Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


«Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға», «Қазаққа» арнауларындағы заман күйі, ел мінезі



бет9/33
Дата29.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#111396
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
«Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға», «Қазаққа» арнауларындағы заман күйі, ел мінезі.
Дулат өлеңдерінің қазіргі мөлшері оның басқа замандастарының өлеңдерімен салыстырғанда әлдеқайда мол. Олардың ішінде ұзақ арнау өлеңдер, нақыл-өсиет ретіндегі дидактикалық терме,ертек-аңыз сюжетінде жазылған толғау, бірнеше мысал сөздер бар.Дулат өз елінің тәуелділікке түсуіне наразы. Бұрынығ кезде батырлар бар еді. Олар елін сыртқы жаулардан қорғай алатын еді.Бұл батырлар бар кезде қазаққа ешбір жау- жоңғар да, патша өкіметі де қауіпті емес еді.Енді олар жоқ.Хан, би, барлық әкім біткен әділеттен айрылып, адам бұзылды, енді бұл дүниені өзгертпесе, қазақтың бағы ашылмайды деген қорытынды жасайды.Дулат өлеңдері ойлы, образды. Оның шығармаларында қазақ қауымының сан алуан жағымсыз тобы сомдалған. «Сүлейменге» өлеңінде :
Орыстың көрсе ұлығын
Қыздан дағы қылықты.
Ұлық кетсе қазаққа
Қорқау қасқыр құлықты.
«Қазаққа» өлеңінде қазақтың бұрынғы Абылай заманындағы өмірі мен кейінгі бодан болған кезін салыстырып былай дейді:
Қазақ деген ғаріп жұрт,
Миығыңды көрсетпей,
Ұстарасыз түсті мұрт.
Ұйқы басып сезбедің
Шырмағанын жаудың сырт.
Кеңес үкіметі кезінде Мұраттың өз басы (бай, би баласы ретінде), шығармашылығы (ұлы халыққа достыққа қарсы, феодалшыл-кертартпа) даулы болып құлыпталады. Мұрат еңбектерінің ең алғаш жинақтарын шығарушы, оған алғысөз жазып, төкпе ақын екенін танытқан Халел Досмұхамбет болатын. Халелдің өзі «Алаш» көшбасшыларының бірі ретінде, халықтың қас жауы боп аталусыз қалды.
Ақын шығармалары 1924 ж. Ташкент қаласында «Мұрат ақын сөздері» деген атпен шықты. Жинақты бастырушы- Х.Досмұхамбетұлы.
Алғысөзінде Х. Досмұхамбетұлы былай дейді: «Екі ғасырдағы патша өкіметінің қазақты әбден бағындырып алып, қазақты көпір қылып, Азияға аттау болды, қазақтың амалы таптайын деп тұрған патша өкіметінен құтылу болды. Дәуірлеп келе жатқан орыс байларының сауда капиталымен жауласам деп, кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылғандай болды...
Мұраттың өлеңдерінде патша хүкіметінің қазаққа жұмсаған саясаты айқын байқалады. Хүкіметтің жақсы жерлерін тартып алғаны, ел қамын жегендердің қамалғаны, өлтірілгені анық айтылады».
Мұрат заман шындығын ашық сипаттайды:
Әуелі жеңіп орыс елді алды,
Сартау, Астраханның жерін де алды.
Артынып Еділден соң Нарынды алды,
Тоғайдың ағаш, қамыс, талын да алды.
Ар жақтан Қайып алды, Науша қашып,
Тарлықтың сонан бері қаптағаны.
Тәмамді сумен, нумен қоршап ұстап,
Қазақтың мұнан жұтқа шалынғаны.
Қуалап Исатайды өлтірген соң,
Заманның содан бері тарылғаны.
Мұрат шығармашылығының идеялық нысаны- ХІХ ғ. қазақ өлкесінің тарихи шындығы. Осы тұстағы ел-жұрттың жан-жақты күйзелістері, ішкі, сыртқы қайшылықтары, қазақ елінің басына түскен күйзелісі.
Ақын мұралары оның білімділігін көрсетеді. Оның барлық саладағы шығармаларына ортақ сарын- таза халықтық әуен, мазмұн жағынан ел мұңын, халық тірлігін көтерсе, түр, стиль жағынан фольклорлық сарынды сақтайды.

Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып, білім алған.


Ол Яссауи еңбегімен танысып, Бұхар, Самарқанда діни білімін көтеріп, имандық дәрежеге жетеді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарқаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді. Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағынан шағын мешіт салдырып, медіресе ашады. Өмірінің соңына дейін осы биді төңіректеп өмір кешеді.
Діни оқумен тақуа болып келген Шортанбайды Арқаның сауық-думанды өмірі, алтыбақан, қызойнақ ойындары еліктіреді. Шортанбайдың ақындық өнері ашылады. Ел Шортанбайды ишан емес, төкпе ақын деп атап кетеді.
Шортанбай ақындығының дәуірлеген тұсы қазақ елі дағдарысқа душар болған ауыр кезең болатын. Қазақ әуелі ел билігінен айрылды, одан жер-су, қоныс қысымына ұшырады. Мал-жан есепке алынып, оған да қауіп-қатер көбейді. Алым-салық, пара-пәлелер ел еңсесін көтертпеді. Елдің елдігі, бірлік-тірлігі күн санап кеми берді, қарсы шығып атқа мінген Исатай мен Махамбет, Кенесары мен Наурызбай, Есет пен Бекет, Жанқожа мен Құлбарақ, Науша мен Сүйінқара, Саурық пен Сұраншы, т.б. батырларды отаршылар мерт қылды. Жоңғар шапқыншылығынан жүдеп, ыдырап жатқан әлсіз өлкені патша өз қарамағына оңай көндірмек болды. Бірақ ол ойлары бірден орындалмады.
Елде алыпсатар алаяқ, ақшалы сұм саудагерлер қаптады. Табиғи айырбасқа үйренген ел үшін ақшамен сауда оңай болмады. Өсім, несие пайда болды.
Шортанбай шығармашылығы 1882 ж. бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап болып шықты. Жинаққа ақынның «Тар заман», «Опасыз жалған», «Байды құдай атқаны», «Атамыз Адам пайғамбар», «Өсиет-насихат сөздер», «Айттым сәлем», «Асан қожаға», т.б. енген.
Қазан қаласының өзінен Шортанбай шығармалары әр түрлі атпен жарық көріп жатты. Оның шығармаларын патша отаршылығына қарсы қауым, ұлттық тәуелсіздікті жақтаушылар, мұсылманшылықты қолдаушылар құшағын жая қарсы алды. Қамалып, тоналып жатқан басқа тәуелсіз халықтар да Шортанбай шығармаларына құлақтарын түрді.
Шортанбай шығармалары көп басылғанымен, көлемі көп емес. С.Мұқановтың есебі бойынша, 1500 жолдай.
Шортанбай шығармаларының лейтмотиві (сарыны)- заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топтар, т.б.
Мынау заман қай заман-
Азусызға тар заман.
Азулыға бар заман.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет