Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


-тақырып ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті



бет8/33
Дата29.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#111396
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
7-тақырып ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
Жоспар:
1. Абай Құнанбаев поэзиясы
2. Махамбет өлеңдері
3. Ыбырай әңгімелері
4. Зар заман ақындары
1. Абай өлеңдерін хатқа түсіру. Ә.Бөкейхановтың Абай мұрасына қатысты қолжазбалары. Кәкітай Ысқақұлы мен Тұрағұл Абайұлының Абай шығармаларын бастыруы. 1909 жылғы «Абай» жинағының құрылымы.
Абайдың 1922 жылғы Қазан, Ташкент басылымдары. 1933,1945,1955 жылғы жинақтары. М.Әуезовтің Абай өлеңдерін жинауы, толықтыруы. Абай қарасөздерінің басылымы.Абай шығармаларының кейінгі басылымдары.
Абайдың 1916 жылғы «Абай термесі» басылымы туралы тың деректер. Абай шығармаларының текстологиясы.
Абайтану ілімінің қалыптасып, дамуы және қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері.
Абай ақындығы туралы ХІХ ғасыр соңындағы, ХХ ғасыр басындағы тұжырымдар. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов Абай туралы. А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» (1913) мақаласы. «Абай» журналы. 20 жылдардағы Абай ақындығы төңірегіндегі айтыстар. Ғ.Тоғжанов, І.Қабылов, І.Жансүгіров, Ғ.Сағди, Е.Ысмайылов, С.Мұқанов, Ы.Мұстамбаев, Б.Кенжебаев, т.б. Абай туралы.
Қ.Жұбановтың отызыншы жылдары жазылған «Абай қазақ әдебиетінің классигі» мақаласының Абайтанудағы орны.
М.Әуезов және абайтану. С.Мұқановтың абайтанудағы зерттеулері. Қ.Жұмалиевтің Абай поэзиясының тілін, жаңа түрін зерттеуі.
З.Ахметов – абайтанушы. З.Қабдоловтың Абай ақындығын зерттеуі. С.Қирабаев, Т.Кәкішев, М.Мырзахметов, А.Нұрқатов, Ш.Ысмағұлов, т.б. ғалымдардың абайтанудағы еңбектері.
Академик А.Жұбановтың Абайдың ән өлеңдері жайлы тұжырымдары. Тілші ғалымдар Қ.Өмірәлиев пен Р.Сыздықованың Абайдың тіл кестесін зерттеуі. Абайдың өлең құрылысын өлең теориясы тұрғысынан зерттеуі, жетілдіру. Абайтанудың өзекті мәселелері. Абай шығармаларының жанрын, оның ақындық мәселесімен, Абай ақындығының арғы арналарымен сабақтастықта зерттеу міндеттері,т.б.
Абай ақындығының айналасы. Абайдың алдындағы қазақ поэзиясы. Ол үйренген ақындық мектеп. Дулат және Абай. Абай және шығыс. Абайдың өлең құрылысына, ақындық әлеміне Шығыс әсері. Абайдың қазақ өлеңіне Европа үлгісін енгізуі. Абай және орыстың классикалық әдебиеті. Абайтанудағы Абай ақындығының айналасы, Абайдың ақындық мектебі. Абайдың ақындық дәстүрі ұғымдарын айқындай, ажырата түсу қажеттігі. Осы орайдағы М.Әуезов, Ғ.Сағди, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов, А. Нұрқатов,М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдардың пікір-түйіндері.
Абай поэзиясының жанрлық қырлары. Өлең құрылысы. Сөз өрнегі.
Абайдың әлеуметтік, көңіл-күй лирикасы. Абайдың поэмалары. Нәзира дәстүрі және Абай. Абайдың қарасөздері.Арнау өлеңдері. Абай шығармаларының сатиралық қыры. Абайдың ән өлеңдері. Шешендік толғам, афоризмдері. Абайдың орыс әдебиетінен аудармалары. Абай өлеңдеріндегі ұйқас, буын, ырғақ. Абай поэзиясындағы ғаруз ұйқасы үлгісіндегі өлеңдер.
Абай қазақ өлеңіне әкелді деген жаңалықтардың ортағасырлық, жыраулық поэзиямен байланыс, сабақтастығы.
Абайдың ән өлеңдерінің құрылым үлгісі. Абай поэзиясына орыс, батыс әдебиетінен енген үрдіс. Абайдың қазақ өлеңіне енгізген жаңалық, өзгешелігі туралы А.Байтұрсынов, Ғ.Сағди, І.Жансүгіров, М.Әуезов,С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, т.б. ғалымдардың пікірлері.
Абайдағы алты буынды, сегіз буынды өлеңдер туралы Қ.Жұмалиев тұжырымдары.
Абай және қазақтың жазба әдеби тілі. Абайдағы сөзжасам. Абайдың фразеологизмі. Абай өлеңдеріндегі сөздердің орын тәртібі. Сөз құбылту, сөз ойнату тәсілдері. Абай шығармаларының тілін арнайы зерттеудегі Қ.Жұмалиев еңбегі. Абай поэзиясының тіл кестесін ғылыми негіздеудегі Р.Сыздықованың еңбегі.
Абайдың қарасөздері. Абайдағы дін, дүниетаным жайы. Абайдың қарасөздерге келу жайы. Абайдағы исламның ғылыми негіздерін ұғындыру.
Абай шығармаларындағы «Махаббатпен жаратқан адамзаттың», «Алланы сүю», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері. Абайдың «мені» мен «менікінің», жан мен тән жайлы өлеңдері мен қарасөздері. Абайдың 13,38 қарасөздеріндегі дін жайы. Абайдың дүниеге көзқарасына орта ғасырдағы түрік әдебиетінің ықпалы.
2. 1.Махамбет 1803 жылы қазіргі Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарына қарасты Нарын құмында туған. Шыққан ортасы – шағын шаруа.Бірақ бір ағасы –Бекмұхамбет хан сарайына жақын, Жәңгір ханның сенімді биі болған. Ол хан жағында болып көтеріліске қарсы күрескен. Ал Махамбеттің басқа ағайындары көтеріліс жағын жақтап, жау қолынан қаза тапқан.
19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихында Махамбет пен Абай шығармашылығы өзінше бөлек үлкен бір бел.Абай 19ғ. екінші жартысындағы қазақ өмірінің шындығын поэтикалық өрнекке бөлей білген кемеңгер ақын болса, Махамбет 19ғ.алғашқы жартысында өмір сүріп, сол кезеңнің зор дүбірлі тарихи оқиғасының жалынды жыршысы болды. Абай әлеуметтік қайшылықтарды негізінен оқу, тәлім-тәрбие жолымен шешуді қолдаған ағартушы-гуманист болса, Махамбет – бұл мәселеде шаруалар қозғалысына сүйенген жауынгер, күрескер ақын.
Махамбеттің көтеріліске дейінгі өмірі мен ақындық қызметі әлі жете зерттелмей келеді. Көпшілікке мәлімі тек оның өзі қатынасқан шаруалар көтерілісі кезінде, өмірінің соңғы жылдарында айтқан өлеңдері мен толғаулары ғана. Бұған қарап, ақын таланты тек көтеріліс кезінде немесе содан кейін туа қалды деген тұжырым жасауға болмайды. Кейбір қарттардың айтуы бойынша, Махамбет көтеріліске дейін де айтысқа түсіп жүріпті.Бір жиында ханның белгілі ақыны Байтоқты сөзден жығып, жеңіп кетіпті. Жиылған жұрт Махамбеттің өткірлігі мен тапқырлығына таң қалыпты. Содан кейін хан Махамбетті баласы Зұлқарнайынмен ұстапты.
1925 жылы Халел Досмұхамедұлы жариялаған «Исатай-Махамбет» атты кітаптағы пікірлер бойынша, «Махамбеттің өзі де жас кезінде Жәңгірдің нөкерінде болған екен. Исатай ханға қарсы бола бастағанда-ақ Исатайға еріп кеткен. Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы; өте қызулы адам екен». Халел Досмұхамедұлының «Аламан» кітабында Исатай мен Махамбет көтерілісінің шығу тарихын егжей-тегжейлі баяндайды.Былай дейді : «Бөкейдің заманында қазақтың алды Сарытауға дейін жайылатын еді.Еділдің бойындағы кең тоғайларды, теңіздің жағасындағы қалың нуларды қазақ емін-еркін қоныстанушы еді. Қонысты қазақтан сақтау үшін, Жәңгірлік саясатын жүргізу үшін, патша үкіметі Еділдің бергі бетіне шапшаңдықпен орыс халқын орната бастады.Иеленген орыстар қазақты Еділдің бойындағы, теңіздің жағасындағы нулардан қуа бастады.Жәңгірдің заманында ел мен ханның арасы айтқандай болып бөлінді. Жәңгір Аштархан губернаторы Андреевскийдің қолында өсті.Орысша, арабша, парсыша жақсы тәрбие алды.
Өткен замандағы арабтың, қызылбастың салтанатты патшалары, орыстың романынан шыққан айбарлы патшалары Жәңгірге үлгі болды. Қазақтың салты, қазақтың тұрмысы, әдет,заңы туралы Жәңгірге тәрбиешілер әрине бір ауыз да сөз айтқан жоқ. Жәңгір өзімшіл, патшашыл, орысшыл, діншіл болып, ел билеу туралы еш нәрсеге үйренбей, қазақтың жайында дым білмейтін болып шықты.
1806 жылы патшаның қазақтікі деп айтқан жерін Жәңгір өзімдікі деп түсінді. Қара халықтың жері ханның мүлкі деген пікірді жүргізді.Төрт жүз мың десятина жақсы жерді ханның үлесі деп жариялады. Көршілес елдер мен қазақтың арасына күшті жанжалдар пайда болды. Жұт көбейді. Ел жарлы бола бастады.Жәңгір қазақты қорғамады, қорғауға әлі де келмеді.Еділ-Жайық бойындағы казак-орыстар қазақтың меншікті жеріне ауыз салды. Қазақ хандарының бұрынғы тұрмысы Жәңгірді қанағаттандырмады.Жәңгірге салтанат, патша тұрмысы керек болды. Салтанат құруға ақша керек. Елге түсетін салық көбейді. Жәңгір зекет алуды шығарды. Зекетті малмен. Алмай, ақшамен алатын болды.Жәңгір хан елден бөлектене бастады. Қасына күзетші қылып орыстан әскер алды.Жәңгір ноғай мүфтиінің қызын алды. Елді ноғай мүфтиіне, ноғай шарғиясына бағындырды. Әдет орнына шариғат жүрді. Жесір дауы, жер дауы секілді қазақтың нағыз әдетпен шешілетін өзара істері шариғат бойынша тергеле бастады.Және де молдалардың көбі, әсіресе әуелгі уақытта қазақтың әдет-ғұрпын білмейтін ноғай, естек, мешер, тәптер, сарт секілді келімсектерден болды. «Надан қазақ», «пасық қазақ», «күпірсің», «ананы істеме», «мынаны істеме» деген үгітті ел ағасы ақсақалдардың, билердің талайы есітті.
3. Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі- проза жанры болды.Оның әңгімелерін үш топқа бөлуге болады: бірі – новелла, екінші тобы – ертегі-аңыз үлгісіндегі әңгіме, үшінші тобы – шағын көлемді мысал үлгісіндегі әңгімелер.
Оның " Бай баласы мен жарлы баласы", "Қыпшақ Сейітқұл", "Киіз үй мен ағаш үй", "Надандық", "Лұқпан хакім", т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, тәрбиелеуді мақсат етеді.
"Бай баласы мен жарлы баласы" - Ыбырай шығармаларының биік шыңы. Ол, біріншіден, озық ойларының жемісі әңгіме оқушысын еңбек етуге, өмірін сырын ұғына түсуге бағыттайды. Үсеннің іс -әрекеттін жазушы сүйсіне жазады. Асан мен Үсенді салыстыра отырып, олардың адамдық қасиеттерін еңбекке қатысына қарай бағалайды. Бұл әңгімеден сол дәуірден өмір көріністерін, көшпелі тұрмыстың беймаза тірлігін көреміз. Қазақ энциклопедиясы жазушының бұл әңгімесіне орыстың сол кездегі озық ойлы адамдарының көңіл аударғанын Н.Иванов деген журналистің орыс тіліне аударып, "Родник" журналының 1890 жылғы 6-санында жарияланғанын атап көрсетеді.
Ыбырай Алтынсаринның айтулы шығармасының бірі-"Қыпшақ Сейітқұл". Сейітқұлдың іс-әрекетінен оның өмірге жаңаша талаппен қарайтындығы байқалады. Жер шаруашылығымен айналысуы, бұл кәсіптің тиімді тәсілдерін қолдануы (шығыр салу, арық қазу,т.б), сүйтіп, оның айналасындағылардың орташа тіршілік етуге жетуінің өзі бірліктің, еңбектің нәтижесі екендігін сипаттайды. Әңгіменің тәрбиелік жағы-осындай жаңашылдық бағытында. Сол арқылы қоғамдық құбылыстармен жұртшылықты кеңінен таныстыру мақсаты көзделген.Әрі бұл әңгіме тарихи болған оқиғаның негізінде жазылса керек. Оны автордың өзі атап көрсетеді.
Еңбек тақырыбындағы «Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш», «Дүние қалай етсең табылады», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Киіз үй мен ағаш үй» әңгімелері образдылығымен ерекше мәнді, тәлім берер күші мол көркем шығармалар.
4. 1880 жылы Қазанда шыққан «Өсиет нама» кітапқа ақынның біраз өсиеттері мен толғаулары енген. Жалпы көлемі- 800 жолдай. Дулаттың өмірі туралы деректер және оның өлеңдері біздің дәуірде жиналып, зерттеле бастады. Мәселен, ақынның кейбір өлеңдері мен өмірбаяны туралы деректі біз ең алғаш орта мектептің сегізінші класына арналған С.Мұқанов пен Қ.Бекхожиннің 1939 жылғы хрестоматиясынан ұшыратамыз. Онан кейін профессор Қ.Жұмалиев өзінің 1940-1941 жылдары мектеп оқушыларына арнап жазған қазақ әдебиеті оқулығында Дулаттың өмірі мен кейбір шығармаларын талдап, ақын туралы өз қорытындысын жасады. Дулат шығармашығы туралы 1957 жылдан бастап зерттеулер жүргізіліп келді. Сол тұста жазылған кейбір зерттеулеріміз Қазақстан ҒА-ның «Хабарлар» журналының 1959 жылғы үшінші санында, 1960 жылы басылған «Әдеби мұра және оны зерттеу» деген жинақта жарияланды. Және бұрын жарияланбаған «Еспембет» дастаны қалың қауымға табыс етіліп, «Жұлдыз» журналының 1959 жылғы 5-санында басылып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет