Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Н.Рабғузи. «Рабғузи қиссалары», «Кодекс куманикус» жинағы



бет5/33
Дата29.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#111396
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Н.Рабғузи. «Рабғузи қиссалары», «Кодекс куманикус» жинағы.
Жоспар:
1. «Рабғузи қиссалары».
2. «Кодекс куманикус» сөздігі.
1. Рабғузи –Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. «Рабғузи қиссалары» (1310 ж.) - табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы, халифтар, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана,Көк, Ай мен Жұлдыз, шайтан мен періште т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар, өлең-жырлар жинағы.
2. «Кодекс Куманикус» – кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ. «Кодекс Куманикустің» (1303 ж.) екі бөлімнен тұратындығы. 1-бөлім - латынша, парсыша, куманша сөздік. «Кодекс Куманикустағы» жұмбақтар, христиан аңыздарынан алынған түрлі уағыз-өсиет сөздер. Христостың өмірі, Мария Ананың әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар.
Ұсынылатын әдебиет: [8], 96-110 беттер; [10], 201-209 беттер.
6-тақырып. Жыраулар поэзиясы. Бұқар жырау
Жоспар:
1. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің зерттелуі.
2. Асан қайғы өмірі, шығармашылығы, толғаулары.
3. Қазтуған жырау шығармашылығы.
1. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы. ХҮІ ғ. қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғаюы. Алғашқы қазақ заңы – «Қасым ханның қасқа жолының» жасалуы. ХҮІ ғ. екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі.
2. Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы ХІҮ-ХҮ ғғ.) өмірі туралы мәлімет. Аңызға айналған данышпан. Аңыздардағы қиял мен тарихи шындықтың көрінісі. «Жерұйық» идеясының көрініс табуы. Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері, дидактикалық сарын. Әз Жәнібек ханға айтқан арнау-толғаулары. Болжалдық сарын. («Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің», «Қилы-қилы заман болмай ма» тирадасы).
3. Қазтуған жырау шығармашылығы.
Қ. Сүйіншіұлы – қазақ әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен алғашқы автор. «Бұдырайған екғ шекелі» толғауындағы Қазтуғанның өз бейнесі. Жыраудың толғауларындағы суреттеулер мен образдар.
Қазтуған – жорықшы, жауынгер жырауға Мұрат ақын «Қазтуған» деген жыр арнаған. Мұнда Қазтуған бейнесі жауынгер – жыраудың көшпенділер тұрмысы тудырған ерекше қасиеттерге баламалануы.
Ұсынылатын әдебиет: [11], 61-82 беттер; [12], 19-27 беттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет