Бүгін мектепке 7:30 –да келіп, сынып жектекшілікке тағайындалған, яғни 9ә оқушыларын күтіп алып, түгендедім. 8 «А» сыныбында биология сабағы болып, жаңа тақырып түсіндірдім. Сабақтың тақырыбы: «Таяқшаның, құтышаның және жасушалардың құрылымы мен қызметі» - күрделі тақырып. Тапсырмаларды оқушылар орындап, бағаланды.
Бейсенбі 2.03.23
Бүгін мектепке 7:30 –да келіп, оқушыларды, яғни 9ә оқушыларын күтіп алып, түгендедім. Содан кейін биология сабағы 8 сыныптарда болған соң Гүлбану апаймен барлық сабақтарына қатыстым. Апайдың сабақта қолданатын әдіс тәсілдерін сұрап, бақыладым. Гүлбану апайдан тапсырмалар алып орындадым.
Жұма 3.03.23
Мектепке ерте келдім.Бекітілген 9ә сыныбын түгендеп, келмеген оқушыларды белгілеп алдым. Ары қарай Кенжебай Жанардың сабағына қатыстым. Сабақтың тақырыбы: « Түр түзілудің тәсілдері. Түр түзілудің механизмі. Түр түзілудің оқшаулаушы механизмі». Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.