Педагогикасы


Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы



бет48/50
Дата14.10.2023
өлшемі298,41 Kb.
#114753
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы – бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің ӛзіндік жұмысы, оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың ӛзіндік жұмысы және оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың ӛзіндік жұмысы болып бӛлінеді.
Оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен кӛлемін айқындайтын бағдарлама.
Оқу жоспары - білім берудің тиісті деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбесі мен кӛлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын регламенттейтін құжат.
Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі.
Оқу жұмыс жоспары - мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат.
Оқыту заңдылықтары – бұл жоғары оқу орнындағы педагогикалық үрдіс компоненттері арасындағы объективті болатын, қайталанып отыратын, тұрақты байланыстар, оларға сүйену арқылы осы үрдістің тиімділігі арттырылады.
Оқыту принциптері – бұл блім беру үрдісінің бағыттылығын, мазмұнын, әдістемелік құрылымын, оқытушы әрекетінің сипатын анықтайтын ереже-талаптар.
Оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы.
Парадигма – барлығымен мойындалып қабылданған ғылыми жетістіктер, олар ғылыми қауымдастыққа белгілі бір уақыт аралығында мәселелерді анықтау және оларды шешудің моделін ұсынады.
Педагогика - адамдарды тәрбиелеу туралы ғылым. Педагогика ол тәрбие, оқыту мен білім беру туралы ғылым. Ғылым ретінде педагогика тәрбие, оқыту мен білім берудің заңдылықтары мен қағидаларын, түрлері мен әдістерін зерттейді. Педагогика салалары:
Жалпы педагогика негізгі пән ретінде білім беру, тәрбие мен оқытудың негізгі заңдылықтары мен қағидаларын, әдіс-тәсілдері мен түрлерін
зерттейді. Ол ӛзіне оқытудың теориясы болып табылатын - дидактиканы және тәрбие теориясын, халыққа білім беру ісін басқарудың теориясы болатын – мектептануды қамтиды.
Жас ерекшелік педагогикасы – адам дамуының түрлі жас кезеңінде (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) оқыту мен тәрбие ерекшеліктерін зерттейді.
Жеке әдістемелер оқытудың жалпы заңдылықтарын жеке пәндерді оқытуға қатысты қолдану ерекшеліктерін зерттейді.
Жеке салалық педагогика (әскери, спорттық, криминологиялық және
т.б.).
Еңбекпен түзету педагогикасы түрлі жастағы құқықбұзушыларды
қайта тәрбиелеуді теориялық негіздеу мен тәжірибесін жасаумен айналысады.
Педагогика тарихы адамзат дамуының түрлі тарихи кезеңдерінде педагогикалық ойлар мен тәжірибенің даму ерекшеліктерін зерттейді.
Педагогика әдіснамасы – педагогика, оның мәртебесі, дамуы, категориалдық аппараты, жаңа педагогикалық білім алудың жолдары туралы ғылым.
Кәсіптік педагогика – кәсіптік білім берудің (бастауыш кәсіби білім беру педагогикасы, орта кәсіптік білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, ӛндірістік педагогика) теориясы мен тәжірибесін зерттейді.
Салыстырмалы педагогика салыстыру негізінде түрлі елдердегі білім және тәрбие жүйелерінің қызметі мен дамуының ерекшеліктерін зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет