4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар – 22
5. Әдебиет: Қазақ тілінде: Негізгі: 1. Шабдарбаева М.С., Омаров С.Қ., Коммуналдық гигиенасы. Окулық. Алматы: ЖШС «Эверо» -2011, I- ІІ бөлім.
2. Неменко Б.А., Коммуналды гигиена: оқулық – Алматы, 2005.
Орыс тілінде: Негізгі: 1.Коммунальная гигиена /Под редакцией Мазаева В.Т. В 2 ч. – М.:ГЭОТАР-Медиа, 2007 - Ч.1.-304 с.; Ч. 2. - 336 с.
2. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене: Учебник – Алматы, 2008. – 430с.
Қосымша: 1 .Общая гигиена /под ред. А.М. Большакова, В.Г. Маймулова.- М., 2006.
2. Севастьянов В.Н. Проблема радонобезопастности в Казахстане: монография. – Алматы: КазгосИНТИ, 2004
Мазаева В.Т., Ильницкий А.П., Шлепнина Т.Г. Руководство по гигиене воды и питьевого водоснабжения. – М. – 2008.
3.Больничное дело в Казахстане: состояние, проблемы и подходы к новой модели / А.А. Аканов, В.Н. Девятко, В.И. Ахметов и др. – Астана, Б. – 2006.-
4.Руководство к лабораторным занятиям по общей гигиене. – М., 2009.
6. Қорытынды сұрақтары: 1. Елді-мекендерде атмосфералық ауаның ластануын бақылауды ұйымдастыру қалай жүргізіледі?
2. Атмосфералық ауаны санитариялық қорғау бойынша шаралар қалай жүргізіледі?
3. Атмосфералық ауада ластаушы заттардың таралу заңдылықтарын айтып беріңіз
№5 1.Тақырыбы. Тұрғын үй, әлеуметтік мәселе ретінде. Қазақстанда тұрғын үйлерді салу тарихы және қазіргі ұстанымда-ры. Тұрғын үйлердің микроклима-тын нормалаудың ғылыми негіздері. 2.Мақсаты: студенттерді Қазақстанда тұрғын үйлерді салу салу ұстанымдарды және кәзіргі мәселелері, тұрғынүйлердің микроклиматын нормалаудың ғылыми негіздерімен таныстыру.
3.Дәріс тезистері: Коммуналдық гигиена дәрігерінің жұмысында тұрғын үйлерді салу мен эксплуатациясы және қоғамдық ғимараттарды бақылау маңызды орын алады. Ескертпелі және ағымды қадағалау, Халықтың санитарлық және эпидемиологиялық жағдайын жақсарту, туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Көпқабатты құрылыс индустриалды негізде даму шарттары,жаңа материалды және құрылымдарын енгізу, сонымен қатар вентиляция жүйесін қолдануды іске асыру, жылыту жүйесі және ауаны салқындатуды, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды санитарлық қадағалау жүзеге асырылып жатыр.
Ескертпелі санитарлық қадағалау қарастырады:типтік және индивидуалды жобаларды жасау сатысында тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жобалауына бақылау құрылысты салу үшін жер учаскесін таңдауда қатуысу жәрне сәйкес қорытындыны беру;жобалауды жүзеге асыруды қадағалау, таңдалған учаскеге тұрғын үйлермен қоғамдық ғимараттарды байлаеу; құрылысты салу барысында жобалық тілімдердің және санитарлық нормалар мен ережелердің орындалуына бақылау; тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың эксплуатациясын қабылдап алуда комиссия құрамында қатысу; жаңа құрылыс материалдарына санитарлық экспиртиза жасау.
Райондық жобалауда ескертпелі санитарлық қадағалау жүргізіледі:
1. Республикалық СЭС ірі ТПК райондық жобалау жүйесін жасауда,жеке облыстармен ауылдарда.
2. Аудандық СЭС райондық аудандарда жобалау ,жүйесін жасауда, ТПК ауылдық және райондық жобалауда.
Санэпидемиологиялық қадағалау қызметі райондық жобалаудың барлық сатысында жүргізіледі: жобаларды жасау алдында,жобалау кезінде, жобалау жүйесін іске асыруда.
Дәрігер гигиенистің қатысуы жаңа типтік және эксперименталдық құрылыстарды салу практикасын жүйелеу және гигиеналық бағалаумен іске асырылады.
Құрылыс кезінде учаскені таңдау ескертпелі қадағалаудың екінші сатысы. Бұл үшін жергілікті басшылық комиссия құрамында архитектура басқармасынан, учаске қорларынан, төтенше жағдай күзетшісі, экологиялық қауіпсіздік қызметі, санитарлық эпидемиологиялық және инженер техникалық қызметтен өкіл тағайындайды.
Жер учаскесінің санитарлық бағалаудан басқа, ғимаратты нақты жергілікті жағдайына байлау туралы сұрақтары да шешіледі, себебі санитарлық эпидемиологиялық станциясының қызметкері әрқашан қатыса бермейді. Жоба тек құрылысты салуына бақылау сатысында ғана түседі. Сондықтан жер учаскесін таңдауда құрылысты салуға қабылданған ғимараттың типтік және индивидуальді жобасымен танысу, фасадтардың және территорияның инсоляциялану жағдайы бойынша ғимарат қабатына және территориясына, шу режиміне байланысты секцияның жобасына баға беру жатады.
Егер құрылыс учаскесі жобада қарастырылған территориядан өтіп кеткен болса, міндетті түрде техникалық экономикалық көрсеткіштерін қадағалау қажет, балаларға арналған учаскенің шаруашылық, спорттық және басқа да алаңдардың сонымен қатар мәдени тұрмыстық қызмет көрсетудің жеткілікті екендігін ескеруі қажет.
Жер учаскесін таңдау сатысында ғимараттың санитарлық техникалық қамтамасыз етілуі туралы сұрақтар шешіледі: су желісіне, канализацияға, жылжыту жүйесіне тағы басқаларға қосылу мүмкіндігі туралы.
Жоба эксплутацияға енгізілген қызмет көрсету территориясында салынып жатқан негізгі титілды объектілердің тізімін құрайды. Ақпаратты капиталды құрылысты іске асыратын комитеттің жергілікті кеңес беру бөлімінен немесе архитектуралық басқару бөліміне, сонымен қатар жер ресурстарын басқару бөлімдерінен алуға болады.
Құрылысқа практикалық қадағалау толық санитарлық қадағалау міндетті түрде нысанды кварталаралық аралауды қажет етеді, ал су арнасы мен канализацияны ай сайын қадағалауға алуы тиіс. Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды қадағалау мына сатыларда 3 реттен кем емес жүргізіледі. Дайындық сатысында және территорияны инженерлік дайындау «нөлдік цикл» және жабық жұмыстарды іске асыру кезінде ғимараттың бөлімшелері, құрылымдары санитарлық техникалық монтаждау және құрылысты аяқтау барысын іске асырады.
Дәрігер-гигиенист құрылыс сатысын құрылыстың басшысы немесе прорабпен тексереді. Нысанды тексеруге тапсырыс берген өкіл мен жоба ұйымдастырушылары қатысқаны жөн. әр бір тексеру сатысында учаскелерді тексеріп, актуальді және гигиеналық тұрғыдан көзқарастарын айтып мәселені шешеді. Дайындық кезеңі мен территорияны инженерлік дайындау сатысында құрылыс алаңын игеру жүргізіледі. Жер беткі сулардың уақытынша ағысын ұйымдастыру, құрылыс алаңын жобалау және теңестіру, топырақты тазарту жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан дәрігер-гигиенист жер учаскесін, оның аймақтарын, учаскенің көлемі мен конфигурациясын, санитарлық жағдайын (тазарту, көлемі, топырақтың жағдайы) ғимараттар мен басқа объектілердің ара қатынасын бағалайды. Негізгі міндет құрылыс алаңын жабдықтау. Сонымен қатар теміржол мен құрылыс транспорттарының көтеру кранының орналасқан орнына, алаңды көгалдандыруды назарға алады. Грунт суының деңгейінің төмендеуімен дренажды жүйеде топырақтың эффектілігімен, жобаға сәйкес іске асқанын тексереді.
«Нөлдік цикл» сатысында грунт жағдайына назар аударады (көму қалдықтары, қазылған қалдықтар, сваркалар, мал өлекселерін көму орындары) барына көңіл аударып, сауықтыру шараларын жүргізу бойынша ұсыныстарын береді, құрылыс алаңына жақын тұрушы тұрғындардың тіршілігінің санитарлық жағдайына әсер етуі мүмкін болатын салынып жатқан құрылыстың ықтималын анықтайды. Дәрігер гигиенист жабық жұмыстың актісінде және де бетонды, темірбетонды фундаменттердің, гидроизоляцияланған жұмыстың жобаға сәйкестігіне көз жеткізуі керек.
Келесі сатыларда жертөлінің 1-ші қабаттың салынуына көңіл бөлуіді қажет етеді. Қарастырылған жобада бөлмелердің сонымен қатар қабырғалар мен төбелердің гидроизоляциясының сәйкестігін тексеруі қажет.
Құрылысты аяқтау кезеңдерінде ғимартатты толық тексереді және бағалайды, жұмыстың барлық түріне гигиеналық баға береді, оның ішіндетерриторияны көгалдандыру.
Ғимараттың айналысқанда отмостка бар, жоқтығын қадағалайды.
Құрылыстың кезеңімен іске асырылып жатқанына назар аударады. Назардан тыс қалдырылған бірнеше технологиялық талаптар жүйелі санитарлық-гигиеналық бұзылыстарға алып келуі мүмкін. Мысалы, негізгі құрылысты дайындық жұмыстарын аяқтамай тұрып бастаса (дренаждау, ғимаратқа коммуникацияны енгізу) немесе этаждарды жапқанға дейін қабырғаларды тұрғызу. Әрлеу жұмыстарын ғимарат өте ылғал, ал жертөлесі суға толуы мүмкін.
Барлық қадағалау сатысында жабық жұмыстарға ерекше көңіл бөледі, себебі эксплуатация кезінде ғимаратты қабылдау кезінде гигиеналық талаптардың кемшіліктері мен ауытқуларын толық аңғаруы мүмкін емес. Жабық жұмыстарды объектте сақтайтын акт бойынша тексереді, актті СЭС тің талабы бойынша 1-ші кезекте көрсетеді. Бұған қосымша материал реінде құрылыстың жұмыс журналы, тапсырыс берушінің журналы қосымша материал ретінде қолданылады. Жабық жұмыстарды тексеру барысында жеке құрылымды ашуды талап етуге болады (мысалы, еденді ашу, вентиляциялық каналдарды қосу және т.б.). жабық жұмыстарды қадағалау ғимараттың ішкі жағдайына жүргізілген жұмыстың сапасына қарай жүргізіледі: қабырғалардың гидроизоляциясы жасалғанына, жабық және қоршалған (санитарлық өткізгіштер және басқа нысандар ылғалды режиммен) шатыр.
Нысанды санитарлық тексеруден кейін толық акт жазылады. Оған құрылысты салушы өкілдер қол қояды. Актіде құрылысты салу этапын тексеруде жүргізілген жұмыс кешенінің санитарлық-гигиеналық сипаттамасы және бағасы көрсетіледі. Сонымен қатар, актіде барлық анықталған ауытқулар, өзгертпелер жазылады. Одан басқа актіде ауытқулардың ықтималды жағымсыз салдарын жою бойынша шаралар ұсынылады және актіде берілген жүктемелерді бекітіп, осы жүктемені жүзеге асыруға міндетті лауазымды адамның қолы қойылады.