Педагогтің кәсіби стандарты Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет5/92
Дата13.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#42771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Іскерлік пен дағдылар: 
педагогикалық тактты, педагогикалық этика ережелерін сақтайды; 
 білім алушылар тұлғасына сыйластықпен қарайды
 білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады; 
 жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларға берілгендігін білдіреді; 
 жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесіне баулиды; 
дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілеті бар екенін көрсетеді; 
 ерекше білім қажет ететін тұлғаларға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, аз ұлт 
балалары, дарынды балалар, денсаулығы шектеулі балалар) педагогикалық қолдау көрсетеді; 
 
«Мәңгілік Ел» - жаңа жүйе құраушы құндылықтарына араластығын танытады



Білім: 
 балаларды оқыту мен дамытудағы тәрбиелеудің басыңқы рөлін түсіну; 
 балаларды тәрбиелеудегі ересек адамдардың үлгі болуының жетекші рөлін түсіну; 
 «оқытып тәрбиелеу» жалпы дидактикалық қағидатты іске асыру әдістері мен тәсілдері; 
 бастауыш мектеп педагогикасының ерекшеліктері; 
 гуманистік педагогиканың қазіргі тұжырымдамалары; 
 мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудегі денсаулықты сақтау заманауи технологиялары. 
3-еңбек қызметі 
Әдістемелік: білім 
үдерісін әдістемелік 
қамтамасыз етуді 
жүзеге асырады 
Іскерлік пен дағдылар: 
 тәлімгер жетекшілігімен заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес педагогикалық 
әрекетті ұйымдастырады ; 
 тәлімгер жетекшілігімен оқу бағдарлама талаптарына сәйкес оқу сабақтарын жоспарлайды;
 тәлімгер жетекшілігімен өзінің кәсіби даму траекториясын анықтайды;
 тәлімгер жетекшілігімен есеп құжаттарын ресімдейді;
 тәлімгер жетекшілігімен АКТ-құзыреттілігінің жалпы пайдалану деңгейін игереді: мәтіндерді 
теруді және шығаруды іске асырады, интернет көздерінен ақпаратты таңдайды;
 тәлімгер жетекшілігімен білім алушыларды оқыту үшін компьютерлік таныстыру рәсімдері мен 
ресурстарын дайындайды . 
Білім: 
 отандық және шетелдік білім жүйесі дамуының заманауи үрдістері; 
 білім саласындағы ұлттық заңнамаларды (Бала құқығы туралы конвенция, «ҚР Білім туралы», ҚР 
бала құқықтары туралы, «Неке және отбасы туралы», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік 
және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет 
көрсету туралы», «ҚР тілдер туралы» заңдарын, ҚР еңбек кодексін; 
 МЖМБС, типтік оқу жоспарлары мен типтік оқу бағдарламалары ; 
 білім ұйымдарының әрекеті мәселелері бойынша басқа нормативтік құқықтық актілер
 ҚР білім жүйесінің ерекшеліктері. 
4-еңбек қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет