Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


-тақырып ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті



бет10/33
Дата29.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#111396
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
8-тақырып ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Жоспар:
1. А.Байтұрсынов шығармашылығы
2. М.Дулатов шығармалары
3. С.Торайғыров шығармалары
4. Шәкәрім поэзиясы
Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақьш, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазыльш, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың үлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді.
Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы — оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары жарық көрді.
Міржақып Дулатов — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басыльш шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұньн халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы құғынға ұшырайды.
Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басыльш шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңгыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.
С.Торайғыровтың “Таныстыру”, “Адасқан өмір”, “Кедей”, “Айтыс” туындылары қазақ поэмасы тарихындағы жаңа беттер ғана емес, әдебиетіміздегі бедерлі белес, үрдісті үлес, кезеңдік шығармалар.
Ақын “Адасқан өмір” поэмасында адамның өмірін түрлі кезеңге бөліп, соны тегіс өзіндік ерекшеліктерімен үйлестіре отырып, суреттеу шығады. Өмірдің кезеңдерінде қай адамның болсын, қай кездегі адамның болсын бапсында, бойында болатын мінез-қылықты, хал-жайды, ой-қиялды дәл, өте шебер суреттейді.

Ақын поэмаларында кейіпкер санаулы ғана – “мен”, кедей, қара қазақ, дала ақыны, қала ақыны. Оның суреткерлік сұңғылалығы бірер кейіпкер көңіл-күйі, сезім тебіренісі арқылы адамзаттың өмірі, тірлігінің мәні, адам атаулының болашаққа талпынысы философиялық топшылауларға негіз болып, әсемдік әлемінде соны дүниелер санатында мәңгі бақи қалуында.
“Таныстыру”, “Кедей”, “Кім жазықты?”, “Қамар сұлу” романдары мен поэмаларында өз замындағы бірсыпыра кісі бейнелер бар: Қамар мен Аппақай қазақтың оқыған, ұнамды, ақылды, көрікті қыздарының бейнесі, Жорға Нұрым, Тасболат ала аяқ қу, ірі феодалдардың бейнесі; қазақтың зиялы қауымынң, таихи тұлғалардың бейнесі.
“Кім жазықты” романы –тұңғыш өлеңмен жазылған роман. Романға үш ұрпақ өмірі арқау болған, замана өзгерісіне қарай соңғы ұрпақ өкілдерінің арасындағы тартыстар, көзқарас қайшылықтары суреттелген. Әжібай менәжібайшыларды тудырған заман шындығы, романда әлеуметтік теңсіздік шындығы ашылған. “Кім жазықты” романында қазақ қоғамының күрделі мәселелері кең түрде алынып, суреткерлік шеберлікпен жазылған.Өлеңмен жазылған “Кім жазықты?” романында ақын Әжібай болыстың “өсу жолын”, оның шолжаңдық, мас, жалқау, бет-әлпетін, азғындығын көрсетеді. Әйел мәселесі мұнда да басты орын алады. Әмеңгерлік, қыздардың сүйгеніне бара алмауы батыл айтылады.
Роман аяқталмаған. Алацда қазақ тұрмысының сол кездегі әдет-ғұрпы, Әжібай болыс қылықтары арқылы көрінетін әлеууметтік теңсіздік – мұның бәрі дәл көрсетілген. Ақын осыларға кім жазықты, кім кінәлі деп сұрау қояды.
“Қамар сұлу” романы – көркем прозадағы жаңашыл шығарма. Романда өмір шындығын суреттеуде, кейіпкерлер образын сомдауда көркемдік құралдарды аса бір шеберлікпен қолданған. Роман ескі мен жаңаның күресінің көркем бейнеленуімен құнды.
Романдарында ескі қазақ ауылын, оның бай-феодалдарының надандық қылықтарын, олардың қолында бас бостандығын ала алмай бодан болған қазақ қызының тағдырын жазады. Ескі әдет-ғұрыпқа қарсы, жаңаша білім алған Ахмет, Қамар және оның әкесі сияқты жағымды кейіпкерлер олпрға қарсы қойылады. Бұлар парасатты, өмірге сын көзімен қарайтын, бірақ сол соқыр күшке бел байлап, қарсы шығуға әлі шамасы жоқ жандар. Алайда, қазақ жастарының алға, жаңаға ұмтыла бастаған алғашқы өкілдері еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет