Бұл күні мектепке ерте келдім. Кенжебай Жанардың ашық сабағына Ахметова Айгерім екеуіміз тәжірибе алмасуға кірдік Сабаққа пән мұғалімі өзі қатысып, сабақты бастап аяқ бақылап отырды. Бірінші өткен сабаққа шолу жасап, жаңа сабақ түсіндірді. Сабақтың тақырыбы: «Табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күрес. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар». Сабақта түрлі әдіс-тәсілерді қолданып, барынша түсінікті және көңілді өткізді.
5-апта.
Апта күндері
Тәрбие жұмысының мазмұны
Дүйсенбі 20.02.23
Ерте келіп оқушыларымды түгендедім. Бұл күні мен пән мұғалімі етіп бекітілген сыныптардың барлығына биология сабағы бар болғандықтан, сыныптардың сабаққа қатысуын бақыладым. Мұғалімнің сабақ беру әдіс-тәсілдерін бақылап, қажетті жерлерін өз дәптеріме жазып алдым.
Сейсенбі 21.02.23
Бүгін менде сабақ болмаса да, әдеттегідей мектепке ерте келдім. Апайымның қасында жүріп тапсырмалар орындадым. Алдағы сабақтарыма жоспар құрып, алдын-ала дайындалып жүрдімАхметова Айгерімнің 9«ә» сыныпқа ашық сабақ өткізді. Сабағына кіріп, апайдың жанында болып бағаладық.
Сәрсенбі 22.02.23
7:30 – да мектепте болып, 9 «ә» оқушыларын түгендеп, оқушылардың түгел екенін сынып жетекшісіне хабарладым. 12:25-13:10 аралығында 8«А» сыныбына «Бұлшықет ұлпаларының құрылысы мен қызметі» тақырыбында сабақ өттім. Сабақ өте қызықты болды.Сабаққа көрнекіліктер соның ішінде: стикерлер,интернет ойындар, ойлан-тап әдістерің қолдандана отырып формативті бағаладым. Тапсырмалар беріп, оны бірге талдадық.