Педагогтің инновациялық қызметін жобалаудағы технологиялық және мультимедиялық тәсілдер


Кәсіби шеберлікті дамыту барысында тиімді инновациялық технологияларды қолдану, дамыту әдістемесі



бет4/11
Дата02.06.2023
өлшемі62,35 Kb.
#98089
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
12 семинар Рахметұлы Ұлан

2. Кәсіби шеберлікті дамыту барысында тиімді инновациялық технологияларды қолдану, дамыту әдістемесі
Болашақ оқытушылардың педагогикалық шеберлігін қалыптастырудағы кейбір мәселелер.Педагогикалық іс- әрекет профессионалдық әр түрлі деңгейде жүзеге асып, түрлі нәтиже береді. Әрбір оқытушы кәсіби өсуге және педагогикалық шеберлікке ұмытылады. Педагогикалық шеберлікті игеру студенттік кезден басталады.
Қандай да бір істі өзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін шеберлік керек. Кәсіби шеберлік дегеніміз не?
Атақты педагог- ғалым В. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым- шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»- деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, қазақ ағартушысы Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі» дегені бекер айтылған сөз емес.
Педагогикалық істегі кәсіби біліктіліктің құрлымы мен болмысы шеберлікпен ғана ұштасып жататын тәуелсіз, дербес категория ретінде сараланады. Сондықтан, кәсіби шеберлік – бұл тұлғаның интеграцияланған тұтас қасиеттерінің сапалық жиынтығы.Ол кез- келген сапа көрсеткіші секілді, тек қана іс- әрекет үрдісінде ғана қалыптасады, демек аталған үрдіс- іс- әрекеттің, тәжірибелік қызметтің нәтижесі болмақ.
Мұғалімнің кәсіптік дәрежесін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай келе ғалым Ш. Таубаева мынадай қорытынды жасаған: «Кәсіптік қызығушылық педагогикалық қызметте бағдарлауда, білуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмытылуы арқылы ғана айнала алады». Демек, мектеп мұғалімдерге мынандай әдістемелік талаптар қойылады.

  1. Педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру.

  2. Оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы қазіргі технологияларды әдістемелерді және тәсілдерді зеріттеп, меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу.

  3. Мұғалімнің педагогикалық- кәсіптік оң көз- қарасынан және құндылықтарының қалыптасуы, оның тұрақтылығына көру.

  4. Өз білімін көсетуге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтерді ақпараттық жағынан қамтамасыз ету.

  5. Оқушылар табыстарын мониторингілеу және оны диагностикалаудың қазіргі тәсілдерін меңгеріп қолдана білу.

  6. Авторлық бағдарламалар, курстар,құралдар, мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру және ондай мұғалімдерге жан- жақты қолдану көрсету.

  7. Педагогтар жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруды әр мұғалімнің күнделікті ісіне енгізу.

Мұндай міндеттер, әрине барлық мектептерде қойылып, шешіліп жатады. Сондықтан біз, ең алдымен, мұғалімнің кәсіптік қызметінің құрамдас бөліктерін атап өтелік.

  1. Біліктілігін көтеру (курстар, семинарлар, т. б.)

  2. Кәсіптік табыстары рейтингісінің жылдар бойынша өсуі,

  3. Әдістемелік жұмыстары.

  4. Кәсіптік жаңашылдық қызметі.

  5. Кәсіптік тұлғасы: негізгі мәселені анықтай алуы,жобалар құра білуі, өз қызметі бойынша есептер, мақалалар жаза алу, төзімділігі, адами – рухани, психологиялық сапалары, қарым- қатынас шеберлігі, т. б.

  6. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстары.

  7. Қоғамдық педагогикалық қызметі.

Бұлар әр мұғалімнің нақты әрі нәтижелі жұмыс істеуіне жетекші бола алады. Демек, мұғалімнен жасанды қабілеттілік емес, нақты кәсіптік еңбектің міндеті атқарылуы талап етіледі. Педагогикалық технологияның басты сипаты да, міне, осы.
Ұстаздық жолды ұстанған тұлға үшін педагогикалық шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып саналады. Өйткені мұғалімнің шеберлігі шәкіртті қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу ; екінші жағынан, оқытып- тәрбиелеудің әдіс- тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу мен астасып жатқан мәселе. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі қалыптасып жетіледі.
Педагогикалық шеберліктің негізгі балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру, жұмыс әдіс- тәсілдерін жаңаша жандандыра түсу педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Педагогикалық іс- әрекеттегі гуманистік бағыттылық- мұғалімдердің оқушыларға адамгершілік- ізгілік қарым – қатынас орнату жағынан жетіле түсіуіне қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі- педагогтардың шәкірттермен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы ізгілік – адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет етеді. Ұлы жазушы, педагог Л. Н. Толстой былай деген болатын «Егер мұғалім өзінің балаларға сүйіспеншілігін » педагогикалық іс- әрекетпен жалғастыра білсе, ол- жетілген мұғалім». Педагогикалық іс- әрекеттегі бағыттылық әр жақты ұстаным десек, олар мыналар: өзін шебер педагог ретінде танып білу; педагогикалық әсердің ықпалды болуы; балаларға деген сүйіспеншілік, ынтымақтастық бейімділігі, сондай- ақ педагогикалық іс- әрекет мақсатының, ізгіліктілік стратегиясының тактикасының болуы.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні- орта мектепте педагогикалық деонтологияның «Оқушының тән саулығына, жан саулығына зиян келтірмей әсер ету» ұстанымның ескерілмеуі.


Соның себебінен балалар психологиялық дискомфортта өмір сүреді. Ал психологиялық дискомфорт балаларды:
- психисоматикалық сырқаттарға әкеліп соғатын белді фактор;
- ынжық, ұрысқақ, жасық, жалқау болуына себепші;
- туберкулездің кең тарауына, нашақорлық пен маскүнемдік мәселелерінің күннен-күнге нығайуына жол ашар амалы;
- психикалық шыдамдығын төмендетіп, интеллектуалдық мүмкіндіктерін азайтып, эмоционалдық топастыққа ұшырататын айғақ деп анықтадық.

Педагогикалық деонтологияда пайда болатын негізгі мәселе- осы жауапкершіліктің шектерін, яғни педагогикалық кірісудің шектерін белгілеу. Мысалы, дәрігерлік әдепте (этикада) медициналық араласуға науқастың ресми (құжатты) келісімін алу нормалары бар. Егер науқастың ойлау қабілеті шектеулі болса, мұндай келісімді туысқандары немесе басқа жақын адамдары береді. Ал мектептегі, әсіресе мектепке дейінгі жастағы баланы жауапты шешім қабылдау тұрғысынан түсіну қабілеті үнемі шектеулі. Дегенмен де осы жерде педагогикалық ықпал мен медициналық әсердің ұқсастығы шектеледі, өйткені педагогикалық ықпал бір жолғы сипатта болмайды, әрдайым, үнемі, баланың мектептегі барлық жақтарына араласумен теңеседі. Мұғалім әрбір дауыс көтеруге, тыйым салуға немесе мақтауға, басқа да ұсақ әрекеттеріне ата- аналардың келісімін сұрау мүмкін емес. Бірақ мұндай әсер етулердің нәтижесі ескерілмейтіндей шамалы ғана болмайды. Міне, осындай педагогикалық дентологяның негізгі қағидасы шығады: егер мұғалімнің шешім қабылдауда бостандығы шексіз болса, онда оның қабылдаған шешімдеріне жауапкершілік мөлшері одан әрі жоғары болуы керек.


Екінші ерекшелігі, педагогтың көп әрекеттерін сырттан ешкім бақылай алмайды, көбінесе олар өздерінің іс- әрекетіне өздері ғана бағалаушы бола алады. Сондықтан ұстаздың моральдық барометрі- педагогикалық парыздылық ары болу керек.Үшінші мұғалім еңбегінің ерекшелігі – оның нәтижелері кейінгі уақытқа ысырылып тасталғандай бірден көріне қоймайды. Педагогикалық қателердің, біліксіз педагогикалық ықпалдардың жазасын баланың өзі және оның жақындарын бірнеше жылдан кейін, ересек болған кезде көріп жатады.
4.Төртінші мұғалім қызметінің ерекшелігі, оның қолында нәтиже өлшеуші жоқ. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қас қағым уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білу тиіс. Сонымен қатар, баланың даму жолы соншалықты күрделі, өте көп факторлы болғандықтан жеке педагогикалық әсер мен жеке тұлға дамуының нақты мөлшері арасындағы себеп- салдар байланысын анықтау оңайға соқпайды. Сондықтан тәрбиешінің бойында бала тұлғасының дамуына ол қай кезде жақсылық, ал қай кезде жамандық жасауға бейімді болып тұрғанын анықтау мүмкіншілігінің болуы міндетті. Осының барлығын ескеріп, іске асыру үшін болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру қажет деп санаймыз.Дентология ұғымы күні бүгінге дейін педагогикалық тұрғыдан қарастырылмаған, педагогикалық қызмет аясында қолдануын таппаған моральдық ұғым болғандықтан, оның педагогика ғылымындағы алатын орнын дұрыс талдып түсіндіру және педагог мамандығы бойынша кәсіптік білім берудің теориясы мен методикасында қолдану тетігін ашу- заман талабы.
Педагогикалық деонтология – ұстаздық кәсіптік парыздылығына негізделген мінез- құлқ туралы ғылым. Бұл ұстаздық қызмет аясында практикалық іс- әрекеттерін реттеуші амалы. Педагогикалық деонтологияға мұғалімнің парызын адалдығы мен кәсібіне сәйкес сана сезімді болуы және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешені жатады.
Педагогикалық деонтологияның мақсаты баланың жеке тұлғасының табиғатына сай дамуына жәрдемдесу мүддесіне сәйкес педагог қызметін нормалау.
Деонтологиялық тұрғыдан анықтайтын қабілеттер төмендегідей:
балаларға деген сүйіспеншілік;
адал ниеттілік;
әділеттілік;
мамандығына деген сүйіспеншілік;
толеранттік;
ұстанымдылық (принципшілдік);
өз пәні бойынша жоғары деңгейлі білім;
сол білімдерін,дағдыларын оқушыларға жеткізе білу;
қызықты сабақ ұйымдастыра білуі;
еңбек сүйгіштік;
талап етушілік;
оқушыны өз пәніне қызықтыра білуі;
жалпы эрудициясы;
тілектестік;
төзімділік;
балаларды түсіне білуі;
өзін- өзі жетілдіруге ұмтылысы;
жұғысқыштық;
жақсы мұқамы;
сабырлық;
артистік;
жоғары музыкалық қабілеттері;
сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыра білуі;
эмоционалды сензитивтілігі (сезімділік);
жеке тұлғалық конгруэнттігі (сәйкестігі);
рефлексиялық қабілеті (өз басының және басқа адамның тәжірибесін ескеру);
эмпатиялығы (жанашырлық, түсінушілік);
ой мен сезімдерін білдірудегі айқындығы;
әзіл- оспақты қолдана және түсіне білу:
төзімділік;
Осы отыз педагогикалық деонтологияға сәйкес ұстаздық мінез- құлқының
негізгі іргелі қасиеттері және іс- әрекет стилі, педагогтық реңкіне қатысты қабілеттерді талдай келе, үш негізгі топ іріктелді: адам сүйгіштік(балаға деген сүйіспеншілік), парыздылық сана- сезімі (әділдік борыш пен жауапкершілік), білімге деген ,өзіндік ізденіске деген ұмтылыс.
Педагогикалық деонтологиялық тұрғыдан дамуының мазмұны өзара байланысты үш өрісте болу керек:

  1. когнитивтік (қайшылықтарды танып білу:

  2. эмоционалды (жерілгендіксінуден, агрессиялықтан, билікке құштарлықтан,, өзімшілдіктен,иррационаодық қорғаныштан, «толыққанды маман емеспін» деген сезімнен,т. б.босау);

  3. каммуникативтік техника аясында (демократиялық қарым- қатынасты жаттықтыру жүйесі арқылы қалыптасып қалған авторитарлық мінез- құлықтан айырылу);

Сондықтан үкіметтің сапалы білім, саналы тәрбие беру, құзырлы маман дайындау тапсырмасын орындау үшін ең алдымен ұстаз тұлғасын сәйкес қалыптастыру керек. Онсыз ешқандай жаңа технологиялар, компьютерлік кластар, оқу, әдістемелік құралдар, сіңірілген қаржы- қаражат мөлшері бұл іске сеп бола алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет