Педагогтің кәсіби стандарты Жалпы ережелер


) «іскерлік пен дағдылар»



Pdf көрінісі
бет2/92
Дата13.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#42771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
ПС Педагог каз (1)

1) «іскерлік пен дағдылар» көрсеткішінде дербестік дәрежесі көрсетілген
2) «тұлғалық және кәсіби құзыреттілік» көрсеткішінде жауапкершілік 
дәрежесі көрсетілген; 
3) «білім» көрсеткішінде педагог мамандығының күрделілік дәрежесі 
көрсетілген, педагог еңбегінің күрделілігі оның «адам-адам» мамандығымен 
байланысты. Педагогикалық қызмет – бұл адамның бір-біреуіне ықпалы емес, 
олардың өзара әрекеттесуі. Сондықтан педагог қызметінің объектісі 
педагогикалық үдеріс болып саналады, ал білім алушы ықпал жасау 
объектісінен қызмет субъектісіне ауысады. 
1.4.5 Кәсіби стандартта бес еңбек қызметі белгіленген: 
1) оқыту; 
2) тәрбиелеу; 


3) әдістемелік; 
4) зерттеушілік; 
5) әлеуметтік-коммуникативтік. 
1.4.6 Кәсіби стандартта екінші еңбек қызметінің дескрипторлары деңгей 
бойынша ретке келтірілген. Бұл қызмет «ортақ» барлық деңгей бойынша және 
педагогикалық қызметтің құндылығын көрсетеді. Педагогтің қызметі бұл 
құндылықтарсыз тұлғаның психикалық және дене дамуына қауіпті, сонымен 
қатар, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік саулығы үшін де.
1.4.7 Кәсіби стандарттың тұжырымдамалық негізгі деңгейінде заманауи 
педагогтің үлгісі бейнеленген.
1.4.8 Кәсіби стандарт педагогикалық біліктіліктің дамуы бойынша 
дескрипторлармен толығады және осы станлартқа қосымша ретінде маманның 
жеке карточкасында көрсетіледі.
2. Педагогикалық мамандықтың құндылығы 
Педагогтің еңбек күрделілігі оның «адам-адам» мамандық/кәсіп түріне 
жатқызуына байланысты. Педагогтік іс-әрекет – бұл бір адамның басқа адамға 
тікелей әрекет жасауы емес, олардың өзара әрекеттесуі. Сондықтан педагогтің 
әрекет объектісі педагогикалық үдеріс болып табылады, ал білім алушы әрекет 
жасау объектісінен әрекет субъектісіне ауысады. Осының негізінде 
педагогикалық кәсіп құндылықтары айқындалды: 
 Білім алушының тұлғасын, оның құқығы мен бостандығын құрметтеу; 
 басқа сенімдерге, әлем мен дәстүрлерге деген көзқарастарына 
толеранттілілік білдіру; 
 мәдени алуан түрлілігіне ашықтығы
 икемділігі, бейімделу қабілеті, эмпатияға деген қабілеті; 
 тұлға құндылықтарын, тіл мен коммуникацияны түсіну; 
өз бетімен білім алу, талдамалық және сыни ойлау дағдылары; 
 коммуникативтік және тілдік дағдылары; 
ынтымақтастық дағдылары, дауларды шешу қабілеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет