бағыттап жіберуі керек. 

Нəтижесінде  студенттер  жан-жақты  білімдерін  қолданып  мəселені  өз  беттерінше,  бірігіп 

отырып шешуі жəне маңызды, нақты нəтижеге жетуі тиіс. Осылайша бүкіл мəселе жобасы іс-

əрекеттің  нұсқасын  жасайды.  Уақыт  өте  жоба  əдісі  кейбір  өзгерісті  (эволюцияны)  басынан 

өткерді.  Еркін  тəрбиелеу  идеясынан  (əдісінен)  туындаған  бұл  əдіс  қазіргі  кезде  толық 

жасалған жəне құрылған білім жүйесінің маңызды компоненті болып табылады. 

Бірақ оның мағынасы бұрынғыша қалады – студенттердің белгілі бір мəселеге қызығу-

шылығын  арттыру  жəне  бір  не  бүкіл  мəселенің  шешімін  қарастыратын  жобалы  іс-əрекет 

арқылы  алған  білімдердің  тəжірибелік  қолданылуын  көрсету.  Басқа  сөзбен  айтқанда 

теориядан практикаға, академиялық білімдердің прагматикалық білімдермен жəне оқытудың 

əрбір кезеңіндегі тиісті байланыстардың орындалуымен бірігуі. 


16 

 

Жоба  əдісінің  негізіне  студенттердің  танымдық  дағдының  дамуы,  өз  білімдерін  өз 



бетінше құру икемділігі, мағлұматты кеңістікке бағдар алу икемділігі, қиын, күрделі ойларды 

дамыту жатады. Жоба əдісі əрқашанда студенттің, жеке, жұбымен не тобымен, өз бетінше іс-

əрекетіне бағытталған. Бұл əдістеме топтық оқу əдістемесімен ұйымдасқан түрде байланыса-

ды.  Жоба  əдісі  əрдайым  бір  жағынан  əр  түрлі  тəсілдерді  қолданып,  екінші  жағынан  ғы-

лымның, техниканың, технологияның шығармашылық білімдердің əртүрлі облыстарындағы 

білім  мен  икемділіктің  бірігуін,  қосылуын  қарастыратын  қандай  да  бір  мəселенің  шешімін 

жобалайды,  болжайды.  Орындалған  жобаның  нəтижесі  нақты  болу  керек,  яғни,  егер  бұл 

теориялық мəселе болса, қолдануға дайын, дəл нəтижесі болу керек [5, 16б.]. 

«Миға  шабуыл»  əдісі – қойылған  проблеманы  студенттердің  шығармашылық  белсен-

ділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған, студенттерге проблеманы шешуде жауап нұсқа-

сын таңдауға еркіндік беріліп, оны шешудің неғұрлым көп жолдарын көрсетуге негізделген. 

Кейін ең жақсы идеялар, шешімдер таңдалынып алынады.  

«Бастамашылдар мен сыншылдар»  

Педагог студенттер алдына көп ойлануды қажет етпейтін, шешімі жеңіл мəселе қояды. 

Студенттер 2 топқа бөлінеді: бастамашылдар мен сыншылдар. 

Бастамашыл топтың мақсаты: мəселені шешудің бірнеше нұсқасын ұсыну. 

Сыншылдар тобының мақсаты: берілген ұсыныстардың ішінде сəйкесін табу, мəселені 

шешудің тиімді жолын таңдап алу. 

Студенттердің  бір-бірін  сынауына  тыйым  салынады.  Бұл  тəсіл  дəріс  жəне  семинар 

сабақтарында қолданылуы мүмкін. 

Қазақстанда  қоғамдық  даму  деңгейінің,  елдің  экономикалық  қуаты  мен  ұлттық  қауіп-

сіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының ролімен маңызы арта 

түседі.  Қоғамдық  қатынастар  жүйесіндегі  өзгерістер  білім  беруге,  одан  ұшқырлықты,  жаңа 

тарихи  кезеңнің  болмысына  баратар  əрекет  етуді  жəне  экономиканың  даму  қажеттіктеріне 

сай болуды талап ете отырып əсерін тигізеді. Оқитындар қазақстандық білім беру жүйесі ба-

ғыт  алған  білімнің,  дағды-біліктің  жиынтығын  меңгеріп  қана  қоймауға  тиіс.  Оқытатын-

дардың өздерін барынша көрсете біліу жəне қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін ақпа-

ратты  өз  бетінше  табу,  талдау,  құрлымдау  жəне  тиімді  пайдалану  дағдысын  бойына  сіңіру 

əлдеқайда  маңызды  да  күрделі.  Жағдайда  оқытуды  ұйымдастыру  қағидаттарын  жəне  сту-

денттің білім-білікті, дағдыны енжар алушы ролін танымдық көрінісің белсенді субъектісіне 

өзгерту қажеттігі бар. Оқу процесінде өз бетінше білім алу жəне оны практикада қолдану қа-

жеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тəсілдеріне мақсатты жəне жүйелі 

түрде қатысу үшін студенттің танымдық əрекетін белсендендірудің үлкен маңызы бар. Бел-

сенді əдістер арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Практикалық 

сабақтарда  қолданылатын  оқытудың  белсенді  əдістері  танымға  қызығушылық  туғызып, 

студенттің  ақыл-ойын  дамытады,  ізденуге,  жаңа  білімді  түсінуге  ықпал  етеді.  Оқытуда  ең 

басты  нəрсе – студенттердің  танымдық  жұмыстары.  Белсенді  оқыту  əдістері  ең  анық  фак-

тілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тəжірибенің арасын жақындатады. 

 

Əдебиеттер тізімі: 

1.  Мынбаева  А.К.,  Садвакасова  З.М.  Инновационные  методы  обучения,  или  как 

интересно преподавать: учебное пособие: 4-е изд., доп. –Алматы, 2010. 

2.  Селевко  Г.К.  Современные  образовательные  технологии. – М.:Народное 

образование. – 1998.  

3.  Ж.Шатеков,  С.Исаев.  Келешекте  жоғарғы  білім  беру  саласының  кейбір  мəселелері. 

//Ізденіс,1999/2. 

4.  Əлімов А. Интербелсенді əдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану: оқу құралы. 

– Алматы, 2013. 

5.  Б.Молдағалиев, А.Махимова, Г.Сатқанова. Интерактивті оқыту əдістері.// Қазақстан 

мектебі, 2006/9 

 


17 

 

Айдарова Ақмарал Зияшевна 

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ аға оқытушы, 

Абдуллина Ақжүніс Гафуровна 

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ оқытушы 

Ақтөбе қ-сы 

 

ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ  

БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

АННОТАЦИЯ 



Мақалада  мектептер  мен  ЖОО-да  экономикалық  білім  беруде  географиялық  цикл 

пəндерінің  орнының  ерекшеліктері  мен  заман  сұранысына  сай  талаптары  туралы 

айтылады.  Осыған  байланысты  география  сабақтарында  экономикалық  білім  беру 

аспектілері, мазмұны, формалары мен əдістері туралы сұрақтар қаралады. 

Түйінді  сөздер:  экономикалық  білім,  экономикалық  тəрбие , экономикалық  мəдениет, 

когнитивті-операциялық, құндылықты-мотивациялық, нəтижелі-іс-əрекеттік. 

АННОТАЦИЯ 

В  статье  рассматривается  роль  предметов  географического  цикла  в  экономическом 

образовании в школах и ВУЗ-ах страны в соответствии с современными требованиями. В 

связи  с  этим  внимание  улеляется  на  вопросы  о  аспектах  экономического  образования  на 

уроках географии, о ее содержании, форм и методов.  

Ключевые  слова:  экономическое  знание,  экономическое  воспитание,  экономическая 

культура,  когнитивно-операционные,  ценностно-мотивационные,  результативно-деятель-

ное. 

АBSTRACT 

Тhe article considers the role of geographic objects in a cycle of economic education in 

schools and institutes of higher education in the country according to modern requirements. In this 

regard, attention ulelyaetsya questions on aspects of economic education in geography, its contents

forms and methods. 

Keywords: economic knowledge, economic education, economic culture, cognitive-

operational, value-motivational, effectively activities. 

 

Қазіргі  кезде  мектепте  оқытылатын  пəндерде  экономикалық  білім  берудің  негізгі 



міндеттері-қоғам  дамуына  сай  жаңа  технологияларды  игеру,  еңбекке  баулу  мен  оқытуды 

экономикалық  біліммен  ұштастыру  болып  табылады.  Белгілі  теориялық  тұжырымдарға 

сүйене отырып, сондай-ақ педагогикалық принциптерді ескере отырып, экономикалық білім 

берудің  психологиялық-педагогикалық  мəселелерін  қарастыру  оқушыларғы  экономикалық 

білім  беруде  мектептердің  ролінің  өсуімен  байланысты  оқушыларға  білім  беру  мұғалімнің 

білімділігі мен біліктілігі арқасында жүзеге асады деу дұрыс. Оқушылар кең көлемде алған 

экономикалық  білімдерін  болашақта  мамандық  таңдауға  негіз  болуын  көздейді.  Қазіргі 

қоғамдағы  барлық  сфералардың  барлығы  өзгеріске  ұшырап,  күрделі  жəне  қарама-

қайшылықтарға  толған  заманда  экономикалық  білім  берудің  басты  міндеттері  ретінде 

өскелең ұрпақты осы өзгерген ортада өмір сүруге, еңбек етуге тəрбиелеу міндеттері тұр [1].  

Үздіксіз  экономикалық  білім  беруде  географиялық  цикл  пəндерінің  де  орны  ерекше. 

Осыған байланысты мектепте оқушыларға география сабақтарында экономикалық білім беру 

аспектілерін, мазмұнын, формалары мен əдістерін зерттеу, қажеттілігі туындап отыр. 

Экономикалық  тəрбие  мен  білімнің  өзіне  тəн  əдістері  бар.  Білімді  бекіту,  іскерлікті 

қалыптастыру үшін қолданылатын əдістер: 

• Жаттықтыру.  Əр  түрлі  іс-əрекеттерін  істей  білуге  машықтандыру,  жұмыс  орнын 

тиімді  ұйымдастыру,  уақыт  жəне  өндіру  нормаларын  анықтау,  материалдарды, 

электрқуатын, суды, газды үнемді пайдалану, т.б. 

• Тəжірибелік  жұмыстар  жəне  эксперимент.  Бұл  əдістерді  оқушылардың  өндірістік 

бригадасында,  оқу  өндірістік  кооперативте,  үйелмендік  мердігерлікте  немесе  үйелмендік 



18 

 

шығармашылық  қожалықтарында,  мектептерде  шағын  мал,  қүс  фермаларында  қолдануға 



болады.  Тəжірибелік  жəне  эксперимент  жұмыстарының  мақсаты - оқушыларды  өнімді 

бағалай  білуге,  бизнес,  ақша  мен  пайда  сияқты  ұғымдарды  өмірде  қолдана  білуге 

дағдыландыру. 

• Экономикаға  байланысты  есептер  шығару - еңбек  ақыны,  уақыт  жəне  өндіру 

нормаларын  есептей  білу,  рентабельдік,  пайда,  өзіндік  құн  жəне  басқа  да  экономикалық 

ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру. 

• Сандық  материалдарды  талдау  əдісі - саяхат  кездерінде  жиналған  мəліметтердің 

негізінде  кестелер,  диаграммалар  жасау,  қандай  болса  да  экономикалық  шаруалардың 

тиімділігін анықтау. 

• Ғылыми-техникалық, экономикалық əдебиеттермен жұмыс. 

• Экономикалық  сөздік  жасау,  нарықтық  экономика  терминдерін  қазақ  тіліне  аудару. 

Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын молайту. 

Қазақ  халқының  ұлы  ағартушысы  Ы.  Алтынсарин  мектепте  берілетін  экономикалық 

тəрбие  мен  дағдыны  халыққа  пайда  келтіретін  қару  ретінде  бағалы  еңбектің  бала 

тəрбиесіндегі  ерекше  маңызын  көре  білді.  Оның  танымдық  көзқарасы  бойынша 

экономикалық табыс, елдің жəне жеке адамның ырысының мол болуы, əр адамның белсенді 

еңбек етуі арқылы бақытты өмір сүруге ұмтылуына байланысты. 

Румянцев анықтамасы бойынша « Экономикалық тəрбие - қоғам мүшелерінің білімін, 

қабілетін жəне дағдысын, қажеттілігі мен мүддесін, ойлау стилін қалыптастыру мақсатында 

жүйелі, мақсатты бағытта ықпал ету» деп түсініледі, ал Блонский бойынша, «Экономикалық 

тəрбие - экономикалық  даму  заңдылықтарын  тану  негізінде  адамды  белсенді , қоғамдық 

пайдалы əрекетке дайындау үрдісі » деп түсініледі. 

Экономикалық  тəрбие - кең  мағынада  ұйымдастырылған  педагогикалық  əрекет,  ол 

экономикалық  білім  беруге,  экономикалық  мақсатты  əрекетпен  байланысты  экономикалық 

білік пен дағдыны қалыптастыруға, экономикалық ойлауды дамытуға бағытталған. 

Экономикалық  білім  беру - тек  қана  белгілі  бір  экономикалық  теория  көлемін 

қабылдатып,  бекіттіру  емес,  ол  адамның  тəртібін,  түсінігін,  өмірге  көзқарасын  дұрыс 

қалыптастыру процесі, оқушының өзін-өзі қорғауға үйрету, нарықтық жағдайларға бейімдей 

отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру [2]. 

5-6 сыныптардағы мақсаты- экономикалық құбылыстарды түсіндіру, қызығушылығын 

ояту болса, функциялары: 

1. Танымдық - оқыту : экономикалық түсініктермен таныстыру. 

2.  Танымдық - дамыту:  проблемалар  қоя  білу,  диаграмма  мен  сызба  нұсқаларды  сала 

білу. 


3. Тəрбиелік: еңбекті бағалау, уақытын жоспарлау. 

4.  Əлеуметтік  -эканомикадағы  өз  орнын  сезіну,  тауарлар  мен  қызмет  көрсету  əлеміне 

бейімделу. 

7-8  сыныптардағы  мақсаты  -экономиканы  зерттеуге  баулу  болса,  функциясы: 

1. Экономикалық заңдылықтарды пайдалана отырып, түсініктерін кеңейту. 

2.  Графиктерді  есептеулерді  қолданып,  тиімділікті  анықтау,  өз  көзқарастарын 

дəлелдету. 

3.Еңбекқорлық пен жауапкершілікті қалыптастыру, мақсатты - жоспарлы түрде жұмыс 

жасауға үйрету. 

4.  Болашақ  білімнің  бағытын  таңдау,  ақпаратты  сараптап,  қорытынды  жасау,  топпен 

шешім қабылдау, əлеуметтік жағдайға бейімделу. 

9-11  сыныптардағы  мақсаты - фактілерді  қолдана  отырып,  анализ,  синтез  жасау, 

тұлғаның өмірлік құзырлығын қалыптастыру, ал функциялары: 

1.Экономикалық  информацияларды  жетік  түсіну,  экономикалық  заңдылықтарды 

қолдана білу . 

2.Экономикалық теорияны тəжірибе жүзінде пайдалана білу. 



19 

 

3.Экономикалық сауатты, шешім қабылдай алатын, экономикалық еркіндікті, құқықты 



сыйлай  білетін,  тəжірибесімен  бөлісе  алатын,  өз  ісіне  жауапкершілікпен  қарайтын  азамат 

тəрбиелеу. 

4.Болашақ мамандықты таңдай білетін, өз күшіне сенімді, проблемадан қорықпайтын, 

оны шешуге əрекет жасайтын тұлғаны қалыптастыру. 

Экономиканың  адамгершілік  қасиеттерге  əсерін  анықтау  мақсатында  тұлғаның 

жағымды, жағымсыз қасиеттерін зерттеп, сəйкесінше шаралар жүргізуге болады. 

Жеке тұлғаның адамгершілік-экономикалық қасиеттері: 

1.Жағымды қасиеттері: 

• Икемділік жағдайға бейімделу; 

• Еңбекқорлық; 

• Жауапкершілік; 

• Өзін-өзі ұйымдастыруы; 

• Ұжымшылдық; 

• Үнемділік; 

• Іскерлік; 

• Жылдам шешім қабылдау; 

• Жұмысты өз бетімен орындау; 

• Шығармашылық; 

• Инициативтілігі; 

• Алдын-ала жоспарлау, болжау; 

• Бақылау жүргізе білу; 

• Еңбек нəтижесін талдай білу; 

2.Жағымсыз қасиеттері: 

• Эгоизм; 

• Шаруаға қыры жоқтық; 

• Біреудің арқасында күн көру; 

• Сарандық; 

• Өтірік айту, алдау; 

• Өз-өзіне сенімсіздік; 

Сабақ барысында оқушылар топқа бөлініп, өз қалаулары бойынша жобалар алып, оны 

жоспарлау  арқылы  қорғап  шығады.  Жобаны  іске  асыру  барысында  ақпараттың  негізін 

ажырату,  альтернативті  шешім  қабылдау,  білімге,  логикаға  негізделген  əлеуметтік- 

экономикалық көзқарасын дəлелдей білуге үйренеді [3]. 

•Оқушылардың  экономикалық  құзырлықтары  қалыптастыру  бағытында  жобалық 

жұмыстарын қорғату; 

• Бизнеске бейімділікті анықтау; 

•  Жеке  тұлғаның  адамгершілік - экономикалық  қасиеттерінің  жағымды,  жағымсыз 

жақтарын зерттеу ; 

Экономикалық білімді қалыптастыруға əсер ететін факторлар: 

• мұғалімнің білімі мен шеберлігі; 

• тəрбиенің қоғамдық өмірмен байланысы  

•экономикалық  білімді,  біліктілікті,  дағдыны  оқушылардың  біртіндеп  меңгеруі, 

экономикалық ойлауы мен түсінігін дамыту; 

•  өз  мүмкіндігіне  қарай  қажеттілігін  анықтай  білуге,  үнемділікке,  мамандықты  дұрыс 

таңдай білуге үйрету; 

• анализ жасай білуге тəрбиелеу; 

•  экономикалық  білім  беру  мазмұны  барлық  негізгі  пəндердің  құрылымында,  жалпы 

тəрбие жоспарында ескерілуі тиіс. 

Мектепте  экономикалық  білім  негіздерін  оқытудың  басты  мақсаттары  оқушыларды 

экономикалық  мəдениет  пен  қоғамдық  экономикалық  даму  заңдылықтарымен  таныстыру, 



20 

 

еңбек  ете  білуге  жəне  материалдық  құндылықтармен  қамтамасыз  ететін  өз  елінің  патриот 



азаматын тəрбиелеу. 

Заманауи  экономикалық  білім  беру  міндетті  түрде  үздіксіз  болу  керек.  Егер  мектепте 

оқушылар  экономикалық  білім  алса,  мектепте  алған  экономикалық  білім  ЖОО  берілетін 

экономикалық білімге қарама-қайшы келмеуі керек. Экономикалық білім берудегі маңызды 

проблемалардың  бірі  əртүрлі  жастағы 5- 10-класс  оқушылары  үшін  сабақты  қызықты  етіп 

өткізу үшін экономикалық білім берудің мотивациясының болмауы болды.  

Экономикалық  білім  беруді  оқушы  үшін  барынша  қалай  тартымды,  қызық  етуге 

болады?  Дидактикалық  жағынан  білімді  қабылдаудың  бірнеше  əдістемелерін  кешенді 

пайдаланудың тиімділігі жоғары (дайын білімді қабылдау, іс-əрекеттік əдістер, жағдаяттарды 

туғызу  əдістері,  түрлі  экономикалық  жаңалақтарды,  фактілерді,  заңдылықтарды  «ашу», 

есептер  шығару,  т.б.),  олардың  барлығы  да  оқушулардың  шығармашылығын  дамытуда 

ерекше  орын  алады.  Оқытудың  белсенді  түрлері  жəне  іскерлік  ойындартек  экономикалық 

білімге  деген  қызығушылық  пен  талпынысты  арттырып  қана  қоймай,  шағын  уақыт 

аралығында  экономикалық  жағдайды  бастан  кешіруге,  оны  өз  бойынан  өткізуге,  қортынды 

жасауға, нəтижесінде берік білім алуға септігін тигізеді.  

Экономикалық  білімді  практикалық  пайдаланудың  тағы  бір  мысалы-экономикалық 

жəне іскерлік ойындар. Оларды экономикалық білім берудің барлық сатыларында, оқушыдан 

бастап студенттерге дейін пайдалануға болады.  

Мектепте  оқылатын  физикалық  жəне  экономикалық  географиясын  кіріктіре  оқыту, 

қоғамның жасөспірімдерді өмірге, нақтылы бір аумақта оның географиялық ерекшеліктерін 

ескере отырып, еңбек етуге даярлаудағы сұраныстарынан туындап отыр. Табиғат пен қоғам 

арасындағы  байланыстар  туралы  білім,  орта  географиялық  білім  беру  жүйесінің  маңызды 

элементі болып табылады. Жалпы білімді кіріктірудің танымдық жəне əдіснамалық маңызы 

зор. Оны  географиялық  тұрғыда  қарайтын  болсақ,  ол  оқушыларда  əрбір  объектіні  себеп-

салдарлы  байланыс  негізінде  аумақпен  байланыстыру  жəне  шаруашылық,  экономикалық, 

экологиялық жəне əлеуметтік-саяси тұрғыда баға бере алу біліктіліктерін қалыптастырады.  

Н.Н.Баранскийдің сөзімен айтатын болсақ, бір «элемент» немесе бір «сала» төңірегінде 

қалып қоймай бұл кешенді ойлау деген сөз. Кешенді тəсіл география ғылымының іргетасы 

іспеттес,  ол  адамда  дүниенің  əр  алуандығына  қарамастан  өмірге  деген  біртұтас  көзқарас 

қалыптастырады. 

Педагогика  ғылымдарының  мектеп  оқушыларының  білімін  жақсарту  мақсатында 

мұғалімдер  алдына  қоятын  аса  бір  маңызды  талаптарының  бірі – оқушылардың  өз  бетімен 

жұмыс жасап үйренуін қалыптастыруы. Демек, жаңа білім беру мақсатында оқушылардың өз 

бетімен жасайтын жұмыстарына үнемі көңіл бөліп, ұйымдастырып отырғаны жөн. 

Экономикалық  білім  беруде  география  курстарының,  онық  ішінде  Қазақстанның 

экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясын  оқытудағы  сарамандық  жұмыстардың  ролі 

ерекше. 

Экономикалық географиядан сарамандық жұмыс кезінде оқушылар дайын материалға, 

үлгілерге,  картаға  қарап  көшіріп  жазып,  сызатын  болса,  өз  бетінше  жұмысты  орындау 

нəтижесінде  оқушы  азды-көпті  жаңа  нəтижеге  жетеді.  Кез  келген  сарамандық  жұмыс  жаңа 

нəтиже берген жағдайда ғана оқушылардың өз бетімен жасаған жұмыстары болып табылады. 

Еліміздегі  əлеуметтік-экономикалық  өзгерістерге  байланысты  экономикалық  білім 

беруге бетбұрыс байқалып отырған кезде оқушыларға экономикалық білім беру, оқушының 

экономикалық ой-өрісін қалыптастыру жəне дамыту жолдарын анықтау мəселелеріне ерекшк 

көңіл аудару қажеттігі туып отыр. 

Жалпы  алғанда  оқушылардың  ой-өрісін  дамыту  жұмыстарын  жақсартудың  үш 

мүмкіндігі бар. Олардың алғашқы екеуі тікелей мектеп пəндерін оқытуда жүзеге асады. Бірақ 

мектеп пəндері мен оларда келтірілге тапсырмалар сабақта оқушыға экономикалық білім мен 

тəрбие беруге жеткіліксіз болып отыр. Сондықтан, экономикалық білім беруді сыныптан тыс 

жұмыстарда толықтыруға болады. 



21 

 

Оқытудың  жаңа  технологиясы  оқушының  іс - əрекетінің  жоспарланған  нəтижесіне 



жетуді қарастыратын жаңа əдістердің жиынтығынан туады. Оның бұрынғы белгілі дəстүрлі 

оқыту  технологиясынан  айрықша  ерекшелігі  мынандай:  оқушының  интеллекуталды  дамуы 

аз уақыт ішінде қабылдау дəрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;: оқушы 

мен  оқытушының  белсенділігі  сайма – сай  болуы;  мұғалім  мен  шəкірттің  өзара  қарым – 

қатынасында  жауапкершіліктің  міндеттілігі;  алдыңғы  қатарлы  ойшылдардың  зерттеу 

жұмыстарын  сабақта  тиімді  рпайдалана  білу,  дамыта  оқыту  арқылы  оқушының  ғылымды 

игеруіне дербестік қасиетін қалыптасытру. 

Мысалы, 10 – сыныпта оқушылардың тақырып бойынша оқу ниеттерін құрастыруына, 

кітаптағы білім алу жəне икемділік қалыптастыру блогы мен өзіңді - өзің жəне жолдасыңды 

тексер  блогымен  жұмыс  жасауына  айрықша  мəн  беріледі.  Осы  əдіс – тəсілдерді  игеру 

нəтижесінде оқушылардың ой – танымдық іс - əрекеттері, оқыту əдісін дұрыс ұйымдастыру 

нəтижесінде жемісін көруге болады [4]. 

Оқытуда  түпкі  мақсатқа  жету  үшін  мұғалім  ізденісі  шешуші  роль  атқарады.  Неміс 

педагогі  Адльф  Дистервег  ХІХ  ғасырдың  өзінде – ақ  «жас  мұғалімнің  негізгі  кемшілігі - 

өзіне  белгілі  материалды  балаларға  тегіс  айтып  беруге  тырысуы» - деген  болатын.  Жаман 

мұғалім  шындықты  (білімді)  өзі  айтып  хабарлайды,  жариялайды,  ал  жақсы  мұғалім 

күнделікті  сабақта  проблемалық  ситуация  жасай  білсе  жəне  бір  сабақтан  екінші  сабақты 

түрлендіріп өткізе білсе, ол оқушының өзіндік ізденісіне жол ашады. 

Қазақстанның  білім  беру  жүйесінде  экономикалық  ойлауды  қалыптастырудың 

маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси білім мен тəрбие ісі ерекше бағыт алып отыр.  

Бəсекеге  қабілеттіліктің  басты  көрсеткіші – жастардың  білім  деңгейінің  жоғары  жəне 

олардың  парасатты,  аса  тəрбиелі  тұлғалар  болып  қалыптасуы.  Өйткені  бүгінгі  күнгі 

студенттер – ертеңгі  зиялылар.  Күні  ертең - ақ,  олар  өндірістік  жəне  əлеуметтік  басқару 

жүйесін өз қолдарына алады.  

Мектеп  оқушыларына  үздіксіз  білім  беруді  тиімді  жүзеге  асыруда  негізгі  критери 

ретінде  негізгі  процестің  негізгі  компоненттері  қарастырылды:  когнитивті-операциялық, 

құндылықты-мотивациялық жəне нəтижелі-іс-əрекеттік. 

Егеменді  Қазақстанның  дамуы  үшін  оқу  орындарында  үздіксіз  экономикалық  білім 

берудің  маңызы  зор.  Бұл  ойды  көптеген  қазақстандық  ғалымдар  құптап  отыр.  Бұл  процесс 

тұлғаның  дамуындағы  кездесетін  өтпелі  кезеңдер  кезіндердегі  келеңсіз  жағдайларды 

болдырмау  үшін,  оның  талаптарын,  құндылықтарын,  экономикалық  ойлауы  мен  іс-

əрекеттерін,  мəдениетін  көтеру  үшін  оқушылардыі  қоғамдағы  өзгерістерге  тез  бейімделуі 

үшін ерекше маңызды.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет