Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде



бет32/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

Дене бітімінің құрылымы.Шелдон адам мінез-құлқын репрезентациялау үшін маңызды дене бітіміне және темпераментке қатысты айнымалылықтардың шектеулі санын анықтады. Ол адам денесінің физикалық компонентін суреттеу үшін ыңғайлы критерий жасауға, сонымен қатар Шелдон «биологиялық идентификацияға» анықтама беруге тырысты. Индивидтің дамуында генетикалық және биологиялық детерминанттар маңызды рөл алатындығын көрсетті. Оның көзқарасы бойынша сырттай бақылайтын күрделі құрылымның (фенотип) болжамдық биологиялық құрылымы (морфогенотип) болады және ол денелік дамудың детерминациясында ғана емес сондай-ақ мінез-құлықты безендіруде де маңызды орын алады. Соматотип морфогенотипті бағалауға әрекет етеді.
Дене бітімін өлшеу. Шелдонның алғаш кездескен мәселесі бірнеше қайтара зерттеуге болатын «сыртқы» келбеттердің санын қамтамасыз ету болды. Бұл процедураны икемді және тиімді ету үшін ол индивидті алдынан, артынан, жанынан стандартты түрде суреттеуді болжайтын фотографиялық модельді ұсынды. Бұл процедура "Тест представления соматотипа" деп аталып Шелдонның "Atlas of men" (1954) еңбегінде нақты баяндалған.
Дене бітімінің біріншілік компоненттері. Шелдон мен оның әріптестері көптеген зерттеулерден кейін үш компонентті көрсеткеннен кейін жаңа компоненттің туындауына шек қойғандығы жөнінде шешімге келді. Осы үш параметр әдістеменің негізі болып одан кейінгі зерттеулер дене бітімінің суреттелуі мен өлшеуіне арналды.
-Бірінші компонент – эндоморфтық. Осы компонент бойынша көрсеткіштері жоғары индивидтер дене бітімі жұмсақтығы және толықтығымен сипатталады. Толықтығы мен жұмсақтығы сүйек пен бұлшықеттің нашар дамығандығы, дене массасы мен беткі келбетінің төмен коэффициенті байқалады. Мұндай индивидте салмағы төмен, жылжымалылығы жоғары болады. Оларда тамақтану мүшесіні жақсы дамығандығы бұларда осы құрылымның функционалды элементтері эндодермальды эмбрионалды қабаттан дамығандығын көрсетеді және «эндоморфтылық» термині пайдаланылады.
-Екінші компонент мезоморфтық. Бұл компонент жоғары деңгейде дамыған болса, дене бітімі мықты және тікбұрышты, бұлшықет және сүйектің басымдылығы болады. Мезоморфты дене мықты, мығым, жарақаттарға қарама-қарсы тұруға икемділігімен, ауыр іс-әрекетпен «қамтамасыз» етіледі. Атлет, авантюрист, кәсіби әскер осындай дене бітіміне ие болуы керек. Мұнда доминатты болатын дене бітімі мезодермальды эмбрионалды қабаттан дамиды сол себепті «мезоморфты» деп аталады.
-Үшінші компонент эктоморфтық деп аталады. Бұл компонент жоғары дамыған индивид жұқалтаң, кеудесі тегіс, денесі жіңішке келген болып келеді. Әдетте ол арық, дене бұлшықеттері нашар дамыған болып келеді. Оның орталық жүйке жүйесі, миы жақсы дамыған. Эктоморф сыртқы стимуляцияға ашық болып келеді. Дене бітімінің бұл типі жарыс іс-әрекетіне және ұзақ мерзімді дене белсенділігіне «арналмаған» болып келеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет