Мектепке ерте келіп сынып жетекші болып тағайындалған 9в сыныбымды түгендедім. Оқушылардың түгел екенін Жанна Самуратовнаға хабарладым. 10А сыныбына «Мутациялар, олардың түрлері. Кенеттен және индукцияланған мутация» тақырыбында Кенжебай Жанардың сабағына қатыстым. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
Сейсенбі 7.02.2023
Әдеттегідей ерте келіп оқушыларды түгенедім. Гүлбану Муканованың қасында болып, тапсырмаларын орындадым. Ахметова Айгерімнің сабағына қатысып тәжірибе жинадым.
Сәрсенбі 8.02.2023
Мектепке 7:30-да келіп, оқушыларды түгендедім. Сабаққа 1 оқушы қатыспағанын ескертіп, Тасқынбаева Жанна Самуратовна бардым. Жанна Самуратовна хабарласып мән-жайды анықтады. 8в сыныбыма сабақ беріп, апайдың ақыл – кеңесін тындадым.
Бейсенбі 9.02.2023
Әдеттегідей ерте келіп оқушыларды күтіп алып түгендедім. Сынып жетекшілікке тағайындалған сыныбымның сабағына қатысып, оқу үлгерімдерін бақыладым. Оқушылардың сабаққа ынталарын көріп, қуанып қалдым. Курстастарымның сабағына қатысып, тәжірибе жинадым.
Жұма 10.02.2023
Бұл күні маған берілген сыныптарда биология сабағы болды. Мектепке келіп пән мұғалімі Гүлбану апайдың қасында жүріп тапсырмаларын орындадым.