Тұлға құрылымы.Салливан бойынша, тұлға болжамды «иллюзия», оны тұлғааралық ситуация болмай зерттеу мүмкін емес. Талдаудың бірлігі-тұлға емес, олардың тұлғааралық ситуациялары. Тұлға психика ішіндегі емес тұлғааралық оқиғалардан табылады. Тұлға бір немесе бірнеше өзгелерге қатысты өз көзқарасын білдірген кезде ғана пайда болады. Ол «Өзге» қасымызда болуы міндетті емес: олар иллюзиялы немесе әлемде жоқ фигуралар болуы мүмкін. Ес, қабылдау, ойлау, қиял басқа да барлық психикалық процестер өз алдына тұлғааралық болып келеді. Тіпті, түс көрі де адамның өзгелерге қатынасын білдіретін болғандықтан тұлғааралық болып табылады.
Бірақ тұлға болжамдық болғанымен ол әртүрлі процестердің динамикалық орталығы болатындығын мойындайды. Осы процестердің кейбіреулеріне субстантивті статус беріп, олардың кейбір ұасиеттерін концепциясына енгізді. Олардың ішінде маңызды болатындар динамизм, персонификация және когнитвиті процесстер
Динамизмдер.Динамизм – индивидті зерттеу кезінде пайдалануға болатын өте кішкентай бірліктер болып табылдады. Ол «туындауы адамның тірі ағза екендігін сипаттайтын энергетикалық тасымалдаушының тұрақты суреті» ретінде анықталады. Энергетикалық тасымалдаушы кез-келген мінез-құлық болуы мүмкін. Ол ашық, қоғамдық, ішкі болады. Динамизм жиі әрі тұрақты қайталанатын мінез-құлық суреті болғандықтан олар әдет секілді болады. Тұлғааралық қатынасқа тән динамизмдер адами болып табылады. Бір немесе бірнеше адамға қатысты туындайтын әдеттегі реакция динамизмді көрсетеді. Базалық динамизм барлық адамдар үшін бірдей болады тек ситуацияға және индивидтің өмір тәжірибесіне сәйкесті олардың көрінуі әртүрлі деңгейде болады.Әдетте динамизм дененің бір аймағына қатысты- мысалы ауыз, қол, анус, гениталии-осы мүшелер арқылы ортамен қатынас жасайды. Динамизмнің көпшілігі ағзаның базалық қажеттіліктерін қанағттандыру үшін қызмет етеді. Бірақ үрейленудің нәтижесінде туындайтын маңызды динамизм Мен немесе Мен-жүйесі деп аталатын динамизм болады.
Мен-жүйесі.Үрейлену- тұлғааралық қарым-қатынастың өнімі; бастапқыда ол анадан балаға беріледі де кейіннен қауіпсіздікке қатысты қорқыныш туындайды, үрейленуден қашу үшін және оны минимумге келтіру үшін адамдар қорғанудың әртүрлі тәсілдерін және өз мінез-құлқын бақылаудың тәсілдерін пайдаланады.Мен-жүйесі қауіпсіздікті қорғаушы бола отырып, қалған тұлғалардан оқшауландырудың тенденциясына ие болады. Мен-адамды үрейленуден қорғайтындықтан, ол өзін-өзі қорғаудың жоғары деңгейінде қолдау табады және сыннан қорғалатын болады. Мен жүйесінің күрделенуі және өсуіне байланысты ол адамның мінез-құлқын объективті бақылауға кедергі болып, адамның өзінің шын мәнінде қандай және Мен-жүйесінің ол туралы қандай пікірде болатындығы арасындағы объективті қызметін атқарып, үрейленушілікті азайтқанмен, ол басқа жүйелермен орнайтын конструктивті қатынастарға кедергі келтіреді. Салливан есептеуі бойынша, Мен-жүйесі қоғамның иррационалды аспектісінің өнімі. Бала туындаған үрейді жеңу үшін ол табиғи емес, шынайылыққа жатпайтын әдістерді игеруі керек.