Педагогтың ҥздіксіз білім беру жҥйесіндегі кәсіптік қалыптасуы мен дамуы



Pdf көрінісі
бет19/21
Дата03.03.2017
өлшемі2,86 Mb.
#5981
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
 
Мҧғалімге арналған нҧсқаулық 
2.
 
Деңгейлік тапсырмалар жинағы. 
 
 
 
 
 

147 
 
БІЛІМ МАЗМҦНЫНА ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ  
 
Мақсатқызы Айтолқын 
№57 ЖББОМ орыс тілі және 
 әдебиетінің пәнінің мҧғалімі 
E-mail: Luna_volna_a@mail.ru
 
 
 
ТҤЙІНДЕМЕ 
Бҧл  мақалада  білім  мазмҧнына  жаңалық  енгізудің  маңыздылығын,  орыс  тілі  және 
әдебиеті  сабақтарында  заман  талабына  сай  тиімді  әрі  орынды  қолдану  жолдары  тәжірибе 
жҥзіндедәлелденгені  сӛз  етіледі.  Оны  тәжірибе  барысында  қолданған  нақты  мысалдармен 
дәлелдейді. 
Тҥйінді  сӛздер:  СТО  стратегиялары,  жаңа  технология,  кәсіби  шеберлік,  шығармашылықты 
дамыту. 
АННОТАЦИЯ 
О  важности  внесения  новых  изменении  в  содержание  образования.  В  этой  статье 
говорится о важности нововведении на уроках русского языка и литературы соответствии  с 
требованием времении это потверждается с конкретными примерами на практике. 
Ключевые  слова:  стратегии  СТО,  новая  технология,    професоиональное  мастерство, 
творческое развитие 
 
Ҧстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, шәкірттердің 
талабы  мен  ағымына  сай  қалыптасуына  ықпал  ету.  Баланы  жан-жақты  жетілдіруде  ҥлкен 
танымдық баспалдақтарына жетелер дағды–машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту 
мен тәрбие технологиясын жете білу, оны меңгеру, ӛз біліктілігін арттыру.   Орыс тілі сабағы 
әрі  тартымды,  әрі  қызықты,  әрі  сапалы  болуы  әр  ҧстаздың  ӛзіне,  білім  деңгейіне,  кәсіби 
шеберлігіне  байланысты.  Оқу-тәрбие  негізі-сабақ.  Жаңа  әдістерді  пайдалануы  –  бҥгінгі 
кҥннің  талабы.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Келер  ҧрпақ  алдында  зор  жауапкершілік  жҥгін 
арқалап келеміз», — деген сӛзі ҧстаз қауымына ҥлкен жауапкершілікті артып отыр. Еліміздің 
болашағы  кӛркейіп,  ӛркениетті  елдердің  қатарына  қосылуы  бҥгінгі  ҧрпақ  бейнесімен 
кӛрінеді. 
Орыс  тілі  және  әдебиеті  сабағында  жаңа  технологияларды  пайдалана  отырып, 
оқушылардың  сӛздік  қорын  молайту,  сӛйлеу  тілінің  грамматикасын  қалыптастыру, 
дыбыстарды  дҧрыс  айту,  диалогтік  сӛйлеудің  қалыптасуы,  тҥсінгенін  айта  білу,  сауатты 
жазуға дағдыландыру, дҥниетанымын, ой — ӛрісін кеңейту, ӛмірге деген кӛзқарасын жан — 
жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу. 
          Оқытушы  сабақты  дҧрыс  жоспарлап,  мақсатын  нақты  белгілеп  алмайынша  дегеніне 
жете  алмайды. Әр  сыныптың  бағдарламасына  қарай  оқушылар  жаңа  сӛздерді  меңгереді, 
сӛздерді  жаттаумен  тынбай,  сол  сӛздерді  қатыстырып,  сӛйлем  және  мәтін  қҧрастыра  білу 
керек  деп  ойлаймын.  Жеті  модульді  сабақты  жоспарлауда  қолданудың  тиімділігі,  сабақ 
тартымды,  әсерлі,  айқын,  мақсатты,  қызықты  және  толықтай  мәнді  болады.  Жоғарыда 
айтылғандай  сабақтың  мазмҧнын,  қҧрылысын,  дәлдігін,  жҧмыс  жҥргізу  тәсілін  білім 
мазмҧнын  әлемдік  стандартқа  жеткізу  ҥшін  жаңаша  оқу  ҥдерісі  арқылы  ӛз  ойын  еркін 
айтатын,  ӛзіне  сенімді,  жан-жақты  ойлай  алатын,  ақпараттық  технологияларды  жетік 
меңгерген,  бірнеше  тілді  білетін  оқушыларды  дайындау  ҥшін  мҧғалімнің  қҧзіреттілігін 
жетілдіру керектігін тҥсіндім. 
Орыс  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы 
оқушылардың  таным  белсенділігін  арттыру,  қазіргі  қоғам  талабына  сай  ой-ӛрісін  дамыту, 
шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті  тҧлғаны жасау, заман 
сҧранысына сай ізденімпаз тҧлғаны қалыптастыру болып отыр. Мен кӛбінесе оқушылармен 
бірлесіп,  ҧйымдасып,  топтасып  жҧмыс  істеуіне  кӛңіл  бӛлемін.  Шәкірт  бірлесіп  ҥйренуде 

148 
 
кішігірім  топтармен,  жҧппен  жҧмыс  жасауда  ортақ  проблемаларды  талқылағанда  жаңа 
пікірлерге шығармашылықпен қарау тҧрғысында жаңалықтар ашу барысында жҧмыс істейді. 
Топ мҥшелері ӛз ойларын ортаға салып, сол ойларды кӛрсетеді. Шамалары келгенше қорғап 
шығуға тырысады. Бірлесіп жҧмыс жасағанда мына жайттарды есте ҧстаймын:  Сыйластық ; 
Жауапкершілік ; Топтың барлық мҥшелерінің кезекпен сӛйлеу дағдысын ҥйрету;  Сӛйлесуде 
әлеуметтік қарым – қатынас жасау, дағдыларын қалыптастыру; Топта ҧтымды жҧмыс істеу. 
Ӛз ойларын ашық айтуға жетелеу. Ӛздерін және ӛзгені бағалау. 

 
Бірлесіп жҧмыс жасауда қол жеткізген жетістіктерім: 
Оқушының ең алдымен есте ҧстау қабілетінің жоғарлауы;  

 
Жиі- жиі ой талқысын жасау және терең тҥсінікпен ойлаудың дамуы арқылы 
оқушыны сӛйлету; 

 
Сабақта ӛз бетімен бақылаусыз отырғаннан гӛрі оқушынының жҧмыс басты болуы;  

 
Бір нәрсеге ҥйрету мәнді тҥрде қызығушылығын оянуы;  
Бірлесіп  жҧмыс  жасау  кезінде  топ  мҥшелерінің    жынысына,  қабілетіне,  әлеуметтік 
жағдайына  қарамай  олардың  бір  –  біріне  дҧрыс  кӛзқараспен  қарап,  ойларын  тҥсінуі. 
Оқушылар  жҧмыс  жасау  барысында  бір  –  біріне  кӛмектесіп,  ойларын  ортаға  салады, 
ынталарына  кҥш  –  қуат  бере  отырып,  ӛздерінің  білім  алуын  кӛтермелейді,  оқуға,  жазуға, 
тыңдауға, сӛйлеуге кең мҥмкіндіктер беретін ортада оқушыны ӛз пікірлерін еркін жеткізуге 
жағдайлар жасайды. 
Оқшыларды  ойлауға  ҥйретуде,  тілдерін  дамытуда  РАФТ,  INSERT,  екі  тҥрлі  тҥсінік 
кҥнделігі, еркін жазу, дӛңгелек ҥстел, ҥш қадамдық сҧхбат, бес жолды ӛлең, эссе, тҥртіп алу 
сияқты стратегиялардың тиімді де ҧтымды жақтары кӛп. 
Осы  аталған  стратегиялар  әр  сабағымда  қолданыс  табады.  Мазмҧны  ӛте  кҥрделі 
шығармалардың  мәнін  жете  тҥсінуде,  еске  сақтауда  сыни  тҧрғыдан  ойлау  стратегиялары 
оқушыларға  кӛп  кӛмегін  тигізеді.  Тақырыпты  толық  ашып  тҥсінуде  кӛмектесетін  оқыту 
стратегиясы  «INSERT»  стратегиясын  жиі  қолданамын.    Шығарма  бойынша  оқушыға  оқу, 
тақырыппен танысу барысында 
«V»- білемін; 
«-»- білмеймін 
«+»- мен ҥшін жаңа ақпарат 
«?»-  мені  таң  қалдырады  белгілерін  қойып  отырып  оқу  тапсырылады.  INSERT  –оқығанын 
тҥсінуге,  ӛз  ойына  басшылық  етуге,  ойын  ашық  білдіруге  ҥйрететін  ҧтымды  қҧрал. 
Оқушылардың  ерекше  қызыға  орындайтын  тапсырмаларының  бірі  «Екі  тҥрлі  тҥсініктеме 
кҥнделігін  толтыру».  Балаларға  дәптердің  бетін  ортасынан  вертикаль  сызықпен  бӛліп, 
мәтінді  оқи  отырып:  Бӛліктің  оң  жағына  мәтіндегі  қатты  әсер  еткен  тҧстарды,ҥзінділерді 
жазады.  Сол  жағына  сол  әсер  еткен  ҥзінділер  жайлы  пікір  жазады.  Әр  оқушы  мәтінмен 
танысып,  дәптерлеріне  жазбаша  тапсырманы  толтырып  біткен  соң  бірінші  жҧппен,  одан 
кейін  топпен  талқылау  ҧйымдастырылады.Топ  ішінен  ӛз  жҧмыстарын  бір-бірден  шығып 
қорғайды. 
Осындай сын тҧрғысынан ойлауға арналған тапсырмалар оқушыларды топпен бірігіп жҧмыс 
жасауға  ҥйретеді.  Мәтінді  ӛз  бетінше  меңгеруге  жағдай  жасайды.  Сонымен  қатар  сабақтан 
тысқары  қалатын  оқушы  болмайды,  оқыған  мәтінді  тҥсіну  оны  тҥсінікті  етіп  айтып  беру, 
оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. 
Сабақ ҥстінде жан – жақты сҧрақ қоюда да, мҧғалім мҥмкіндігінше барлық оқушының жауап 
беруін  қамтамасыз  етуі  керек.  Сҧрақ  қоюдың  қарапайым  тҥрінен  терең  ойлауға  дейінгі 
тҥрлері  бар  екендігі  белгілі.  Ал  ҧстаздың  мақсаты-  оқушының  ойлау  сатысы  ең  тӛменгі 
деңгейден жоғары терең ойлау деңгейіне тҥсінуден басталады. Одан кейін қолдану, анализ, 
синтезге дейін жоғарлайды. 
Ҧлы  ғалым  Д.И.Менделеев:  «Ғылымды  сҥйген  және  жақсы  меңгере  білген  мҧғалім 
ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Қорыта айтқанда, жаңа әдіс 
арқылы  бҥгінгі  кҥні  білім  беру  жҥйесінде  оқушылардың   шығармашылық   әрекетін 
дамытуға,  олардың  оқу  еңбегіне  деген  жағымды  мотивациясын  қалыптастыру  ҥшін,  тиімді 

149 
 
инновациялық  шешімнің  бірі  сабақта  тиімді  әдіс  –тәсілдерді,  жҧмыс  тҥрлерін  қолдану 
ҧстаздың  біліктілігі  мен  әдістемелік  шеберлігіне  байланысты.  Қазіргі  таңда  бәсекеге 
қабілетті ҥштҧғырлы тілді дамытуда, ӛз ойын, пікірін ауызша және жазбаша тілде кӛркем де 
анық,  нақты  етіп  бере  білу  жолында  «СТО»  стратегияларын  дамыту  жҧмыстары  кӛмегін 
кӛптеп  тигізері  анық.  Бҥгінгі  ӛмірін  бала  оқытып,  білім  беруге  бел  байлаған  әр  ҧстаздың 
жандҥниесі  сеніммен  тілектің  шуағымен  нҧрлана  тҥспек  деп  ойлаймын.  Қашан  да  білімді 
ҧрпақ-болашағымыздың  кепілі.  Егеменді  еліміздің  тағдыры-жас  ҧрпақтың  қолында  болса, 
ҧрпақтың тағдыры-бҥгінгі ҧстаздардың қолында. 
Президентіміз  Н.Ә.  Назарбаев:  «Біз  ӛмір  бойына  жететін  білім  алу»  моделінен  «ӛмір  бойы 
білім  алып  ӛту»  моделіне  кӛшуге  тиіспіз»-деген  пікірі  ӛзгерем  деген  әрбір  оқушының  да, 
мҧғалімнің де  рухани азығы болуы тиіс. Олай  болса  келешек  ҧрпағымыздың  жан-жақты, 
терең білімді,  яғни  интеллектуальды  деңгейін  жоғары  болуына   қойылатын  талап  зор. 
 
 
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӚЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН 
ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘҢГІМЕ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ  
 
Оспанова Гҥлзира Тҧрғанқызы 
                                                                                              География-биология пәндері мҧғалімі, 
                                                                                       М.Қҧсайынов атындағы Ақтӛбе облыстық 
                                                                           дарынды балаларға арналған  мамандандырылған 
                                                                            мектеп-интернат, Ақтӛбе қаласы 
                                                                            E-mail: gulzira.ospanova@mail.ru 
 
ТҤЙІНДЕМЕ 
           Мақалада  сабақта  жаңа  технологияларды  қолдану,оқушылардың    сӛйлеу  мәдениетін 
зерттеушілік  әңгіме  арқылыарттыру,топтық  жҧмыс,  зерттеушілік  әңгімеге  дағдыланадыру, 
сӛйлеу мәдениетін  дамыту туралы айтылады. 
Тҥйінді сӛздер:география, жаңа технология, диалог, зерттеушілік әңгіме, рефлексия 
 
АННОТАЦИЯ 
            В  статье  рассматривается    использование    на  уроках  новых  технологий, 
формирование  диалогической  речи  учащихся,  групповая  работа,  обратная  связь,развитие 
речи, пополнение словарного запаса. 
Ключевые слова:  Новые технологий, исследовательная беседа. 
 
Мҧғалім  оқытудағы  жаңа  технологияларды  ҧтымды  пайдалана  біліп,  жаңашылдыққа 
ҧмтылса, ӛзін-ӛзі ҥнемі жетілдіріп отырса ғана ӛскелең ҧрпақты  бәсекеге қабілетті тҧлға етіп 
тәрбиелеуде  ҥлкен  нәтижеге  қол  жеткізері  анық.  Ол  ҥшін  мҧғалім  бірінші  кезекте  ӛзін-ӛзі 
дамыту  ҥшін  ҥздіксіз  оқу  керек.  Қазіргі  заман  талабына  сай  жан-жақты  тҧлғаны 
қалыптастырудағы  ҧстаздың  еңбегі  озық  ойлы,  саналы  шәкіртінен  кӛрінеді.  «Мҧғалімдер 
оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген мәселені шешу ҥшін сындарлы оқыту 
теориясының  берері  мол  екендігі,  оның  ӛзі  мҧғалімді  ҥздіксіз  оқуға  бағыттайтындығы 
баршамызға мәлім. Екінші деңгейлік бағдарлама бойынша оқу барысында ӛз пәнім бойынша 
нені  ӛзгертуге  болады  деген  сҧрақтарға  жауап  іздедім.  Дәстҥрлі  сабақ  барысында 
оқушылардың оқулықтағы мәліметтермен ғана шектелуі, ары қарай  ізденуі, сҧрақтарды қоя 
білуі, топпен жҧмыс жасау дағдысының қалыптасуы ҥшін тҥрткі болатындай қандай да бір 
«нәрсенің» жетіспейтіндігін  байқайтынмын. Бҧның тікелей себебі соңғы кездері ғылым мен 
техниканың қарқынды дамуына байланысты ақпараттық ағынның кең ӛрістеуі. Ал бҧл ҥдеріс 
«Тіл  -  қарым-қатынас  қҧралы»  деген  сӛздің  мәніне    қарама  қайшы  келеді.  География  пәні 
бойынша  оқушылардың  кейде  біреулерінің  сӛйлеу,  ал  кейбіреулерінің  зерттеушілік 

150 
 
қабілеттерінің  кемшін  жақтары  кӛрініп  қалатын,  сол  себепті  балаларды  қалай  зерттеушілік 
әңгімеге тартуға болады деген сҧрақ жиі мазалайтын.  
Сондықтан  мектептегі  іс  әрекеттегі  зерттеу  тақырыбымды  «Оқытудағы  жаңа 
тәсілдер»  модулі  бойынша  «География  сабағында  оқушылардың  сӛйлеу  мәдениетін 
зерттеушілік  әңгіме  арқылы  дамыту»  деп  алдым.  Іс  әрекеттегі  зерттеу  тақырыбымның 
мақсаты:  шағын  топтық  оқу  ортасында  зерттеушілік  әңгіме  арқылы  оқушылардың  жҧмыс 
жасауын ҧйымдастыра отырып,сӛйлеу мәдениетін,  пәнге деген қызығушылығын арттыру. 
Іс-әрекеттегі зерттеудегі міндеттерім: 
1. Оқушылардың зерттеушілік қабілетінің дамуына топтық жҧмысты тиімді  
ҧйымдастыру арқылы ықпал ету;  
2.Оқушыларға тыңдау мәдениетін сақтауды талап ете отырып, ӛз жауаптарын талдату;  
3.Жҧптық, топтық пiкiртaлaс нeгiзiндe оқушылардың ӛзіндік пікірін қалыптастыру;  
4.Кері байланыс арқылы оқушылардың ӛз білімдеріне сын тҧрғысынан баға беру;  
5.Зерттеуге алынған А,В,С оқушылардың іс әрекеттеріне талдау жасау. 
Кҥтілетін  нәтиже:  зерттеушілік  әңгімеге  дағдыланады,  оқушылар  сөйлеу  мәдениетін  
дамытады,  топпен  жҧмыс  жасауға    бейімделеді,  жоғары  дәрежелі  сҧрақтар  қою  және 
талдауға ҥйренеді.   
Зерттеу  сҧрағымды:  география  пәнінде  сӛйлеу  мәдениетін    дамытуға    зерттеушілік 
әңгіменің ықпалы қандай  деп  алдым. 
Іс әрекеттегі зерттеу жҧмысымды бастамас бҧрын теориялық білімімді қайта сҥзгіден 
ӛткізіп,  зерттеу сҧрағыма жауап іздеуді жӛн деп шештім. Ең алдымен  «Қалай оқу керектігін 
ҥйрену»  тарауы  бойынша  негізгі  идеялардың  бірі    балаларға  оқу  қағидаттарын  ҥйренуде 
кӛмек  кӛрсету  пирамидасы  бойынша  сыныптағы  оқу  ҥдерісінің  тиімділігін  айқындайтын 
негізгі факторлар:1) мҧғалімнің балалардың қалай оқитынын тҥсінуі;2) нені оқыту керектігін 
тҥсінуі;3) оқу ҥдерісін қалай қҧрылымдау туралы ҧғым қалыптасуы;  
          4)  оқу  нәтижелілігін  бағалау  мҥмкіндігін  игеруі  болып  табылады  (МАН,72-бет)  деген 
қағидалар бойынша жҧмыс жасауды ҧйғардым. 
Оқушылардың кейбіреулері картадағы объектілерді есте сақтау жағынан кӛзге тҥсіп, 
ынтымақтастық аясында жҧмыс жасай біледі, әрқайсысының әртҥрлі бағытта дарындылығы 
бар  екендігі  байқалады.  Енді  бірі  географиялық  есептер  шығарудан  алдына  жан  салмайды. 
Ал  кейде  бір  оқушылардың  бойынан  дарындылықтың  ҧшқынын  ғана  кӛргендей  боламын. 
Сонда менде  неге бҧл балалардың  қабылдауы әр деңгейде деген сҧрақ пайда болатын. Бҧл 
сҧрақтың  жауабын  нҧсқаулықтағы  «дарынды  және  талантты  оқушылар  біртекті  топ  емес, 
олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте сақтау керек. Кейбір оқушылар бірқатар 
салада ерекше қасиеттерінің бар екендігін кӛрсете білсе, ал дәл сол кезде басқалары-ӛзін тек 
бір  салада  ғана  кӛрсете  алады.  Дарынды  оқушылардың  кӛпшілігінде  осындай  мінез 
неғҧрлым  кӛрініп  тҧрады  әрі  қарқынды  болуы  мҥмкін»  (МАН,51-бет)  деген    қағидалар 
арқылы жауап табуға болады.   
География пәнінде картамен жҧмыс жасау барысында оқушының есте сақтау, кӛзбен 
кӛре  отырып,  оймен  қағаз  бетіне  тҥсіру  сияқты  дағдыларды  жетілдіруі  ең  қажет  нәрсе. 
Географиялық  объектілерді  сызбаға  тҥсіру,  екі  нҥктенің  арақашықтығын  есептеу, 
оқулықтағы  мәліметтермен  жҧмыс  жасау  барысында  басқа  пәндермен  байланыс  жасалады. 
Кей  жағдайларда  оқушылардың  диалог  қҧру  барысында  ӛзара  келісімге  келе  алмауы, 
ойлаудың    білу,  тҥсіну,  қолдану  яғни  ойлаудың  тӛменгі  деңгейінде  ғана  қалғандығын 
байқатады.  Сондықтан  сабақ  жоспарын  Блум  таксономиясы  негізінде  қҧрдым.  Сыныптaғы 
оқушылардың  бір-бірлерімен  пікір  алмасуы,  әңгіме  ҥдерісінің  жҥруі  олардың  оқуында  кӛп 
нәтижеге  жетуге  жол  ашады.    Мерсер    әңгіменің  ҥш  тҥрін  ажыратып,  сипаттама  берген: 
әңгіме-дебат,  кумулятивтік  әңгіме,  зерттеушілік  әңгіме.  Оқушылардың  ойлау  қабілеттерін 
шыңдауда,  зияткерлік  қырларының  ашылуында,  шығармашылықпен  жҧмыс  жасауында 
диалогтік  оқытудағы  зерттеушілік  әңгіменің  қосар  ҥлесі  зор.  Нәтижесінде  диалогқа  тҥсу 
арқылы  оқушылар  арасындағы  әңгіме    ӛрістейді.  Осының  дәлелі  ретінде  Барнс  (1976)  пен 
Мерсердің  (2000)  айтуынша  «зерттеушілік  әңгіме  –  мҧғалімдердің  оқушыларды  әңгімеге 

151 
 
тарту  кезінде  дамыту  қажет  болып  табылатын  әңгіменің  тҥрі.  Балалар  зерттеушілік  әңгіме 
жҥргізе  алатын  ортада  оқу  жетіле  бермек.  Оқушылар  бҧндай  ортада  жҧмыс  істегенде 
әңгімелеріне  қарай  олардың  ой-пайымдары  да  айқындала  тҥседі,  әрі  мҧғалімдері  мен 
қҧрдастарының  кӛмегімен  олар  одан  әрі  дамытылуы  мҥмкін.Соған  қарамастан,  бҧндай 
әңгіме  жҥргізу  дағдылары  оқушыларға  жайдан  жай  келе  салмайды,  балалар  бірлескен 
әңгіменің  мәнін  ҧғынып,қабылдауы  ҥшін  мҧғалімдерге  оларды  бағыттап  отыру  керек 
болады»  (МАН,100-бет)  деген  сӛздерін  келтіруге  болады.  Сонымен  қатар  тақырыпқа  сай, 
оқушының терең ойлануын талап ететін ашық  сҧрақтар қою арқылы терең талқылауға жол 
ашылады.  Сабақ  барысында  диалог,  талқылау,  пікірталас  мақсатты  тҥрде  жҥйелі 
жҥргізілгенде, оқушылардың оқуы тиімді әрі сапалы болары сӛзсіз. 
          Зерттеу  негізінде  диалогтік  оқытудың  зерттеушілік  әңгіме  тҥрінде  оқыту  арқылы 
оқушылардың  танымдық  қабілетін  арттыра  отырып,  зерттеу,  ойлау,  диалогқа  тҥсу  сияқты 
бірнеше  ҥдерістер  қамтылады.  Зерттеушілік  әңгіме  жҥргізілу  ҥстінде:  1)  әркім  ақылға 
қонымды  мәлімет  ҧсынады;2)  әркімнің  идеясы  пайдалы  деп  саналғанымен,  мҧқият 
бағаланады;3)  қатысушылар  бір-біріне  сҧрақ  қояды;4)  қатысушылар  сҧрақ  қояды  және 
айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «кӛрінеді»;5) топтағы қатысушылар 
келісімге  жетуге  тырысады  (олар  келісімге  келуі  де,  келмеуі  де  мҥмкін,  ең  бастысы  – 
келісімге ҧмтылу) (МАН,100-бет)     
Сыныптағы  ынтымақтастықты  арттыру  ҥшін  сабақта  топтық,  жҧптық    жҧмыстарды 
жасату  оқушылардың ӛзара пікірлесуі немесе диалог қҧруы ҥшін  таптырмас қҧрал болады. 
Мерсер (2005) қҧрдастар тобындағы ӛзара қарым-қатынас оқуда маңызды рӛл атқаратынын 
дәлелдеп  шыққан.  (МАН,99-бет)  Дәстҥрлі  сабақ  беру  ҥлгісінде  мҧғалім  ӛзі  айтып  беруші 
рӛлді  сомдаушы  болса,  жаңа  технологияда  мҧғалім  бағыт,  бағдар  беруші.  Ондай  кездерде 
уақыт  жетпеуі,  бағалауда  оқушылардың  аз  қамтылуы,  бір-бірінің  жҧмысын  тексеру 
барысында кӛмектесу емес, сын ескертпелер айтатындарын байқалады. Осы олқылықтардың 
орнын  толтыруда  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  меңгеруім  оң    ықпалын  тигізеді  деген 
ойдамын.  Оқушылардың  алған  ақпаратты  талқылау  жасау  арқылы-50%,  тәжірибеде  жасау 
арқылы-75%, ӛзгелерді оқыту арқылы-90% есте сақтайтыны дәлелденген. (Дереккӛз:Ҧлттық 
оқу зертханалары, Бефель, Мэн штаты, АҚШ), (МАН,73-бет) Осындай ерекшеліктерді ескере 
отырып  география  сабақтарында  зерттеушілік  әңгімеге  ҥйретудің  мынадай  жҧмыс 
нҧсқаларын ҧсынуды ҧйғардым: 
-географиялық  терминдерді тҥсіну арқылы  зерттеу жасау; 
-географиялық карталарды,  схемаларды талдау жасау барысында дәлелдер келтіру; 
 -белгілі  бір  аймақтың  мәліметтерін  жинақтау  арқылы,  сол  ӛңірдің  ерекшелігін 
бағалай білу; 
- есептер шығарудың жолдарын тҥрлендіру; 
-сандық деректерді сӛйлету. 
- тақырып бойынша ассоциация қҧру, т.б. 
Менің Екінші деңгей бағдарламасының бірінші Бетпе-бет кезеңінде алған білім, білік, 
дағдыларды игеруім мҧғалім ретінде ҧстанымымды ӛзгертуге, кӛзқарастарымның тҥпкілікті 
ӛзгеруіне әсер етті. Ескірген дәстҥрлі сабақ беру әдістерін жаңашылдыққа бағыттай отырып, 
бар  білген-тҥйгенімді  іс-тәжірибемде  қолдана  білуді  тізбектелген  тӛрт  сабақты  ӛткізу 
барысында  жҥзеге  асыруды  жӛн  кӛрдім.  Ӛткізілген  сабақтар  барысында  оқушылар 
географиялық  объектілерді  талдауды,  дәлелдеуді,  суреттеуді,  оқиғаларды  бір-бірімен 
байланыстыруда  сабақтастық  пен  ҥндестік  табуда  зерттеушілік  әңгіме  қҧра  білді  және  
шешім 
шығаруды 
ҥйренді. 
«Зерттеушілік 
әңгіме 
барысында 
оқушылар 
өз 
сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл 
мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің 
идеяларын  талқылайды,  баға  береді;  ұжымдық  білім  мен  түсінікті  қалыптастырады» 
(МАН, 100-бет) деген тҧжырымдамалар осы жҧмыстар барысында кӛрініс тапты. 
Іс  әрекеттегі  зерттеуді  қорытындылай  келе,  талдауға  кӛштім.  Диалогтік  оқытудағы 
зерттеушілік  әңгімеге  негізделген  сабақтар    ӛткізгенде,  оқушыларды  зерттеушілік  әңгімеге 

152 
 
тарту арқылы ой-ӛрісін кеңейтуге, сыни кӛзқарастарын дамытуға болатындығын байқадым. 
Ӛтілген  сабақтар  барысында  оқушылардың  белсенділігінің  артуы,  ойын  еркін  жеткізе  білу 
дағдысының  қалыптаса  бастауы  алдағы  жҧмыстарыма  тҥрткі    жасағандай  болды.    А,В,С 
оқушылардың әрбір сабақтағы  жетістіктеріне бақылау жасалынып, талданып отырды.  
Дәстҥрлі    сабақта    оқушының  білімін    бағалау  ҥстіртін  жҥргендігі,  соның  әсерінен 
«ҥнемі  жақсы  оқитын  оқушы  мен  ҥлгерімі  орта  оқушы»  ӛзгеріссіз  жылма  жыл 
қайталанатынын,  «А  оқушы  айтсын,  сол  бәрін  біледі»  деген  тҥсініктердің  қалыптасуы 
оқушының ары қарай ізденуіне кедергі келтіретіндігін  ҧқтым.  Қалыптастырушы бағалауды 
пайдалану  оқушылардың  қызығушылығын  арттыратындығын  және  оң  нәтиже  беретіндігі 
сабақ  барысында  дәлелденді.  Кейбір  оқушылар  ӛздеріне  жоғары  баға  қойғандықтан, 
сыныптастар  арасында  келіспеушіліктер  болды.  Мәселені  бағалаудың  теориялық  негізіне 
анықтама бере отырып, шешуге тырыстым. «Оқу ҥшін бағалау-бҧл білім алушылар ӛздерінің 
оқудың қандай сатысында тҧрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай 
жету  керек  екендігін  анықтау  ҥшін  оқушылар  мен  олардың  мҧғалімдері  қолданатын 
мәліметтерді іздеу және тҥсіндіру ҥдерісі» (МАН.106-бет) 
  Оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылықтарының  артқанын,    баланың  ӛзгерістерге, 
жаңалықтарға  ӛзіндік  баға  беретіндігін  оқушыларымның  жазған  «Оқушы  ҥні»,  кері 
байланыс,  рефлексияларын  қарап  отырып  байқадым.  Оқушылардың  ӛзін-ӛзі  реттеу  арқылы 
ӛзіңдік «менін» қалыптастыруда ӛз ҥлесімді қосатыным мені  қуантады. 
       Осындай  оң  ӛзгерістерді  ескере  отырып,  болашақтағы  атқаратын  жҧмыстарымды 
жоспарладым. А,В,С деңгейіндегі  оқушылар ҥшін кезекті қадамдар жасауды ҧйғардым: 
-А оқушының кӛшбасшылық   қабілетін   одан  әрі  қарай жетілдіру; 
-В  оқушының    әрбір  жасаған  ісіне  ӛзі  сын  тҧрғысынан  қарау,  ойлау,  бағалау    арқылы 
кӛшбасшылыққа ҧмтылдыру; 
-С оқушының  сыныптастарымен  бірге  жақын  арада  даму  аймағын ҧйымдастыру. 
Жалпы сынып ҥшін: 

 
сыныпта ынтымақтастықты арттыру мақсатында топтық жҧмыстар жҥргізу; 

 
Сабақта жеті   модульді  кіріктіру  бойынша  тәжірибе жетілдіру. 

 
АКТ-ны тҧрақты  қолдану; 

 
Оқушыларды  бір –бірін бағалауға ҥйрету; 

 
Кездескен қиындықтарды әртҥрлі тренингтер арқылы шешу;  
   Пән мҧғалімі ретінде кәсіби дамуымды ҥнемі жетілдіріп отыру ҥшін, ҥздіксіз оқу керектігін 
тҥсіндім. Заман талабына сай ҥнемі ізденісте жҥретін мҧғалім ғана, шәкірт жҥрегіне жол таба 
алады.  Егер  мҧғалім  бойында  Шульман    ілімі  бойынша      кәсіби  тҥсінік,  оқытудың 
тәжірибелік  дағдылары,  кәсіби-адамгершілік  тҧтастық    қалыптасқанда    ғана  табысты 
мҧғалімге айналары сӛзсіз.   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет