Педагогикалық практика бойынша есептік құжаттары



бет4/24
Дата25.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#97399
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Тәрбие жұмысының мазмұны



Дүйсенбі
30.01.2023

Апта күні «Биология апталығымен» басталды. Гулбану апайларымызбен апталыққа дайындалып, түрлі іс – шаралар құрастырдық. Сонымен қатар, 10а сыныпқа Кенжебай Жанардың сабағына қатыстым.

Сейсенбі
31.01.2023


Бүгін мектепке 8:00 – де келіп, әдеттегідей оқушыларды түгендедім. Сабаққа қатыспаған оқушыларды, Жанна Самуратовнаға хабарлап, анықтауын өтіндім. Курстасым Айгерімнің 9а,9ә,9б және 9в сыныптарының сабақтарына қатысып, тәжірибе алмастық. Гулбану апай білмеген жерімізді түсіндіріп, сабақтың өткізу жүйесін талдадық.

Сәрсенбі
1.02.2023



Мектепке ерте келіп, сыныбымды түгендедім. 9Б сыныбына сабағым болғаннан кейін, Гүлбану апайдың орнына сабақ өткізіп, тәжірибе жинадым. Биология апталығы болған соң қоңыраулар арасында тақырыпқа байланысты ойындар өткізіп, оқушыларды ынталандыру мақсатында сыйлықтар үлестірдік.

Бейсенбі
2.02.2023



Мектепке ерте келіп, сыныбымды түгендедім. Әрі қарай 8а сыныпқа сабақ қөткізіп, тәжірибе жинақтадым. Түскі уақытта «Мен шығарған өнім» - атты апталықтың сайысын өткіздік. Онда оқушылар пәнге байланысты өздері қолдан жасаған бұйымдарын көрсетіп, таныстырды. Сайыс соңында оқушылар марапатталып, сыйлықтар табыстадық.

Жұма
3.02.2023

Мектепке ерте келіп, сыныбымды түгендедім. Сыныпта барлық оқушы түгел екен. Жанна Самуратовнаға хабарлап айттым. Биологяи апталығының соңғы күні болған соң, шағын концерт қойылып, оқушылар өз өнерлерін көрсетті. «Биология – бұл біздің өмір» - атты тақырыпта сыныптар арасында сайыс ұйымдастырдық. Оқушыларға марапаттаулар табыстылап, мұғалімдері болашаққа бағыт-бағдар айтып, апталықты жаптық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет