Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет33/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Конституционалды психология тарихы.

  2. Дене бітімі құрылымы.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.К.Холл, Г.Линдсей. Теории личности. М., 2000 г.
2.Л.Хьелл, Д.Зиглер. Теории личности. СПб., 2005 г.
3.Б.В.Зейгарник. Психология личности: норма и патология. М.,2003.

20 дәріс


Тақырыбы: Жан Пиаженің генетикалық психология теориясы.
Мазмұны:

  1. Ж.Пиаженің өмір баяны.

  2. Ж.Пиаженің интелектіні зерттеу теориясы.



Дәріс мақсаты: тұлғаның когнитивті теориясын түсіндіру.
Негізгі ұғымдар: генетикалық теория, логикалық ойлау сатылары, операция, операцияға дейінгі, сенсо-моторлы.

Жан Пиаже 1896ж 19 тамызда Швейцарияның Невшатель қаласында дүниеге келген.Ол балаалр психологиясымен танымал психолог, Швейцарлық философ. Оның әкесі, Артур Пиаже, орта ғасырлық Невшатель университетінің профессоры. Пиаже жас оқушы кзінде биология пәніне қызыққан және оқуды бітіргенше бірнеше ғылыми жұмыстармен айналысқан. Өзінің ұзақ мерзімді ғылыми жұмысын Пиаже он жасынан бастаған.Сонымен қатар ғылыми өмірінде 60-тан аса кітаппен жүздеген еңбектерін жазған. Пиаже Невшатель университетінде өзінің ғылыми диссертациясын қорғап философ ғылымының докторы атағын алған, сонымен қоса Цюрихском университетінде білім алған. Осы университетте оқып жүріп Пиаженің психология ғылымына қызығушылығы оянады. Өзінің оқуын аяқтаған соң Пиаже Швейцариядан Парижге көшіп келеді. Мұнда ол Гранд-о-Велль көшесіндегі балаларға арналған мектепте тәрбиеші қызметін атқарып жүргенде, оған осы мектептің директоры болған Альфред Бине IQ тестісін ұсынады. Пиаже IQ тестісін балаларға өткізу барысында балалардың тестқа кейбіреулерінің дұрыс жауап бермегендігін байқап, және осы тестіні орындағанда үлкен адамдарға қарағанда кішкентай балалардың барлығы бірдей қате жібергендігін байқайды. Пиаже бұл теориялық бақылаулардан кейін кішкентай балалардың үлкендерден ойларын және когнетивті процестерін бөліп қарастырады. Содан кейін ол ортақ теорияны ұсынады. Онда адамдардың жалпы қабілетін, танып білу формасын қарастырған. 1921 жылы Пиаже Швейцарияға қайта оралып Руссо Женев институтының директоры болады. 1923 жылы Пиже өзінің студенті Валентин Шатенамен отбасын құрады. Оның отбасында өзі бала кезде армандағандай үш баласы болады. 1929 жылы Пиаже Халықаралық Бюро Юнеско білім беру орталығына директор болуға ұсыныс алады, ол жерде 1968 жылға дейін қызмет атқарады. Пиаженің негізгі міндеті адам интелектісінің құрылымын зерттеу болып табылады. Пиаженің алғашқы кітаптары 20-жылдары жарық көрді: "Баланың сөйлеуі мен ойлауы" (1923), "Түсінуі жөне ой қорытындысы"(1924), "Баланың дүние туралы түсінігі"(1926). 30-жылдары Пиаженің психиканың даму проблемаларына көзқарасы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Пиаже интеллектінің даму кезеңін, оның мазмұны мен мәнін басқаша анықтады. Оның айтуынша, басқа адамдармен қарым-қатынас емес, операция (логикалық-математикалық құрылым) баланың танымдық дамуымен байланыстырды.


Швейцария ғалымы Ж.Пиаженің генетикалық психология теориясы – психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж. Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық қағида деңгейдегі ойлау қабілеттерінің дәрежесіне көтерді. Өз зеріттеулерінде ғалым бала ақыл-ойының өалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы бала интеллектісінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғатты мен қызметін білуге болады деп пайымдайды. Ж.Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектісінің құрылымын зерттеу еді. Осы интеллектілік күрделі ақыл-ойдың психикалық элементтерден құралатынын дәләлдемекші болды. Ж.Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі – баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл-ойдың өрістеу тұғырын интеллектінің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына орын қалдырмады. Ж.Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен-өзі кемелденбейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның адамгершілік қасиет қатысымен шыңдалған сайын оның санасының жан-жақты дамып ойлау дәрежесінің көтерілетінін тіпті көре алмады. Генетикалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен олқы кемшілік: интеллект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік – қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылды. Ж.Пиаже өзінің шығармашылығында мкетепке дейінгі жасты, соның ішінде бөбек жасын ойлау операциясын дейінгі жас деп атайды. Бұл жерде Ж.Пиаже «ойлану» деген терминді – проблемалық мәселені шеш білу ретінде қолданды. Бөбектерде ойлаудың тек қарапайым түрі бар, бөбек жасында нақты ой-әрекеті кездеспейді. Мысалы, бөбек кубиктерден үй құрастырып жатқанда, оның қасына келіп, не істеп жатырсың десе, осыған жауап беруге қиналып, салған үйін бұзады да, «қара!» деп соны қайтадан салады. Бұл жағдайда ойын нақты іс-әрекет үстінде «қара!» деп жеткізіп отыр. Ал нақты бейне ойы деп заттардың өзін көрмей тұрғанда, олардың бейнесін басында елестете отырып, соған тіректелетін, ойын жүргізуді айтады. Соңғы ой амалыбөбекте күшті дамыған. Мектепке дейінгілердің жасын Ж.Пиаже «операцияға, ойлануға дейінгі кезең» деп атаған. Осыған қарағанда олар үлкендерге тән мәселелерді шеше алмайды деген сөз. Мектепке дейінгілерде көбінесе нақты бейне ойы және ойының жүйелігі тән. Пиаже интеллектінің дамуының бір деңгейінен екінші деңгейіне өтуде негізгі жағдай ретінде оқытудың рөлін жеткіліксіз бағалады. Отандық психологтардың орындаған көптеген зерттеулері балалардың ойлауын дамыту дұрыс ұйымдасқан оқыту жүйесіне байланысты екендігін дәлелдеді. 50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың бас кезінде ашық тоқырау жылдарында қалыптасқан (бихевиоризм, фрейдизм, гештальтпсихология), кейіннен өзгерістерге ұшыраған бағыттар өзінің маңызын бірте-бірте жоя бастады. Эксперименталдық зерттеулер мен теория саласында жаңа бағыттар пайда бола бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет