Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет28/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Роджерстің өзектендіру концепциясын қалай бағалар едіңіз? Адамның барлық мотивтерін жетістікке жету мотивіне кірістіруге болады деп есептейсіз бе? өз позицияңызды негіздеп түсіндіріңіз.
2.Роджерстің феноменологиялық бағыты қаншалықты деңгейде тәжірибеңізге сәйкес келеді? Соның ішінде: өз күйзелістеріңіздің әлемінде өмір сүріп отырмын деп есептейсіз бе?
3.Ағзалық бағалау процесін және оның өіндік өзектендіру қажеттілігімен байланысын түсіндріңіз. Мысал келтіріңіз.
4. «Позитивті зейін қажеттілігі», «өзіне деген позитивті зейін аударуға деген қажеттілік» және «құндылықтарды игеру» терминдерін Мен-концепциясының даму процесі дамуына қолданылуын талдаңыз.
5.Адамның психикаық денсаулығы негізінде жатқан толық әрекет ететін роджерлік концепцияны салыстырыңыз. Сіз толыққанды әрекет ететін адам болуғы тырысасыз ба? Не себептен ия немесе жоқ?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Хьелл, Д.Зиглер Теории личности СПб 2005 г.
К.Холл Г.Линдсей Теории личности М 2000 г.

18 дәріс


Тақырып: Генри Мюррейдің персонологиясы
Мазмұны:

  1. Г.Мюррейдің өмір жолы және тұлға құрылымы.

  2. Тұлға: персонолог конструктісі.



Дәрістің мақсаты: Мюррей персонологиясына сипаттама беру, тұлға құрылымын, тұлға динамикасын қарастыру.
Негізгі ұғымдар: тұлға тұлға анықтамасы, персонология, оқиға, сериалды бағдарламалар, мотивация психологиясы, қажеттіліктер, эффект.

Генри Мюррей 1893 жылы 13 мамырда Нью-Йоркта дүниеге келді. Гротандық мектептен білім алып, Гарвордты 1915 жылы тарих бакалавырын бітірді. Ол Гарвордты бітірген соң Колумбиялық медециналық-хирургиялық колледжіне түсті. Оны 1919 жылы бітірді. 1920 жылы Колумбиядан биологтя магистірі степенің алды және бірнеше жыл Гарворд университетіңде физиологиядан сабақ берді. Содан соң ол Нью-Йорктағы Пресвитериалдық госпитальдан екі жылдық хирургиялық интернатурадан өтті. 1927 жылы биохимия саласынан доктор степенің алды. Оның психологияға деген қызығушылығы Еропада оқып жүрген кезіңде пайда болды. Ал Цюрих қаласында Карл Юнгпен кездесуінең кейін оның қызығушылығы оданда сайың терендей түсті. Мюррей өз еліне қайтқаннан кейің Рокфеллеровтық институтта бір жылдай жұмыс жасады. Ал 1927 жылы оны Гарворд университетіне психология пәнінің оқытушысы ретінде жұмысқа шақырды. Мюррейдің психологияға еш қатысы жоқ еді, оның психологиялық біліміде жоқ. Бірақ бұндай тандауды Мортон Принсон жасаған болатың. Оны жұмысқа шақырған кезде оған қойылған талаптың бірі: оның жұмысы патопсихология және динамикалық психологияның зерттеуімен байланысты болуы. 1928 жылы Мюррей Психологиялық клиниканың ассистент-профессоры содан соң директор қызметің атқарды. Ол Бостандық психоаналитикалық ұйымының мүшелерінің бірі болды. 1935 жылы Франц Александр және Ганса Сакса жетекшіліктерімен психоаналитикалық дайындығың бітірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет