Педагогикалық практика күнделігі


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті тыңдаушыларына нұсқау



бет2/5
Дата30.03.2022
өлшемі53,81 Kb.
#29225
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 Пед-практика күнделігінің үлгісі (тыңдаушы)

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті тыңдаушыларына нұсқау

1. Кәсiптік практика – оқу барысының құрамдас бөлiгi болып табылады және тыңдаушылардың оқу орнында өзi таңдаған мамандығының iс-әрекет дағдылары мен жұмыстарын қалыптастыру мақсатын көздейдi.

2. Практика барысында Тыңдаушы оқу, білім, тәрбие беру мекеме ережелерiн толық орындайды және білім беру процесінде көрсетiлген нақты талаптарға сәйкес практика бағдарламасындағы барлық тапсырмаларды орындайды.

3. Тыңдаушы практика бағдарламасы мен тапсырмаларына сәйкес есеп берудi жүйелi түрде жүргiзе отырып, практика соңында есебiн аяқтауы тиiс.

4. Тыңдаушының практика күнделiгiн толтыру тәртiбi:

а) күнделiктегi жазбалар практиканың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес болуы тиiс;

ә) Тыңдаушы практика күнделiгiне жазба жұмыстарын жүйелі түрде жазып отыруы тиіс;

б) әдіскер-пән оқытушысы (ЖОО-ның) әр апта сайын практиканттың күнделігін тексеріп, қажетті жағдайда әдіскерлік нұсқау беріп отыруы қажет және «Жеке жоспар» бөлімі аптаның алдында толтырылады, топ әдіскері (ЖОО-ның пән оқытушысы) тексеріп, талдап бекітеді;

в) практика соңында практикант-Тыңдаушының жұмысына баға беру мақсатында топ жетекшісі, әдіскерлер өздерінің міндеттерін айқындайтын практика күнделігіндегі бөлімдерді (пунктерді) жауапкершілікпен толтырылуы қажет;

г) практика соңында мектеп тарапынан бөлінген әдіскер, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері мен мектеп директорының қолы қойылып, мөр басылып практика күнделігі маман даярлайтын арнаулы кафедраға тапсырылады.


Ескерту:

- күнделiксiз практика есебі қабылданбайды;

- күнделiк әдеби-педагогикалық ұғымдар мен түсініктерді қолдана отырып толтырылуы қажет.

Практиканың мiндетi мен мазмұны


1. Мектептегi оқу-тәрбие процесiнiң жай-күйiмен танысу.

2. Алдыңғы қатарлы педагогикалық практикамен танысу, оқып үйрену.

3. Тұтас педагогикалық процеске белсене қатысу, қоғамдық жұмыстарға араласу мектепте, мектептен, сабақтан тыс өткiзiлетiн iс-шараларға белсендiлiкпен атсалысу.

4. Тәртiбi төмен оқушылармен қосымша тәрбие жұмыстарын жүргiзу.

5. Ұстаздық шеберлiктiң элементтерiн қалыптастырудың жолдарын, әдiс-тәсiлдерiн қарастыру.

6. Педагогикалық практика барысында педагогикалық iскерлiк, дағдыларды қалыптастыру.

7. Мектептiң оқу-тәрбие жұмысының жүйесiмен танысу:

- мектептiң оқу-материалдық базасы;

- педагогикалық ұжымның iс-әрекетi;

- сынып жетекшiлерiнiң әдiстемелiк бiрлестiктерi;

- пән мұғалiмдерiнiң әдiстемелiк бiрлестiктерi;

8. Оқып-үйрену, зерттеу:

- жұмысты жоспарлаудың жүйесiн;

- сынып ұжымы мен оқушының жеке тұлғасын;

- пәндерге арналған сабақтан тыс жұмыстар жүйесiн;

- сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесiн.

9. Өз бетiнше атқарылатын жұмыстар:

- сыныптан тыс жүргiзiлетiн жұмыстарды жоспарлау;

- сабақтарға қатысу;

- пән бойынша қосымша сабақтар жүргiзу;

- дидактикалық материалдар даярлау.

10. Сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

11. Педагогикалық эксперимент жасау.

12. Теориялық бiлiмдi iс жүзiнде қолдану, бекiту, тереңдету, молайту.

13. Оқушыларды зерттеу барысында балалармен қарым-қатынас жасаудағы iскерлiк дағдыларды қалыптастыру.

14. Сабақтан тыс тәлiм-тәрбиелiк iс-шараларды жоспарлай бiлу, өткiзу, талдау.

15. Ғылыми-әдiстемелiк зерттеу жұмыстарын жүргiзе бiлудi үйрену, яғни педагогикалық байқау, анкета толтыру, құжаттарды оқып үйрену iскерлiктерiн қалыптастыру.

Ақпарат бетi


Топ жетекшiсi ________________________________________________________

Пән әдiскерi _________________________________________________________

Оқушыларды басқару кеңесiнiң

төрағасы (төрайымы) __________________________________________________

Ата-аналар кеңесiнiң төрағасы

(төрайымы) __________________________________________________________

Педагогика пәнiнiң әдiскерi ____________________________________________

Психология пәнiнiң әдiскерi ___________________________________________

Мектеп директоры ____________________________________________________

Оқу iсi жөнiндегi директордың

орынбасары _________________________________________________________

Тәрбие iсi жөнiндегi директордың

орынбасары _________________________________________________________

Пән мұғалiмi_________________________________________________________

Сынып жетекшiсi_____________________________________________________

Мектеппен танысу

Мектептiң типi _______________________________________________________

Оқушылар саны ______________________________________________________

Мұғалiмдер саны _____________________________________________________

Атақты, жоғары категориялы

мұғалiмдер саны _____________________________________________________

Мектеп жұмысының режимi ____________________________________________

Жұмыстың негiзгi бағыты _____________________________________________

____________________________________________________________________

Мектепте қолданылатын

инновациялар ________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мектепте қалыптасқан тәрбие

жұмысының жүйесi ___________________________________________________

____________________________________________________________________

Халықтық педагогиканың элементтерiн

пайдалану ___________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Оқушылардың өзiн-өзi басқаруы ________________________________________ Материалдық қоры (базасы)____________________________________________ __________________________________________________

Сабақ кестесi








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет