Материалдық мәдениеті. Елді мекендері мен тұрғын үйлері. Үйлерінің пайда болу себептері мен мерзімдері. Үйлерінің дәстүрлі түрлері. Үйлерінің қазіргі заманғы түрлері және дәстүрлі үйлермен генетикалық байланысы. Дәстүрлі үйлері: киіз үй, күрке, қос, жолым және т.б. Жылжымалы үйлердің этникалық белгілері. Тұрғылықты үйлері мен шаруашылық құрылыстары. Үй түрлерінің пайда болуындағы географиялық ортаның рөлі. Дәстүрлі және қазіргі заманғы үйлердің ара қатынасы. Құрылыс материалдары және құрылыс техникалары. Қоғамдық құрылыстар. Халықтық және қазіргі заманғы архитектура. Дәстүрлі интерьер және жиһаз. Тұратын үйлеріне байланысты халық әдет-ғұрыптары мен ырымдары.
Киімдері мен әшекей бұйымдары. Дәстүрлі және қазіргі заманғы киімдер. Киім түрлерінің пайда болуына географиялық ортаның әсері. Ер, әйел және бала киімдерінің құрақ бөліктері. Күнделікті киетін, кәсіби және мейрамға киетін, қыстық және жаздық, той және қайғылы жерлерге киетін киімдері. Қалалық еуропалық костюмнің пайда болуы. Бас киімдер. Теріден жасалған аяқ киімдер және пималар. Белдіктер мен әшекей бұйымдар. Әшекей бұйымдар бөліктерінің формалары мен тәсілдері. Амулеттер мен тұмарлар. Киімге, әшекей бұйымдарға байланысты әдет-ғұрыптары мен рәсімдері.
Тағамдары мен ыдыстары. Тамақтану жүйесі: ет, сүт, өсімдік, аралас. Күнделікті, арнайы, мерзімдік, мейрамдық, қонаққа арналған және дәстүрлі ұлттық тағамдары. Тамақтану режимі. Тыйым салынған тамақтар. Тамақтану этикасы. Азық-түліктерді қайта өңдеу, консервілеу және сақтау әдістері. Ыдыстары: металлдан, керамикадан, ағаштан, теріден және т.б. Тамаққа байланысты рәсімдері мен ырымдары
Үй кәсіптері және қолөнер. Қазақ қолөнерінің дамуы туралы археологиялық және жазба куәліктер. Ағаш өңдеу. Ұсталық қолөнер. Зергерлік өнер. Тері илеу өнері. Сүйек өңдеу. Мал шаруашылығының жалғасы іспетті үй қолөнері. Киіз өңдеу өндірісі. Тоқымашылық. Кілем тоқу. Кесте тігу. Өрме өру.
Дәстүрлі рухани мәдениеті. Құрылымдық тарихи феномен ретінде қазақтардың дәстүрлі көзқарастары. Синкретизм және дәстүрлі көзқарастың жан-жақтылығы.
Дәстүрлі рәсімдік-тұрмыстық музыкалық мәдениеті. Халық музыкалық аспаптары: екпінді-шулы, шертпелі, үрмелі. Орындау дәстүрі, мектептер. Әншілік-ақындық өнердің ерекшеліктері. Музыка мәдениетінің кәсіби қайраткерлері (ақын, күйші, жыршы, жырау).
Халық күнтізбесі және астрономия. Мұсылман жыл санауы. Күндік немесе 12 жылдық жануарлар циклі. Айлардың, күндердің, жыл мезгілдерінің, аспан денелерінің атаулары. Мезгілдерді анықтау мен санаудың әдіс-тәсілдері. Әлем мен жердің, күннің, айдың, басқа да планеталардың пайда болуы туралы, аспан әлемі туралы ұғымдары. Анатомиялық, зоологиялық, ботаникалық, фенологиялық танымдар. Ұзындық, салмақ өлшемдерінің халықтық әдістері.
Халық ветеринариясы. Емдеудің көпғасырлық эмпирикалық халық әдістері. Емшілер мен тәуіптердің түрлі сатылары (тәуіп, дәрігер, оташы, сынықшы). Үшкірулер мен дуалар. Жануарларды емдеуде түрлі емдеу препараттарын, емшілік шөптерді қолдану. Эпизотия және онымен күресудің жолдары.
Халық мейрамдары мен ойындары. Салтанатты мейрамдар (мейрам, ас, той). Күнтізбелік мерекелер – Наурыз, рудың немесе бір ауылдың қыстақтан жайлауға немесе керісінше көшу күндері. Діни мейрамдар (ораза және құрбан айт). Халық ойын-сауықтары мен түрлі ойындар (әскери, ат-спорт, жастар, балалар, интеллектуалды).
Діни сенімдері мен ұғымдары. Исламның таралу кезеңдері. Алдыңғы Азиядан, Поволжьеден, Орта Азиядан келген мұсылман елшілері. Қазақ даласына суфизмнің енуі. XIX ғ. Қазақстанда медреселердің пайда болуы. Қазақстанда мұсылман модернизмінің (джадидизм) идеяларының пайда болу ерекшеліктері. Жаңа тәсілді мектептердің пайда болуы.
Исламға дейінгі сенімдер мен ұғымдар. Тотемизм, тенгриантсво, шаманизм, аруақтарға сену. Деминология діни секталары. Исламнан шыққан әзәзіл кейіпкерлері.